Материалдар / Жаңашылдық,өзгеріс,жаңа әдіс- тәсілдер-балабақшада
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңашылдық,өзгеріс,жаңа әдіс- тәсілдер-балабақшада

Материал туралы қысқаша түсінік
Жұмысымның мақсаты: көзқарасы айқын, парасаты биік бала тәрбиелеу, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ буынын қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2019
5196
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Маңғыстау ауданы әкімдігінің «Арай» балабақшасы

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны






Аудандақ мектепке дейінгі ұйым педагогтары арасында «Жаңашылдық,өзгеріс,жаңа әдіс- тәсілдер балабақшада» педагогикалық оқу


Баяндама

Тақырыбы: «Жаңашылдық,өзгеріс,жаңа әдіс- тәсілдер-балабақшада»





Дайындаған: Кусайнова Феруза Сактаповна

































Ұштаған ауылы

2019 жыл
























Мазмұны


I. Кіріспе

Ел болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне


II. Негізгі бөлім
1.
Жаңа технология - жарқын болашақтың кепілі
2.
Инновациялық әдіс – білімді ұрпақ кепілі



III. Қорытынды.







































  «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі,

қолымен ұстап, көзімен көріп,

мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды»

Ы. Алтынсарин

І. Кіріспе.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында педагогтар алдында білім беру мен ғылымды дамыту бойынша нақты міндеттер қойылғаны баршамызға мәлім. Міндеттердің бірі - жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуы үшін өлкемізде жан-жақты жағдай жасау.

Ал сол жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші мамандар, тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс-тәжірбиесінде қолданып отырса, бала тәрбиесі алға басары сөзсіз.

Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Балабақшада оқу-тәрбие процесіне өзгерістер енгізуді басшылыққа ала отырып, өз жұмысымды «Жаңа инновация, технология-жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында алуды жөн көрдім. Жұмысымның негізгі бағыты жаңа инновациялық «Тәй-Тәй» технологиясымен оқыту.

Әр педагог өзінің жұмысын дұрыс жолға қойып, жаңашылдық еңгізу үшін, біріншіден «Инновация» деген сөзді түсіну керек.

Менім ойымша «Инновация» — бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? – деген сурақтар туындайды.

Осы сұрақтардың жауабы, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті деп есептеймін, және  инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Педагогикалық инновация мемлекеттік білім ұйымдары жасап, жүзеге асырған жаңалық емес, білім беру және ғылым жүйесінің ұйымдары мен қызметкерлері жасаған жаңалықтар. 

Сонымен қатар білім беру саласында болып жатқан өзгерістердің барлығын авторлар педагогикалық инновацияға жатқыза алмаймыз. Бұл бәрінен бұрын қандай да бір әлеуметтік үрдістің нәтижесі, қоғамның саяси бағытындағы өзгеріс немесе қайта құру, яғни саяси қайта құрулар нәтижесі деп ойлаймын.


II. Негізгі бөлім

Тәй-тәй технологиясы біздің «Арай» балабақшасына 2017 жылы қолданысқа енгізілді. Ең басында бір топпен жұмыс бастадық. Содан соң ұжымда педагогтардың қызығушылықтары оянып 2-топ өз жұмыстарын бастап кетті.

 «Тәй-тәй» технологиясын оқу-үрдісінде пайдалану үшін, педагогтар арасында жаңа технология туралы өз мәлімдемесін баяндап, дөңгелек үстел өткізу арқылы, пікір алмасты. Және бұл технологияны балабақшамызға енгізу үшін тәрбиешілер өздерінің алған түсініктері бойынша яғни «Тәй-тәй» технологиясын оқу қызметтеріне пайдаланып, өткізіп көруді жөн көрді. 

Жұмысымның мақсаты: көзқарасы айқын, парасаты биік бала тәрбиелеу, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ буынын қалыптастыру;

Осы мақсатқа жетуде алға қойған міндеттерім:

- мектеп жасына дейінгі балаларға дәстүрлі емес жаңа тиімді әдістерді оқу қызметінде қолдана отырып, балалардың ізденімпаздық, шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, олардың ой-өрісін, байланыстырып сөйлеуін, танымдық қабілетін жетілдіріп, оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру,

- ата – ана, тәрбиеші және бала арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, тәрбие мен білім сапасын арттыру.

Алға қойған мақсатпен міндеттерді орындау мақсатында бірінші орталықтарды анықтап, балалармен бірге белсенді орталық атауларын таңдадық. Жұмыс барысында ең бастысы менің білгенім тәрбиеші бағыт беруші, бақылаушы, ал ата-ана көмекші.

«Тәй-Тәй» технологиясымен жұмыс жүргізу барысында жеткен жетістіктеріме тоқталар болсам,дәстүрлі оқытуда тәрбиеші топ балаларымен жұмыс жасағанда, топ балаларының 60%ы өтілген тақырыпты меңгерсе,40%ы игермей қалуы мүмкін.Ал «Тәй-тәй»технологиясымен оқыту барысында 100% бала өтілген тақырыпты белсенді орталықтарда өту барысында жан-жақты меңгереді.

2017-2018 оқу жылында 1 жастан 6/7 жасқа дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу жоспары бағдарламасының мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуындағы бастапқы мониторинг бойынша алған нәтижені айтар болсам: шығармашылық саласы бойынша 64% I-деңгей,28% II- деңгей 8% III-деңгейді көрсетсе, аралық мониторингте 28% I-деңгей,38% II- деңгей, 34% III- деңгейді көрсетіп, білік пен дағдыларының II-III деңгейде жоғарылап,I- деңгейдің төмендегенін көріп отырмыз.Қатынас саласы бойынша бастапқы мониторингте 60% I-деңгей,32% II-деңгей,8% III-деңгейді көрсетсе, аралық мониторингте 15% I-деңгей,60% II-деңгей 25% III- деңгейді көрсетіп бұл жерде де балалардың білік пен дағдыларының жоғаралығандығын көріп отырмыз.

Нәтижесінде жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған әдістемелік жұмыс тәрбиешілердің білімдерінің жоғарылауына, балалармен жұмыс жүргізу барысында жаңа тәсілдер таңдауға, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін анықтауға мүмкіндік туғызды.

Ал ең маңыздысы өздігімен кәсіби деңгейлерін жоғарылатып, мамандықтарына деген қызығушылықтарының артатындығын байқадым.

Сонымен қатар, ата-ана мен балабақша арасындағы байланыс күшейтілді; пән аралық байланыс сақталды; ғылыми тұрғыдан балалар зерттеуді үйренді; балалардың өзін еркін сезіне отырып, әрбір ісіне жауапкершілікпен қарау мүмкіндігі күшейді;

«Тәй-тәй» технологиясымен заман талабындағы тәрбиеші бейнесі балаларға мынадай болуы керек деп ойлаймын: Балалармен ортақ тіл табыса алатын, жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын,жаңа инновациялық білімді дамытатын, педагогикаалық өзгерістерге тез төселе алатын, білімді,іскер, шебер болуы керек.

«Тәй-тәй» технологиясы балабақшадағы бала мектепке барғанда өз ойын еркін айта алатын,өз бетінше үйренуді мақсат ететін,танымдық күші қалыптасқан,білімге деген қажеттілікті ұғынған тұлға қалыптасатыны өз тәжірбиемде анықталды.

Қорытынды

 Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Бүгін балабақша табалдырығын аттаған жас өркеннің ертең қандай адам болып шығатыны ата-аналар мен ұстаздар қауымының арасында мәңгілік таусылмас тақырып болып қалып отырғандығы да сондықтан. Бұл білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін көрсетеді. Сол себепті де білім беру жүйесінде жалпы азаматтық және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасауды әр педагог білу қажет.

Балабақшада жаңарту бастамасы педагогикалық ұжымның өз үлесіне тиеді. Әр білім беру ұымда оқу-тәрбие үрдісі бойынша мамандар болуы тиіс, олардың негізгі міндеттеріне педагогтерге басшылық жасау және педагогикалық жаңалықты бақылап отыру, сонымен қатар барлық оқу пәндері бойынша әдістемелік жүйенің өзіне тән мерзімдік әдістемелік көмек беру жолға қойылу керек. Сонда ғана балабақшада жанашылдық, өзгеріс, жаңа серпіліс болады.












Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!