Материалдар / ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУЫНА, ТӘРБИЕСІНЕ, ҮЗДІКСІЗ ДА
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУЫНА, ТӘРБИЕСІНЕ, ҮЗДІКСІЗ ДА

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2018
295
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңа технологиялардың қосымша білім берудің техникалық бағыты бойынша оқушының білім сапасын арттыруына, тәрбиесіне, үздіксіз дамуына ықпалы


Нурахметова Жанылтай Данияровна,

әдіскер

«Күршім ауданының білім бөлімі» ММ

ШҚО Күршім ауданы Күршім ауылы

nurahmetova64@mail.ru


Еліміздің білім және ғылым саласында соңғы кездері күрделі жаңғырулар жүргізілуде. Бұл, әрине, еліміздің алдағы уақытта әлемдегі бәсекеге қабілетті озық елдердің қатарына ену мақсатынан туындап отырғаны айқын. 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», - деп өзінің Жолдауында айтқандай, еліміздің білім беру саласына үлкен міндет артып отыр. Сол себептен де, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үдерісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Педагогтік қызметтің инновациялық бағыттылығы, оқытудың тың әдістері мен технологиясы, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибелері зерттеліп, мектеп өміріне дендей енуде.

Сөз болып отырған өзгерістер қосымша білім беру саласын да айналып өткен жоқ. Керісінше, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жоспарына орай, балаларға арналған қосымша білім берудің маңызы да арта түскендей. Бұл ретте қосымша білім берудің оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға зор маңызы бар.

Қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу үдерісінде сұраныстарын жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие және оқу үдерісі (ҚР «Білім туралы» Заңы). Қосымша білім берудің қазіргі жүйесі мен болашақта дамуының жайы білім саласының маңызды мәселелерінің біріне айналды. Қосымша білім беру жүйесі дәстүрлі педагогикалық шарттармен жүзеге асырылуда. Ол мектептердегі үйірме сабақтарынан басталып, білім бөліміне қарасты қосымша білім беру мекемелерінде жүйелі жалғасуда. Яғни, мектептердегі «Жас техниктер», «Жас өлкетанушылар», «Жас тілшілер», «Полиглот», «Шеберлер» т.б. үйірмелермен қатар қосымша білім беру мекемелеріндегі үйірмелерге де жеткіншектеріміз қатысып, өз қалаған істерімен айналысады. Мәселен, қазіргі таңда ауданымыздағы қосымша білім беру мекемелері: 2 музыка мектебі және балалар шығармашылық үйінің үйірмелері қосымша білім беру қызметімен айналысып, баланың бейімділігіне қарай қабілетін ұштап, өмірден өз орнын табуға бағыттайды. Осы білім беру ордаларына шәкірттер өз қалаулары бойынша ерекше ынта – ықыласпен қатысып, өз күшіне өзі сенетіндігін шығармашылық істерімен дәлелдейді. Яғни, зейінді де, қабілеттілігі жоғары шәкірттер екі мектептің де білім бағдарламасын еркін меңгереді.

Қосымша білім беруді ұйымдастыру тұлғаның жеке дамуына, кәсіби шеберлігін анықтауына, балалардың шығармашылық еңбекке бейімделуіне, өз қабілеттерін көрсете білуіне, қоғамдық өмірге бейімделуіне, азаматтық өзіндік санасын қалыптастыруына барлық жағдайды жасайды. Балалардың шығармашылығын дамыту жүйесінде қосымша білім беруді қолданудың мәні оқу, тәрбие және баланың жеке дамуын бірыңғай үдеріске біріктіруінен айқын көрінеді. Қосымша білім беру баланың мектепте алған білімі мен шеберлігін дамытады және тереңдетеді, сонымен бірге, оның болашақ мамандығының негізгі бағыттарын жарыққа шығарады. Мысалы: балалар шығармашылық үйінде техникалық бағытта беріліп отырған қосымша білім баланың мектепте технология, көркем еңбек пәнінен алған білімін кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ оның болашақ мамандығын таңдауына да негіз болады.

Техникалық бағытта беріліп отырған қосымша білімнің басты құндылықтары - оқу-тәрбие үдерісін айшықтандыру, жеке тұлғаның өзін-өзі ұстауын, шығармашылығын дамыту, педагогикалық шығармашылық үшін қажетті жағдай жасау, оқу-бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз етудің жаңа технологияларын құру, ақпараттық технологиялар негізінде жүйелік жетілдіру, дарынды балаларға қолдау көрсету және даралығын дамыту болып табылады.

Қосымша білім беру саласының техникалық бағыты бойынша еңбек етіп жүрген әр ұстаз оқушыға жүйелі, сапалы білім беру үдерісінде бүгінгі заман талап етіп отырған жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін игертуде. Соның бір дәлелі үйірме жетекшілерінің сабақ беру барысында компьютерлік желілер технологияларын қолдана отырып, сабаққа қажетті материалдарды түсіндіру үшін интернеттен ақпарат іздеуді меңгеру машықтығы болады. Тағы бір айта кететін жайт интернеттен ақпаратты алу мүмкіндіктерінде шек жоқ, яғни мұғалім кез келген көлемдегі ақпаратты қабылдап, жан- жақты қолдана алады. Сонымен қатар техникалық бағытта білім беретін мұғалім оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттыруға, әр түрлі көрнекіліктерді қолданып, оқу материалын саналы игеруіне ықпал етуге, оқушының есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге, пікір – алмасуға, уақытты ұтымды пайдалануға және білімді жеңіл игертуге қол жеткізеді.

Балаларға қосымша білім беру ұйымдарының басқа білім беру орындарынан айырмашылығы онда бала басқаша білім жолын басып өтеді. Мұнда балаға қосымша ақпарат беріп қана қойылмайды, ең бастысы бала шығармашылық жұмыс істеуге тартылады. Бала адамзат еңбегінің, білімінің бірін терең игереді, оған дағдыланады. Жас ұрпақтың дара ерекшелігін ескере отырып ойлау, шешім қабылдау, қорытынды ой-пікірін білдіруін, белсенділігін, танымдық қабілетін дамытуын, өзінің шығармашылық әрекетін жүзеге асыруын қалыптастыруына мүмкіндік туғызған дұрыс. Оқушылардың қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп есептейміз.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.

Жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін қосымша білім беруде қолданудың оқушыға берер пайдасы көп. Олар:

- түрлі ақпараттық - бейнелік анықтамалар, көрнекіліктер арқылы білімін жан- жақты жетілдіру, дамыту;

- өз бетінше тапсырмаларды орындау;

- оқушының үйірмеге деген қызығушылығы, үздіксіз ізденісінің артуы;
- ойлау, есте сақтау қабілетінің дамуы;

- өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, графиктік моделдер түрінде жеткізуі.
Ал, мұғалім үшін де маңызы өте зор. Ол мына жетістіктермен ерекшеленеді: мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді, жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады, инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс- тәсілі артады, интернетке кіру жүйесі арқылы іс- тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс - тәсілдерін игеруге қолы жетеді, мұғалім үйірме жұмысын қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады. Сабақ беру үдерісінде мұғалімдер мынандай негізгі факторларды басшылыққа алады: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру; жекелей, жұппен, топпен жұмыс жүргізу; оқушылардың теориялық- сарамандық сауаттылығын арттыру.

Қазіргі таңда оқушы – заман талабына сай ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімділік қабілеттерін одан әрі дамыту үшін мұғалімдер де жан-жақты ізденімпаз, шығармашыл болуы керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек» - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту үдерісіне жаңа көзқараспен қарау керек. Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу үдерісінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.

Ұлы педагог Ушинский: «Бала - балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа салып құям десе де мұғалімнің қолында» дегені әр ұстазға қойылар үлкен сын деп ұғамын, ал ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім беру біздің мұғалімдерге оң ықпалын беріп отыр. Жылда дәстүрлі түрде ауданымызда өтетін «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» көрмелерінде балалар шығармашылық үйінің «Жас техник» үйірмелерінің шәкірттері қатысып, олардың экспонаттары жүлделі орындарға ие болып келеді. «Жас техник» үйірмесінің мүшелері 2018 жыл ақпан Астана «Алтын ұрпақ» өндірістік білім беру орталығы ұйымдастарған Республикалық «Ярмарка талантов» интернет-байқауына 5 сынып оқушысы Токаев Рауан «Күн тәңірі» атты жапсырма жұмысымен қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2018 жыл наурыз ҚР БҒМ РҚББОӘ орталығы ұйымдастырған «Шебер қолдар» атты республикалық интернет - конкурста «Жарамсыз материалдан жасалған бұйым» номинациясы бойынша 5 сынып оқушысы Садуов Әлихан «Ай машинасы «Марс» атты жасаған жұмысымен қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Үйірме жетекшісі алғыс хатпен марапатталды. 2018 жыл наурыз айында «Tolendi» инновациялық білім беру» ұйымы ұйымдастырған «Наурыз - Көктем» атты Республикалық сырттай қолөнер байқауында Зарықпаев Еркебұланның жасаған «Наурыз» атты сыйкәделік бұйымы жүлделі ІІ орынға ие болды.

Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланатын ұстаздарымыз бен шәкірттердің шығар шындары, алар асулары әлі алда.

Қорыта айтқанда, жылдан-жылға білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр. Мектептерде, қосымша білім беру мекемелерінде жаңа бағдарламалар, технологиялар пайдаланылып жүр. Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артты. Өйткені адамның болашағы, оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты.

«Еңбексіз талант- тұл» дегендей уақыт көшінен қалмай өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін ұрпақ алдындағы борышымызды шығармашылық еңбегімізбен жүзеге асыра берейік.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

  3. Г.Қ. Нұрғалиева. Электрондық оқулықтар- мұғалім мен оқушы арасындағы әрекеттестікті гуманизациялау құралы. А.,2002.

  4. М.Жұмабаев «Педагогика», 1992ж;

  5. Интернет желісінен  алынған ресурстар, қосымша материалдар









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!