Материалдар / Жаңа жыл ертеңгілігі. Қош келдің жаңа жыл!!! ЖШС «Мүбәрак Мөлдір» балабақшасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңа жыл ертеңгілігі. Қош келдің жаңа жыл!!! ЖШС «Мүбәрак Мөлдір» балабақшасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
331
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖШС «Мүбәрак Мөлдір» балабақшасы

«Қош келдің жаңа жыл»атты жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігінің сценарийі

1 «Құлыншақ» ересек тобы







Өткізген: Тулеуова Ф.А











Музыка әуенімен екі жүргізуші билеп шығады.

1-ші Жүргізуші: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы маңайын

Көргендер де, көрмегендер де арманда

Жаңа жылын құтты болсын ағайың.

Бүгін келеді жаңарып,

Ақжелкен тобы тағы да

Би билейді, ән салады

Жасыл шырша жанында.

Олай болса жас достарды қошеметпен қарсы алайық.

Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Жүргізуші: Балалар өз қуаныш сезімдерін тақпақтармен жеткізеді.

  1. Бүгін келді жаңарып,

Ақжелкен тобы тағы да

Би билейді, ән салады,

Жасыл шырша жанында.

Сәлем бізден баршаға,

Құттықтаймыз жар сала,

Бүгін бізде жаңа жыл!

Қош келіпсіз шыршаға!

  1. Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап,

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Көрсін біздей балғынды

Шырқатайық ән жырды.

  1. Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын, жаңа жыл!

Ата-әже, ана-әке,

Құтты болсын жаңа жыл!

  1. Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле, төрле жаңа жыл!

Бізге құтты жыл болсын.



  1. Әдемілеп тізілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Енжарлықты тастайық,

Жаңа жылды бастайық.

Жүргізуші: Балалардың орындауында хор.

Хор: «Қош келдің, Жаңа жыл»

Жүргізуші: Келіңдер жас ұландар,

Енді қызық ертегіні тыңдаңдар.

Ертегіде бүгінгі

Қызық, қызық сырлар бар.

Қараңдаршы балалар айналаға сондай әдемі, өздерің де бүгін әдемі болып кетіпсіңдер. Шыршамызды қараңдаршы қандай әсем, әдемі.

Шыршамыздың түбінде жатқан мынау не? Жамылғы ғой балалар.

Балалар бұл жай жамылғы емес екен. Жарқыраған әдемі, жұлдызды жамылғы екен.

Жарайды кімдікі болса да, жамылып көрейікші не болар екен.

Осы кезде музыка әуенімен Шахерезада келеді.

Шахерезада: Менің атым Шахерезада. Мен Шығыс елінен келдім. Ертегіні айтқанды ұнатамын, жақсы көремін.

Жүргізуші: Шахерезада біз сені Алладин ертегісінен білеміз. Иә, иә сен ертегі айтқанды жақсы көресің.

Шахерезада: Мынау менің жамылғым ғой. Мен жамылғымды жоғалтып алып едім.

Жүргізуші: Біз жамылғыңызды тауып алдық.

Шахерезада: -Рахмет, менің сиқырлы жамылғымды тауып бергендеріңе. Мұндағы әрбір жұлдыз ертегіге айналады. Жұлдызшаны қолымызға алсақ, ертегілер елінен бірақ шығамыз. Жұлдызшаны қолына алады да, сиқырлы сөз айтады.

Ертегі, ертегі

Таңырқат біздерді.

Музыка әуенімен Алладин кілемшемен ұшып келеді.

Алладин: Мен қайда тап болдым?

Жүргізуші: Алладин біз бүгін жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз. Қош келдіңіз!

Алладин: Олай болса, бәріңізді мерекелеріңізбен құттықтаймын.

Жүргізуші: Алладин сенің қолындағы не?

Алладин: Бұл менің шамым. Шамын уқалайды. Жарық өшіп, үлкен жын шығады.

Жын: У-ух-хо-хо-ха-ха

Алладин: Шегініп сен кімсің?

Жын: Мен сенің құлыңмын әміршім, жынмын. Сен не бұйырсаң, тез арада орындаймын. Тасқа айналдыр десең, тасқа айналдырамын, қатырып таста десең, өатырып тастаймын.

Алладин: Міне керемет! №мен жаман іспен айналаспаймын. Мынадай жаңа жыл мерекесінде тек қана жақсылық болсын.

Жын: Сонымен не тілейсің, әміршім?

Алладин: Міне керемет! Мен Шығыстың әдемі қыздарының арасында болғанды қалаймын. Тезірек орында.

Жын: Әміріңізге құлдық. (Айналып үш рет шапалақтайды).

Би: «Шығыс биі».

Алладин: Рахмет жын, қандай керемет ертегі айтатын Шахерезада осы ма?

Жын: Иә, бұл біздің Шахерезада.

Алладин: О, сұлу қыз жынды шамымен саған сыйға беремін.

Шахерезада: Рахмет, Алладин.

Алладин: Мен сыйлық бергенді, жақсылық жасағанды жақсы көремін. Ал енді мен кетейін. Жаңа жылдарыңыз тағы құтты болсын! Сау болыңдар!

Жын: Әмір беріңіз ханымым.

Шахерезада: Жын Аяз ата мен Ақшақарды тезірек келулеріңе көмектес. Аяз ата мен Ақшақарсыз жаңа жыл мерекесін қалай тойлаймыз.

Жын: Әміріңізге құлдық. (Айналып үш рет шапалақтайды).

Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар келеді.

Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым

Есенбісің қыздарым

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың

Қандай жақсы балалар

Ай жұлдызға пара-пар.

Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар.

Ақшақар: Аяз ата жанына,

Менде еріп келемін

Сендердей балғын достарға

Иіліп сәлем беремін.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Аяз ата мен Ақшақар! Бүгінгі біздің мерекемізге қош келдіңіздер! Балалар жаңа жыл мерекесін, сіздерді көп күтті. Олай болса, көңіл көтеріңіз, балалардың өнерін тамашалаңыздар!

Ақшақар: Аяз ата мұнда шыршаның шамдары жарқырамай жатыр екен. Шыршаның шамын жарқырату керек.

Шахерезада: Аяз ата, Ақшақар сіздер уайымдамаңыздар, арамызда жын бар емес пе, біз не тілесек, не қаласақ соны орындайды.

Жын қане шыршамыздың шамдарын жарқырат.

Жын: Қане, шырша таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат –деп 3рет шапалақтайды,айналады. Шыршаның шамдары жарқырайды.

Жүргізуші: Міне, біздің жарқыраған шыршамыздың шамдары да жарқырады. Мереке одан да қызық болатын болды.

Қош келдіңіз Аяз ата,

Қарсы алайық орын беріп,

Ән салыңыз, бізбен бірге,

Би билеңіз, бізбен бірге.

Балалардың орындауында хор.

Хор: «Шырша жыры».

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Аяз ата енді балалардың өзіңізге арналған тақпақтарды қабыл алыңыз.

Тақпақтар:

  1. Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

  1. Ортамызда шыршамыз

Би билейміз баршамыз

Бүгін біздің арамызда

Аяз ата, Ақшақар

Түрлі ойыншық тағылған

Бүлдіршіндер бұл күнді

Көптен күтіп сағынған.

  1. Жаңа жылда, жаңа жылда

Жаңаша тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша

Аппақ біздің атамыз.

  1. Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны.

  1. Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Кел, балалар келіңдер,

Тамашаны көріңдер.

Жүргізуші: Аяз ата біздің балалардың тақпағы ұнады ма?

Аяз ата: Көңілім көтеріліп, шаршағаным басылып қалды. Рахмет, сендерге балалар!

Жүргізуші: Енді ойынға да кезек берейік, балалар. Қыс мезгілінде біз көптеген ойындар ойнаймыз, соның ішінде бүгін біз қардан аққала тұрғызу ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты мынадай: Бұл ойынды жарысып ойнаймыз. Балалар екі топқа бөлінеміз. Бір топ Аяз ата мен Ақшақардың, 2-ші топ Шахерезада мен Жынның тобы.

-Балалар, айтыңдаршы Аққала неше бөліктен тұрады?

Балалар: 3 бөліктен

Олай болса, қардан Аққала құрастырайық.

Ойын: «Аққала»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, енді әдемі қыздарымыздың ортаға шақырайық.

Жеке ән: «Қош келдің, жаңа жылым!».

Жүргізуші: Әуеледі әніміз

Жаңа кірді әніміз

Ақшақарды ортаға алып,

Би билейік бәріміз

Би: «Ұлпақарлар».

Жүргізуші: Келесі кезекті тағы да тақпақтарға берейік.

Тақпақтар:

  1. Келді міне жаңа жыл, аппақ болып,

Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып,

Ауламыздың тұсына қонып жатыр.

Аяз болып, мұз болып, қатпақ болып.



  1. Келді міне жаңа жыл тонға кіріп,

Қар болып, қарға болып, жарға қонып

Таудан құлап түсіп, шықырлатып,

Шана болып, шаңғы болып, арба болып.



  1. Сылдырлайды моншағы

Шыршамыздың мол шамы

Жаңа жылмен жайдары

Құттықтаймыз баршаны.



  1. Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық,

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық.

Келді тағы жаңа жыл.

Қуантумен біздерді

Құттықтаймыз сіздерді.



Жүргізуші: Жаңа жылды тойлауға

Дайындалады қаншама

Испан биін билеуге

Шақырайық ортаға.

Би: «Испан биі».

Жүргізуші: Балалар бүгін біздің мерекемізді, сендерді құттықтауға қонақтар келе жатыр қарсы алайық.

Ата-аналар әр ел өкілдері болып киініп келіп құттықтайды.

Жүргізуші: Рахмет сіздерге! Бүгін біздің балалар ағылшын тілінде «Күлбикеш» ертегісін сахналайды.

Көрініс: «Күлбикеш».

Жүргізуші: Балалар бойымызды сергітіп, ойын ойнап алайық.

Ойын: «Мұз сүңгілері».

Жүргізуші: Кезекті ағылшын және орыс тіліндегі тақпақтарға кезек берейік.

Тақпақтар:

  1. Без дедушки мороза,

Снежинки не летят

Без дедушки мороза,

Узоры не блестят.

  1. Ах какая ёлочка,

Ёлочка красавица,

Нам она сегодня

Очень, очень нравится.

  1. Ёлка, ёлка, ёлочка

Колкая иголочка

Пышная, душистая,

В гости к нам пришла.

  1. A happy New Year!

The day is so clear,

The snow is so white,

The sky is so bright.

  1. New things to learn,

New friends to meet

New songs to sing,

New things to do

In this New Year.



  1. Bring on the new year

Celebrations in the streets.

Bring on the new year.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Аяз ата, Ақашақар біздің балалардың бүгінгі өнері сіздерге ұнады ма?

Аяз ата: Әрине, өздері өнерлі, әнші, биші балалар екен. Бүгін бәрі керемет болды.

Балаларым, балғыным,

Өмір гүлім шалғыным,

Тілегенім жыл бойы

Сендердің денсаулығы.

Енді қызым кетейік.

Балаларға арналған сыйлықтарын берейік.

Ашыл қапшығым ашыл.

Ішінен сыйлық шашыл.

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар жолдарыңыз болсын!

Аяз ата: Сау болыңдар!

Жүргізуші: Балалар, біздің Шахерезада мен Жын қайда кетті? Көрінбейді ғой. Мынаны қараңдар, тағы да жамылғысын қалдырып кетіпті, біз жамылғыдағы жұлдызшаны басайық. Не болар екен? Міне, керемет Шахерезада қайта оралды.

Шахерезада: Иә, не болып қалды? Мені іздедіңдер ме?

Жүргізуші: Шахерезада біздің мерекеміз де аяқталып қалды.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!