Материалдар / жас құтқарушылар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

жас құтқарушылар

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жас құтқарушылар» үйірмесін ұйымдастыру жұмыстарының ТИПТІК ЕРЕЖЕСІ 7. «Жас құтқарушы» үйірмесінің жұмыстарын жетілдіру мақсатында ТЖД, құрылымдық басқарма, бөлімдері және де бағынысты мекемелер Оңтүстік өңірлік аэромобилдік апаттан құтқару жасағы, апаттық медицина орталықтары қызметкерді бөлуге, пайдалануға балалар арнайы құрал-саймандарымен бірге құтқару киім-кешектер бөледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қырқүйек 2021
2208
8 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін

Мектеп директоры: ___________

2019 жыл. « ___ » ____________



«Жас құтқарушылар» үйірмесін ұйымдастыру жұмыстарының

ТИПТІК ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

  1. Осы типтік ереже Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы №48 «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңының 19 бабы және 1996 жылғы 5 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 17 тармағын жүзеге асыру мақсатында жасалған.

«Жас құтқарушы» үйірмесінің негізгі бағыты:

  • білім беру орындарында қауіпсіз өмір сүрудің негізгі ережелерін терең зерттеу.

  • төтенше жағдайларды жою дағдыларын және құтқарушының басты міндеттерін меңгеру, сонымен қатар жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетуге арналған тиісті іс-әрекеттерді ұйымдастыру.

  1. Үйірме ұйымдастырудың негізгі талаптары

  1. «Жас құтқарушы» үйірмесі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментімен (әрі қарай-ТЖД) және Қызылорда облысы Білім басқармасымен келісілген түрде, тұрғылықты жерлердегі колледждерде, жалпы білім беру мектептерінде, мектеп –интернаттары, балалар үйінде ұйымдастырылады.

  2. «Жас құтқарушы» үйірмесінің мүшесі болып 10 жастан 18 жасқа дейін мектеп оқып жүрген, үйірмеге қызығатын оқушылар бола алады.

  3. «Жас құтқарушы» үйірмесіне қабылдау жиында оқушылардың ауызша өтініштер айтуы арқылы жүзеге асырылады. Үйірмеге келген «Жас құтқарушылармен» құтқарушы мамандар (ТЖД қызметкерлері) сабақ жүргізеді. «Жас құтқарушы» үйірмесінің үйрену сабақтарының аяқталуы кезеңінде жас құтқарушылар сынақ тапсырып «Жас құтқарушы» үйірме мүшесінің куәлігін алады.

  4. «Жас құтқарушы» үйірмесінің жұмысын басқару үшін, жалпы жиында командирлер және орынбасарлары тағайындалады.

  5. «Жас құтқарушы» үйірмесінің жұмысын жергілікті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігінің қызметкерлері жедел-құтқару жасақтарында, судан құтқару қызметінің станцияларында, өрт сөндіру және авариялық құтқару бөлімдерінде, апаттық медицина орталықтарында жүргізіледі.

  6. «Жас құтқарушы» үйірмесінің жұмыстарын жетілдіру мақсатында ТЖД, құрылымдық басқарма, бөлімдері және де бағынысты мекемелер Оңтүстік өңірлік аэромобилдік апаттан құтқару жасағы, апаттық медицина орталықтары қызметкерді бөлуге, пайдалануға балалар арнайы құрал-саймандарымен бірге құтқару киім-кешектер бөледі.



  1. «Жас құтқарушы» үйірмесінің атқаратын жұмыстарының

негізгі бағыттары

  1. «Жас құтқарушы» үйірмесінің негізгі жұмыстарының бағыттары болып:

  • Қауіпсіз өмір сүрудің және төтенше жағдайларда негізгі қауіпсіздік шараларды сақтау. Түрлі авариялық құтқару жұмыстары және қысылтаяң кезеңдерінде байланыс құралдары және арнайы құтқару құралдарымен киім-кешектерін зерделеу;

  • Негізгі өмір қауіпсізережелерін сақтау түсіндіру және жұмылдыру жұмыстары мен бірге төтенше жағдайлар кезінде ережелерімен оған қарсы шараларын насихаттау бағытында қабырға газеттерін, жауынгерлік парақтарын, фото топтастырулармен «Жас құтқарушы» бұрыштарын қолдану;

  • Құтқару жұмыстарына байланысты спорттық жарыстарын, байқауларды, сұрақ-жауап сайыстарын, насихаттау бөлімдерін, саяхаттау, әскери спорттық және жасөспірімдер сауық жиындарын ұйымдастыру;

  • Ескерткіштер мен мұражайларға бару, құтқарушылардың асқан қайраттарын баяндаушы, жаңадан құтқару қызметіжайлы тарих материалдарын жинау, жауынгерлік даңқ экспозицияларын қолдана отырып мектеп мұражайларды ұйымдастыру, төтенше жағдайлар қызметіне еңбегі сіңген ардагерлермен, өрттен қолданбалы спортының шебер және чемпиондарымен кездесулер ұйымдастыру.

  1. «Жас құтқарушы» үйірмесін ұйымдастыру жұмыстарының әдістемелік басшылығын Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық білім басқармасымен бірге жүргізіледі.

  2. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық Білім басқармасы бірге «Жас құтқарушы» үйірмесінің жұмысы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізеді.

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!