Материалдар / "Жас шекарашылар" əскери- патриоттық үйірме жұмысын жандандыру 10 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Жас шекарашылар" əскери- патриоттық үйірме жұмысын жандандыру 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепте болашақ жеткіншектерді елін, жерін қорғауға патриоттық рухқа тəрбиелеу. Əскери патриоттық үйірме болашақ ұрпақтарымызды отанын сүюге тəрбиелейді. Жəне жастарды болашақта қарулы күштер қатарына қызметке дайындайды. Егеменді еліміз ҚР туелсіздігіміздің кепілі. Оның қарулы күштері болса, оның тəуелсіздігін қамтамасыз ететін саяси шыңдалған шыншыл, əрі батыл, қайсар да қайратты, жауапкершілігі жоғары, болашақ жауынгерлерді баярлау ісін мектеп қабырғасында жұмыс жасайтын əскери патриоттық клубтар жұмыс атқарады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2018
698
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепте Жас шекарашы әскери-патриоттық жұмысты жандандыру Тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны қорғап, нығайтып ұрпақтарға №34 Қ.А.Яссауи атындағы ЖОМ қалдыру қажет. БӘД Оқытушы –ұйымдастырушы: К.Кенжеев (Н.Ә Назарбаев Қазақстан 2030 Жетісай ауданы «Жаңа-ауыл әкімшілігі» стратегиялық бағдарламасынан.)Мектепте әскери-патриоттық клубты жандандыру кәзіргі таңда өте маңыздыЕліміздің Ата Заңы Конституцияның 36-бабында Казақстан республикасын қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті деп көрсетілген,Мектеп қабырғасынан бастап әскери-патриоттық тәрбие беру тек қана 10-11 сыныптарда БӘД сабағында ғана емес, барлық сынып оқушыларына сабақтан тыс өткізілетін іс-шаралар арқылы да беріледі,Оқушылар мектепте әскери-патриоттық іш шараларға жоғары деңгейде көп белсене қатысса онда өздерін Отанға деген адалдығы еліне деген сүйіспеншілігі ұлттық армия сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулиды. Жастарды кәзіргі еліміздің демократиялық ұстанымдарына баули отырып тәрбиелеу оларды жан-жақты, білімді азамат ретінде өсіру мектептің, сонымен бірге БӘД оқытушы-ұйымдастырушының міндеті.Жоғары қолбасшымыз айтқанындай «Еліміздің ертеңі бүгін жас ұрпақтың қолында , ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» Н.Ә.Назарбаев.Сондықтан оқушыларға тәрбие берудің негізгі бағыттарының бірі әскери –патриоттық бағытта тәрбиелеу болып табылады.Туған жеріне, еліне, тәуелсіз тәуелсіз мемлекетіміздің конституциясы мен заңы сайланған президентіне адал қызмет ететін болашақ Отан қорғаушы болашақ жауынгерлерді дайындау мектеп қабырғасынан басталады.Егеменді еліміз ҚР тәуелсіздігінің кепілі оның Қарулы Күштері болса, оның тәелсіздігін қамтамасыз ететін саяси шыңдалған,шыншыл әрі батыл, қайсар да қайратты және жаупкершілігі жоғары болашақ жауынгерлерді даярлау ісімен мектеп қабырғасында жұмыс жасайтын әскери-патриоттық клубтар жүзеге асырады.Бірақ бұл үйірме мектепішілік болып есептеледі,Үйірме аудандық деңгейде паспортталмаған,әскери –патриоттық үйірмені республикалық деңгейде қолға алса оқушылардың патриоттық рухы жоғары болар еді.Ауданымыз шекараға жақын болғандықтан үйірме атауын мектепте А.Шуканов атындағы «жас шекарашылар» әскери патриоттық үйірме жұмысын жүргіземіз, үйірме жұмысын ұйымдастыру мен жүргізуге қиындық туғызатын негізгі мәселелердің бірі қаржылай демеушіліктің жоқтығы.Жетісай ауданының және обылыстық деңгейде өткізілетін әскери-спорттық жарыстар мен әскери-патриоттық іс-шаралар жергілікті әкімшіліктің қаржылай қолдауын қажет етеді.Бұл өткізілетін іс-шаралардың оқушылардың бойына патриоттық сезімдерді ұялатуға, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге,туған жеріміз үшін мақтаныш сезімін туғызуға арналған ролі өте зор.Ауданымыз шекаралы аудан болғандықтан оқушылар еліміздің шекарасын күзетуге шекарашылардың қызметтерімен танысуға қызығушылықтарын туғызуда.Әскери-патриоттық тәрбие беру орталығы тек қана әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысын емес, сонымен қатар Қазақстандық патриотизм, елжандылық,Отансүйгіштік принциптерін жасөспірімдердің бойына сіңіруге, олардың интелектуалды дамуына,заңды сыйлайтын азамат ретінде қалыптасуына көп әсерін тигізген болар еді.А.Шуканов атындағы «Жас шекарашылар» әскери-патриоттық үйірмесінің тәрбие беру бағыты- Мемлекетіміз Қазақстан Республикасына шын берілген патриоттарды тәрбиелеу.- Спорт жөнінен шыңдалған,шымыр, қайратты, дені сау жастарды даярлау- Жастарды Қарулы Күштер қатарындағы қызметке даярлау- Қазақстандық патриотизм, интернационализм бағытында тәрбиелеуА.Шуканов атындағы «Жас шекарашылар» әскери-патриоттық үйірмесінің құрылымыӘскери патриоттық үйірмесіне мүше ретінде 8-11 сынып аралығындағы жалпы орта мектеп оқушылары тартылады. Үйірмеге жетекшілік ету қызметі Бастапқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушыларына тікілей жаттығулар мен сабақтарды жүргізу міндетідиректордың бұйрығымен жүктеледі.Үйірмеге қабылданбас бұрын тілек білдіруші оқушы медициналық комиссияның «денсаулығының жарамдылығы туралы» рұқсат қағазын әкелуі шарт.Сонымен қатар ата-ананың арызы мен сабақ беруші БӘД жетекшісінің ұсынысымен қабылданады.Үйірме мүшелері толық анықталған соң үйірме мүшелері арсынан бөлімше командирі тағайындалады. Салтанатты жиында үйірме мүшелері үйірме жұмысына адал қызмет етуге ант береді

АНТ МӘТІНІМен (Тегі.Аты-жөні),А.Шуканов атындағы «Жас шекарашылар» атындағы әскери-патриоттық клубына мүше ретінде қабылдана отырып салтанатты түрде ант етемін: Туған елім Қазақстан Республикасының адал ұлы және нағыз патриоты болуға ант етемін. Ата-бабаларымыздың ерлік рухына тағзым ете отырып, әскери салт дәстүрлерді сақтай отырып, өзімді еліміздің батыл әрі шыншыл, қайсар және білімді, жауапкершілігі жоғары әрі тәртіпті қорғаушысы болу үшін дайындауға ант етемін.Әрдайым ерінбей еңбек етуге, жалықпай білім алуға, үлгілі тәртібіммен, әскери даярлығыммен тәуелсіз еліміз Қазақстан Республикасының жан-жақты азаматы болуға ант етемін.А.Шуканов атындағы «Жас шекарашылар» атындағы әскери-патриоттық үйірме мүшелерінің міндеттері- Клуб жұмысына белсене араласуға, жаттығулар мен сабақтарға әрдайым қатысып отыруға,себепсіз жаттығуларды жібермеу.- Үйірме жетекшісінің,бөлімше командирінің барлық бұйрықтарын бұлжытпай орындау.- Қасындағы жолдастарын «теріс әрекеттерден» сақтандыру.- Қиындықтардан қорықпауға, өз үйірмесін мақтаныш тұтуға.- Оқуда, сабаққа зейінмен және үлгілі тәртібімен алда болуға.- Соғыс, еңбек ардагерлеріне көмек көрсетуге.А.Шуканов атындағы «Жас шекарашылар» атындағы әскери-патриоттық үйірме мүшелерін ынталандыру мақсатында марапаттау әдістері.Жаттығулар мен сабақтар барысында сонымен қатар әртүрлі жарыстар мен қайырымдылық көмектер көрсету барысында үйірме мүшелерін ынталандыру үшін әртүрлі марапаттау әдістері қолданылады т.б.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!