Материалдар / "Жас математиктер" сабақ жоспары 7 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Жас математиктер" сабақ жоспары 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазіргі таңда өзекті мәселе, жас буын, жас мамандарға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2021
734
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Абай атындағы №29 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз



Математика пән мұғалімі Қанатбекова Ә.Н

«Абай атындағы №26 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Тақырыбы:



" Жас математиктер"

(интеллектуалды ойын)





Өткізген: Математика пән мұғалімі Қанатбекова Ә.Н







2020-2021 оқу жылы


Тақырыбы: Жас математиктер.

Сайыстың мақсаты:        

Сыныптар арасында танымдық білгірлер сайысын өткізе отырып, оқушылардың пәнге деген көзқарастарын бағалау, озық оқушыларды ерекше марапаттау.

Оқушылардың интелектуалдық ойлау қабілетін арттыру. Оқушыларды 

білімділікке, шапшаңдыққа, шабыттылыққа, инабаттылыққа, сыныптарды достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сайыс: 7 сыныптар арасында өткізілді.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, смартфон, сызба плакаттар, үлестірмелер, кестелер.

Пәнаралық байланыс: информатика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.


Сабақтың барысы:

     Уа халайық! Халайық!

        Бәріне жар салайық.

        Бүгінгі ойын төрінде,

        Математика елінде,

        Математика тілінде,

        Есеп шешіп жарысып,

        Жұмбақ шешіп аңдысып,

        Шабыттасып шалқысып,

        Есеппен ән салысып,

        Көңілді ойын жасайық!

        Формула шешуін табайық!- деп 

 Қымбатты  математиканың жанкүйерлері мен сайысты көруге жиналған қонақтар, сайысқа қатысушылар. Сіздерге қатал да, қатесіз математикалық жалынды сәлем!!!

Бүгінгі «Жас математиктер» атты сайысымызды бастайық!


Оқушыларды 2 топқа бөлу;

Топтың аты

Топтың ұраны

1

«Үшбұрыштар»

тобы

Тапқыр болып табамыз,

Өсті ой санамыз.

2

«Шаршылар»

тобы

Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз!

Қай топ бірінші бастайтынын теңге лақтыру арқылы біліп алайық!

Ендеше сайысымызды бастамас бұрын топтардың атымен, ұранымен таныстырайық: Ал жас математиктерге сөз берейік.

                                   Мінеки залда тыныштық,

                                   Естілмейді дыбыс түк.

                                   Мұны бізде қоштаймыз,

                                   Кешіккенді тоспаймыз, - дей келе

 І бөлім  «Көшбасшы» сұрақ-жауап. Бұл бөлімде әр топтың капитанына  6 сұрақтан қойылады, дұрыс жауаптары үшін 5 ұпайдан, ойлануға 1 минуттан уақыт беріледі. (12 минут)


«Үшбұрыштар » тобына сұрақтар:

  1. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (жұп сандар)

  2. Үшбұрышта неше қабырға неше бұрыш бар? (3қабырға, 3бұрыш)

  3. Екі минус таңбалы сандардың көбейтіндісі қандай таңбалы сан болады? (плюс таңбалы сан).

  4. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

  5. Геометрияның негізін қалаған гректің ұлы математигі.(Евклид)

  6. Математикадан координаттар әдісін зерттеген француз математигі, әрі физигі. (Р. Декарт)


«Шаршылар» тобына сұрақтар:

  1. 2-ге қалдықпен бөлінетін сандарды қалай атаймыз? (тақ сан)

  2. Төртбұрышта неше қабырға неше бұрыш бар? (4қабырға, 4бұрыш)

  3. Теріс және оң санның модулі? (оң сандар).

  4. Таңбалары әр түрлі екі саннның көбейтіндісі қандай таңбалы сан болады? (теріс таңбалы сан).

  5. Ең кіші екі таңбалы сан? (10) 

  6. Алгебра оқулығын ең алғаш жазған, алгебраның негізін қалаған Орта

Азиядан шыққан ғалым. (Әл-Хорезим)


ІІ бөлім  «Формулалар сөйлейді». Бір топ формуланың басын жазады екінші топ жалғастырады 3 формуладан


1

=

2

=

3

=

4

=

5

6

Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.


ІІІ бөлім  «Бәріміз біргеміз» (5 минут) Бұл бөлімде берілген есептің шешімін табу керек, қай топ есепті шешіп, үш тілде аударса 30 ұпайдан, екі тілде аударса 20 ұпайдан, 1 тілде ғана айтса 10 ұпайдан беріледі.


1 – топ

Екі санның айырмасы 34-ке тең, ал олардың квадраттарының айырмасы 408. Есепті теңдеу құру арқылы шешіп, осы сандарды тап.      

Шешуі:

Т/К:

Ж: (23;-11) Жиырма үш және минус он бір – 10 ұпай

Двадцать три и минус одиннадцать– 20 ұпай

Twenty three and minus eleven – 30 ұпай

2 – топ

Екі санның айырмасы 13-ке тең, ал олардың квадраттарының айырмасы 221. Есепті теңдеу құру арқылы шешіп, осы сандарды тап.      

Шешуі:

Т/К:

Ж: (15;2) Он бес және екі – 10 ұпай

Пятнадцать и два – 20 ұпай

Fiften and two – 30 ұпай


ІҮбөлім «Бәйге» - (жеке жұмыс) әр оқушы тапсырмалар жасырылған ұяшықты таңдап, сол тапсырманы орындаса, ұяшықта жазылған ұпайды өз тобының еншісіне алады. (15 минут)

«Бес жұмбақ»

1.  Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай. (натурал сан)


2. Бір шеңбердің үстінде, бір шеңбер. (сегіз саны)


  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

  1. Бір бірімен жарысқа

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді? (сегіз саны)


5. Алпыс төрт бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар.

Ақ, қарағып бөлгенде,

Бірін-бірі қуғындар,

Ханы үшін де, жаны үшін де,

Бермейді олар намысын. (шахмат)

«Сен білесің бе?»

  1. Қазақтың бір мақалы :

«Өнер алды – бірлік,

Ырыс алды – тірлік» - дейді. Бірлік қай елде болады, қайтсе тату болады? – білмейді деп басталатын Абай атамыздың қаншасыншы қара сөзінде айтылады? (Алтыншы қара сөзінде)

  1. Абай атамыздың арғы тегі кім? (Орта жүз)

  2. Абай неше жасынан бастап ел ісіне араласа бастайды? (13 жасынан бастап)

  3. Абай атамыздың сіз білетін қара сөзі? (оқушы өзі жатқа білетін кез-келген 45 қара сөздің бірін айтады)

  4. Абай Құнанбаев атамыз қай жерде дүниеге келген? (Семей облысы, Қарқаралыда)

«Логикалық есептер»

1. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 2 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (20 шырша бар)

2. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сандар? (1,2,3)

3. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі, 1 анасы бар. Жанұяда неше адам бар? (5 адам бар)

4. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3 минут керек)

5. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (5 саусақ бар)


Ү бөлім «Кім жылдам» ойыны

Бірден Отызға дейін жылдам санау керек. Үшке бөлінетін, соңғы цифры үшпен аяқталатын санның орнына жаңылмаймын деп айту керек 1, 2, жаңылмаймын. 4, 5, жаңылмаймын, 7, 8, жаңылмаймын, 10, 11, жаңылмаймын, жаңылмаймын, 14, жаңылмаймын, 16, 17, жаңылмаймын, 19, 20, жаңылмаймын, 22, жаңылмаймын, жаңылмаймын, 25, 26 жаңылмаймын, 28, 29, жаңылмаймын.


ҮІ бөлім  «Қорытынды»  сайыс сарапшыларына сөз беріледі:

  1. _____________________________________________________________

  2. _____________________________________________________________

  3. _____________________________________________________________


Құрметті сайысқа қатысушылар жарыс болған жерде жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Сайысқа белсене қатысып, білімдеріңізді көрсеткендеріңізге рақмет. Жеңімпаз топты шын жүректен құттықтаймыз!













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!