Материалдар / Жаңашыл ұстаз заман талабы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңашыл ұстаз заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мынау технологияның қарыштап дамыған заманында ең бірінші білікті де білімді сауатты жаңашыл жас мамандар қажет.Өйткені көштен қалмай заман талабына сай ілесіп бар мүмкіндіктерді пайдаланып болашақ ұрпаққа сапалы білім беру сол ұстаздардың еншісінде.Сол үшінде жас мамандарды қолдап көтермелеп отырғанымыз жөн.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2020
359
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңашыл мұғалім болу-жаңа заман талабы.

«Мұғалімдік мамандық –бұл адамтану,адамның күрделі және қызықты шым-шытырғы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.»-деген ұлы ұстаз

Ы.Алтынсарин

Ия,сол айтқандай екінің бірінің қолынан келе бермейтін, қиындығы мен қызығы бірге жүретін, оқушы қуанса қуанатын, ал мұңайса мұңайатын, өмірінің басым көпшілігін ұрпақ тәрбиелеуге жұмсайтын, өзі үшін емес, өзгенің баласының болашағы үшін алаңдайтын мамандық – әрине бұл Ұстаздық.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Біз болашақ ұрпақтар алдында жүгі ауыр жауапкершілікті арқалап жүрміз»деген.Сол айтқандай еліміздің болашағы көрікті, өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесінен көретініміз анық.

Осындай шығармашыл талапты, талантты, білімді тұлғаны қалыптастыру үшін оған бағыт-бағдар беретін Ұстаз жаңашыл шығармашыл жан-жақты рухани бай болу керек! Қазіргі кезде техниканың қарыштап дамып тұрған заманында оқу мен оқытудың жаңа форматын терең меңгере білген, әріптесім Бейнеу ауданы, Манашы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Айтуған Амангелдіқызы Маренова болады.

Айтуған Амангелдіқызы жас кезінен-ақ математика пәніне деген қызығушылығы арта бастады,ол өз сыныптастарының арасында үздік оқыды.Үнемі мектепішілік математика пәндік байқаулардың жеңімпазы атанды. Бала арманы Айтуған Амангелдіқызын Ақтөбе мемлекеттік А.Жұбанов атындағы университетінің математика мамандығына жетеледі. Аталмыш оқу орнын үздік бітірген жас маман, алғашқы еңбек жолын ауданымыздағы Манашы орта мектебінен бастады.

Жас маман өте талапшыл,жан-жақты кішіпейіл айналасындағы жандарды баурай алатын, қолынан келген көмегін аямайтын,мектебіміздің қоғамдық және спорттық шараларға белсене қатысады.Мектебімізде ол жетекшілік ететін 7 «б» сыныбы үздік сыныптар қатарында, үнемі бос уақытында ата-аналармен тығыз байланыс жасап, қашықтықтан оқытудың тиімді тұстарын, кездесетін қиыншылықтарын бірге талқылап байланыста отырады.

Әріптесім Айтуған Амангелдіқызы қызмет еткен жылдары көптеген жетістіктерге ие болып жүр. Атап айтсақ, 2015 жылы аудандық Спорт күні кәсіби мерекесіне орай өткізілген сайыста I орын, Бейнеу аудандық мектептер арасында ұйымдастырылған «Математикалық регата» олимпиадасында жүлделі II орын, 2015 жылы ұйымдастырылған «Денсаулық фестивалі-2015» шарасында жүлделі III орын, Маңғыстау облыстық «Үздік лагерь-2015» байқауында II орынға ие болып мектеп мерейін асқақтатты. Сонымен қатар 2018 жылы Бейнеу аудандық мұғалімдер арасындағы ұйымдастырылған пәндік олимпиадада өз пәні бойынша жүлделі III орынға ие болды.

Осындай жаңашыл,жан-жақты педагогтың шәкірттерінің осал болмайтыны анық. Оның шәкірттері «Халықаралық темекімен күрес»күніне орай ұйымдастырылған «Темекі тартқаның-өзіңді құртқаның»тақырыбындағы сайыста шәкірттері жүлделі I орынға ие болды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде математика секциясы бойынша шәкірті З.Измұханбетов жүлделі II дәрежелі диплом, 8-11 сынып оқушыларының республикалық пәндік олимпиадасының аудандық кезеңінде матиматика пәні бойынша шәкірті Ы.Сулікбаев жүлделі III орынды иеленді.

Манашы орта мектебі ұжымы тарапынан әріптесім Айтуған Амангелдіқызы Маренованың еңбектері еленбей қалған жоқ. Қай жерде болмасын, жақсы мұғалімнің мерейінің үстем болатыны анық. Сол үшінде ұжымымыз атынан алғыс хаттарға ие болып жүр.

Орыс халқының ұлы ойшылы А.Толстойдың мына бір даналық сөзі ойыма келіп отыр. «Барлық мүмкіндік бала бойында» демекші сол баланы дамытатын,білімд,і сауатты шығармашылыққа жетелейтін жаңашыл жан-жақты – Ол ұстазы.

Осындай қадір-қасиетті әріптесім Айтуған Амангелдіқызының бойынан көрсек болады. «Жас келсе іске»дегендей жас мамандарды қолдап көтермелеп отыру,ұжымымыздағы тәжірибелі ұстаздардың бағыт-бағдар беріп ақыл-кеңестерінің нәтижесі деп білеміз.

Болашақта әріптесімнің шығармашылық жұмыстарына табыстар тілеймін.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Манашы орта мектебінің математика пәні мұғалімі

Базарова Карылгаш




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!