Материалдар / Жемқорлықсыз болашақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жемқорлықсыз болашақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жемқорлық, пара, індет, ұят
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2020
526
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қол таза болса, арға жеңіл.

Арнайы агенттік құрылып, жыл сайын қазынадан қыруар қаржы бөлініп жатса да бой бермейтін, алдырмайтын бұл не дүлей? Әбден тамырланып, тұрмысымызға еніп, сөздік қорымыздағы рейтингі жоғары сөздер тізіміне кіріп алған бұл не құдірет? Жүздеген шақырымға созылған жолдардың жөнделмей, мыңдаған жол апаттарына жанама да, тікелей де себепкер болып жүрген бұл не пәлекет? Ішіміз сезген, сыртымыз төзген-жемқорлық. Абайдың:

-Болыс болдым, мінеки,

Бар малымды шығындап, - деп мысқылдайтын, Дулаттың:

-Параны жұтқан кесектеп,

Түспей жатып төсектен, - деп ашына әшкерелейтін, адам бойындағы аморальды қасиеттің көрінісі. Жоқ, қасиетсіздіктің көрінісі.

«2018 жылы Transparency International ұйымы сыбайлас жемқорлық бойынша көрсеткіш индексін жариялады. Онда Қазақстан 100 баллдан 31 ұпай жинап, 180 елдің ішінде 122-орынға тұрақтаған. Ал, биыл бұл көрсеткіш екі сатыға төмендеп, 124 орын болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекпаев Қазақстан сыбайлас жемқоррлықтың салдарынан соңғы үш жылда 40 млрд (!) теңгені жоғалтқанын айтты», - деп жазды Abai.kz ақпараттық порталы. Осы тектес, сарындас хабарларды құдайдың құтты күні көкжәшік сарнатып тұрады. БАҚ беттеріндегі мазмұндас мақалалардан көз сүрінеді. Бұл бізге белгілі болып жатқан қылмыстың бер жағы, бір парасы ғана. Түн баласы құшағына жасырған құпияның шеті, шегі көрінбейді-ау.

Көкөрім жас ұрпақтың санасында жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру, жиренішті, лас істен аулақ болуды дәріптеу, ғасыр індетіне қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында «Бозанбай орта мектебі» КММ барын салуда. «Адал ұрпақ» деп ұрандатқан бейнероликтер челленджі бүкіл мектепті қамтыды. «Antikor.live» жобасы аясында сыныптар арасында қашықтан «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында өткізілген суреттер байқауы мәресіне жетті. Шығармаға қойылған талаптарға сай келіп, мерейі үстем болған сыныптар төмендегідей орындарды иемденді:

  1. 5 «А»

  2. 5 «Ә»

  3. 6 «Б»

Мәселенің себебімен күрескеннен салдарын жою-ләзім іс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен биліктің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының жеті міндеті әрдайым назарда. Болашақ жастардың қолында десек, сол жастардың қолы таза болуы тиіс! «Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе, соңғы дөңгелектері сонда жүреді» - деген ойға балта шабу-шарт. Дамыған елдер тізімінде алдыңғы отыздыққа ақырын «жылжып» келеміз, жемқорлықсыз қоғамда «жылжымаймыз», «жүреміз».

Қол таза болса, арға жеңіл.

«Бозанбай орта мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қысатай Алибек Талғатұлы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!