Материалдар / Жаңа педагогикалық технологияларды география саласында қолдану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңа педагогикалық технологияларды география саласында қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала жаңа педагогикалық технологияларды география саласында қолданады мәні қарастырылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2021
297
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданы білім бөлімінің

Ақбақай орта мектебі» КММ

А.Тлепберген

Жаңа педагогикалық технологияларды география сабағында қолдану

Аңдатпа
Мақалада жаңа педагогикалық технологияларды география сабағында қолданудың мәні қарастырылады. Қазіргі кездегі игеріліп жатқан жаңа технологиялар болып табылады. Олар қашықтан оқыту технологиясы, интерактивті тақта, дамыта оқыту технологиялары, проблемалық оқыту технологиясы және т.б.. Географиялық білімді жинақтау үшін оқушыларға ең алдымен оқу процесі кезінде жаңа оқыту технологиялары мен оқытудың дұрыс әдістерін қолдану қажет. Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетеін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-әрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік және дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы және басқа да тұлғалық маңызды сапарлары дамиды. Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды.
Түйін сөздер: технология, қашықтықтан оқыту, кейс технологиясы, диспут, желілік технология, модуль, жобалау технологиясы, дамыта оқыту


ПРИМЕНЕНИЕ НОВЫХ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ТЕХНОЛОГИЙ В ГЕОГРАФИИ


Аннотация

В статье рассматривается использование новых педагогических технологий на уроках географии. Это сложная новая технология. Им необходимо использовать новые технологии обучения и правильные методы обучения, особенно в процессе обучения, для сбора географических знаний, с помощью технологий дистанционного обучения, интерактивных досок, передовых технологий обучения, технологий проблемного обучения. Технология решения проблем основана на организации самостоятельной исследовательской деятельности, которая адаптирована к целям обучения руководства учителя. В ходе обучения студенты приобретают новые знания, навыки и умения, развивают свои способности, познавательную деятельность, интерес, воображение, творческое мышление и другие важные личные визиты. Основной задачей преподавателя по технологии дистанционного обучения является управление самостоятельной работой студента в следующих формах: рассмотрение возникающих вопросов; ставить цели и задачи; передача знаний, опыта; организационная деятельность; организация взаимодействия между студентами; контроль учебного процесса. Обучающиеся составляют основу образовательного процесса при дистанционном обучении в приемлемом, удобном месте, с эффективным уровнем самозанятости.
Ключевые слова: технология, дистанционное обучение, кейс-технология, спор, сетевые технологии, модуль, технология проектирования, повышение квалификации


APPLICATION OF NEW PEDAGOGICAL TECHNOLOGIES IN GEOGRAPHY


Abstract

The article considers the use of new pedagogical technologies in geography lessons. It is a sophisticated new technology. They need to use new teaching technologies and the right methods of teaching, especially during the learning process to gather geographical knowledge, with distance learning technology, interactive whiteboards, advanced learning technologies, problem learning technology. Problem-solving technology is based on the organization of independent research activities, which are tailored to the learning objectives of the teacher's leadership. During the study, students acquire new knowledge, skills and abilities, develop their abilities, cognitive activity, interest, imagination, creative thinking and other important personal visits. The main task of the teacher on the distance learning technology is to manage the independent work of the student in the following forms: to consider emerging issues; set goals and objectives; knowledge, experience transfer; organizational activity; organization of interaction among students; control of educational process. The trainees make the basis of the educational process during distance learning at an acceptable, convenient place, at an effective rate of self-employment.
Keywords: technology, distance learning, case technology, dispute, network technology, module, projecting technology, advanced training

Географиялық білімді жинақтау үшін оқушыларға ең алдымен оқу процесі кезінде жаңа оқыту технологиялары мен оқытудың дұрыс әдістерін қолдану қажет.
Сабақты ұйымдастыру барысында оқушылардың барлығы да жетістікке жететініне сенімді болуы керек. Жетістік- тұлға болып қалыптасудағы ең негізгі шарт болып табылады. Оқушы егер талпынып жетістікке жете алмаса, ол өзіне деген сенімін жоғалтады. Тұрақты түрде қайталанатын сәтсіздіктер оқушылардың оқуға деген ынтасын төмендетеді. Тәжірибиелі ұстаздар мұны жақсы біледі. Олар ешқашан ескертулер мен екілік бағаларды көп қолданбайды. Керісінше, сәтсіздікке жолыққан оқушыларды барынша қолдауға, жәрдем беруге тырысады, міндетті түрде қолпаштап, кішкентай жетістігі үшін де мақтауға тырысады. Егер оқушылар алдына қойған тапсырманы орындап, жұмысты барынша қызығушылықпен және рақаттанып орындайтын болса және де сабақ қызықты әрі тартымды болып өтсе- бұл оқушылардың оқуға деген жігерін арттырады.
Оқу процесін ұйымдастыру барысында оқушылар не еістеп жатқанын және не үшін бұл жұмысты орындап жатқанын нақты білуі қажет Басқа сөзбен айтқанда, мақсат айқын болып, оған жету жолдары да анық болуы қажет. Сабақ өту барысында зейінді жіберілген қателіктерге емес, кішкентай болса да сәттіліктер мен жеңістерге назар аудару қажет.
Жұмыс барысындағы жеңіс - мұғалім, оқушы және ата-ананың арасындағы түсіністіктің негізі болып табылады. Әр дама өз өмір жолында әр түрлі жылдамдық пен өзінің жолымен жүреді, мұны өзгертуге болмайды. Дегенмен, өмір жолында адами құндылықтарды жоғалтпауға әсер ету бұл- оқу мен тәрбиенің негізгі мақсаты.
Оқыту және тәрбие беру барысында оқудың түрлі формаларын қолдануға болады: тірек-конспектілер, сынақтар, географиялық диктанттар, сөзжұмбақтар, практикалық жұмыстар, т.б.
Оқыту кезінде әр түрлі педагогикалық технологиялардың маңызы өте зор. Қазіргі таңда мұндай технологиялар өте көп. Олар: қашықтан оқыту технологиялары, дамыта оқыту технологиялары, проблемалық оқыту технологиялары және т.б.
География курсын оқытуда диспут сабағын қолдану. Диспут сабағының негіздері [1]. Дидактикада сабақты классификациялаудың бірнеше түрі қолданылады (экскурсия сабағы, өзіндік жұмыс сабағы және т.б.). Оқу процесінің этаптары бойынша ( кіріспе, қайталау сабақтары ); негізгі дидактикалық мақсат бойынша ( жаңа материалды игеру, білімді жетілдіру, қайталау сабақтары, аралас сабақ ). Сабақ түрлеріне қосымша ретінде негізгі дидактикалық мақсат бойынша сабақтар проблемалық және проблемалық емес болып бөлінеді.
Проблемалық сабақ дегеніміз – сабақ үстінде мұғалімнің оқушыларға проблемалық сұрақтар қойып, оны шешу жолдарын іздестіруді мақсат еткен сабақ түрі.
Проблемалық сабақтың бірнеше түрі туралы Л.М. Панчешникова өз еңбектерінде өте жақсы баяндап жазып өткен. Проблемалық оқыту технологиясына негізделе И.М. Базина ұжымдық ойлау технологиясын жасады. Сыныптық-сабақтық ұжымдық жұмысты оқушылардың топтық формасымен қалыптастыру жөн болып табылады. Қазіргі таңда диспут сабақтарының өткізілуі- методикада маңызды болып саналады. Диспут сабақтарын өткізудегі дайындық тікелей мұғалімге қатысты екенін есте сақтаған жөн. Сабақты ұйымдастыруда уақытты үнемдеу және материалдарды дайындауға көп көңіл бөлу керек. Бұл сабақ түрі оқушылардың қабілеттерін жоғарғы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Бұл жайында итальян педагогы М.Монтессори былай деген: «Баланы ең жақсы түсінетін екінші бала». Диспут сабағында мұғалім оқушыларға жаңа ашылуларға жол сілтейді, ақиқатқа жетудегі дидактикалық іс-әрекетке баулиды, сонымен қатар, оны ғылыми ізденістің серіктесі ретінде жетілдіреді. Бұл баланың ойлау қабілетін дамытып, оны жаңа заңдылықтарды ашуға, практикалық проблемалардың шешу жолдарын табуға, сонымен қатар демократиялық қарым-қатынастың дамуына жағдай жасайды. Жаңа материалды игеру кезінде ақпараттық жеткіліксіздікті болдырмау қажет. Егер жаңа материал мазмұны және игерілу тәсілі жөнінен көзделген дәрежеде болса, онда ол оқушының қызығушылығын, көп білуге деген талпынысын, белгілі сұрақ бойынша өзіндік пікір жинауына үндеп, көзқарасы мен қызығушылығын арттырады. Осылайша, диспут сабағының психологиялық кеңістігі оқушылардың эмоциялық қобалжуына тікелей әсер етеді. Қобалжу, өз кезегінде, оқушының дүниетанымының қалыптасуына, таным қажеттілігіне әсерін тигізеді.
Мектепте жұмыс атқаратын, яғни балаларға жүрек жылуын беріп, оларды білім нәрімен сусындататын әрбір мұғалімге қойылатын қазіргі талап өте үлкен. Мұғалім өзінің инновациялық іс - әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп , сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу – тәрбие үрдісінде жүйелі түрде пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру қажет.
Технология дегеніміз - қандай болса да белгілі бір іске қолданылатын қабылдаудың жиынтығы. Технология – оқытудың жоспарланған қорытындыларына жету процесі.
«Педагогикалық технологиялар»– бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген  пәндер мен әдістемелердің:  байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары  мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері,мұнда әр позиция  басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқында оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б.ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
[2]. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін - өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша ”Оқытуды ізгілендіру“ қажет. Ол оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Оқу құралдары оқушының өздігінен танымдық іс - әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек.
Жаңа технологияның принциптері – оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін - өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Білім беру жүйесін ақпа­раттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-латуды көздейді. Қашыктықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі.
Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады [3].
Желілік –технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік қүралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген; Оқытудың желілік –технологиясына жатады: интернет желісін пайдалану; электрондық поштаны пайдалану; телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану; мультимедиамен жабдықталған, интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс; Электронды почта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезіңде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады. Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың
техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс. Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Мүмкіндігі шексіз интерактивті тақта арқылы мультимедиялық мәліметтер жазылған бейне материалдар, слайдтар, суреттер, кестелер, диаграммалар, анимацияларды қолданып, мұғалім өз пәнінің түсіндірген тақырыбының мазмұнын ашып көрсетуіне мүмкіндігі мол. Бұл жан – жақты дарынды әрі бәсекеге қабілетті, білімді шәкірт тәрбиелеудің тағы бір тамаша баспалдағы деуге толық негіз бар.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бабаев С.Б. , Оңалбек Ж.К. “ Жалпы педагогика ” Алматы 2005

  2. Н.А.Жапбаров «Білім беру жүйесін ақпараттандыруда Интерактивті оқыту кешенін пайдалану тиімділігі» //Білім образование. 2009 Т. 43- №1 с. 14-17

  3. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования М.: Академия, 2009 с. 395

  4. Х.Т.Ходжаниязов Оқыту процесіндегі мультимедиялық құралдарды пайдалану // Білім әлемі 2011, №1 150 б.

  5. Электронное обучение в общеобразовательной школе. Монография. Алматы 2010 с. 212

  6. http://www.uroki.net/docgeo/docgeo5.htm

  7. http://www.petropavl.kz/skoipkppk/page6/geography/27.shtml



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!