Материалдар / Жас мамандарға арналған
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жас мамандарға арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2019
291
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» Түркістан облысы.Мақтаарал ауданы. Азаттық ауылы. «№ 41 жалпы орта мектебі»-нің Бастауыш сынып мұғалімі Назарова Жұмагуль Серикбайқызы Ғалым да,шахтер де бас иетін, Ұстазым,бар сенің қасиетің. Білім берген,ой берген,ақыл берген, Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.........Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым.Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін,оқытып,үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» -, деп қалай дәл тауып айтқан.Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да,егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да,көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім,тәрбие,тәлім алған,сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметтеп бас иеді.Қиындығы да, қызығы да жетерлік , ең бастысы жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат.Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ,мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп,тәрбиеұрығын егіп,таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген.Сондықтан басқа мамандықиелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы ,
  • ,деген ,Ғафу Қайырбековтың өлең жолдарын оқығанда мен өзімді бақытты сезінемін.Ұстаз болғаныма мақтанамын.Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық.Киелі әрі өзі көне мамандық.Адам Ата мен Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан ,қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау.Бұл – қиынның қиыны.Себебі әр адам – қайталанбас тұлға.Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем.Ал , ұстаз сол әлемді шар – тарапқа жетелеуші.
Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші,бағыт – бағдар беруші ,ата – ананың сенімді көмекшісі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан – жақты білімділікті,икемділікті,шеберлікті,ерекше шәкіртжандылықты,мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық.Олай дейтінім,мұғалім еңбегі біріншіден,адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерін білім беруге тиіс болса,екіншіден,үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып,білсем,үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Ал, ХХІ – ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине,ол өз кәсібінің майталманы,осы мақсатқа рухани күш –жігерін,парасат –қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті.Бұл әркімнің қолынан келе бермейтін ерекше талантты қажет ететін,бай қиялды адамға тән қасиет. «Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар.Бірі белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да,екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы,болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы.Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай тентекті жуасытып,небір еркені сабасына түсіреді,тәртіпке баулып,есейтіп,ержеткізеді.Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін «Ұстазым»,-деп атайды.Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп,анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға , - деген өлең жолдары еріксіз ойға оралды.Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып,ұстаздан шәкірт озып жатса,төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?







Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік,сыпайылық,тазалық,адамгершілік,еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім.Мен орналасқан Түркістан облысы,Мақтаарал ауданы,«№ 41 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұстаздарыменҚатар еңбек етіп,баланың бойына ақыл-білім дәнін сеуіп,аялап,көңілін табуды,алаламай сүйе білуді үйрендім.Менің шәкірттеріме келешекте мықты маман иесі және патриот нағыз Отанын сүйетін,адал,ақылды – білімді Қазақстан азаматтары болып шығуын тілеймін. Дана халқымыз «Ұядан не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» - демекші.Ұстаздар жанұясы болғанымыз мен үшін үлкен бақыт. Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды,ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» - демекші,ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі,қоғамның тірегі.Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе,жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады.Сондықтан қоғам дамуына білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» дегенЕлбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді.Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды.Нағыз мұғалім,міне,осы.Өйткені,әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің,бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде.Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез-келген мемлекет ең алдымен,білім беру саласын дұрысжолға қойып,сапасын көтеруді мақсат етеді.Ендеше,осындай бәсекеге қабілетті,рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді.Сондықтан , әлемдік білім кеңістігіне кірігіп,білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе.Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында.Өйткені ,ұстаз елдің тізгігін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам – тәрбиелеу - ұлы міндет.Ол міндетті атқарушы - ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ. Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесеПаганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп,одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз ұстаз болу кімнің де болса арманы. Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік , ұлты мен Отанының болашағы үшін аянбай тер төгіп,шыдамдылық пен т – жылы,абандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін ұрпақтың бақытты мен кәдесіне жаратып,қоғамды өрге өркендетуші,жаңашылдықтың бастаушысы ,жүрегі - жылы, көңілі дархан адам.

Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар.Бұлмамандық содан да киелі. Жан – Жак Руссаның «Ұсатаз болу – өз уақытыңды аямау,басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес,тұлға бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі.Шәкірті өзінен озған ұстаз -еңбегі ақталған ұстаз.Өйткені,өмірдің заңы даму ,ілгерілеу,озу.Өзінен озған ізденісте болып,қоғам сұранысына сай білімді,шығармашыл, өзін – өзі дамытып,жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын.Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым.Маман ұстаз ретінде негізгі ұстанымым : баланы тұлға деп тану,оның пікірімен санасу оқушының кішкентай қуанышын,табысын бағалай білу. Болашақта мұғалім мамандығы ең беделді,әрі жоғары ақы төленетін мамандықтың біріне айналуы үшін оны сүйіп,талмай еңбек ету қажет. Ұстаздық қызметте,шәкірттерімен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік,кіші пейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Сапалы білім негізі - жан –жақты ақпараттық материалдарды,көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды ,тиімді әдіс –тәсілдерді пайдалагна отырып,білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру.Өйткені,тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұғалімнің құны жоқ деп ойлаймын.Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады. Сондықтан бүгін білім берудің сапалы болуы үшін: біріншіден,ұстаздың жан – жақты академиялық білімінің болуы,екіншіден,мұғалімнің өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық қабілеті балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болуы шарт. Мен қазір біздің елімізде қалыптасқан мұғалімдік мамандыққа мектепте негізінен орташа оқыған білім алушыларды қабылдап,олардан орташа маман дайындап,оларды білім ұяларына жіберетін құрсаудың бұзылып,ұстаз мамандығы ең жоғары еңбекақы төленетін үздік мамандыққа айналса депармандаймын.Өйткені, жаңа ғасырда ғылымның,техниканың,өндірістің қарқындап өсуі білім берудің барлық жүйесін жүйелі дамытуды талап етіп отыр,жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек. Иә, қазір жаңа типті мектептер салынып,пайдалануға беріліп жатыр.Дарынды балалармен жұмыс бағдарламасы жүзеге асу үстінде.Жастарды шетелдерде оқытуға мүмкіндік алдық.Жаңа буын оқулықтар,электронды оқулықтар білім беру ісіне ене бастады. Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын,адамдармен,әсіресе,оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін,ұйымдастырушылық қабілеті бар,өз пәнін жетік білетін,әрі уағыздаушы,таланты мен тәжірибесі тоғысқан,өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып,өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.



Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан, ұстазға жүктелетін міндет ауыр» -деген еді.Біз осы сөзге сай болуымыз керек. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық,саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.Ол заман талабына сайбілім беруде жаңалыққа жаны құмар,шығармашылықпен жұмыс істеп,оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!