×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

«Жаңартылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары.»

Автор:Кокенова Райхан Дуйсенбаевна
Бағыты: Балабақша
Бөлімі: Баяндамалар, реферат
Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-02-11

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

балабақша тәрбиешілеріне әдістемелік көмек ретінде керек болып қалады деп ойлаймын

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асыру ҚР-ның білім беруде және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарда арналған мемлекеттік бағдарламасында, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндеттерді орындауды талап етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасы жоғарыда аталған құжаттарда анықталған негізгі міндеттерді тиімді орындауды қамтамасыз етеді. Бағдарламаның мақсаты: Балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік дағдыларын қалыптастыру, рухани адамгершілік құндылықтарын «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген сәйкес жалпыазаматтық құндылықтарды тәрбиелеу.Міндеттері: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасы:-мектепке дейінгі жастағы балалардың денесін және психологиялық саулығын нығайтуға, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулуға-мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыруға ықпал етеді.Білім беру процесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына сәйкес ұйымдастырылады. Стандарпен мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнына, оқу жүктемесін ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар айқындалады. Стандарт талаптарын іске асыру үшін әр бір мектепке дейінгі ұйымда келесі талаптар мен жағдайлар жасау қажет:
  • Ерексектердің балаға құрметпен қарауы, балалардың жағымды өзін-өзі бағалауын, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне деген сенімділігін қолдау;
  • Білім беру әрекетінде жұмыстың балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес түрлері мен әдістерін қолдану:
  • Мектепке дейінгі ұйымның барлық педагогтары, мамандары және ата-аналарының бірлескен әрекеті негізінде әрбір баланың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне бағытталған білім беру әрекетін құру;
  • Ересектердің балалардың бір-біріне жағымды қайырымды қатынастарын, әртүрлі әрекет түрлерінде олардың өзара бірлескен әрекеттерін қолдауы;
  • Дене және психикалық озбырлықтың барлық түрлерінен балаларды қорғау;
  • Балалардың даму бұзылыстары мен әлеуметтік бейімделуін диагностикалау және түзету үшін қажетті жағдайларды жасау;
  • Балаларды тәрбиелеуде, олардың денсаулықтарын қорғау мен нығайтуда ата-аналарды қолдау, ата-аналарды білім беру әрекетіне тарту.
2.Педагогикалық процесті ұйымдастыруға талаптар:- баланы тәрбиелеу мен дамыту,соның ішінде инклюзивті білім беру мәселелерінде педагогтарға кеңес беру;4.Заттық-кеңістік дамытушы ортаға талаптар:- Заттық-кеңістік дамытушы орта толық мазмұнды, өзгермелі, көпатқарымды, вариативті, қолжетімді және қауіпсіз болуы керек.Білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарда сапалы тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету үшін келесі ұстанымдар және тәсілдер қарастырылуы қажет:
  • Тәрбие мен оқытудың барлық қатысушылары-педагогтар, психологтар,ата-аналармен баланың тұлғасын қалыптастыру мен оның қабілеттерін дамытуда кешенді тәсіл;
  • Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оларды дамытуда әрекеттік тәсіл;
  • Баланың дамуы мен мектепке дейінгі ұйымның қызметінің деңгейлеріне (мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына мониторинг жүргізу үшін автоматтандыру жүйесі) мониторинг жүргізуде инновациялық тәсіл;
  • Тәрбие мен оқыту мазмұны мен әдістерінің бірлігі, сабақтастығы, үздіксіздігі;
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы білім беру процесін интерактивті құру.
Мектепке дейінгі ұйымның бағыныстылық нысанына, барлық типтері мен түрлеріне қарамастан, педагогтары, мамандары мен қызметкерлері өзінің қызметтерін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және мектепке дейінгі білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.
























Тәрбиеші:Кокенова Р.Д




50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.