Материалдар / ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс.«Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай білімді ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
250
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ


«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің әлеуметтану және саясаттану пәнінің оқытушысы Музарапова Набат Беркинбаевна


Сабақ – педагогикалық үдеріс. «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» - дейді Ж.Аймауытов. Қазіргі кезде жалпы білім беретін оқу орындар дүниежүзілік деңгейдегі мәдениет пен білім, білік қорымен қаруланған. Бүгін ашылған жаңалықтар  ертең ескіріп қалатын күндерде өмір сүріп жатқанымызды ескерсек, білімнің қарыштап дамуын, ХХІ ғасыр табалдырығымыздан аттағалы бері ғылымдағы өзгерістер жоғары жылдамдықпен алға басуда.

Жаңа жетістіктер мен соңғы идеялармен оқушыларымызды сусындату арқылы Отанымыздың – көк байрақты Қазақстанның білім сахнасының сапасы мен оның дамуына үлес қосатын болашақ ұрпақты шақыру - біздің міндетіміз.Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы.

«Педагогикалық технологиялар-бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген  пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен  байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары  мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның  басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»

Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:

  • І кезең: оқып-үйрену;

  • ІІ кезең: меңгеру;

  • ІІІ кезең: өмірге ендіру;

  • IV кезең: дамыту.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз– білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.

    «Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» деген ғұлама Баласағұнның сөздері менің өмірлік қағидам. Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады» деген болатын. Сондықтан әр бір мұғалім күнделікті сабағына өмір талабына сай дайындалып ақпараттық – коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануы тиіс. Ол заман талабы.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу делінген.

Бүгінгі таңда білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибесіне сынап қараудың  маңызы  зор.

Инновациялық білім беру құралдарына:

  • аудио-видео құралдар

  • компьютер

  • интерактивтітақта

  • интернет

Компьютер – мультимедaялық құрал электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен инновациялық сайт және тағы басқалары жатады бұны бір сөзбен айтқанда оқу үрдісінде немесе сабақтарда ақпараттық – коммуникация- лық технологияларды пайдалану деп атауға болады.

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы-білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауы, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір сүретін адам өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс. Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан - жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру.Ұстаз! Мен үшін осы сөздің өзінде қаншама мән - мағына, күш құдіретті, қасиетті ұғым жатыр.

Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі»,- деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткері, небір данышпан адамдар, ғарышкерлер, қарапайым еңбеккерлер бәрі де ұстаздан білім нәрін алған. Өйткені мұғалім елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелейді. Ал жас өркеннің қалай болып өсуі ұстаздан алған тәлім - тәрбиесіне байланысты екендігі белгілі. Нағыз мұғалім болу - үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүлдіршіндерім білім тұңғиығына еркін сүңгісе, шәкірттерім білім додасында қатарласынан оза шауып, оң нәтижеге қол жеткізіп жатса, ұстазға бұдан артық қуаныш бар ма?

Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында»деген екен. Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім - тәрбиесіне тікелей байланысты деп ойлаймын. Мұғалімнің тәрбие мен білім беру жолында атқарған адал еңбектері ғана жас азаматтардың өмір жолдарына шуақ шаша алып, дұрыс бағыт бере алады.«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет» деген Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев. Осының бәріне қол жеткізу үшін сабағымда қолданып жүрген "Сын тұрғысынан ойлау”, «Жобалау» технологияларды айта аламын.

Қазіргі  ақпараттық  технологиялардың  дамуы  кезінде  электрондық  оқулық

тардың ерекшелігі үлгіге  сәйкестілігі мен   жоғары  мобильділігі,  оқуға  

үйренуге  икемділігінде  болып  табылады.  Мысалы,   электрондық  оқулықтағы  бір  тақырыпқа  тоқталатын  болсақ,  алғашында  сол  тақырып  бойынша теориялық  материал  берілген:

1. Осы  материалды  оқушы  оқып,  тыңдайды.

2. Теориялық  білімді  негіздейтін  мультимедиялық  материалды  көреді.

3.Берілген  тақырып  көлемінде  түрлі  жаттығулар  мен  тапсырмалар  орын-

дайды.

Оған:  

1.Компьютермен  сұхбаттасу  арқылы  қойылған  сұраққа  дұрыс  жауап  бере  алатындығын  көрсетеді.

 2. Тақырыпты  түсінгендігін  тексеретін  тестпен  жұмыс  жасайды.

  Сонымен   электрондық  оқулықтар  оқушылардың:

  • Білім  деңгейін  тереңдетуге;

  • Тапсырмаларды  өзбетімен  орындай  білу  дағдыларын  қалыптастыруға,

  • өзбетінше  іздену  қабілетін  қалыптастыруға;

  • ойларын  дамытуға;

  • оқушылардың  сөздік  қорының  молаюына;

  • жаңа  сабақты  үйренуге  деген  ынтасы  мен  қызығушылығының  артуына;

  • сабақта  өзін  еркін  ұстап,  өз  мүмкіншілігін  кеңінен  пайдалана  алуна;

  • өз  ісіне  талдау  жасай  алуға  көптен – көп  көмегін  тигізеді.

      Әр  сабақта  электрондық  оқулықтарды   пайдаланып  отырған  оқушы,  

тақырыпты  толық  меңгеруге  үлкен  мүмкіндігі  бар  деп  айта  аламын.

Сондай ақ  білім  сапасын  арттыруда  интерактивті  тақтаның  маңызы  зор  

деп  ойлаймын.   Интерактивті  тақта   оқушылардың  топпен   жұмыс  жасап, бір-бірін  толықтырып  отыруына  мүмкіндік  беретін,  сабақ  барысында  барлық  оқушылардың  қатысуын  ұйымдастыратын  құрал.    Интерактивті  тақтаны  қолданумен  бірге  сабақ  құрылымы  да  өзгереді.Сабақ  сапасы,бірінші  кезекте  мұғалімнің  өзіне  тиімді.

      Интерактивті  тақтаны  пайдаланудың  артықшылықтары   оқушы   мен  мұғалім  үшін  маңызды  болып  табылады.  Интерактивті  тақтаның  мүмкіндігін  пайдалана   отырып,  әртүрлі  тақырыптарды  презентация  түрінде дайындауға  болады.  Мұғалім  қажет  материалдарды   гиперсілтемемен  бай-ланыстыра  отырып,  бір  файлдың  ішінде  сақтай  алады. Ескертпелер  мен  файлдағы  толықтыруларды  сақтап  қойып,  келесі  сабақтарда  немесе  қайталау  кезінде  қолдануға  болады.

         Қорыта  айтқанда,  бүгінгі  сабақ  кешегі  сабақтан  өзгеше,  ал  ертеңгі  сабақ  бүгінгі  сабақтан  жақсы  болуы  тиіс.«Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру» -

деп  президентіміз   Н.Ә.Назарбаев   айтқандай  білімді  ұрпақ  тәрбиелеу  

баршамыздың  міндетіміз.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы

  2. ҮӘЖ технологиясының оқыту әдістемелік құралы

  3. Сын тұрғысынан оқыту әдістемелері



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!