Материалдар / "Жасампаздық пен келісімнің 30 жылдығы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Жасампаздық пен келісімнің 30 жылдығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Халықаралық форум форматында өткізілген шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2021
268
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Жасампаздық пен келісімнің 30 жылдығы” тақырыбындағы форум-сабақ бағдарламасы

Негізгі түйін: «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл – бұл Жасампаздық пен келісімге толы жылдар»


Қатысушылар:

1.Байханов Асаин Қуандықұлы - Павлодар қаласының әкімі

2. Жумабаев Р.Н. - Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры

3. Копеев А.Ж. - Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының тәрбие жұмысының орынбасары

4. НЗМ мұғалімдері: Тулебаева Б.Т. - тарих пәнінің мұғалімі, Алыкпашова Н.А - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Riel Casinillo - a teacher of physics

5. НЗМ мектебінің 12-сынып оқушылары

6. Серіктес мектептің мұғалімдері мен оқушылары Desheng School International -Guangdong China

7. Жетекші 33 мектеп оқушылары


Формат: Халықаралық форум, оқушылардың идеялары ТЕДх форматында ұсынылады


1

Форумның тақырыбы:

«Жасампаздық пен келісімнің 30 жылдығы»

2

Мақсаты:

1) Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктері мен табыстарын талдау;

2) Қазақстан Республикасының жетістіктеріне қатысу және оның жетістіктерімен мақтану арқылы оқушылардың өзара көмек көрсету, тікелей қатысу мәдениетін қалыптастыру.

3) Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ мен серіктестік мектеппен тәжірибе алмасу

3

Міндеттері:


1) Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктері мен табыстарын талдау;

2) Қазақстанның экология саласындағы жетістіктерін Халықаралық форумда талдап, ТЕДх форматында ұсыну;

3) Қазақстан мен Қытайдың экология саласындағы ең маңызды жетістіктерін онлайн трансляция арқылы талқылау;

4) Серіктестік мектеппен Форумның резолюциясын қабылдау

4

Құндылықтар:

Қазақстандық әрекеттік патриотизм, азаматтық жауапкершілік, ынтымақтастық, өз елінің жетістіктеріне мақтаныш, топтарда өзара әрекеттесуді қолдау, белсенді азаматтық ұстаным

5

Пәнаралық байланыс:

Дүниежүзі тарихы, ЖПжЖЖ, АКТ


6

Безендірілуі:


1) «Зияткерлік мектептердің оқушылары мен мұғалімдерінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Зияткерлік мектептердің негізін қалаушы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлымен кездесулері» фотокөрме

2) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерінің көрмесі

3) «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәні бойынша оқушылардың курстық жұмыстары, эсселері.


Форум барысы:

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Форум басы

1.Форумға қатысушылармен сәлемдесу


1мин

Мұғалім (Тулебаева Б): Форумға қатысушылармен сәлемдесу.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, серіктес және жетекші мектеп өкілдері, мектебіміздің 12-сынып оқушылары. Еліміздің Тәуелсіздігіне арналған “Жасампаздық пен келісімнің 30 жылдығы” атты Халықаралық форумға қош келдіңіздер!


Форумға қатысатын қонақтарымызды таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

Қатысушылар:

1.Байханов Асаин Қуандықұлы - Павлодар қаласының әкімі

2. Жумабаев Р.Н. - Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры

3. Копеев А.Ж. - Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының тәрбие жұмысының орынбасары

4. НЗМ мұғалімдері: Тулебаева Б.Т. - тарих пәнінің мұғалімі, Алыкпашова Н.А - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Riel Casinillo - a teacher of physics

5. НЗМ мектебінің 12-сынып оқушылары

6. Серіктес мектептің мұғалімдері мен оқушылары Desheng School International -Guangdong China

7. Жетекші 33 мектеп оқушылары


Осы форум аясында: экологтар, серіктестер алаңы өз жұмысын жалғастырады.


Мен - Баян Толеубекқызы, Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ тарих пәнінің сарапшы-мұғалімін.

Қатысушыларға: белсенділік,ынтымақтастық тілеймін!


«Ұлытау» - https://musicnur.kz/artist-7516-ulitau

Сарыарка https://musicnur.kz/148953-ulitau-sariarka



2.Активити.

«Кездесу цитатасы»



1минут









Оқушылардың ойы: “Миға шабуыл”


2 мин


Мұғалім (Тулебаева Б) экрандағы келесі цитаталарды оқушылардың назарына ұсынады:

1) «Біз, Қазақстан халқы 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінде бұл құндылықтар күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды.

Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру».

Н.Ә. Назарбаев


2) «Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз. Сондықтан, бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезінеміз. Егемендік – әр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт».

Қасым-Жомарт Тоқаев


Мұғалім (Тулебаева Б): Оқушылардың ойы: Миға шабуыл. Мұғалім цитатамен танысып, ой бөлісуге шақырады:

-Иә, осы ...”Тәуелсіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезінеміз” бе? Тәуелсіздіктің қандай «стратегиялық құндылықтарын» білесіздер?

Өз ойларыңызбен бөліссеңіздер. Ықтимал жауаптар үлгісі:

  1. Тәуелсіздік.

  2. Бірлік пен ынтымақ.

  3. Тұрақтылық

  4. Әділдік.

  5. Ілгерілеу

  6. Қауіпсіздік

  7. Сабақтастық

  8. Ашық қоғам.

  9. Дәстүр.

  10. «Азаматтардың ел табысына қатыстылығы

Мұғалім (Тулебаева Б): Өте орынды,басты стратегиялық құндылықтарды атап өттіңіздер.Ал,енді осы Тәуелсіздік мен үшін қандай мүмкіндіктер береді? «Мен үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі - бұл мүмкіндік …» ойларыңызды ортаға салсаңыздар.


2) «Мен үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі - бұл мүмкіндік …» (сүйікті ісімен айналысу, тіл үйрену, табысты болу үшін жасалған мүмкіндіктер,ел болашағына біліммен өмір оқу бойы үлесін қосу мүмкіндігі т.б)


Мұғалім (Тулебаева Б):Біз осы мүмкіндіктерді жіберіп алмай, алға талпынуымыз керек. Елбасы атап өткендей: «қазір бой түзейтін емес,ой түзейтін заман»


Презентация






















12А,12В сынып оқушылары








12А,12В сынып оқушылары

Форумның ортасы

3.Бейнеролик «Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктер»


1мин43


1 минут

Мұғалім (Тулебаева Б): Сіздердің назарларыңызға Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы «Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері» бойынша бейнероликті ұсынамыз.



Бейнеролик: Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері.

  • Бейнематериалдан қандай әсер алдыңыздар? Өз алған әсері мен позициясын айқындау



Негізгі түйін: «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл – бұл Жасампаздыққа толы жылдар».

Болашаққа нық қадам басу!

Мұғалім (Тулебаева Б):Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – бұл тәуелсіз мемлекеттің барлық жоспарлы даму жылдарының қорытындысы. Әрбір азаматтың бойына тәуелсіз әрі қуатты мемлекетті қалыптастыруға қатысым бар деген сезімді ұялата отырып, еліміздің барлық жетістіктеріне қатысып,мақтан тұтып,бағалай білуіміз керек

1) ) Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=a-ODlUtnpF8&list=PLPLVF6XP2rHUuRBZRQy-maObncKuCuJU9

Тәуелсіздік жетістіктері 1мин43



12А,12В сынып оқушылары



4. Шақырылған қонақтар сөздері



3 мин


Мұғалім (Тулебаева Б): Тәуелсіздіктің әрбір қазақстандық үшін ерекше мәні мен мағынасы бар. Біз Қазақстанымызды нығайтып, қайталанбас тарихи тәжірибесін сақтай отырып табысқа жетелеп, гүлдендіруіміз керек. Осы құндылықты қоғамдық санаға сіңіруге мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, оқу орындарының, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы бағытталуға тиіс.

Осы бағытта мектебімізде, қаламызда, біздің серіктестерімізде қандай жетістіктеріміз бар екен?


Ортаға өз ойымен бөлісуге Павлодар қаласының әкімі- Байханов Асаин Қуандықұлын шақырамыз.


Мұғалім (Тулебаева Б): Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – бұл тәуелсіз мемлекеттің барлық жоспарлы даму жылдарының қорытындысы. Әрбір азаматтың бойына тәуелсіз әрі қуатты мемлекетті қалыптастыруға қатысым бар деген сезімді ұялата отырып, еліміздің барлық жетістіктеріне қатысып,мақтан тұтып,бағалай білуіміз керек

(Шақырылған қонақтардың тізімі мен сөздері өзгеруі мүмкін,бірақ басты мазмұн ашылуы қажет).







Павлодар қаласының әкімі- Байханов Асаин

Қуандықұлы

5. Тәуелсіздіктің құрдастары, мұғалімдердің сөйлеуі


«Менің тағдырым елімнің тарихында»


2 мин

Мұғалім (Тулебаева Б): 30 жылда Еліміздің Тәуелсіздігімен құрдас жас ұрпақ та қалыптасты. Тәуелсіздіктің құрдасы, мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Мұғраж Мөлдір «Менің тағдырым елімнің тарихында» тақырыбына өз ойымен бөліседі.


Болжамды сөз мазмұны:Менің дүние есігін ашқан уақытым  еліміздің тәуелсіздік алуымен тұспа тұс келді. Өмірімнің біртұтас бөлігі Павлодар өңірінде өтуде. 2009 жылы жалпы білім беретін орта мектепті үздік аттестатпен, ал 2013 жылы Павлодар Мемлекеттік Университетін қызыл  дипломмен бітірдім. Университет қабырғасында Президенттік стипендия иегері болдым. 2016 жылы Павлодар Мемлекеттік Университетінің Магистратурысын үздік тәмамдап, «физика магистрі» дәрежесін алдым.Әр мемлекеттің болашағы  білім  мен ғылым да екені анық. Ұстаз мамандығын таңдауым да еліміздің көркеюіне, дамыған мемлекеттер қатарынан көруіне өзіндік үлесімді қосу деген арманнан бастау алған. 2013 жылдан бері Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде физика мұғалім модераторы қызметін атқарудамын.

Отаным маған емін - еркін өз ана тілімде  жоғары білім алып, заманауи  мектепте қызмет атқаруым мен  әрі қарай дамуыма жол ашты. Тәуелсіздік құрдасы болу мен үшін үлкен мәртебе әрі үлкен жауапткершілік.  Мен еліммен бірге өсіп келемін. Жетістікке жетіп келемін.  Еңбек ететін, талпынатын  адамға Қазақстанның ұсынатын мүмкіндігі мол...

Мұғраж Мөлдір, физика пәнінің модератор мұғалімі, Павлодар қаласы ХББ НЗМ


6. Форумда қатысушылар өз идеяларын ТЕДх форматында ұсынады



10мин








578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!