Материалдар / Жасыл экономика - елдің болашағы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жасыл экономика - елдің болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
конференция дайындық материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2018
1206
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Гуманитарлы-экономикалық колледж» мекемесі Баяндамашы: Касымова Гульнара Абылгазиевна

«Жасыл экономика - елдің болашағы»Кіріспе. Жасыл экономика-экономикалық ғылымда соңғы екі онжыддықта қалыптасқан бағыт болып табылады және де ол экономины табиғи ортаның тәуелді бір бөлігі ретінде сипаттайды. Жасыл экономика тұжырымдамасы өзіне экономикалық ғылыммен философияның басқада идеяларын біріктіреді, мысалы экологиялық экономика, қоршаған орта экономикасы, антиглобалистика, халықаралық қатынастар теориясы, постмодернизм және т.б. Алайда қазірге дейін жасыл- экономиканың бірыңғай анықтамасы жасалмаған және де біз жасыл экономикаға мынадай анықтамалар беруге талпыныс жасадық:
  • UNEP анықтамасы бойынша жасыл экономика – бұл жердің табиғи капиталын құратын және және арттыратын немесе экологиялық қауіптер мен тәуекелдерді азайтатын салалар;
  • БҰҰ анықтамасы бойынша жасыл экономика- бұл экономикалық тәуекелдермен табиғи ресурстар тапшылығын қысқартатын және халықтың тұрмыстық игілігін жақсартып, әлеуметтік кеңдікке алып келетін экономика;
  • Жасыл экономика- бұл адам өмірінің ұдайы өндірісіне қажетті табиғи негізді бұзбайтын, биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде дамитын экономика.
Сонымен бірге, жасыл экономика халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен сипатталатын экономика болып табылады. Бұл экономикалық модель XXI ғасырдағы елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі ретінде танылып отыр. 1.1« Жасыл экономиканың» принциптері мен аксиомалары. «Жасыл экономиканың» негізгі үш аксиомасы бар, атап айтатын болсақ:
  • Шектеулі кеңістікте ықпал ету аясын шексіз кеңейту мүмкін емес;
  • Шектеулі ресурстар жағдайында шексіз өсіп отырған қажеттіліктерді қанағаттандырумүмкін емес;
  • Жер бетіндегі барлық нәрсе өзара байланысты.
Жасыл экономиканың артықшылықтары:
  • Бүкіл әлемде күн. Батареяларын қолдану мүмкіндіктері;
  • Газ бен жұмыс жасайтын жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы көліктерді енгізу;
  • Қайта өңдейтін зауыттар арттыру;
  • Климаттың өзгеруі жағдайында қолданылатын асфальтбитондық технологиялакр қолдану;
  • Қоршаған ортаға зиянсыз экологиялық женіл көліктерді пайдалану мүмкіндігі;
Жасыл экономиканың қағидалары:
  • Әділдік қағидасы (теңдік);
  • Адамгершілікті құрметтеу қағидасы;
  • Сақтық қағидасы ;
  • Қатысу қағидасы;
  • Басқару қағидасы;
  • Тұрақтылық қағидасы;
  • Тиімділік қағидасы.
Жасыл экономиканың сегменттері:
  • энергияларды тудыру, іздестіру;
  • энергияны сақтау;
  • энергетикалық инфра құрылым;
  • энергетикалық тиімділік;
  • тасымалдау;
  • су және ағын сулар;
  • ауа және қоршаған орта;
  • материалдар;
  • өндіріс және өнеркәсіп;
  • ауылшаруашылығы;
  • рециклинг жолдары.
Рециклинг - Бұл өнеркәсіптік өндщіріске өнеркәсіп, құрылыс және тұрмыстық қалдықтардағы көптеген материалдарды қайтадан қайтара қолдану. 1.2 Қазақстанда «жасыл экономика» бағдарламасы бойынша жұмыстар үш негізгі кезеңде жүргізіледі: Біріңші кезеңде 2013-2020 жылдары мемлекеттің негізгі басымдығы ресурстарды тиімді пайдаланумен қоршаған ортаны қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сол сияқты «жасыл» инфрақұрылым құру болады.Екінші кезеңде барысында 2020-2030 жылдары қалыптасқан жасыл инфрақұрылым негізінде суды үнемдеп пайдалану, қалпына келетін энергетиканы дамытуды ынталандыру мен кеңінен енгізуді қолдау, энегетикалық стандарттыры негізінде құрылыс жүргізіледі.Үшінші кезеңде 2030-2050 жылдары ұлттық экономиканы «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» қағидасына көшу қарастырылған. Ол табиғи ресурстарды олардың жаңартылумен тұрақтылық негізінде қолданылуынпайымдайды. Тұжырымдама бойынша «Жасыл экономикаға»көшу шаралары мынандай бағыттар бойынша жүзеге асыралада: су ресурстарын тұрақты пайдалану, тұрақты және жоғары өнімді ауыу шаруашылығын дамыту, энергияны үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті арттыру, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаны ластауды азайту, экожүйелерді тиімді басқару. «Жасыл экономиканы» дамытудың жеті негізгі бағыттары:Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия кезеңдерін енгізу.Екінші бағыт – тұрғынүй- коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.Үшінші бағыт- ауыл шаруашылығы орканикалық егін шаруашылығы.Төртінші бағыт- қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру.Бесінші бағыт– су қорларын басқару жүйесін жетілдіру.Алтыншы бағыт- «таза» көлікті дамыту.Жетінші бағыт –экожүйелерді сақтау және тиімді басқару.«Жасыл экономика» кедей елдердің дамуына және бай елдердегі кедейлердің қысқаруына ықпал етеді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше мемлекет «жасыл экономикаға» көшуде мынадай міндеттерді шешу тиіс: -экологиялық салықтарды енгізу; -«қоңыр» өнеркәсіп үшінммемлекеттік субсидияларды азайтып, экологиялық талаптарды күшейту; «қоңыр» өнеркәсіп қазіргі күнгі дәстүрлі, яғни ресурстарды ысыраппен пайдалануды, өндірісте көміртектің көп пайдалануын білдіреді. - «Жасыл» өнеркәсіпке мемлекеттік инвиестициялар жасау; - жаңа «жасыл» технологияларды трансферметтеу мен енгізу.«Жасыл экономикаға» өткен елдерден мысал келтіретін болсақ: Оңтүстік Корея «жасыл өсімді» ұлттық стратегия ретінде қабылданған алғашқы ел боп отыр. Бұл стратегия шеңберінде негізінен үш элементке баса назар аударылады, олар өнеркәсіп, энергетика және инвестиция. Энергетикалық және басқа да ресурстарды минималды пайдалана отырып, өндірістік экономикалық қызмет ауқымы сақтау, қоршаған ортаға қысым жасауды минимумға жеткізу, инвестицияны табиғатты қорғау және экономикалық өсудің қозғаушы күшіне айналдыру мақсаттары қарастырылған. Швеция 2020 жылға қарай мұнай, көмір және газдан бас тартып, қалпына келуші ресурстар энергиясына көшуді жоспарлап отыр. Бразилия көліктің 80%қант қамыстарынан жасалған биоотынға көшіруді жоспарлауда. Тайвань күн батареяларын белсенді пайдаланып отыр. Жапония «Төмен көміртекті қоғам бағдарламасын» қабылдап, көміртектің шығарылымының төменгі деңгейін белгілеген. 2.1 БҰҰ сарапшылары Қазақстанда «жасыл экономиканы» енгізу үшін бес манызды секторды атап көрсетеді: - Энергия (электр энергиясы, жылуы, мұнау және газ) – Мұнайгаз секторы Қазақстанның маңызды саласы болып қалып отыр. Ол ЖҰӨ(Жалпы Ұлттық Өнімнің) 30% мен экспорттың 60% құрайды. Қазақстан «жасыл экономикаға» көщу үшін мұнайгаз секторына бірынғай сенім артудан арылуы керек; -Су - Қазақстан2015 жылға қарай су тұтыну көлемін қысқартуды басынқы бағыттардың бірі ретінде қарастырып отыр. Сонымен бірге, таза ауыз су тапшылығын елдегі халықтың 20% сезініп отыр, кейде су сапасы нормативтік талаптарға сай келмейді. Сумен қамтамасыз ету ЖҰӨ-нің 2%ғана құрайды. -Қалдықтар. Қалдықтар қайтара өндеу бар болғаны 20%. Үкімет 2020 жылға қарай қалдықтарды утилизатциялауды 70% жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі күні Қазақстан қауіпті қалдықтарды жинақтаудан Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің арасында екінші орында болып табылады. -Ауыл шаруашылығы, балық аулау және орман шаруашылығы. Аталған сектор көшет газдарының шығарылымының 10% құрайды. Ауыл шаруашылығы ұлттық ЖҰӨ 5% мен экспорттың 2% құралады. Қазақстан үшін бидай өсіру мен оны экспорттау ісі басыңқы болып қала береді, себебі біздің еліміз бидай экспорттаушы әлемдік бестікке енеді. -Көлік.Қазақстандағы тасымалдаудың басым бөлігі дизель, бензинге тиісті. Ол ең ауаны ластауға әсерін тигізеді. Тасымалдау секторы Қазақстанның ЖҰӨ 8%береді, сондықтан да елдің көлік әлеулетін арттыру маңызды болып табылады.«Жасыл экономиканың» дағдарысқа қарсы әлеулеті тұрғысынан ол жұмыспен қамтуды арттыру мен жұмыссыздықты азайтуға, шаруашылықтың басқа салаларында белсенділікті ынталандырып, рецессиядан тездетіп шығуға ықпал етеді. Мысалы, АҚШ-та дағдарысқа қарсы шаралар кешенінде жасыл секторға 12%, Германия мен Жапония 13%, Францияда 21%, Қытайда 38%, Оңтүстік Кореяда 80% тиесілі болады. Қорытынды. «Жасыл экономика» ұлттық экономиканың баюымен қатар, ЖҰӨ өсу қарқынын жылдамдатады. Ол кедейшілікті жою мен экологиялық ресурстарды сақтау арасындағы байланысты орнатады. Экологиялық экономика жаңа жұмыс оырндарының құрылуына ықпал етеді. Мұндай қоғамда жаппай өндіру болмайды және табиғи ресурстардың орнына «Жасыл Нано» технологиясы қолданылады. Мемлекетіміздің алтын капиталы саналатын адам деісаулығын жақсарту, әсіресе жас ұрпақтың тәнінде ақау,жанында кірбің юолдырмау мәселесі, ел болғалы бері Призидент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтып келе жатқан табанды тапсырмасы екендігін атап өткім келеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Біз экологияғабаса назар аудара отырып, ұлттық юәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешенің алдына-экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болуы міндетін қоямын» деді. Сондықтан бәріміз бірге жұмылып, елдің көркейіп дамуына өз үлесімізді қосайық!!!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
  • Қазақстан Республикасының « Жасыл экономикаға» көшуі туралы тұжырымдама
  • Анасимов С.П. « Зеленая экономика и электроэнергетика-2013г.
  • Мировая экономика и международное отношение 2014г.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!