Материалдар / ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАРИХТЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАРИХТЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАРИХТЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАРИХТЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа педагогикалық технологиялардың тарих пәнін оқытуда пайдасы мол
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2019
902
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ

ТАРИХТЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ


ХХ ғасыр тұтас оқу үрдісін, педагогикалық үрдісті технологияландыру ғасыры болды. Мұның өзі ғасырдың бас кезінде дамыған шетелдерде эпидиаскоп, дыбыс жазу, оқу киносы, телевизор сияқты құралдарды пайдаланудан басталып, бірте-бірте кең өріс ала бастайды. Бұл тәсіл сол кездерден бастап «педагогикалық технологиялар» деп аталады. Ал ғасырдың соңына қарай педагогикалық технологиялар радио, телевизор сияқты басқа да ақпараттық құралдарды пайдалану арқылы толықты.

50-жылдардың орта кезінен бастап «педагогикалық әдістерді технологияландырудың» екінші толқыны - «оқыту технологиясы» пайда болды. Оның іргетасын «программалап оқыту» қалады.

60-жылдары оқыту үрдісі одан әрі дамып, педагогикалық технологияландыру үзіліссіз жүргізілетін жүйеге айналды.

70-жылдардан бері қарай дүниежүзілік оқыту теориясында (дидактикада) және тәжірибе жүзінде педагогикалық технологиялар өз мәнінде толық қолданыла бастады. Бұл дегеніміз, төмендегі талаптардың орындалуы: оқыту мақсатын дәл анықтау, оларды барынша нақты көрсету; бұл оқытып үйрету үрдісінің оқыту мақсаттарын орындауға тікелей бағдарлануы; оқыту бағдарлары мен барлық оқытып үйрету тәсілдерінің нәтижеге жетуге кепілдік бере алуы; кезекті қол жеткен нәтижелерді тексеріп, бағалап отыру; жоспарланған мақсатқа ойдағыдай жетуге қажетті түзетулер жасау; жеткен нәтижені қорытындылап бағалау т.б.

Ал 80-жылдардан бастап педагогикалық-технология бірте-бірте педагогикалық бұқараны түгел қамтыды, бұл үрдіс қырық жылға созылып, аяқталды.

90-жылдардан бастап ТМД елдерінде басталған қоғамдық - саяси күрделі өзгерістер, әсіресе, экономиканың кері кетуі дамыған шетелдердің оқу орындарындағы жаңалықтарды зерттеп, оларды ТМД елдері мектептерінде қолдануға мүмкіндік бермеді. Бұл игілікті 90- жылдардың екінші жартысынан ғана шындап басталып, етек алды )[1,145-б].

Қазір жаңа педагогикалық технологиялар туралы жаряланған еңбектер өте көп. Оларда осы жаңалық жан-жақты, әрі түрлі қырынан баяндалады. Жалпы «технология» грек сөзі, ал біздің түсінігіміз бойынша «өнер, шеберлік» дегенге келеді. «Педагогикалық технология» ұғымының қазір 300-ден астам балама анықтамалары бар. Мәселен, осы проблеманы көптен зерттеп жүрген Ресейдің белгілі педагог және т.б. ғалымдары оған төмендегідей анықтамалар береді:

«Педагогикалық технология дегеніміз-оқыту үрдісін жүзеге асытарын мазмұнды техника» (В.П.Беспалько);

«Педагогикалық технология деп оқытуды жоспарланған нәтижесіне жеткізетін қағазға жазылған барысы(үрдісі)» (И.П.Вольков);

«Педагогикалық технология дегненіміз-оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалаудың, оны ұйымдастырудың және өткізудің бүге-шігесіне дейін ойластырылған, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің моделі» (В.М.Монахов);

«Педагогикалық технология дегеніміз-педагогикалық мақсаттарға жету үшін қолданылатын тұлғалық, инструменталдық методологиялық құралдардың жүйеленген жиынтығы және олардың ретімен қызмет етуі» (М.В.Кларин) [2].

Қазіргі кезеңде оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану білім беру сапасын жақсартудың бірден-бір жолы екендігін осы мәселені зерттеуші ғалымдар мен жеке-дара озат мұғалімдердің, оқытушылардың тәжірибелерінен көре аламыз.

Мысалы, білім саласында оқушыларға осы заманға сай білім жүйесі, оқытудың инновациялық технологиялары, білім берудің түрлі әдістерін қолдана отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін Қараевтың үш өлшемді технологиясын пайдалануға болады. Бұл оқытудың ойындық формасына кіретін әдістер: тарихи-танымдық ойындар, рольдік ойындар, тренигтер, интелектуалдық ойындар мен брейн-ринг, т.б.

Прогламалап (бағдарламалап) оқыту технологиялары қазір көптеген елдерде кеңінен қолданылады. Әсіресе, АҚШ-та, Оңтүстік Кореяда, Жапонияда т.б. мәселен математикалық техникалық пәндерді оқытуда біраз пайдаланылғанымен кеңінен өрістемеді, ал тарихты оқытуда қоланылмады деуге болады. Ал проблемалық оқыту технологиясын қарастырсақ, тиімді қолданылған жағдайда оқушылардың ойлау-таным қызметін дамытуға, өздігінше жұмыс істеу біліктерін қалыптастыруға, қоршаған ортада болып жататын қоғамдық-саяси өзгерістерге өздігінше баға беруге жаттықтырады.

Жаңа оқыту технологияларының бірі - Модульдік технологияның ерекшелігі оқулықтағы оқу материалының құрылымы күрделі болады да нәтижеге жетуде қиындық туғызады. Бір модульде дәстүрлі сабақ, лекция, семинар, қорытып қайталау сабағы болуы мүмкін. Басты дидактикалық мақсат - әрбір оқушының жоспарланған нәтижеге жетуін қамтамасыз етеді.

Дамыта оқыту технологиялары тарихты оқытуда көп уақыттан бері ( ХХ ғасырдың 60 жылдарынан) пайдаланылып келеді. Тарихтағы жеке көрнекі қайраткерлердің атқарған қызметін толық ашып көрсетеді, тарихи оқиғаларды, құбылыстарды салыстыру, ұқсастықтар мен табу сияқты тапсырмаларды орындау арқылы өзінің бойында таным қалыптастырады.

Жаңа заманға сай теориялық білімді игеру мен жаңғырту және де осындай жаңа технологиялық процестерді үздіксіз қолдану арқылы оқушылардың алған білімі мен біліктілігі жаңаша да шынайы қалыптасады.

Қазіргі өркениет пен ғылыми техникалық революцияның қарыштап дамуы, Елбасы жолдауындағы мемлекет мәртебесінің дүние жүзілік додада көш ілгері болып, мемлекет басқарудың электрондық жүйесі мен оқытудың интерактивті тақта арқылы оқытуды іске асыру өмір талабы деп түсінсек, тарих пәнін оқытуда ақпараттандыру құралдарының алатын орны ерекше.

Жаңа ақпараттық құралдарын қолдану адамзаттың әр түрлі сферасында, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі. Ақпараттық технологияларды оқыту үрдісінде тиімді пайдалана білу және оның әдістемесін меңгеру арқылы практикалық тұрғыдан оқушыларды қамтамасыз етуге болады. Сонымен қатар оқыту үрдісінде оқушылардың, студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруын көруге болады )[3].

Электронды білім беру ресурстарын пайдалану арқылы даралап оқытуға жол ашады. Қазіргі кезде компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиалық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін толыққанды сапалы,нақты алғышарттар болып табылды.

Ақпаратты ресурстардың шартты белгілері мыналар:

-Электронды (мультимедиялық оқулық, қашықтықтан оқыту курсы);

-Анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);

-Электронды кітапханалар (мәтіндік, графикалық, дыбыстық және бейне ақпараттар);

-Виртуальды көрмелер т.б көрнекі материалдар [4].

Қорыта келе айтар болсақ, қазіргі кезеңдегі педагогикалық технологиялар оқытудың ұжымдық формасы болып табылады. Оқытудың бұл формасының артықшылықтары оқушылар өмірде қажет болатын білім негіздері мен қатар білік пен дағдыларды меңгереді; бір-бірімен қатынаста болады; басқаны тыңдауға оның пікірін қолдауға машықтанады.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. // Қазақ тарихы. №4, 2004. 145-б.

2. // Қазақ тарихы. №1(106), 2011. 38-б.

3. // Білім - Образование. № 4(46), 2009. 26-27 б.

4. // Қазақстан кәсіпкері. №10(101), 2011.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!