Материалдар / Жақсылық жасай білейік
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жақсылық жасай білейік

Материал туралы қысқаша түсінік
Жақсылыө туралы тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Шілде 2018
707
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Жақсылық жасай білейікСабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Дамытушылық: Балалардың жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту; Тәрбиелік: Балаларды қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.Көрнекі құралдар: ертегі суреттері, слайдтар.Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі а) Оқушылармен сәлемдесіп, назарларын сабаққа аудару ә) Қ.Р.Гимн орындату. б) Шаттық шеңбері.- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Балалар,кәне бәріміз бірігіп шаттық шеңберін құрайық. Осы шеңбер аясында Ө. Ақыпбековтың «Өзін тану» өлеңін бірлесе айтайық.Жақсы болу - өзіңнен, Жаман болу - өзіңнен, Өзіңді өзің ая да, Өзің үйрен, өзіңнен. Жақсылық көрсең біреуден, Мен қандаймын?” деп ойлаӨзіңді өзің қолыңа ал,Өзіңсіңақыл айнасы.Тиеді саған мәні барӨзіңді танупайдасы. ІІ. Негізгі бөлім.1.Кіріспе.– Балалар, «Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі» деп қазақ бабамыз айтқандай, біздің бүгінгі сабағымыз «Жақсылық жасай білейік» деп аталады. Жақсы сөз жарым ырыс. Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.2.Сұрақ – жауап. * Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?• Жақсылық жасау деген не?• Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?• Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?• Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер?Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір - біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір - біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі.3. Дұрыс сөзді орнына қой. ҚайырымдықӨтірік айту Мейірімділік Ұру ІзгілікҰрлауҚамқор Жамандық4. Мақал-мәтелдерді жалғастыр: I.Жаманмен салысып,....... болмайсың. (жақсы)2.Жаманға оқ өтсе де -......етпейді. (сөз)З.Жақсылық-.......тұрмайды, (үзақ)Жамандық - әркез тозбайды.4.Жақсы – жаны.......тыңдайды. (еріп)б.Жақсының -.........ашық. (жолы)б.Жақсылыққа жақсылық- .....кісінің ісі, (әр) жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.7.Жақсыда...... жоқ. (жаттық)8.Жаманменен дос болсаң - сыртыңнан жүрер....... (өсектеп)10.Дүние жеткізбейді ойласаң да, Жақсы артық әзілдесіп .....да, (ойнасаң)11.Жолдасболсаң......жолың жетер Қырымға, (жақсымен)5.Дәйексөз. Дәптермен жұмыс.- Енді , балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйексөзді оқып, дәптерімізге жазып алайық.«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» халық мақалы. Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да жақсылыққа толы болады. Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді. ойткені оны адамдар, айналасы жақсы көреді, сыйлайды, онымен достасқысы келеді. Осындай жетістіктерге ол өзінің жақсы істері, жақсылықтары арқылы жетті. Сондықтан халық «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» – дейді. Мен де сендердің жақсылықтарың, жақсы істерің туралы жиі айтқым келеді. Сендер де өз достарыңның, сыныптастырыңның жақсылықтарын мақтан тұтасыңдар. Сол себепті шамамыз жеткенше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік. Ойткені жасаған жақсылық ешқашанда ұмытылмайды.6. Сергіту сәті.7. Көрініс. «Қамқорлық»(Асан аяғын ауыртып алған,жылап отырған баланы үйіне апарып,сабаққа кешігеді)-Асан дұрыс істеді ме?-Қандай қорытынды жасаймыз?-Кішілерге қамқор болуымыз керек.Балалар,сонымен өмірде жақсылық пен жамандық қатар жүретіндігін білеміз. Қайсысы жеңіп шығады деп ойлайсыз?(әрине жақсылық)-Ол үшін не істеу керек?(Жүрегіміз жақсылыққа толы болу керек)-Ендеше мен сендерге «Нағыз адам» атты әңгімені оқып берейін. 8. Әңгіме. «Нағыз адам»Аптап.Қуаң даладағы жалғыз үйдің қасында құдық бар.Бұл үйде атасы мен немересі тұрады. Құдық басында ұзын арқанға бекітілген шелек бар. Жолаушылар мен әрі-бері өткен кісілер құдыққа бұрылып,су ішеді,атайға алғыстарын жаудырады.Бірде әлгі байлаулы арқан үзіліп,шелек терең құдық түбінде қалды.Атайдың одан басқа шелегі жоқ еді.Су тартып ішуге ыдыс табылмады.Келесі күні таңертең атайдың үйіне арбалы шаруа келді.Арбадағы сабанның астында шелегі көрініп жатыр екен.Жолаушы құдыққа көз жіберіп,атай мен немересіне бір қарады да,атына қамшы басып,әрі қарай жүріп кетті.-Бұл не қылған адам?-деп сұрады немересі атасынан.-Бұл адам емес,-деді атасы.Түске таман атай үйінің тұсынан екінші жолаушы өтіп бара жатты.Ол арбадағы сабанның астынан шелегін алып,арқанға байлады да,құдықтан су тартты.Өзі қанғанша ішіп,атай мен немересінің де шөлін қандырды.Қалған суды құрғақ құмға төге салды да,шелегін қайтадан сабан арасына салып,жүріп кетті.-Бұл не қылған адам?-деп сұрады немересі атасынан.-Бұны да әлі адам деуге болмайды,-деді атасы,Кешке қарай атай үйінің маңына тағы бір кісі тоқтады.Ол арбасынан шелегін алып,арқанға байлайды.Су тартып,сусынын қандырды,сонан соң алғысын айтып,жүріп кетті.Ал шелегі құдық басында арқанға байланған қалпында қала берді.-Бұл қандай адам?-деп сұрады немересі.-Міне,бұл-нағыз адамның өзі,-деп жауап берді атасы.Балалар,неліктен бұл әңгімені «Нағыз адам» деп атаған? ,Бірінші,екінші жолаушыны неліктен адам емес деді?Үшінші жолаушыны «Нағыз адам» дегені неліктен?(оқушылар өз ойларын ортаға салады)

10. Шығармашылық жұмыс. «Жақсылық тамшысы»Тамшы үлгісінде қиылған көк қағаздарды үлестіремін.Біздің дариямыз тамшыларға шашырап кетіпті. Біз дариямызды құрау үшін мына тамшыларға жасаған жақсылықтарымыз бен игі істерімізді жазуымыз керек. Балалар тамшыларға жасаған игі істерін жазады.Тақтадағы ақ қағазға тамшыны кезекпен ілеміз де, жасағанжақсылықтарымызды жария етеміз.-Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда   үлкен дарияға айналды. (Дарияны ілемін.) Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

11.Жүректен жүреккеБалалар дөңгелене тұрып, қолдарына қағаздан жасалған жүрекшені алып, бір-біріне жылы сөздер мен тілек айтып ұсынады.Жаса, жаса, жақсылықты сен жаса.Жаса, жаса, жақсылықты сен жаса.Жаса, жаса, жақсылықты сен жаса.Жақсылықты жасайық біз бәріміз.

Қорытынды.Бір –біріне жақсылық жасаудан жалықпасаңдар өмірде сыйластық, бибітшілік болады.Ал, қоғамымызда адамның бойынан әрдайым қамқор, қайырымды, бауырмал қалыптасады екен. Ендеше балалар әрқашанда жақсылық жасаудан жалықпаңдар. Қолдарыңнан келгенше үлкенге кішіге қамқор болып жүрулеріңе шын жүректен тілектеспін!
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!