Материалдар / Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сыныптың әдебиеттік оқу пәнін тиімді әдіс-тәсілдермен оқыту жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сыныптың әдебиеттік оқу пәнін тиімді әдіс-тәсілдермен оқыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІН ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Маусым 2019
7338
23 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КІРІСПЕ


Курстық жұмыстың өзектілігі: әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына Жолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі», - деп атап көрсетті.[1] Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тілдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше. Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни , мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс – тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек. Әдебиеттік оқу бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады. К.Д.Ушинский : «Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математикалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты, өзекті пән енді түсінікті емес пе?» – деген болатын. Оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын ояту – жас жеткіншектердің туған еліне, ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыратындығы белгілі. Бүгінгі таңда жастардың көркем әдебиетті оқуды әдетке айналдырмағандығын есепке ала отырып, көркем шығармаларды оқудың жаңа, тиімді жолдарын ұсынады. Егер мұғалім сабағын ерекше тартымды, оқушының бәріне де түсінікті етіп өткіземін десе, ең әуелі оқушылардың сол сабаққа деген қызығушылығын оята білуі керек. Қазіргі мектеп оқушыларының талғамы терең. Себебі балалар күнде де, түнде де теледидар алдынан кетпейді, әйтседе әдеби кітаптарды да оқитын сауатты балалар да аз емес. Шәкірт қызығушылығын сабақта дамытып тәрбиелеуде мұғалімнің сабақты әр алуан түрде, жаңа технологиямен өтуінің маңызы зор. Адамның қызығушылығы сан алуан болуы мүмкін. Осылардың ішінде біреуі ғана басты болады. Мұндай қызығушылық көркем әдебиет әрекетіне аса қажет. Қызығушылық тұрақты қасиетке айналғанда ғана адам өз іс-әрекеті-нен жақсы нәтиже шығара алады.

Курстық жұмыстың зерттеу мақсаты: жаңартылған білім мазмұны бойынша әдебиеттік оқу сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы сабақ тиімділігін арттырудың маңызын нақтылай ашу. Бастауыш сынып пәндері бойынша білім  беруді жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан педагогтардың жауапкершілікті түсіну  мен олардың кәсіби деңгейіне, педагогикалық шеберлігін жетілдіруде  және білім беру үдерісіндегі  көптеген мәселелерді  шешуге қосқан үлесіне байланысты әдебиеттік оқу сабақтарында тиімді әдіс –тәсілдерін тәжірибемен байланыстыра зерттеу. Осы бағдарлама аясында оқушыларымыз заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттігі бүгінгі күн талабы. Жаңартылған бағдарлама баланы сыни тұрғыдан ойлантып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді.

Курстық жұмыстың зерттеу міндеттері:

Жаңартылған білім мазмұны бойынша әдебиеттік оқу пәнін оқыту жолдарын қарастыру;

Әдебиеттік оқу пәні арқылы оқушының сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;

Әдебиеттік оқу пәні арқылы оқушының ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.

Әдебиеттік оқу сабағында тиімді әдіс-тәсілдердің маңыздылығын ашу;

Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, СТО стратегиясы, қорыту әдістері пайдаланылды.

Курстық жұмыстың нысаны:

Бастауыш мектептердегі жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту бағдарламасы.

Зерттеу пәні:

Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының әдебиеттік оқу пәні.




















1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІН ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІГІ

1.1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша әдебиеттік оқу пәнін оқытудың маңызы


ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Сондықтан да оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге , барлық оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талап қойылды. Осы талаптарды ескере отырып, алдыма қойған мақсатым - оқушыны оқуға қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның негізгісі - оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың ойлау дағдыларын жетілдіру, өздігінен білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.

Демек, әр ұстаз, жас маман біріншіден, педагогикалық шығармашылық пен шеберлігін арттыру қажет, екіншіден әдістерді сол қалпында қолданбай,оны жағдайға байланысты тиімді сәйкестігін таба білу керек, үшіншіден, үздіксіз шығармашылық ізденісте болу керек, төртіншіден, сабақ заман талабына сай құрастырылған жөн.

Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын арнайтын мамандар ғана сапалы да, жемісті еңбек ете алады деп ойлаймын. Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, жалпы білімнің іргетасы, танымдық белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуына бастауыш сынып оқу бағдарламаларында көңіл бөлінген. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. [2] Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдана білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі – спиральді қағидатпен берілуі. Бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.Оқу бағдарламасында әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту қарастырылған. Оқу бағдарламасы бойынша қажетті талапты орындап жүрген оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығы бар ма немесе оқығандары арқылы өмірлік дағдылар қалыптастыра алды ма деген сұраққа жауап ретінде Л.Выготский: «Мектепте ғылымға бағытталған жұмысқа, ережені жаттауға қабілеті аз адам, өз қызығушылығын оятатын белгілі бір іс-әрекет саласында өте дарынды және қабілетті болуы мүмкін. Егер мұғалім бір нәрсені жақсы меңгертуді ойласа, оның қызықты болуын қамтамасыз етуі керек», - деген сөзін алуға болады. Білім берудің жаңа мазмұны оқушы мен мұғалімді үздіксіз білім алуға қажеттілігін, жаңа білім игерудегі шығармашылық қарым-қатынасын, өз еркінше білім мен іскерліктерін қалыптастыруға негізделеді. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерін зерттеушілік-ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Алдыңғы сатыда ұстаздың өзі ізденімпаз болғаны аса маңызды.

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқу барысында оқушылардың: көркем шығармашылық және танымдық қабілеттері дамиды, сөз өнеріне үйреніп, тілдік әрекеттің барлық түрлерін жетілдіреді; диалог жүргізу, мәнерлеп оқу, әңгімелеу мен импровизациялау дағдылары қалыптасады;

Бастауыш мектеп оқушысының базалық біліктілігі ретіндегі саналы, дұрыс, жылдам және мәнерлі оқуды меңгеру, оқырмандық ой-өріс қалыптастыру, өз бетінше оқырмандық тәжірибе жинақтау сияқты сапалар дамиды;

Кітап оқуға деген қызығушылықтары артып, бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесі молаяды, сезімдері мен ерік-жігері тәрбиеленеді.

Қызығушылықты ояту: бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізулеріне күш алуларына және орындау керек тапсырмалар жөнінде жекетжәне топтық түсініктерді қалыптастыруларына көметеседі. Сонымен қатар, оқушының жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын-болмайтындықтарыншешуі де алғашқы фазада іске асады. Мағынаны тану фазасы оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез-келіп қалғанда іске асады.[3] Талқылау, кітап оқу, бейнетаспа, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қайсысы болмасын осы кезеңде іске асады.Оқушылар жаңа идеяны қабылдайды, ескі мен жаңаны ұштастырады, ойлау қабілетін кеңейтіп, не түсінгенін анықтайды. Оқулықтағы ой жалғау, түртіп ал, топтық, жұптық, ұжымдық, сондай-ақ кесте, сурет, сұрақтүрінде кетірілген тапсырмалар - осы кезеңнің тапсырмалары. Ой толғаныс үйрену: процесінің соңғы фазасы болады да, бұл кезде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып , түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Саналы талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен , мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе бір зерттеуді бастаумен айғақталады.

Бұл кезеңде оқушылар өздерінің ойын нақтылайды, қатарластарымен, мұғаліммен кері байланыса отырып, мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді. Яғни іштей ойлануға үйренеді, ой алмасады. Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта көз жіберіп, өзгерістер енгізеді. Бұл - ең ұзақ та маңызды кезең.Жалпы алғанда, оқушының мәтіндегі көркем сөзді түсіну механизмін психологиядағы ассоциациялық ұстаныммен түсіндіруге болады. М.Мұқановтың түсіндіруі бойынша ассоциациялық ұстанымды жүзеге асыру тәсілдері: көршілестік ассоциациясы, ұқсастық ассоциациясы, қарама-қарсы ассоциациясы, себеп ассоциациясы. Көршілестік ассоциациясының осылай аталу себебі – нәрсені екінші көршілес нәрсемен бірге қабылдайтындықтан. 2-4 сынып оқушылары үшін сол жастағы баланың іс-әрекеті сюжеттік оқиға ретінде суреттелген мәтіндердің таңдап алынуы көршілестік ассоциациясының көрнекті мысалы бола алады. Мысалы, Д. Қасеновтың «Өкініш» әңгімесіндегі Аңсардың басынан кешкен оқиғасы арқылы нақты өмірде өз бастарында болған көршілес оқиғаны естеріне түсіруі мүмкін. Міне, осы әңгімедегі Аңсардың көңіл-күйін түсіну өзі де осындай оқиғаны басынан кешкен бала үшін оңай өтеді. Бұл тәсіл көркем мәтіндегі кейіпкерлер тұлғасын талдау тиімді әрі нәтижелі болмақ.Ұқсастық ассоциациясы мен қарама-қарсы ассоциациялар, әсіресе көркем мәтіндердегі кейіпкерлерге қатысты қолданылған әсерлі сөздерді түсіндіруге жиі қолдануға болады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек .

Бағдарламада бастауыш сынып оқушылары үшін ұсынылған оқу тақырыптары:

Мысал, ертегілер, аңыздар, әңгімелер;

Өлеңдер, ән өлеңі, шешендік сөздер, табиғат лирикасы, азаматтық лирика;

Балаларға арналған юморлық және сатиралық шығармалар;

Балалар түсінігіне сай ғылыми-танымдық шығармалар.

Бастауыш сыныптарда «Әдебиеттік оқу» пәнінде классик ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармалары әр сыныпта қайталанып отырады. Оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай олардың әртүрлі жанрда, әртүрлі тақырыпта жазған шығармаларын оқуға мүмкіндік алады. Осындай шығармаларды қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар мынадай:

Мәтіндегі негізгі ойды анықтау;

Мәтінді әңгімелеу;

Мәтінге жоспар құру;

Мәтіндегі оқиғаға, мәтін авторының көзқарасына өз пікірін білдіру;
2 - сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» кітабының жаңа басылымында мәтінге тек сурет қана беріліп қоймай оқушылардың мәтінді эмонационалды қабылдауын қамтамасыз ететін сұрақ-тапсырмалар кеңінен қамтылған. Суретпен жұмыс – қабылдаушы кішкентай оқырманды тәрбиелеудің бір жолы. Суретпен жұмыс жасау кезінде оның мәтінмен арақатынасын анықтай отыры, баланың сезіміне әсер ету, рухани даму басты назарда болады, суретшінің көңіл-күйі қандай деп ойлайсың? Оны қандай бояулар көрсетіп тұр? Ақын да өлеңде белгілі бір күйді бере алады. Осы өлеңнің түсі қандай деп ойлайсың? Оны қандай сөздер арқылы байқадың? Осы мәтін бойынша сен қандай сурет салар едің? деген сияқты сұрақтар шығарманың сыртқы қабын-бояуын ғана емес, оның ішкі мәнін танып, ұға білуге жетелейді. Сондай-ақ,ақын-жазушылардың көңіл-күйін, оқушының мәтіндегі оқиғаға, кейіпкерге қарым-қатынасын смайлик арқылы белгілеп, білдіріп отырулары да – шығарманы эстетикалық қабылдауға әкелетін әдіс-тәсілдер.

Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде қазақстандық педагог-практиктердің және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп жасалды. Бастауыш білім беру мақсаты —келесі негізгі кең ауқымды дағдыларға: білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану;

сыни ойлау; зерттеу жұмыстарын жүргізу;ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану; әр түрлі коммуникация тәсілдерін пайдалану;

топта және жеке жұмыс істеу ептілігі; Оқу бағдарламасы бойынша қажетті талапты орындап жүрген оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығы бар ма немесе оқығандары арқылы өмірлік дағдылар қалыптастыра алды ма деген сұраққа жауап ретінде Л.Выготский: «Мектепте ғылымға бағытталған жұмысқа, ережені жаттауға қабілеті аз адам, өз қызығушылығын оятатын белгілі бір іс-әрекет саласында өте дарынды және қабілетті болуы мүмкін. Егер мұғалім бір нәрсені жақсы меңгертуді ойласа, оның қызықты болуын қамтамасыз етуі керек»,- деген сөзін алуға болады.

Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын. Сондықтан да, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Осы мақсатта бастауыш сынып оқушыларына білім беруде «сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасын» қолданамын. Мектептегі басты тұлға - мүғалім десек, бала өмірінде мұғалім ерекше рөль атқарады. Оқушылардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы да сабырлы азамат боп жетілуі, тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты болмақ. Егер бала мұғалімді жақсы көрсе, онда ол оқуды да, мектепті де жақсы көреді. Мұны мұғалімнің беделі деп түсінуіміз керек. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығарып алмаған жөн. Демек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Ұстаздардың келешектегі мақсаты - рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жетіле дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мен қалыптастыру мәселесі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытовтардың шығармаларының негізгі арқауы болған. Әсіресе ұлы ғұлама Абайдың еңбектерінде адам бойындағы негізгі қасиеттер: қайрат, ақыл, жүректің сапалық деңгейіне қарай және олардаң өзара қатынасына байланысты қалыптасатын Толық адамды, ол, түсіндіріп айтқанда білімді, адамгершілігі жоғары, парасатты жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеп жетілдіру мақсаты көзделеді. Мұғалімнің міндеті оқушының өзі түсініп, ізденіп оқуына, пәнді терең білуге бағыттау білімнің қажеттілігін түйсік арқылы саналы қабылдау. Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім -деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай жан-жақты білім беру мүмкін емес, себебі қазіргі білім саласындағы талаптарды орындауға қазақстанда әлі де жағдай жасалмаған.
Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді.
Әдебиет - оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз. Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, қоршаған орта екені баршамызға белгілі. Өнер, ғылым бар жұртта өскелең ұрпақ тәрбиені ата-анадан да, мектептен де, араласатын ортасынан да, өздері оқып жүрген қазақ әдебиетіндегі түрлі аңыз-ертегілерден де аларына ешкім шүбә келтірмейді. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тіршілігіне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық, секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғарады. Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өседі.

Дөрекілікке, бойкүйездікке, жамандыққа аяқ баспайды. Әдебиет арқылы оқушы бойында өмір туралы дұрыс талғам, түсінік қалыптастырамыз. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындылар арқылы қалаған мамандықты игеріп, өмірден өз орнын табуларына, қалаулы азамат болып өсулеріне тигізетін әсері көп.

Ұрпақ бойында ұлттық ұғымдарды сіңіру үшін, біз оқушыға өткен тарихымызды танытуымыз керек.

Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Орта буын оқушыларының арнайы ереже дәптерлері, альбомдар, сөздіктері, канспектілері, хронологиялық кестелері болуға тиіс. Сонымен бірге, шығармашылық дәптері бөлек болғаны дұрыс. Оған оқушы өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді де жазып алып жүруге баулу керек. Осы ретте, шығармашылыққа жақын кейбір оқушылар сол дәптерге әңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып
үйренуіне мүмкіндік туады.




1.2. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әдебиеттік оқу пәнін оқыту бағдарламасының мақсаты


«Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының мақсаты: оқушыларды қазақ және әлем балалар әдебиетінің түрлі жанрдағы көркем шығармаларымен таныстыруға, олардың оқу дағдылары мен оқырмандық біліктілігін қалыптастыруға, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағытталады.

«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді: әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақтың рухани қазынасын меңгерту; коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларын қалыптастыру; ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы оқушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру; оқу сапасын (дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, көз жүгіртіп, болжап оқу) жетілдіру; оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту; сыни ойлауын жетілдіру; көркемдік-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрету; алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрету; оқылған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта ауызша, жазбаша шығармашылық жұмыс түрлерін орындауға дағдыландыру.

Оқу бағдарламасының мазмұны көркем шығармалар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен байытуды, көркем туындылардағы айтылған ойларға пікірін білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бақылауды, өзін-өзі бағалауды, шығармадағы негізгі ойды өз бетінше тұжырымдауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды; сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды, көркем шығармаларды басқа өнер түрлерімен салыстыруды, көркем шығармалардың элементтерін ажыратуды қамтиды.

«Әдебиеттік оқу» пәнін меңгеру оқушының: қазақ балалар әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерін талдай отырып, ұлттық және жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды бойына сіңіруіне; көркем шығармадағы тілдік қолданыс ерекшеліктеріне бақылау және талдау жасай отырып, тілдік құралдарды саналы түрде дұрыс таңдауына және өмірлік тәжірибесінде қолдануына;

алған білімі мен дағдыларын өмірлік жағдаяттарда және басқа адамдармен қарым-қатынас барысында пайдалануына көмектеседі.

«Әдебиеттік оқу» пәні бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық және қатысымдық дағдыларын қалыптастыруға, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөз өнерін сезінуге, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі.

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқу барысында бастауыш сынып оқушылары әлем туралы, жалпы адамзат туралы білім алады. Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына, сөйлеген сөзіне талдау жасай отырып, адамдардың жан-дүниесін түсінуді және оған өз көзқарасын білдіруді үйренеді.[4]

«Әдебиеттік оқу» пәні: көркем шығармалар арқылы оқушының бойында ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерінің үйлесімді әдебиеті үлгілері мен көркем әдеби шығармаларды оқып-талдау арқылы қазақ тілінің бай эстетикалық дамуына; халық ауыз мұрасымен танысуына; әдеби шығармалар арқылы қазақ ұлтының мәдениетін, тарихын меңгеруіне; сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамының қалыптасуына; әдеби мәтіндердің жанрын, стилін, құрылымын, тақырыбын, тілдік және баяндау ерекшеліктерін ажырата білуіне; отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен танысуына; әдеби-теориялық білім негіздерінен бастапқы түсініктерді меңгеруіне; әдеби туындыларды өз бетімен оқу арқылы тұрақты оқырмандық қызығушылығының қалыптасуына; сын тұрғысынан ойлау дағдысының дамуына; оқу сауаттылығы мен шығармашылық жазу тілінің қалыптасуына; анықтамалықтармен, сөздіктермен, басқа да ақпарат көздерімен жұмыс істей білуге дағдылануына ықпал етеді.

Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.

Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады. Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптарға сағат санының үлестірілуі және тоқсан көлемінде тақырыптардың оқытылу реттілігін мұғалім анықтай алады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-т

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!