Материалдар / «Жас полиглот» атты интелектуалды сайыс жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Жас полиглот» атты интелектуалды сайыс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабаққа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2018
1752
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ«ТАРАЗ-ҒАСЫР» КОЛЛЕДЖІ







«БЕКІТЕМІН» диретордың оқу және жаңа технологиялар жөніндегі орынбасары Ш.Б.Аширова ___________ «___» ______201 ж











18-22 (2017ж) қыркүйек «Тіл апталығы» мерекесіне байланысты өткізілетін«Жас полиглот» атты интелектуалды сайыс жоспары





















Жоспар кафедра отырысында қарастырылып, ұсынылды.

Хаттама №____ «__» __________201 ж

Кафедра меңгерушісі: _______________________ З. Матаева











«Жас полиглот» атты интеллектуалды сайыс жоспарыІс-шараның өтетін уақыты: Іс-шараның өтетін орны:« 20 » 09 2017 жыл. «Тараз-ҒаСыр» колледжі,Басталуы:сағат 13:05 мәжіліс залыІс-шараны ұйымдастырушылар: Ағылшын тілі пәні оқытушылары: М.Т.Тажиева, А.ЖелеубайқызыОрыс тілі пәні оқытушысы: Ж.Н.ТулегеноваМақсаты: Оқушылардың қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен алған білімдеріне жалпылай шолу жасау, қайталау жұмыстарын жүргізу.Оқушылардың тіл туралы білімдерін кеңейту және тереңдету. Балалардың дүниетанымын кеңейту. Ана тіліне және басқа ұлт өкілдерінің тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылар алдында тіл мәртебесін көтеру. Ана тілдеріне деген мақтанышын ояту. Оқушыларды қазақ тілінен басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде пайдалануға үйрету.Өз сөзін дәлелдей білу дағдысын жетілдіру, өз көзқарасын жеткізе білу, ауызша сөйлеу біліктілігін жетілдіру және сөздік қорын байыту.Дамытушылық: Эмоционалды – танымдық ортасын кеңейту. Көңіл қоя білу, ойда сақтау, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, тиянақты сөйлеу әдеттерін жетілдіру, сөздік қорын молайту.Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтаралық ынтымақтастыққа, өз елін және өз тілін қадірлеуге, өз отанын сүюге тәрбиелеу. Ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру. Іс- шараның жүргізілу барысы: І. «Тараз-Ғасыр» колледжі директорының оқу және жаңа технологиялар жөніндегі орынбасары Аширова Шәкизада Бектұрсынқызының кіріспе сөзі.Конкурстың әділ қазыларымен таныстыру:1. «Тараз-Ғасыр» колледжі директорының оқу және жаңа технологиялар жөніндегі орынбасары Аширова Шәкизада Бектұрсынқызы.2. Директордың құқық және тәрбие жөніндегі орынбасары Нуралы Бауыржан Шымкентұлы.3.Жалпы білім беру және гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Матаева Зарина ӘмірбаевнаІІ. Конкурс шарттарымен таныстыру:І-кезең : «Бәйге», «Baiga»Үш тілде сұрақтарға дұрыс және тез жауап беру.ІІ-кезең: «Полиглот», «Polyglot»Мақалды толықтыр және сол сөзді үш тілде айт.Сөздің тез және дұрыс айтылуы есептеледі.ІІІ-кезең: «Жорға», «Zhorga»Әр түрлі түстегі ұяшықтардың біреуін таңдайды, ұяшықта жасырынған суретті үш тілде суреттеп береді. Суреттеу анық және қатесіз болуы бағаланады.ІV-кезең: Әділ қазылар алқасы қатысушылардың бағасын есептегенше «Кім біледі?» ойынын көрермендермен ойнаймыз. Шар ұшырылады , шарды алған көрермен ішіндегі сұраққа жауап береді . Дұрыс жауап бергендері «Белсенді көрермен» атанады.ІІІ. Конкурс нәтижесімен таныстыру.Әділ қазылар.Байқауға қатысушылардың еңбектері 5 балдық бағамен бағаланады.Байқауға қатысушылар: «Тараз -Ғасыр»колледжінің студенттері:1.Мд3 тобы студенті Аязбаева Динара2.Мд2 тобы студенті Тилеубергенова Аяулым3.Мд2 тобы студенті Әбутәліп Жарқынай4. ДТ1 тобы студенті Усубалиев Ислам





















































«Үздік жас маман-2016» сайысыМақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.Жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді бүгінгі сайысымыздың қонақтары мен ұстаздары!Бүгін біздің колледжде дүбірлі той,Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой,Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,Қош келдіңіз, халайық, сергісін бой.Енді бүгінгі кешті ашып беру үшін сөзді колледжіміз директорының оқу және жаңа технологиялар жөніндегі орынбасары Ш. Б. Ашироваға береміз.Жүргізуші:  Бүгін біздің колледжімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық жас ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр. Құрмет пен қошемет көрсетіп, сайыскерлерімізді ортаға шақырайықЖүргізуші: Шақырып жарыстарға сан салалы,                       Жетекшілер тобы бәріңе жар салады.                       Ту етіп достықпенен татулықты,                       Сайыстың мүшелерін қарсы алады.Жүргізуші: 1- нөмерлі сайысқа қатысушы химия пәнінің оқытушысы Билялова Мөлдір Абдуманапқызы, тәлімгері Ермекбаева Мақпал Мейрамбекқызы.1.  Туған айы-күні, жылы: 12.11.1993 ж.2.   Жұлдызнамасы- Сарышаян.3.   Сүйікті тағамы- лагман, манты.4.   Сүйікті ісі- ғаламтормен жұмыс жасау, музыка тыңдау5.   Еңбек өтілімі- бір жылға дейін 6.   Өмірлік ұстамы: «Бастаған істі аяғына дейін жеткізу»

2- нөмерлі сайысқа қатысушы маманымыз: Математика пәнінің оқытушысы Абикеева Ұлдаркүл Джангельдіқызы, тәлімгері Нұралы Бауыржан Шымкентұлы.1.   Туған айы-күні, жылы: 01.03.1992 ж2.  Жұлдызнамасы- балықтар3.  Сүйікті тағамы- қуырдақ4.  Сүйікті ісі: музыка тыңдау, волейбол ойнау5.  Еңбек өтілімі-бір жылға дейін6.   Өмірлік ұстамы: «Бүгінгі істелер жұмысты ертеңге қалдырма!»

3- нөмерлі сайысқа қатысушы маманымыз құқық пәні оқытушысы  Телесбаев Бексұлтан Халмаханұлы, тәлімгері Сұрамысов Қуатбек Қайратбекұлы. 1.   Туған айы-күні, жылы  15.07.1991ж2.  Сүйікті ісі – спортпен айналысу3.  Сүйікті тағамы- лагман4.  Еңбек өтілімі- бір жылға дейін5.    Жұлдызнамасы- шаян6.  Өмірлік ұстамы: «Алға, тек алға!»

4- нөмерлі сайысқа қатысушы маманымыз  педагогика пәнінің оқытушысы Сағымбекова Мансия Жақсылыққызы, тәлімгері Садикова Дурия Жақанбекқызы.1. Туған айы-күні, жылы: 04.05.1983 жыл2. Сүйікті түсі - көк, қаракөк3. Сүйікті тағамы – манты сорпа4. Еңбек өтілімі – бір жылға дейін5. Жұлдызнамасы – тоқты6. Өмірлік ұстамы: «Мықты болсаң, алдағыны босып оз, артағыға жеткізбе »

5- нөмерлі сайысқа қатысушы маманымыз әскери дайындық пәнінің оқытушысы Омаров Нұрлан Сланбекович, тәлімгері Қалықова Айгүл Жумабаевна. 1. Туған айы-күні, жылы: 08.09.1989ж 2.  Жұлдызнамасы -бикеш 3. Сүйікті тағамы –кәуап 4. Сүйікті ісі - спорт5. Еңбек өтілі - екі  жылға дейін6. Өмірлік ұстамы: «Көкіректе сәулесі жоқтың, көңілінде сенімі жоқ».

6- нөмерлі сайысқа қатысушы маманымыз жас маманымыз Тасымалды ұйымдастыру Сейтқұлов Айдар Байтенович, тәлімгері Байзақова Айжан Оңалтаевна. 1 .Туған айы-күні, жылы: 25.05.19922.  Жұлдызнамасы- бикеш3. Сүйікті тағамы- манты, плов4. Сүйікті ісі- ғылыми жұмыспен айналысу5. Еңбек өтілі- 26. Өмірлік ұстамы: «Талпынсаң табысқа жетесің»

7- нөмерлі сайысқа қатысушы маманымыз жас маманымыз мұнай және газ Абдықалықов Нұрбол Абдібахытович, тәлімгері Андыбаев Абдулла Сейтханович1 .Туған айы-күні, жылы: 01.04.1979ж2.  Жұлдызнамасы- тоқты3. Сүйікті тағамы- ет4. Сүйікті ісі-спорт 5. Еңбек өтілі- бір  жылға дейін 6. Өмірлік ұстамы: «Үлкенді сыйласаң - қадірлі боларсың, кішіні сыйласаң - құрметті боларсың»Жүргізуші: Сайысқа қатысушы жас мамандарымызға бірер сұрақ қоя кетейік:1.       Сайысқа қатысу шешімін тез қабылдадыңызба?2.       Бәрінен бұрын неден қорықтыңыз?3.       Сайысқа қатысты туыстарыңыз не деді?4.       Сахнаға қандай сезіммен шықтыңыз?5.       Аудиториядан қолдау сезінесіз ба?6.       Өзіңіздің жеңіске жететіндігіңізе қаншалықты сенімдісіз?7.       Осы сайыстың ұйымдастырылуына қалай қарайсыз? Жүргізуші: Әділдікпен баға берер ұстазға, Әділдікпен қара қылды жаруға, Әділқазы алқаларын сайлайық. Үздіктерді таңдап бүгін алуғаАл енді әділ-қазыларды  сайлап алайық:1. «Тараз-Ғасыр» колледжі директорының оқу және жаңа технологиялар жөніндегі орынбасары Аширова Шахизада Бектұрсынқызы.2. Жалпы білім беру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Матаева Зарина Әмірбайқызы.3.Кәсіптік және арнайы пәндері кафедрасының меңгерушісі Рахаева Элмира Төлендіқызы.Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын кезеңдермен таныстырып кетейік.1- кезең: «Мен оқытушымын»- өзін таныстыру (3 мин)2-кезең:Пән бойынша ашық сабақтан үзінді ( 5-7 мин.)3-кезең:       Ерекше көрнекілік жасау. ( 3-5 мин.)4-кезең:Ситуациялық сұрақтар. (3-5 мин.) 5-кезең:Ашық тәрбиелік ашық сабақтан үзінді. (5-7 мин.)Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты,Қырандай күшті қанатты,Мен жастарға сенемін -   деп ақын-жазушы Мағжан Жұмабаев, жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп айтып кеткен.Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымыз .Жүргізуші: Таныстыру  кезеңді бастаймыз.    1. «Мен оқытушымын»- өзін - өзі таныстыру (3 мин)Ұстаз кім ? Ұстаздық не ? Ұғамын ба,Әлде ол қарапайым мұғалім ба ?Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,Жанымды толтырады бұла мұңға.2-кезең  Пән бойынша ашық сабақтан үзінді ( 5-7 мин.)3-кезең «Мен оқытушы ретінде: кешегі, бүгінгі және болашақтағы ұстанымдарым»- қысқаша ғылыми зерттеу жұмысы. (3 - 5 мин.) 4-кезең Ситуациялық сұрақтар. (3-5 мин.) Қане достар пікірлесіп қарайық,Қилы – қилы ойды ортаға салайық.Сан – салалы асыл ойлар тоғысып,Толғандырған жайды шешіп алайық.                                 Ситуациялық сұрақтар:1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір білімгер интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер едіңіз?2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?3. Бір білімгерге мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып мұғалім  басымнан ұрды деп арыз айтып, ата – анасын ертіп әкелді. Сіздің әрекетіңіз қандай?4. Сіз сыртқа шығып кеткен кезде бір бұзық білімгер орындығыңызға сағыз жабыстырып қояды. Сіз білмей орындыққа отырдыңыз, бұл істі осы топтағы Қайсардың ісі екенін білдіңіз. Не істер едіңіз?5. Сізді бір жоғарғы топ білімгері ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырады, не істер едіңіз?6. Оқытушы сабаққа кірген кезде, тақтадан өзінің карикатурасын көреді. Білімгерлердің мақсаты оқытушы кінәлі білімгерді іздеп, сабақ өткізбеу. Не істеу керек?7. Сіз жаңа сабақ түсіндіріп жатырсыз, бір білімгер сізге сабақ түсіндіруге мұрша бермейді. Сіз білімгерге  тыныш отыр дедіңіз , оқушы тыңдамады. Не істеу керек?8. Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтектелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай доспары да жоқ,ешкіммен араласпай өз бетімен жүреді. Сіздің іс-әрекетіңіз, қандай жұмыс түрлерін жүргізер едіңіз?5-кезең: Ашық тәрбиелік ашық сабақтан үзінді. (5-7 мин.)Жас мұраты білім, тәлім талабы.Өнер, оқу – жастық қару жарағы – демекші бүгінгі сайысқақойылатын соңғы шарт Ашық тәрбиелік ашық сабақтан үзінді көрсету (5-7 мин.)

Жүргізуші:Еліміздің ұстаздары аман болсынБастықтар жел өтпейтін пана болсын.Сіздерге тек тілейміз аманшылық,Болсын тек әрқашанда бейбітшілік – дей   келе  жас мамандарға деген құттықтау сөз  кезегі ұстаздарға беріледі.

Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,Болашаққа бар білімін берерінБарыс текті жастар ғана келешек,Жалындатып биік шыңда жүретіндеп сайысты аяқтамас бұрын әділ қазылар алқасын ортаға шақырып, жеңімпазды анықтайық.



















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!