Материалдар / ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ – ЖАҢА ЗАМАН АЙНАСЫ

ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ – ЖАҢА ЗАМАН АЙНАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздрға семинарларда оқу үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2021
295
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ – ЖАҢА ЗАМАН АЙНАСЫ

Самекенова Айзада Бакытжановна

математика пәнінің мұғалімі

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 19 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ

Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу әдістемесінің мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін қажет етеді. Сондықтан оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы оқушылар шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлға дайындау, осыған орай оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып білім беру біздің мұғалімдер алдындағы басты міндет болып отыр. Қоғам дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі белгілі. Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы  ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңартылған мұғалімінің еншісіне тиері анық. Жаңартылған оқу бағдарламасының оқушыларға берері мол екені анық. Қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсет­сең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйрене­мін» деген даналығы білім алу­шының білімге ықыласын арты­руда ақпараттық – комму­никатив­тік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді тәжірибеде жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық материал­дар­ды, көрнекі құралдар мен ұтым­ды технологияларды, тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба ал­майтын білім беру.

Ж

25

аңашыл ұстаз – заман талабы. Теориялық білімін тәжірибе жүзінде іске асыра алатын, жауапкершілігі жоғары, ізденімпаз жеке тұлға болуы тиіс. Ең жақсы мұғалім – шәкіртінің жанын түсінетін, оны өз перзентіндей сүйе алатын, оқушы үшін бойындағы барын беретін, шәкіртін өздігінен білім алуға жетелейтін мұғалім. «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қоғамда мықты, білігі жоғары, жаңашыл ұстаздардың болуы – өмір талабы. Жас ұрпақты оқытуда, оқушының тұлғалық деңгейін қалыптастыруда түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді кең қолдануды қажет етеді. Шәкіртке білім нәрін жылулықпен бере білу де аса қажеттілікті керек ететіні де белгілі. Қазіргі таңда білім саласында үнемі өзгерістер болып жатыр. Сол өзгерістерді енгізіп, көштен қалмай бірге жүруге тура келеді. Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үдерісіне енгізудің маңызы ерекше. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды. Қазіргі талап – оқушыларды ойландыру, сезіндіру, ақпараттық құралдар арқылы өз беттерінше еңбектеніп, оқуға баулу.

«Педагогтік шеберлік» – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Ендеше, іздену мен үйренуді ешқашан тоқтатпайық дегім келеді. Өркениет көшіндегі білім кемесінің сапары сәтті болғай. 



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!