Материалдар / «Жақсылық істеуден жалықпа»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Жақсылық істеуден жалықпа»

Материал туралы қысқаша түсінік
әлеуметтік педагогтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Сәуір 2018
476
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Өзін-өзі тану» пәні адамгершілік-рухани тәрбиенің негізі«Жақсылық істеуден жалықпа»«Өзіңді де, өзгені де аяла»

«Өзін-өзі тану»-халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен,тағылымдық ой-толғауларынан бастау алады. Біз өзін-өзі тану сабағындағы мақсатымыз балалардың адамгершілік сезімдері, эмоциялары, өзара қарым-қатынастары, үлкенге құрмет, кішіге- ізет көрсету арқылы жақсы қарым- қатынас жасау мәдениетіне қол жеткізіп,адами қасиеттердің мәнің түсіндіріп, отанға, отбасына, қоршаған орт мен табиғатқа, жалпы мына өмірге деген сүйіспеншіліген арту. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, № 18 ОМ өзін-өзі тану пәнінің мұғалім мен оқушылары болып «Өзіңді де, өзгені де аяла» атты акция өткізіп, қарттар үйіне барып қайттық. Қазақ-қариясын сыйлаған халық. Қарияның батасынсыз, даналығысыз қазақ қоғамында іс басталмаған. Өйткені, бүгінгі жас – ертеңгі қарт. Осы заңдылыққа бас иген қазақ қашаннан үлкенді сыйлауда тәспісінен жаңылмаған. Бірақ бұл ұғымдарымыз өзгеріске ұшырап барады, қазіргі заманда ұлкенді сыйлау, құрметтеу дегенді ұмытып бара жатыр. Ал адамгершіліктің ең басты белгісі сүйіспеншілік, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету болып табылады. Соны жай сөзбен айтып қоймай өздері сол сезімді ұғынып, іспен дәріптеу, дәлелдеу мақсатында және де қарияларымыздың қал-жағдайын білуге,құрмет және қамқорлық көрсету ниетімен оқушыларыммен өзін-өзі танудан үйретеін 5 құндылықты басшылыққа ала отырып, қарттар күніне орай Ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерімізді бір мезет көңіл бөлудің өзі олардың жабырқау сәттеріне аз болса да демеу болар деген мақсатпен қарттар үйінде ән салып, би билеп, қазақтың киелі домбырасымен күй шертіп, терме орындап қарттарымыздың көңілдерін көтеруге тырысытық. Концертімізді аяулы қарттарымыз ықыласпен тыңдап, ақ баталарын арнап, ата-аналарынды құрметтендер деп көздеріне жас алып тілектерін жолдады. Әрине қарттарымыз күлімдеп отқанымен, көңілдерінде қатқан бір мұздай мұңдарын ерту мүмкін емес... қарттар үйіндегі жанары жәутеңдеп, есік пен терезеге телміріп отырған қарттарымызды бұл жұбата алмаспыз... Алайда, осы ата-әжелерімізге бір сәт болсада қуаныш, күлкі сыйлағанымызға, сәл болсада мұның ұмыттырғанымызға мен өзімде, оқушыларымда риза болдық. Бұл акция кезінде оқушылардың қарттарға деген құрметі , мейірімділік, қамқорлық, жанашырлық қасиеттері арта түсті. Оқушылар ата-ана қадірін бағалау деген сөзін мағынасын тереңірек түсінгенің айтып өтті. Бұл мен үшін үлкен қуаныш...













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!