Материалдар / Жаратылыстану. 2 сынып. Су. Ол қандай екен?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаратылыстану. 2 сынып. Су. Ол қандай екен?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары. Сабақ толық жазылған. Сабақта тәжірибелер көрсетілген. Дескрипторлар мен бағалаулар бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2021
330
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 Заттар және олардың қасиеттері

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: О.А.Жаутыков атындағы ЖББ №1 қазақ орта мектебі КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Қонақбай Г.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Су. Ол қандай екен?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.3.1 судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы);

2.1.2.7 эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: судың физикалық қасиетін, яғни дәмсіз, иіссіз, белгілі бір форманың болмауын, аққыштығын сезіну

Көптеген оқушылар: суға қатысты эксперимент жүргізу;

Кейбір оқушылар: суға қатысты эксперимент жүргізу, нәтижелерін кестеге түсіру

Бағалау критерийлері

  • Судың физикалық қасиетін бақылау жасау арқылы судың дәмінің, иісінің, түсінің болмауын, мөлдірлігін анықтау;

  • Эксперимент жүргізіп және оның нәтижелерін кестеге түсіру:

  • Судың белгілі бір формасының болмауын анықтау;

  • Суда тұз бен қанттың еруін анықтау;

  • Су құмды еріте аламауын анықтау;

  • Су аққыштығын анықтау

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

дәмсіз, иіссіз, белгілі бір форманың болмауы, аққыш, мөлдір

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Судың дәмі қандай? Қандай қорытынды шығаруға болады?

  • Судың иісі қандай? Қандай қорытынды шығаруға болады?

  • Түсті қызыл, жасыл, көк түтіктерді салып судың мөлдірлігін анықтау. Не байқадың?

  • Әр баланың үстеліндегі құйылған су ыдыстар пішіні әртүрлі. Су қандай пішінде немесе формада болып тұр?

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік


Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, музыка


АКТ қолдану дағдылары


Аудиотыңдалым, видеобейне

Бастапқы білім

Ауа толы айнала


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы іс-әрекет

жоспарланған

Ресурстар

Сабақтың басы











Ширату жаттығу

Оқушыларға ыңғайланып отырып, аудиотыңдалым тыңдау сұралады.

  • Балалар, осы аудиотыңдалымнан ненің дыбысын естіп тұрсыңдар? (Судың ағуы, теңіздің толқыны, су тамшысы, жауған жаңбыр, судың сарқырамадан ағуы, бұлақтан аққан судың дыбысы)

  • Дұрыс айтасыңдар судың ағуына байланысты әр түрлі дыбыс ести алдыңдар, ендеше бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпқа байланысты болмақ?

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты, судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы);

құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау;

эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру

Аудио










Сабақтың ортасы









Сергіту сәті


Видеобейне (Ұ)

  • Балалар, үстел үстінде тұрған стакандағы суға назар аударайық. Су сұйық па әлде қатты ма? Себебін түсіндіріп көр. (Су сұйық, оны басқа ыдысқа құюға болады. Тағы су құбырдан ағады, өзенде су сай саламен ағады, жаңбыр жауады)

  • Суды мұздатқышқа салсам не болады? (қатады, мұз болады)

  • Суды қайната берсе не болады? (су буға айналады)

  • Ендеше судың 3күйі бар: сұйық, қатты, газ



«Қатты, сұйық, газ» ойыны (Ұ)

Балаларды шеңберге тұрғызып, қолдарын ұстату сұралады.

  • Балалар, біз жасап тұрған шеңбердің пішіні өзгеруі мүмкін, себебі өзімізді сумын деп сезінеміз. Судың сұйық кұйінде айтылса, бір-біріңнің қолдарыңды ұстап тұру керек. Суды шәйнекке құйып қыздырды, судың әсері қандай болды? (қайнады) Су буға айналды, ендеше, газ күйінде дегенде әр түрлі іс әрекет жасау керексіңдер. Енді суды мұздатты, сендер тоңғанда не істейсіңдер. Тоңғанда адам қандай әрекет жасайды? (Бір біріне жақындап, жылыну) «Жаңбыр, шық, мұз, бу, бұршақ, қар, тамшы, тұман, өзен т.б.



Зерттеуге бағытталған жұмыс. (МК,Ұ) «Қарқын»

МК тәжірибе жасау барысында көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі

Бағалау критерий: судың физикалық күйін анықтайды

Оқушылардың алдында стаканда су болады

  • Судың дәмі қандай? Қандай қорытынды шығаруға болады? (дәмсіз)

  • Судың иісі қандай? Қандай қорытынды шығаруға болады? (иіссіз)

  • Түсті қызыл, жасыл, көк түтіктерді салып судың мөлдірлігін анықтау. Не байқадың? (мөлдір)

  • Әр баланың үстеліндегі құйылған су ыдыстар пішіні әртүрлі. Су қандай пішінде немесе формада болып тұр? Осы ыдыстарға қарап, судың формасы туралы не айта аласыңдар? (Судың пішіні жоқ)

Дескриптор:

  • берілген тәжірибені жасайды;

  • дәмсіз, иіссіз, мөлдір; судың белгілі бір формасының болмауы қасиетін анықтайды

(ҚБ) бір бірін бағдаршам әдісі арқылы бағалайды


Эксперимент-тәжірибе жасау. (Т) «Белсенді оқыту»

Топпен тәжірибе жасау арқылы сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, тәжірибенің нәтижесін кестеге толтыруда оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, танымдық белсенділігін артуына мүмкіндік береді.

Бағалау критерий: судың физикалық күйін анықтайды

  • Судың қасиетін анықтау үшін топпен тәжірибе жаса. Жасаған тәжірибенің нәтижесін кестеге толтыр

1 тәжірибе. Қант пен тұзды суға араластырып көру. Не байқадың?

2 тәжірибе. Құмды суға араластырып көру. Не байқадың?

3 тәжірибе. Суды қылқаламмен қағаз бетінде жүргізу. Не байқадың?

Зерттеу нысаны

1 тәжірибе

2 тәжірибе

3 тәжірибе


су

Қант пен тұзды суға араластырып көру

Құмды суға араластырып көру

Суды қылқаламмен қағаз бетінде жүргізу

нәтижесі





Дескриптор:

  • берілген тәжірибені жасайды;

  • тәжірибенің нәтижесін кестеге толтырады;

  • Су, тұз, бен қантты ерітетіні, құмды еріте алмайтыны; судың аққыш қасиетін анықтайды



Тәжірибе жасап, нәтижені кестеге толтырады. Бірін бірі бағалайды.

3 тапсырма: «Сәйкестендір» (ҚБ)

Судың қасиеттері: Судың белгілі формасы болмауы;

Судың түсі түсті;

Судың дәмінің болуы;

Судың иісінің жоқ;

Судың пішіні түссіз


дескриптор

  • Судың қасиетін сәйкестендіріп, анықтайды


Видеобейне



















Стақандағы су,

қызыл, жасыл, көк түтікше, түрлі пішін

дегі ыдыс











Стақандағы су,

қант, тұз, қылқа

лам, қасық, кесте


бағалау картасы

















Сәйкестендіру

ҚБ



Сабақтың соңы

Рефлексия. Синквейн құрастыру (­­Ө)


Кері байланыс. «3-2-1» әдісі

Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат,

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспект,

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс әрекет


Синк

вейн


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларға қандай міндет қоюд

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!