Материалдар / Жаратылыстану Қандай денелер жарық өткізеді?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаратылыстану Қандай денелер жарық өткізеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мөлдір және мөлдір емес денелерді таниды және олардың қайсысының жарық өткізетіндігін біледі, практикалық жұмыстар жүргізеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Сәуір 2022
275
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: жаратылыстану

Мектеп: «№220 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мұғалімнің аты-жөні : Есенова Б. А.

Күні: 10. 04 .2019


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4A бөлім: Табиғат физикасы

Сынып: 2А

Қатысқандар:25


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қандай денелер жарық өткізеді?

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу)

2.5.2.1- кейбір денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттеу;

2.1.2.5 - құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау;

Сабақ мақсаттары

Барлығы: мөлдір және мөлдір емес денелерді таниды және олардың қайсысының жарық өткізетіндігін біледі;

Көбі: мөлдір және жартылай мөлдір, мөлдір емес денелердің бір -бірінен ерекшелігін біледі, оларды салыстырып айта алады, бақылауға қатысады;

Кейбірі:зерттеу жұмысын жүргізіп, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасайды.

Бағалау

критерийлері

  • Оқушылар мөлдір, жартылай мөлдір, мөлдір емес денелерді тани отырып, олардың жарық өткізуге қатыстылығын бақылайды;

  • Өмірде қолдануды үйренеді

Тілдік мақсаттар


Оқушы үшін: тірек сөздерді қолдана отырып, өз болжамдары мен дәлелдемелерін айтады;

Негізгі ұғымдар: жарық, мөлдір, мөлдір емес, жартылай мөлдір, өткізу.

Диалогөа өатысты сұрақтар мен тіркестер:

  • Қалай ойлайсыңдар, неліктен бұл денелерді мөлдір деп айтамыз?

  • Күн ыстықта жарықтың көп түсуінен қалай қорғануға болады?

  • Жартылай мөлдір деп неге атаймыз? тб


Құндылықтарды дарыту




Топпен жұмыс жасағанда: ынтымақтастық, сыйластық, жауапкершілік, еңбек;

Сұраққа жауап беру барысында: ашықтық, шығармашылық;

Жеке жұмыс жасау барысында: жауапкершілік, еңбек.


Пәнаралық байланыстар

Дүниетану , көркем еңбек.

Алдыңғы меңгерілген білім


Табиғи және жасанды жарық көздері туралы біледі.

Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық:

Оқушылар орындарынан тұрып бір -біріне жымияды.

Одан кейін «Сұрақтар астында» ойыны ойналады.

Оқушыларға ойынның шартын түсіндіремін: егер сұрақтың жауабы «Иә» болса, екі қолын жоғары көтереді, егер жауабы «Жоқ»болса, жартылай отырады, ал «Айта алмаймын» десе, бірқалыпты тұрады.

Ойынның мақсаты: оқушылардың көңіл күйіне жағымды ахуал тудыра отырып сабаққа көпірше жасау.

Қойылатын сұрақтар:

  • Дәл қазір көңіл күйлерің жақсы ма?

  • Бір – бірлеріңе көмек жасай аласыңдар ма?

  • Жаңа тараудың не туралы екенін білгілерің келе ме?

  • Қазір сыныптың іші жарық па?

  • Жарықты таудан алуға бола ма?

Ал балалар, жарықты біз қайдан алуға болады? \жасанды , табиғи көздерін айтады\

Жарық не үшін қажет?

Мұғалімнің кері байланысы:

Жарық туралы түсінік беру:

Жарық – қуаттың бір түрі. Осының арқасында тірі жаратылыстардың барлығы, оның ішінде адам баласы да айналасындағы әлемді көре алады. Жарықтың өзі көзге көрінбейді,алайда өзі басқа заттардың барлығына көруіне себепші болады.

Көпіршеге арналған сұрақ :

Слайдтан екі сурет көрсетіледі. Оқушылардан осы суреттен не байқағандарын сұраймын. Олардың болжамдарына сүйене отырып жаңа сабақтың тақырыбын хабарлаймын.

Бүгінгі сабақта жарық өткізетін және жарық өткізбейтін

денелермен танысасыңдар;

Бақылаулар жүргізіп, қорытынды ой

айтасыңдар;

Болжамдар жасап, дәлелдейтін боласыңдар.


































Слайд №1

Сабақ ортасы

30 минут

Ой шақыру.

-Балалар, мына суреттен жарықтың қалай түсетіндігін бақылайық?

Мұғалімнің кері байланысы:

Ол түзу сызық бойымен қозғалады, жолында мөлдір емес зат кездессе, сол заттың көлеңкесі пайда болады. Көлеңке дегеніміз- жарық көзіне қарама-қарсы жақта пайда болатын қараңғы аймақ.

1.ҰЖ. «Жасырын зат»

-Менде екі стақан бар. Оның бірінде су, екіншісінде сүт құйылған. Стақанның ішіне қандай затты жасырдым?

Балалар су құйылған стақандағы затты бірден табады? Оны неліктен бірден білгендерін сұраймын.

Екінші стақандағы затты неге біле алмағандарын сұраймын. Осыдан судың мөлдір екендігі айтылады.

Бағалау: ауызша кері байланыс.

2.«Төрт ыдыс» тапсырмасы

Слайдтан төрт ыдыстың суреті көрсетіледі.



  • Мына ыдыстардың қайсысын мөлдір деп атауға болады? Неліктен?

  • Қайсысы мөлдір емес?

Мұғалімнің кері байланысы: мөлдір заттар арқылы басқа нысандарды көруге болады.

Мөлдір заттармен қатар жартылай мөлдір заттар болады: пластикалық денелер

3. Жұптық жұмыс

Оқушылар сынып ішінен мөлдір және мөлдір емес денелерді табады.

Бағалау: санын санату арқылы мадақтау

Кері байланыс: сыныптағы терезе қандай қызмет атқараып тұр?

Ал жалюзи неге қойылған?

4. Оқулықпен жұмыс 75-беттегі мәтінді оқиды. Мәтіннен кейін бір -біріне сұрақтар құрастырады.

5. Сергіту сәті

6. Топтық зерттеу жұмысы Зерттеу жұмысын жүргізбес бұрын зерттеу ережесін еске түсіріп аламыз.

І топ. «Түрлі түсті сусындар»

Қандай ерітінді жарықты өткізеді?

Қай ерітінді жарықты азырақ өткізеді?

Қай ерітінді жарықты өткізбейді?

ІІ топ., ІІІ топ дене жарықты өткізетіндігіне зерттеу жүргізеді.

IV, V топтар жарықты өткізбейтіндігіне зерттеу жүргізеді.

Топтар жұмыстарын постерге түсіреді және қорғайды.

Бағалау: Оқушылар өз зерттеулерін ортаға салады. Ұжыммен бағаланады, ұсыныстар айтылады.

Бағалау критерийі:

1.зерттеу мақсатын анықтады.

2.Зерттеу ресурстарын жазды.

3.Зерттеуді жүргізді

4. Зерттеудің дәлелдерін келтірді.

6. Нәтижесі анықталды.

өзара индикатор арқылы бағалап, пікір айтады. Пікір айтқысы келген оқушы сары түсті көтереді.

Мұғалімнің кері байланысы: сендер зерттеу жұмыстарың арқылы қандай денелер жарық өткіетіндігін дәлелдедіңдер. Енді менің сұрағыма ойланып көріңдерші:

Сұрақ: аула шықсақ жап - жарық. Бәрі көрініп тұр. Жарық бізге қалай жетіп тұр?

Жауап: ауа мөлдір зат. Сондықтан жарықты жақсы өткізеді. Ал тұман , бұлтты күндері азырақ өтеді.

7.Дәптермен жұмыс.51- жұмыс парағы

Берілген суреттердің қайсысы жарық өткізеді, оны сары түспен белгі соғады. Өткізбейтіндерге жасыл түспен белгі соғады.

Бағалау: дайын жауа үлгісімен өзін - өзі тексеріп, смайликпен бағалайды.

8. Қосымша ақпарат

Мөлдір денелер туралы бейнеролик көрсетіледі.

Слайд №2.

Жарықтың түсуі





Слайд №3

Көлеңке



Стақан, сүт, асық, жұмыртқа













Слайд№ 4

Төрт ыдыс























Оқулық

















Сусындар, стақандар, фонарлар, қартон, доп, қақпақтар тб





























Жұмыс дәптері,

жауап үлгісі, смайлик



Бейнежазба

Сабақтың

Соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау

«Базарлық» әдісі арқылы жүргізіледі. Оқушылар берілген қате жауаптарды түзетуі тиіс. Әр дұрыс жауап сайын базарлықтың орамы ашылады.

Қателескен жауаптар:

  • Мөлдір дене жарықты өткізбейді.

  • Мөлдір емес денелер жарықты өткізеді.

  • Ауа жарықты өткізбейді.

  • Су мөлдір емес.

«Еркін микрофон» әдісімен бүгінгі сабақта мен ... жасай алдым.

Стикерге бүгінгі сабақта үйренген сөздерін жазып, үш түрлі жанған майшамға орналастырады.

Оқушыларды мадақтау.

Үйге тапсырма беру

Стикер, микрофон, майшам суреті

Дифференциация –

Бағалау.

Бағалау критерийі:

1. Мөлдір және мөлдір емес заттарды анықтады.

2. Тәжірбие жасады

3.Болжамдарын ұсынды.

4.Оқушылар бақылау жасай алады.

5.Оқушылар жасаған бақылауларының нәтижесін жаза алады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Құралдарды қолдануда ауызға салмау, стақанды сындырып алмау,

Кабілеті жоғары оқушылар өзбеттері мен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, дәлелдей алады

Көмек күтетін оқушылар: жеке тапсырманы орындау барысында және қате жауапты түзетуде.

.а\ Төрт ыдыс» тапсырмасы

ә\ Зерттеу жұмысы

б\ Қателескен жауаптар:

  • Мөлдір дене жарықты өткізбейді.

  • Мөлдір емес денелер жарықты өткізеді.

  • Ауа жарықты өткізбейді.

  • Су мөлдір емес.


Сергіту сәттері мен белсендііс-әрекет түрлері.

Қозғалмалы және топтық , жұптық әрекеттер барысында орындалады.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/ оқумақсаттары дұрыс

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!