Материалдар / «Жас мамандар викторинасы» Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығы және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған жас мамандар арасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Жас мамандар викторинасы» Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығы және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған жас мамандар арасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандар арасында Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығы және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған жас мамандар арасынсындағы викториналық байқау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2022
280
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жас мамандар викторинасы»

Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығы және

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған жас мамандар арасынсындағы викториналық байқау


Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.

Көрнекі құралдар: суреттер, тақта, түрлі-түсті таяқшалар, жоспар. Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.


І Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!

ІІ Жүргізуші:- «Жас мамандар викторинасы» атты жас мамандар арасындағы сайысқа қош келдіңіздер!

І Жүргізуші:

«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.

ІІ жүргізуші:

Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.

Сөз кезегі ___________________________________________________________________________________________________________________________________

Іс-шараның барысы.

Ойынға қатысушылармен танысу.

Ойыншыларды топқа бөлу:

1 топ – «Рухани жаңғыру»

2 топ – «Мәңгілік ел»

3 топ- «Болашақ»

Сайыс кезеңдерімен таныстыру:

1 тур – Білгенге маржан

2 тур- «Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл» полиглоттар сайысы

3 тур- «Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан»

4 тур –Ғажайып үштік

1 кезең

Бұл кезеңде жас мамандарға әр түрлі тақырыпта сұрақтар беріледі, сұрақтарға ең алғаш болып таяқшаны көтерген топ жауап береді, жауап дұрыс болса жағдайда 1 ұпай беріледі.

Ұпай есептеуші


1.«Кел, балалар, оқулық!» өлеңінің авторы . Алтынсарин

2. Жасынан ұшқыш болуды армандаған екі мәрте Кеңес Одағының Батыры. Бигелдинов

3.Астанаға дейінгі Қазақстанның астанасы . Алматы

4.Жәңгір ханның хан болып, тарихта қалған баласы. Тәуке

5.Қазақстандағы ең терең көл. Алакөл

6.Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр. Қошқарбаев

7.Қазақстанның оңтүстік шығысында және шығыста шектесетін ел. Қытай

8. «Қазакфильм» киностудиясы кімнің атында. Айманов

9.«Азия» зерттеу кітабының авторы, белгілі қоғам қайраткері. Сүлейменов

10.Ұлы жүздің биі. Төле би

11. Білім туралы заң қай жылы қабылданды? 1999 ж 7 маусым

12.Қазақтың батыр қыздары. Маметова, Молдағұлова

13.Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауы. Жетісу

14.Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырған адам. Ақсақ Темір

15.Көмір өндірілетін жер. Қарағанды

16.«Қазақстан бұлбұлы» атанған әнші. Б.Төлегенова / К.Байсеитова

17.Құрманғазы Сағырбайұлының шығармалары. «Сарыарқа»

18.Қабанбай батырдың шын аты. Ерасыл

19« Невада-Семей» қозғалысының басшысы. О.Сүлейменов

20. «Педагог мәртебесі туралы» Заң қашаннан бастап күшіне енді? 2020 қаңтар

21.Қазақстанның ең алғашқы астанасы. Орынбор

22.Ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалыстың атауы«Семей-Невада»

23.Соңғы Конституцияның шыққан жылы. 1995

24.Астана қаласы Қазақстанның елордасы болған жылы. 1997

25.Елбасының «Казақстан-2030» Жолдауы жарияланған жылы. 1997

26. Тұңғыш спектакль? «Қалқаман-Мамыр»

27.Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланған жыл. 1991

28.Қазақстан облыстарының саны. 14

29.Киіз үй неден тұратынын белгіле. шаңырақ, уық, кереге

30.Әбілхан Қастеев- кім? Суретші

31.Бауыржан Момышұлы-кім? Батыр, жазушы

32.Қыран құс баулитын адамды қалай атайтынын анықта. Құсбегі

33.Шешесінің әкесі балаға кім болатынын тап. Нағашы атасы

34. Тұңғыш педагог? Алтынсарин

35.Құрманғазыдан бата алған күйшіні ата?. Дина Нұрпейісова

36.Тұңғыш қазақ ғалымы? Шоқан

37.Балалар әдебиетінің негізін салушы? Алтынсарин

38. Шетелде тұңғыш ән салған әнші? Әміре Қашаубаев

39. Тудың авторы? Ш.Ниязбеков

40. Жүз жасаған ақын? Жамбыл

2 кезең

Бұл кезеңде әртүрлі сұрақтар беріледі оған қатысушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір ұпай беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 ұпай беріледі. Толық жауапқа 5 ұпай.

Назарларыңызға мақал-мәтелдер беріледі. Керекті сөздің орнын тауып, үш тілде аудармасын айту.

Кім жылдам, әрі тез болса сол топ табысты болады.


1.Гүл өссе – жердің көркі,

. . . өссе – елдің көркі (қыз-девушка-girl )

2. Ел іші – алтын … (бесік – колыбель -cradle )

3 Білімді өлсе,

Қағазда … қалар

Ұста өлсе,

Істеген заты қалар. (есімі- имя -name)

4. …. — үлкен мектеп (Өмір – жизнь- a life)

5…. – алтын қазына ( тіл – язык-language)

6…. – отбасынан басталады (отан – родина-motherland)

7 Оқу — білім бұлағы,

.... — өмір шырағы. (Білім – знание -knowledge)

8 Мектептің жаны - ...... (мұғалім – учительница- teacher)

9 … – ғылым – тілсіз мұғалім ( кітап – книга-book)

10…. алды – қызық тіл (өнер – искусство-art)


3 кезең

«Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан»

Бұл кезеңде сіздерге мәтін қиындыларын тауып оны құрастыру арқылы бүгінгі тақырыбызды табу.



4 кезең

Бұл кезеңде сіздерге үш тақырыпша беріледі сол тақырыпшадағы ұпайлар бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы сол ұпайды толық иелене аласыздар.

Білім


10 ұпай: Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары? Жауабы: 1841-1889 жылдар


20 ұпай: Білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызмет бұл- Жауабы: Бағалау


30 ұпай: 2011 жылы ашылған білім беру платформасын атаңыз? Жауабы: Bilimland


40 ұпай: Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» атты өлеңінің жарық көрген мерзімі? Жауабы: 1909 жылы


Ғылым


10 ұпай: Қазақстанның тұңғыш Ғылым академиясы 1946 жылы ашылған. Оның алғашқы президентін атаңыз? Жауабы: Қаныш Сәтбаев


20 ұпай: Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхаттанушы ғалым, ол өз өмірін қазақ халқының тұрмыс тіршілігін зерттеумен айналысқан. 30 жыл өмір сүрседе Ресей географиялық қоғамының белді мүшелерінің бірі болды. Қазақстан ғылымын дамытуда ерекше үлес қосқан тұлғаны анықтаңыз? Жауабы: Шоқан Уәлиханов


30 ұпай: Астрономия және физика, химия-металлургия институттары құрылған мерзім? Жауабы: 1942


40 ұпай: Уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын обьективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласын анықтаңыз? Жауабы: Ғылым




Өнер


10 ұпай: Көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасын атаңыз? Жауабы: Өнер


20 ұпай: Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірін атаңыз? Жауабы: Әбілхан Қастеев


30 ұпай: Бұл әнші 1994 жылы 24 мамырда қазіргі Ақтөбе облысында дүниеге келген. «Best International Artist», «Top global Chinese Music» «Жыл әншісі» сыйлығының иегерін атаңыз? Жауабы: Димаш Құдайбергенов


40 ұпай: Түркі халқының рухани мәдениетінің алтын діңгегі болып табылатын, Моңғолия жеріндегі Орхон-Енисей өзендерінің бойынан табылған ескерткішті анықтаңыз? Жауабы: Күлтегін мен Тоныкөк ескерткіші


1- жүргізуші:

Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Әділ жауабын беріңіздер!

Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау.

2-жүргізуші:

Бүгінгі көріп тамашалаған «Жас мамандар викторинасы» өз мәресіне жетті.Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!