Материалдар / "Жас биолог" атты интеллектуалды сайыс сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Жас биолог" атты интеллектуалды сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныптар арасында өткізіліп отырған сайыс сабағының жоспары. Сайыс 4 кезеңнен тұрады.1.Жұмбақтар шешу сайысы.2. Білім сайысы.3. Полиглот.4. Алтын жәшік деп аталады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2021
1398
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

103 жалпы орта білім беретін мектеп




«Жас биолог»





Биология пән мұғалімі: Мүсәлиева Ханзада Қайратқызы














2021-2022 оқу жылы


«Жас биолог» атты интеллектуалды ойын сабағы


Сабықтың жоспары:

Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттыру, биология пәні бойынша алған білімдерін жүйелеу.

Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.

Түрі: интеллектуалды ойын сабағы.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, слайд.

Сабақтың барысы:

Мұғалім:Құрметті ұстаздар және оқушылар! Сайыс десе белсене қатысатын көрермен қауым! «Жас биолог» атты 8 сыныптар арасында өтетін танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Ақыл –тон, аңдығанға тозбайтұғын,

Білім-кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, -деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:

8 «а» сынып оқушысы – Егенбергенов Абзал

8 «а» сынып оқушысы – Сәрсенбай Дәулет

8 «ә» сынып оқушысы – Ахметбек Жансұлтан

8 «ә» сынып оқушысы – Тәңірберген Елжан

8 «б» сынып оқушысы – Абылқасым Рамазан

8 «в» сынып оқушысы – Батырбек Ұлбала

8 «в» сынып оқушысы – Тәжібай Меруерт

8 «г» сынып оқушысы – Бақыт Нұрдаулет

8 «ғ» сынып оқушысы – Жумагалиева Шынар

8 «ғ» сынып оқушысы – Каблан Әсем



Сайыскерлеріміздің біліміне,шеберлігіне әділ баға беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:


1.Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары:Баймбетова Б

2.Химия-Биология ӘБ жетекшісі: Тунгишбаева А

3.Химия пәні мұғалімі: Стамкулова А

4.Химия пәні мұғалімі: Бегалиева К

5.Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Джумабаева Ж

6. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қанабек А






Енді сайысымызды негізгі бөлімдерімен таныстыратын болсам:


І кезең «Жұмбақтар шешу» сайысы

ІІ кезең Білім сайысы

ІІІ кезең Полиглот

ІV кезең Алтын жәшік



Кезеңдері

Бағалау

1

«Жұмбақтар шешу» сайысы

Бірдей жаратылыстану ғылымына және биология пәніне байланысты жұмбақтар жасырылады. Әрбір шешілген жұмбаққа 5 ұпай беріледі.

2

Білім сайысы

Қатысушыларға жеке-жеке сұрақ қойылады.(Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.)

3

Полиглот


Тақтадағы ретсіз жазылған сөздерден биологияға қатысты сөздер құрастырып, оны орыс және ағылшын тілдеріне аударыңыздар! (слайдтарда)

(Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі)

4

Алтын жәшік


«Алтын жәшік» деп аталады. Осы кезеңнің шарты мынадай: тақтада берілген жәшіктердің біреуін таңдап, онда берілген сұраққа жауап берулеріңіз керек. Таңдау құқығы алдымен ұпайы ең аз топқа беріледі.

(Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі)


І кезең «Жұмбақтар шешу» сайысы


1.Жасушаның ішіндегі

Қоймалжыңдау сұйықпын.

Әрқашан космос қысымын

Тұрақты етіп тұрыппын

Жауабы: Цитоплазма


2.Бір бөлігі жасушаның,

Дөп дөңгелек мен болам

Тұқым қуалау қасиетін

Ұрпақтарға жолдағам

Жауабы: Ядро


3.Денем тарақ пішінді

Екі қабат ірімін

Цитоплпазма ішінде

Органоидтың бірімін

Жауабы:Митохондрия


4.Атақты ғалым есімді

Гольджи деген атым бар

Жеделдетер өсімді

Гормон деген затым бар

Жауабы: Гольджи


5.Жүрмеңдер мені бөтен деп

Қажеті жоқ екен деп

Синтездеймін ақуызды

Жасушаны мекен деп

Жауабы:Рибосома


6.Тек жануарлар жасушасында кездесемін

Көрмейсіңдер өсімдіктен іздесең

Қоректерді қорыту үшін сөл бөлер

Жасушада еріткіштер мен боламын

 Жауабы: Лизосома


7.Мен сырымды ашып айтам дәл бүгін

Ештеңе етпес қамал сынды тарлығым

Кедір бұдыр және тегіс бетті екенмін

Өткеретін реакцияның барлығын

Жауабы: Эндоплазмалық тор


8.Фотосинтез мен арқылы жүреді

Сондықтан мен жасушаның жүрегі

Тек қана өсімдікте кездесетін

Жасыл түсті жұрттың бәрі біледі

Жауабы: Пластид


9.Бұлардың  бәрі білсеңменде өседі

Бірімен бірі әркез теңеседі

Болмасам мен осындай күрделі

Дүние тіршілігін бермес еді

Жауабы: Жасуша




ІІ кезең Білім сайысы

  1. Ағза мен мүшелердің пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым?

Анатомия

2. СПИД нашақорларға қалай жұғады?

Ортақ пайдаланған ине арқылы

3. Б.з.б 460-377 жылдары өмір сүріп көне Грецияда медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым?

Гиппократ

4.Ми мен жұлынның қабынуынан болатын жұқпалы ауру?

Менингит

5.Пенициллин дәрісін қандай өсімдіктен алады?

Пеницил саңырауқұлағынан

6.Қара нәсілді адамдардың шашының бұйра болуы оларды қандай аурудан қорғайды? Күн тиюден

7.Физиология ғылымы нені зерттейді?

Мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін зерттейтін ғылым

8.Зоб (қалқанша бездің қабынуы) ауруы не жетіспеуден болады?

Йод

9.Антропогенез дегеніміз қандай ғылым?

Адамның шығу тегін, даму тарихын, жеке биологиялық түр

болып қалыптасуын зерттейтін ғылым саласы

10.Вакцина дегеніміз не?

Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының әлсіздендірілген себіндісінен алынған препарат.Аурулардың алдын алу және емдеу мақсатында қолданылады.

11.Ризоидтар дегеніміз не?

Тамыр қызметін атқаратын мүктердегі жіптәрізді түзілістер.

12. Қазақстан елтаңбасында бейнеленген жануар

Пырақ

13.Ядро дегеніміз не?

Жүре пайда болған иммун тапшылығы белгісі

14.Адам қанында қуанғанда не қорыққанда, жауапкершілікті ойлағанда лимфа түйіндерінен көптеп бөлінетін активті гормон

Адреналин

15.Клавдий Гален кім?

Римдік анатом және физиолог ғалым.Маймылдың мәйітін қолданып мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 толық сипаттама берген.

16.Емдік табиғи бал беретін бунақденелі жәндік

Ара

17.Археология қандай ғылым?

Заттай деректер арқылы адамзаттың өткен тарихын зерттейтін ғылым.

18.Эволюция дегеніміз не?

Тірі ағзалардың орта мен жағдайға бейімделіп, ортаға үйлескендері жасап,үйлеспегендері жойылып идея болып,төменгі деңгейден жоғары деңгейге көтеріледі деп есептейтін теория.

19.Фотосинтез үрдісі нәтижесінде өсімдік бөлетін газ

Оттегі

20.Рибосома дегеніміз не?

лат.ribes-ағыс және грек.some-дене ақуыз синтезін жүзеге асыратын жауша-ішілік органоид.


«Полиглот»


  1. Саңырауқұлақ

  2. Жасуша

  3. Тамыр

  4. Жануар

  5. Құстар

  6. Өсімдік

  7. Жүрек

  8. Балдыр

  9. Орман

  10. Қызыл кітап



ІV кезең Алтын жәшік


  1. Ботаника

  2. 1978 жылы

  3. Р.Гук 1665 жылы

  4. Мүше

  5. Жұқпалы ауру

  6. Негізгі тамыр

  7. Х.Досмұхаметов

  8. Өркен

  9. К.А.Тимирязев

  10. Талшығымен

  11. Гүлшоғыры

  12. Калий

  13. Мамалогия

  14. I Петр

  15. Бұқтырма

  16. В.Г.Мендель

  17. Тіл

  18. Флора

  19. Колибри

  20. Инсулин



Қорытынды:


Міне, балалар, биология пәні-жаратылыстану ғылымдарның бір саласы.Тірі ағзаларды және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым.Биология пәнін бәрімізде білеміз, бұл пәннің тірішілік пен тұрмысқа тікелей байланысты екені де белгілі. Бүгінгі өткен «Жас биолог» атты интеллектуалды сайыс саағымызда жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықтарыңды арттырып, заман талабына сай бәсекеге қабілетті,білімді,іскер, еркін ойлай алатын қасиеттерге сендерді кішкене болсын жетеледім деп ойлаймын.Бүгінгі сабаққа қатысқан барлық оқушыға алғысымды білдіремін.






















Бекітемін

Мектеп директоры

___ Б.С.Куртаева












103 жалпы білім беретін орта мектебі

8 сыныптар арасында

«ЖАС БИОЛОГ»

атты интеллектуалды сайыс сабағының жоспары








Пән мұғалімі: Мүсәлиева Х.Қ.






















2021-2022 оқу жылы




ЖАС БИОЛОГ” атты интеллектуалды сайыс сабақ




Оқушының аты-жөні

Жұмбақтар шешу сайысы

Білім сайысы

Полиглот

Алтын жәшік

1

Егенбергенов Абзал






2

Сәрсенбай Дәулет






3

Ахметбек Жансұлтан






4

Тәңірберген Елжан






5

Абылқасым Рамазан






6

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!