Материалдар / Жаңа Қазақстан
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңа Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа Қазақстанның құрылуы. "Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы" деп аталатын, он бөлімнен тұратын президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің жолдауына қысқаша талдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Шілде 2022
586
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңа Қазақстан

Еліміз үшін жыл жақсы басталды деп айта алмайтынымыз анық.Қаңтар оқиғасы халқымыздың қабырғасын қайыстырғаны рас. Қаншама ана боздағынан айырылды, қаншама сәби тұлдыр жетім атанды?! Қаңтар оқиғасына қатысты бүгінде небір алып қашпа әңгімелер желдей есіп жатқаны белгілі.  Мысалы,  ҰҚШҰ-ның бітімгерлік күштерін президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев көмекке шақырғанда,  біреулер еліміздің әскери күшінің соншалықты осалдығын сынап сөз айтса,  енді бірі бітімгерлік күштерінің халыққа зиян тиіп кете ме деп алаңдады. Кез келген жайтта білгірсініп сөз айтудан бұрын алдымен толыққанды мәселеге көз жеткізіп алып сөйлеген дұрыс-ақ деп санаймын.

Қасым Жомарт Тоқаев бұл мәселеге өз нүктесін қойды . Президент наурыз айындағы кезектен тыс халыққа жолдауында да алғашқы сөзін қаңтар оқиғасына арнады. Президент қаңтар оқиғасына қатысқан лаңкестерді анықтап, тиісті жазасын беру халық алдындағы бұлжытпас парызымыз дей келе, қаңтар оқиғасының орын алуына түрткі болған ел ішіндегі хал-ахуалға тереңінен тоқталды. Яғни болған оқиғаның салдарымен емес, себебімен күресуді көздеп отыр. «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» деп аталатын бұл жолғы жолдауы халық көңіліңе үміт сыйлап, жүрек түкпірінінен ерекше орын алды деуге болады.

«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» деп аталатын президентіміздің жолдауы бас-аяғы он негізгі бөлімнен тұрады. Әр бөлімде елдегі түйткілді мәселлерді қозғап, президентіміз бірқатар тапсырмаларды да ұсынған. Президент жолдауы халыққа жария болған сәттен бері бірер айдың ішінде бірқатар үлкенді-кішілі істер де атқарылып қойды. Біріншіден, Қасым Жомарт Тоқаев президент өкілеттілігі мен президент билігіне қатысты бірер жаңа өзгерістер жасауды атап өткен еді. Еліміздің тәуелсіздік алғанына отыз жылдай ғана уақыт өтті. Бұл аралықта елді бастайтын көшбасшы болғаны дұрыс-ақ. Дегенмен демократиялық қоғамды қалыптастыру үшін бір ғана адамға берілген билік тиімді деп атай алмаймыз. Президенттің жанындағы жақын адамдарының қолына берілген билік жемқорлықты үдете түсетіні бесенеден белгілі. Қай жерде болмасын жершілдік, рушылдық, тамыр-таныстық деген дүние істің нәтижесін көруге, жетістікке жетуге жол береді деп атай алмаймыз. Мұны мемлекет басшысы да атап өтті. Президенттің шексіз билігін де қысқарту мәлім болды. Осы күнге дейін президент тіпті ауыл әкімі тағайындау мен жұмыстан шығару сынды істерді де өзі атқара алатындай қолында билік болған. Сондай-ақ басшы, жоғары лауазымды мамандардың партия құрамында қызметке тағайындалуы, президенттің партияға төрелік етуінің де дұрыс емесін Қасым Жомарт Тоқаев ерекше атап өтті. Соған байланысты мемлекет басышысы бүгінде «Аманат» партиясының құрамынан өз еркімен кеткен болатын. Бұл партиялардың дамуы мен өзара бәсекелестігін, саяси аренадағы белсенділігін арттырады деген сенімдемін. Президенттің бастамасын өзге де билікте отырған лауазымды тұлғалар жалғастырады деген сенімдемін. Президент өз жолдауында елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған біраз тапсырмалар ұсынды. Сондай-ақ партиялық жүйені дамытудың мүмкіндіктерін кеңейтуге көңіл бөліп, сайлау жүйесін жетілдіруге қатысты да бірқатар мәселелерді жіпке тізіп жеткізді. Сайлау үдерісін жаңғырту, құқық қорғау институттарын да күшейту жайында да нақты тапсырмалар ұсынды. Он бөлімнен тұратын жолдауда президент бір сөзбен айтқанда қоғамды демократияландыру үшін бар күшін салғанын аңғаруымызға болады. Алайда қоғамды тек жоғары билік өкілдері өзгерте алмайды. Бұл мәселе әрбіріміздің қолымызда тұрған міндет. Алайда журналистер қауымының да маңызы ерекше зор екенін айта кеткен абзал деп санаймын. Журналистер қауымын бекерден-бекер «төртінші билік» өкілі деп атамаса керек. Қоғамды демократияландыру үшін журналистердің де атқарар міндеті мол. Елміз жайлы, елдегі әрбір аймақ, тіпті әлем жайлы қазақстандық журналистердің жеке өз пікірі болғаны жөн. Журналистер өз ойын тәуелсіз жеткізгені жөн. Ал бұл үшін журналистердің құқығын қорғау, сөз бостандығы сынды мәселелер жайлы ауызбен шөп ормай, арнайы заңды қолданысқа енгізген дұрыс деп санаймын. Себебі журналистердің қолында еліміздің ақапараттық қауіпіздігі, тіпті идеологиялық дербестігі тұрғанын ұмытпайық.

Қорытындылай келе, «жаңа» сөзі «Қазақстан» сөзіне тұрақты эпитет бола алмайды. Жаңа дейтіндей, Қазақстан жаңаратын табиғат емес. Қоғамды демократияландыру үшін тек әділдік, әділ заң қажет. Сондықтан да айтылған мәселерге қатысты нақты заңға өзгерістер енсе және іс жүзінде жүзеге асырылса деген үміттемін!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!