Материалдар / Жемістер мен көкөністер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жемістер мен көкөністер

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетіндегі логопед маманының аңғарымы ЖСТД 1-деңгейдегі балалармен өткізілген ашық сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2022
763
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністер

Сабақтың мақсаты: баланың көкөністер мен жемістер туралы білімдерін жалпылау, жүйелеу: олар қайда өседі, қалай жиналады, қалай сақталады.


  1. Түзетушілік-білімділік:

«Жемістер мен көкөністер» тақырыбы бойынша сөздік қорын белсендіру және кеңейту.

балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыру

сөйлеу дағдыларын жетілдіру

сөздерді дұрыс қолда днуағдыларын жетілдіру

сөйлеудің грамматикалық құрылымын қалыптастыру

Аз-көп ұғымдарын түсініп, ажырата алуға үйрету.


  1. Түзетушілік-дамытушылық:

  • артикуляциялық моториканы дамыту.

қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

фонематикалық қабылдауды дамыту

өзін-өзі бақылау қабілетін дамыту

сөйлеу кезіндегі дем шығарудың ұзақтығы мен тегістігін дамыту

балалардың өз іс-әрекетін бағалау, жалпылау, қорытынды жасау, өз пікірін айту қабілеттерін дамыту

үйлесімді сөйлеуді дамыту;


  1. Түзетушілік-тәрбиелік:

  • қоршаған әлемге құрметпен қарау дағдыларын қалыптастыру.

өзін дұрыс ұстай білуге ​​тәрбиелеу


Сабақтың түрі: жеке

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, О.И.Крупенчук әдісі. Марблс әдісі

Көрнекіліктер: айна, аэробол, машинаның ойыншығы, жемістер мен көкөністердің муляждары, ағаш пен бақшаның суреті, магнитті жемістер мен көкөністер, балықтың ойыншығы мен қармақ, Марблс тастары,


І.Ұйымдастыру кезеңі


  • Баламен амандасу. Баламен әңгімелесу арқылы жағымды қарым-қатынас орнату

-Сәлем, балақай! Көңіл-күйің қалай? Қане, бір-бірімізге, келген қонақтарға күліп қарайықшы!


  • Психологиялық дайындық

Кел, балақай, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жрейік.


ІІ. Кіріспе бөлім


Педагог: Балақай, біз бүгін жемістер мен көкөністер туралы сабақ өтеміз. Мында қарашы, балақай! Мына машина бізге бау-бақшадағы жемістер мен көкөністерді жинап алып келіпті. Ой, мынау не? Иә, айна. Айна бізге не үшін керек? Айна тілімізге жаттығу жасау үшін. Қане, онда тілімізге жаттығу жасап алайық.


  • Артикуляциялық жаттығу


Балақай, алдымен тіліміз бен ернімізге жаттығу жасап алайық

«алма-бет»: Сен де бетәңді алма сияқты доп-домалақ жасашы (Екі ұртты үрлеу).

«өрікті ұртымызға тығамыз» (ұртты кезекпен ауаға толтыру: оң, сол)

«сопақ жүзім» (ерінді түтікше тәрізді алдыға созу)

«дәмді тосап» жемістен жасалған дәмді тосапты жедік. Енді ернімізді жалайық

«тіс тазалау» жеміске, дәмді тосапқа тойып алдық. Енді тісімізді тазалайық.

«бақа»: жеміске қарнымыз тойды. Күлімсірейік! Жарайсың балақай!


Тіліміз бен ернімізге жаттағу жасап болсақ, алдымыздағы қасықтарды алып, бетімізге массаж жасайық (О.И.Крупенчук әдісі)


  • Тыныс алу жаттығуы


Балақай, дұрыс тыныс алуымыз үшін алдымен тыныс алу жаттығуын жасап алайық. Ол үшін аэроболды алып, мұрынмен дем алып, ауызбен мына шарды үрлеп ұшырайық.

Мында қарашы қағаздардың астында жемістер мен көкөністер қалыпты. Қандай жеміс немесе қандай көкөніс екенін білу үшін қағаздарды үрлеп, жеміс пен көкөністің бетін ашайық. Ол үшін мұрымызбен терең дем алып, аузымызбен қағаздарды үрлейік.




ІІІ. Негізгі бөлім


Далаға қарашы. Далада күз мезгілі. Жапырақтар сарғайған. Күзде күн суық болады. Күз мезгілінде бау-бақшадан жемістерді, көкөністерді жинап аламыз. Жемістер ағашта өседі. Жемістер тәтті болады, олардан шырын, қақ, тосап жасаймыз. Көкөністер жерде өседі. Көкөністер тәтті болмайды. Оларды тек тамаққа қосамыз. Ал енді мына машина алып келген жемістер мен көкөністерді дұрыс атап, ажыратайық (Көкөністер мен жемістердің атауын дұрыс айту. Олардың жеміс не көкөніс екенін ажырату).


  • «Балық аулау» д/о


Шарты: қармақпен балықтарды аулау. Аулаған балықты алып, астындағы көкөністердің атын атау

Мақсаты: дәлдікке, тура көздеуге үйрету. Көкөністерді тануға, олардың атын дұрыс атауға үйрету.


  • «Дәмін тат, атын ата» д/о.


Шарты: бала көзі байлаулы күйінде жемістердің дәмін татып, қандай жеміс екенін ажыратады, сол жемістің суретін көрсетіп, атайды.

Мақсаты: дәм сезу, дәм ажыратуын арттыру.


  • Сергіту сәті


Алма баққа барайық

Алма теріп алайық

Ең үлкенін дәмдісін

Анамызға сыйлайық


  • «Ағашта, жерде » ойыны


Шарты: көкөністер мен жемістердің магнитті суретін алып атын атау. Оның жеміс не көкөніс екенін ажырату. Жеміс болса ағашқа, көкөніс болса жерге жапсыру.

Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажырата алуға, олардың атауын дұрыс атауға үйрету.



  • «Біреу-көп» д/о.


Шарты: суретке қарап жемістер мен көкөністердің аз-көп екенін ажырату

Мақсаты: Аз-көп ұғымдарын түсінуін, ажырата алуын дамыту.


  • «Түрлі-түсті тастар» ойыны

Шарты: жемістер мен көкөністердің суреттеріне түсіне сәйкестендіріп тастарды орналастыру

Мақсаты: Ұсақ саусақ моторикасын арттыру, түстерді сәйкестендіруін дамыту.



ІІІ. Қорытынды


  • «Жеміс-көкөніс» д/о.


Шарты: жемістер мен көкөністерді ажырату, жемісті себетке, көкөністі қазанға салу.

Мақсаты: жемістер мен көкөністерді ажырата алуын бекіту.


Педагог: Балақай сен бүгін тапсырмаларды дұрыс орындадың. Жемістер мен көкөністерді дұрыс ажырата алдың. Жарайсың, балақай! Саған мына шырынды сыйға тартамын.


  • Үйге тарсырма: Жемістер мен көкөністердің суретін бояу














Әдіскер______________________________Мукажанова Ж.Е.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!