Материалдар / Жаратылыстану Алуан түрлі ғаламшарлар ашық сабақ 2 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаратылыстану Алуан түрлі ғаламшарлар ашық сабақ 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2021
281
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Жаратылыстану Мектеп: Баишев мектеп-лицейі

Күні: 1.02.21 ж. Мұғалімнің аты-жөні: Аизбаева Айжан Жангерейкызы

Сынып: 2 А Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Алуан түрлі ғаламшарлар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.4.2.2– күн жүйесі ғаламшарларын салыстыру

2.1.2.4 – бақылау жүргізудің жоспарын құру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Күн жүйесі ғаламшарлардың ретін біледі, бақылау жүргізудің жоспарын түсінеді.

Көптеген оқушылар: Күн жүйесіндегі ғаламшарларды ажыратып, айтады. Бақылау жүргізудің жоспарын құрып, түсіндіріп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар: Күн жүйесіндегі ғаламшарларды анықтап, өз ойларын қоса алады.

Бағалау критерийлері

Күн жүйесі ғаламшарларын салыстырады

Бақылау жүргізудің жоспарын құрады

Тілдік мақсаттар

Алып ғаламшарлар – большие планеты – major planets

Жер тобы ғаламшарлары – планеты земной группы – terrestrial planets

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Еңбек және шығармашылық

Құрмет

Адамгершілік

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Бастапқы білім

Ғаламшарлар қалай орналасқан?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

Психологиялық сәт:

«Ғарыш әлеміне саяхат»

Аспан - аспан арайлым,
Қызыға саған қараймын.
Сені көзбен шоламын,
Көктің жүзін барлаймын.

Топқа бөлу:

1-топ: «Күн жүйесі ғаламшарлары»

2-топ: «Жер тобы ғаламшарлары»

3-топ: «Алып ғаламшарлар»

«Викториналық сұрақтар» әдісі өткен тақырыпқа байланысты сұрақтарға ауызша жауап береді:

1. Ғарыш денелерін ата.

2. Күн қандай ғарыш денесіне жатады?

3. Ғарыш дегеніміз не?

Сабақтың ортасы

25 минут

Қ.Б. «Қатесін тап» әдісі

Ғаламшарлардың дұрыс орналасу ретін жазады Дескриптор:

- ғаламшарларды орналастыра алады;

- ғаламшарлардың орналасу ретін сақтайды;

- ғаламшарлардың атарын жаза біледі.



Қ.Б. «Жауап жаз» әдісі

Сұрақтарға жауап береді

Дескриптор:

- Оқушылар дөңгелекшелерге Х дұрыс белгіні қоя біледі

- Бір-бірінің қатесін таба алады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі


Күн жүйесінің ғаламшарлары туралы видеоролик көрсетіледі.

1-тапсырма

Ө.Ж. «Қатесін тап» әдісі

Ғаламшарлардың орналасу реті сақталды ма? Қатесін тауып, түзет. Меркурий, Шолпан, Марс, Жер, Юпитер, Сатурн, Нептун, Уран

2-тапсырма

Ұ.Ж. «Ойлан»

Ғаламшарлар бір-бірімен соқтығысуы мүмкін бе?

Есте сақта!

Күн жүйесінің ғаламшарлары екіге бөлінеді: Жер тобы ғаламшарлары – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс және алып ғаламшарлар – Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.

3-тапсырма

Ж.Ж. «Ойлан - жұптас» әдісі Айқыш пен дөңгелек
Берілген тұжырымдар дұрыс болса Х белгісін қояды, дұрыс емес болса О белгісін сәйкес дөңгелекшелерге қояды. Сенде қандай белгі көбірек болды?

  1. Айда ауа қабаты бар.
  2. Жер өз осінен айнала қозғалады.
  3. Жер – Айдың табиғи серігі.
  4. Күн Айдан кішірек.
  5. Ай Жер ғаламшарынан кішірек.
  6. Жер Айды айнала қозғалады.

4-тапсырма

Т.Ж. Жер тобы ғаламшарлары

Жер тобы ғаламшарларының фотосуреттеріне қарап, әрқайсысына қандай сипаттама сәйкес келетінін Постер қорғау арқылы түсіндіреді.

Кері байланыс:

«Қол шапалақтау» әдісі:

Бәрі дұрыс – 3 шапалақ;

1, 2 қате – 2 шапалақ;

3, 4 қате – 1 шапалақ.

Сергіту сәті «Дәулеткерей» (Ұлытау)

5-тапсырма

Т.Ж. Алып ғаламшарлар

Алып ғаламшарлардың суреттеріне қара. Сипаттамаларын оқы. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тап. Венн диаграммасы.

1-топ: «Күн жүйесі ғаламшарлары» - Уран мен Сатурн

2-топ: «Жер тобы ғаламшарлары» - Сатурн мен Нептун

3-топ: «Алып ғаламшарлар» - Нептун мен Юпитер

6-тапсырма

Ұ.Ж. Сен білесің бе?

7-тапсырма Деңгейлік тапсырма «Иә/жоқ» әдісі

І деңгей:

1. Күн жүйесіндегі планеталар 2 топқа бөлінеді ме? (ия)

2. Күнге өте жақын орналасқан планета Меркурий ме? (ия)

3. Жердің серігі Ай ма? (ия)

4. Тіршілігі бар планета Жер ме? (ия)

5. Күн жүйесінде Марс 7 орында ма? (жоқ)

ІІ деңгей:

1. Меркурий, Шолпан, Жер, Марс жер тобындағы планеталарға жата ма? (ия)

2. Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун алып планеталарға жата ма? (ия)

3. Тоқтар Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері ме? (ия)

4. Алып планеталар күнге жақын жатыр ма? (жоқ)

5. Күн жүйесінде 9 планета бар ма? (жоқ)

https://www.youtube.com/watch?v=n5p9vdpWAVg






















https://www.youtube.com/watch?v=fY0N407XXj0&list=PLyv3wPdSdAyAnTf__b3HqZSNEQ7O4GRNX

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма: Зертте

Күн жүйесінің үлгісін жаса.

Кері байланыс: «Зымыранды боя»

Түсіндім (жасыл)

Сұрағым бар (көк)

Түсінбедім (қызыл)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының

сақталуы


Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!