Материалдар / «ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ» тақырыбына мақала
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ» тақырыбына мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда Қазақстанның халықаралық интеграциялық процестерге белсене араласуын бірыңғай әлемдік білім беру кеңістігіне қосуына бағытталу білім беру ұжымдарына жаңа талаптарды жүктейді. Қазақстан Республикасында әлемдік қауымдастыққа қабылданған жалпыға бірдей білім беруді енгізудегі басты міндет – мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үлгіге сәйкес деңгейге шығару, бәсекеге қабілетті оқушыларды дайындау қажет. Бұл жағдайда жалпы білім берудің мақсаты көп міндетті құзырлармен, шығармашылық әрекет тәжірибесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларға бейім тұлғаны дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2018
468
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ» Кайрбекова Нургуль МарпековнаҚарағанды қаласы, № 63 ЖББОМҚазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Бүгінгі таңда Қазақстанның халықаралық интеграциялық процестерге белсене араласуын бірыңғай әлемдік білім беру кеңістігіне қосуына бағытталу білім беру ұжымдарына жаңа талаптарды жүктейді. Қазақстан Республикасында әлемдік қауымдастыққа қабылданған жалпыға бірдей білім беруді енгізудегі басты міндет – мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үлгіге сәйкес деңгейге шығару, бәсекеге қабілетті оқушыларды дайындау қажет. Бұл жағдайда жалпы білім берудің мақсаты көп міндетті құзырлармен, шығармашылық әрекет тәжірибесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларға бейім тұлғаны дамыту көзделіп отыр [1]. Білім беру кеңістігінде оқытудың мазмұнын өзгертуде оқушыны білім, білік дағдыларын, өсу динамикасын арнайы бағалау өлшемдерімен анықтау тиімді. Түрлі педагогикалық технологияларды тиімді қолданудың нәтижесі сабақ үрдісінің өсуі мен оқушылар құзіреттілігінің (ақпараттық, мәселені шеше білу, қарым-қатынас) дамуына үлкен үлес тигізетіні анық. Білім сапасы баланың әртүрлі іс-әрекеттерінде білім қолдану мен көп қырлы талдауды меңгеру нәтижесінде көрінеді. Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын, қалыптастырудағы оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынтасын, жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту – бүгінгі күннің мәселесі. Жоғарыда айтып өткендей қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық деңгейге жеткізу. Осы бағытта мұғалімдер алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі тұр. Оқушының жан-жақты дамуына, қазіргі заман талабына сай оқытудың жаңа технологиялар пайдалануды керек етеді. Осы мақсатта сын тұрғысынан ойлау технологиясының ролі өте зор екендігін оқу үрдісіндегі іс-тәжірибе көрсетіп отыр. Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.Білу.Таным мен ойлаудың де төмен деңгейі. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi(қолданылған терминдерді, фактілерді, ережелерді,негізгі ұғымдарды біледі) Түсіну.Таным мен ойлаудың орта деңгейі.Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілермен идеяларды түсі ( оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді.Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді)Қолдану.Таным мен ойлаудың орта деңгейі. Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді (Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады; Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді)Талдау.Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді (Жасырын көзге көрінбейтін жәйттерді ашады; Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды)Жинақтау.Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. Жаңа үлгідегі әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпараттарды жүйелеу немесе балама шешім ұсыну; Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.(Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады; Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады; Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығрамшылықпен қолданады)Бағалау.Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау.Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді. (Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды; Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады; Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды)Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. Топтық, топтық – жеке және жұппен жұмыс диспуттар мен пікірталастар тағы басқаларын қолдану –оқытудың міндетті шарты болып табылады[2]. Мұнда деңгейлік әдістер де қолданылады. Үшінші деңгей – білім стандарттарының талаптарына сай қарапайым білім мен түсініктер деңгейіндегі тапсырмалар «жеңілдетілген» стандарт материалдары, екінші деңгей – стандарт талаптарына сай алған білімдерін талдау және қолдану деңгейіндегі тапсырмалар, бірінші деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне – интелектуалды және креативті дарынды балаларға арналған шығармашылық пен ізденушілік сипаттағы тапсырмалар, яғни стандарттан жоғары тапсырмалар [3].Оқушылар өз деңгейіне қарай деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындай алу шамасына қарай таңдауға ерікті. Жеңілдетілген деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі төмен оқушыға кейіннен жоғары деңгей тапсырмаларын орындауға көшуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларын оқу модулінің орта кезеңінен-ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша, мұғалімге көмекші бола алады. Деңгейлік тапсырмалар жинағын тест түрінде де беруге болады. Мысалы, 9-сынып, оқушыларына берілген тест сұрақтарын қарастыратын болсақ, бұл деңгейдегі тапсырмалар басқа тапсырмаларға қарағанда күрделірек, себебі бұл тапсырмалар шығармашылық пен ізденушілік сипаттағы жұмыстар [4].1-тапсырма: Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрастырыңыз:Тұсаукесер, қонақтар, шақырылды, тойына, арнайы.Кезде, мен, соғылды, келген, қоңырау.Кейін, жуынды, Болат, дене шынықтырудан.Келесі тапсырмалар жинағы білім стандарттарының талаптарына сай қарапайым білім мен түсініктер деңгейіндегі тапсырмалар.2-тапсырма. Тура мағыналы сөз тіркесін табыңыз.А. Жұлдызды сәтВ. Өткір тілӘ. Өткір тілС. Алтын бесікБ. Киім дүкеніД. Ақ жол3-тапсырма. Туынды сөзді табыңыз. А. КөйлекВ. ҚанағатӘ. ЖұмысшыС. АймақБ. СандықшаД. Мектеп4-тапсырма. «У» дыбысының дауыссыз дыбыста таңбаланып тұрғанын көрсетіңіз.А. Тау, дау, сауС. СуретӘ. Бару, келуД. ЖусанБ. Сулы, сұлуЕ. Су, шу, нуТағы бір бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалану құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде бақылау жұмысы, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне қарай қолданып, оқу модулінің осы бөлімінде беріледі. Бұл әдіс оқушыда өз бетімен еңбектену, оқу-танымдық процесті басқара алу икемдігінің дамуын қамтамасыз етеді. Бұл әдісте оқушылардың оқу қызметінің нәтижелерін бағалаудың, өзін-өзі және бірін-бірі бағалаудың мәні зор. Өзін-өзі бағалау да адамның өзін-өзі жүйелеп, ісін ретке келтіру құралы болып табылады және өз нәтижесіне сын көзбен қарауын, оқудағы өз мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік құра білуін қалыптастырады. Оқушы тұлғасын және оның дамуындағы ықпалы болып саналатын мақсаттарының бірібелсенді сөздік қорын логикалық ойлау қабілеттерін яғни ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың білімін, ұғымталдығын, ақыл-ойын өрістетуге жағдай жасайды және ізденіске жетелейді. Өзгеше ой сараптауға алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландырады. Сонымен бірге ұйымдастыру әрекетіне уақытты тиімді пайдалана білуге де қалыптастыратыны сөзсіз, яғни балалардың пәнге деген қызығушылығы артады. Оқушы тек білім алуға ғана емес, ұжымдағы қарым-қатынасқа да қалыптасады. Бірін-бірі сыйлау, тыңдау, өзіндік шығармашылық жұмыс істеу қабілеті дамиды (талдау, салыстыру, жүйелеу, жинақтау т.б.). Осылайша оқушы білім, білік, дағдыларын меңгере отырып таным процестерін «ойлау, қиял» дамытып, эмоция, сезім, ерік, жігер тәрізді жан құбылыстарын қалыптастырады.



Әдебиеттер:
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты , - Астана, 2017
  • Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. Алматы
  • Аймақтық ғылыми-практикалық конференция материалдар жинағы, Қарағанды қаласы.
4. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра»

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!