Материалдар

Сайт бөлімдері
×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор:Шакенова Асемгуль Нурлыбековна
Бағыты: Əлеуметтік педагог
Бөлімі: Баяндамалар, реферат
Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2019-06-27

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

В данном докладе рассматривается вопрос об особенностях критериального оценивания в рамках программы обновления содержания образования.

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІҢ
ТИІМДІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Шакенова А.Н.
№2Ленинград орта мектебі, Ленинград ауылы

Аннотация:
В данном докладе рассматривается вопрос об особенностях критериального оценивания в рамках программы обновления содержания образования.
This report addresses the issue of the characteristics of criterion assessment in the framework of the curriculum update program.

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы. Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер жоғарысапалыбілімжүйесіне ұмтылуда. Өйткені қазіргізамандаелдің бәсекеге қабілеттілігі экономикасының дамуына қатыстыболса, ал оның дамуы мемлекет азаматтарыныңбілімділігімен біліктілігінебайланысты. Сол себепті білім беру жүйесі бүгінгі күнгі талаптарға сай дамуы тиіс. Бұл жерде әңгіме еліміздің болашағы туралы. Оның ертеңі – жас ұрпақтың қолында. Біздің ұстаздарымыз оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, білім беруді ақпараттандырып, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу арқылы оқытуды сауатты, сапалы жүзеге асырып, мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырғанда ғана қоғамымыздың дамуына елеулі үлес қоса алады. Аталған істердің барлығын жүзеге асыратын еліміздің ұстаздар қауымы. Ендеше, бүгінгі ұстаздар қауымы жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматы бар, үнемі шығармашылық ізденістегі, кәсіби біліктілігін шыңдайтын жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік қабілеті бар, білімді де білікті, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін кәсіби маман болуы керек.
Еліміздің ертеңгіболашағы жас ұрпаққа терең де, сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде.Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады. Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - жаһандану заманында жас ұрпақтың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі: оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын; әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек.
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігінің бірі сабақта шығармашылық ойлау дағдысын дамыту. Шығармашылық - адамның іс – әрекетінің түрі. Шығармашылық қабілеттердің дамуы, бүгінгі таңда негізгі нысана болып, ал оқушыда шығармашылық белгілерінің болмауы – үлкен мәселеге айналып, қазіргі таңда ойландыратын дүние. Өйткені, өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамдардың қолынан келеді. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, тәжірибелік әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс – әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға беймідей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Ұстаз үшін ең маңызды мақсат - әр сабағын түсінікті,тартымды,тиімдіөткізу. Оны жүзеге асыру жолдарының бірі –оқушыларғабілімберу, тәрбиелеу барысындакеңінен қолданылыпкелген шығармашылық ойлау дағдысын дамыту, оқушылардыңбілімсапасынкөтеруге жағдайжасау, сабақты тиімді ұйымдастыру. Жаңа сабақты өтпес бұрын тақырыбын мәселелік ой тудыра отырып хабарлап, оқушы жаңа сабаққаертееніп, ұмтылыпжауапіздейді, талпынады, қызығушылығы артады. Үнемі сұрақ қою жүйесімен жұмысжасаубілімдімеңгертубарысындаоқушы деңгейін шығармашылық сатыға көтереді. Бұл - сабаққажанбітіріп, шығармашылық серпіліс тудырады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінарттыруүшін қосымша әдебиеттерді,ертегілермен жұмбақтарды, аңыз, әңгімелерді, жаңылтпашларды, мақал-мәтелдерді бала шығармашылығы дамитындай етіппайдаланып отырған жөн. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыруүшін сабақтардымынадайжолдарменөткізуге болады:1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдардыпайдалану;2.Сабақты түрлендіріп өткізу;3.Сабақта оқушыларөздері жасаған суреттер, кестелер мен сызбаларды
пайдалану;4.Интерактивті тақтамен слайдтарды тиімді қолдану;5.Сабаққа қатыстыбейнета спаларды,фильмдердікөрсету;
6.Шығармашылық жұмысты орындауда балаға жағдай жасау.Оқушылардың шығармашылық ойлау дағдыларын арттыру барысындамынадай нәтижелерге жетуге болады:
1. Өзбетіменоқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіскежетелейді.
3. Өзісінедегенсенімпайдаболады
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылықбелсенділікартады.
Осылардың нәтижесіндедарынды, қабілеттіжекетұлға қалыптасады.
Қорыта айтқанда,аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі Өмірмен байланыс ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз Оқу – инемен құдық қазғандай демекші, жан-жақты,шығармашыл, ізденімпазұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді.Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу, – деген Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.

Әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы 4 Бодди Д., Пэйтон Р. Основы менеджмента: Пер. с англ. СПб.: Питер, 1999.
ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы.2016ж.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстандақтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру, 5.10.2018ж.






50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.