Материалдар / Жер ғаламшарының көрінісі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жер ғаламшарының көрінісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жердің шарға ұқсайтынын анықтай алады; шардың физикалық қасиетіне бақылау жүргізе алады; жеке және топтық жұмыста өзінің сезімдерін жеткізе білуді әрі елестете алуды үйренеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қырқүйек 2018
717
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ























Жаратылыстану пәні

Сыныбы: 1 «в»Пән мұғалімі: Амержанова С.О.







2018 жыл

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Жер ғаламшарының көрінісіМектеп:
Күні :

Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сыныпҚатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты:Барлық оқушылар:жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пішінін анықтау;


Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдеріс­ терді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну.


Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Ресурстар:
  • шар;
  • доп;
  • глобус;
  • желім;
  • ойыншық кеме. Интернет-ресурстар:
  • Күтілетін нәтижелер:
  • Оқушылар:
  • Жердің шарға ұқсайтынын анықтай алады; шардың физикалық қасиетіне бақылау жүргізе алады;
  • жеке және топтық жұмыста өзінің сезімдерін жеткізе білуді әрі елестете алуды үйренеді.
  • Сабақтың мақсаты:1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау
    Сабаққа байланысты деректі материалдар

    Сабаққа қатысты ескертпелер

    Ерте заман адамдарын Жер ғаламшарының пі­ шіні қандай екені жөніндегі ой толғандырған.

    Ежелгі гректер біздің ғаламшарды жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген. Ал оның шетін Мұхит шайып тұрады деп ойлаған.

    Ежелгі Қытайда Жерді тегіс тіктөртбұрыш ретінде қабылдаған. Оның үстінде бағандар тіреп тұрған дөңес келген дөңгелек аспан орналасқан деп ойлаған. Аласұрған айдаһар дәл ортада орналасқан бағанды бұзып тастағаннан кейін Жер шығысқа қарайқисайған деп есептеп, осыған байланысты өзендер шығысқа қарай ағады деп ойлаған.

    Ежелгі Үндістан халқы Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен. Ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде, тасбақа жыланның үстінде орналасқан деп ойлаған, ал жылан шексіз сүтті мұхитта жүзіп келе жатыр деген тұжырым болған. Жылан сақина тәріздес жерді айналып жүреді деп ойлаған.



    Кіріспе тапсырма. Бүгінгі сабақта “Ғарыш әле­міне” саяхат жасайтындарын айтыңыз.

    Топқа бөлуІ топ- «Күн» тобыІІ топ- «Ай» тобыІІІ топ- «Жұлдыз» тобы Енді біз сендермен ғарыш әлеміне саяхатқа бармақпыз. Ол үшін бізге не керек? Зымыран, дұрыс айтасындар балалар. Күн тобы өздері зымыраннын суретін салып қояды. Жұлдыз тобы алдарында тұрған фигуралардан зымыранды құрастырады. Ай тобы алдарында тұрған қағаздардан зымыраннын макетин құрастырады. Жасаған зымырандарын аспан әлеміне баратын зымыран болады. Балалар сендерге қазір сегіз сұрақ қойылады, содан сұраққа жауап берген сайын жасырын сурет ашыла береді,

    Ең соңғы ашылған ғаламшар қалай аталады? Жер, дұрыс айтасындар.Жер қандай? Оқушылардың назарын сурет­терге аударыңыз. Ежелде адамдардың Жер ғалам­ шарын қалай елестеткені туралы айтып беріңіз. Неге олай ойлағаны туралы сұраңыз.

    Оқушылармен тәжірибелік жұмыс жүргізіңіз: қолдарына жалпақ табақ алып, үстіне ұсақ адамдар мен жан-жануарлардың макеттерін орналастыруды ұсыныңыз. Егер Жер осындай пішінді болса, қалай болар еді? — деген жетелеу сұрағын қойыңыз. Ертеде адамдар осы тәрелкедегі сияқты жердің шетіне шығып кетсе, онда басқа аймаққа өтіп кетеді деп ойлағаны туралы айтыңыз.





    Зерттейік. Сыныпты екі топқа бөліңіз. Жердіңдомалақ екенін әр топ зерттеу жүргізе отырып дәлелдейді.

    Бірінші топқа: Айдың тұтылу кезіндегі фотосу­­ ретін беріңіз. Оқушылардың назарын көлеңкеге аударыңыз. Тәжірибе өткізуді ұсыныңыз. Үстел шамы (Күн) мен бір парақ қағаздың (Ай) ортасына кезекпен пішіні әртүрлі заттарды: доп, қалам, кітап, өшіргішті қойыңыз. Қай заттың көлеңкесі домалақ болды? (Доп.) Оқушылар Жер шарға ұқсас деп қорытынды жасау керек.

    Екінші топқа: энциклопедиядан көкжиек, көк­ жиек сызығы туралы материалды беріңіз. Орындап болған соң әр топтың оқушылары алған білімдері­ мен және жасаған қорытындыларымен бөлісуі үшін ортақ талқылау жасатыңыз.

    Ойланайдарын оқып, тәжірибе өткізудіұсыныңыз. Алдымен ойыншық немесе қағаздан жа­ салған­ кемені партаның үстімен жүргізіп көріңіз.Суреттерге қара. Оқушыларға доп пен гло­бусты салыстыруға беріңіз де, мынадай сұрақтар қойыңыз:

    Мына доп пен глобус бір-біріне ұқсайды ма? Несімен ұқсас?

    — Қандай айырмашылықтары бар?Шардың сыртқы белгілері туралы сұраңыз:— Шардың пішіні қандай?Ол неге ұқсайды?— Шардың бұрыштары бар ма?

    Мұның алдында жасаған бақылаулары бойынша қорытынды жасауға жетелеңіз. Өздігінен тұжырым жасауға ұмтылған балаларды мақтаңыз.Жердің кішірейтілген үлгісін глобус деп атйды. Глобуске қараңдаршы не байқап тұрсындар? Түстері әртүрлі. Көбінесе қандай түс көп? Көгілдір. Көгілдір түспен нені бояға болады. Глобус туралы мәлімет беріп өтеді.Әр топ өздеріннің алдарында жатқан суреттерді қарап, жер ғаламшарына ұқсайтын суретті жер ғаламшарының маңайына жабыстырындар.

    Өмірде жер ғаламшарына ұқсайтын заттарды ата. Бұл тапсырманыжұппен орындауды ұсыныңыз. Ол үшін шар пішінді бірнеше дөңгелектің кескіні салынған парақтарды таратып беріңіз. Оқушылар жұбымен ақылдаса отырып, дөңгелектерді қандай да бір заттың немесе нысанның суретіне айналдырады, яғни суретті аяқтайды. Мысалы, ол сағат немесе доптың суреті болуы мүмкін. Қай жұп шарға ұқсайтын заттарды көп салғанына көңіл аударыңыз.
    Пәнаралық байланыс

    Қосымша тапсырмалар

    Математика. Шар —көлемді геометриялықпішін.





    Оқушыларға папье -машеден (қағаз массасынан жасалған қатты нығыз бұйым) шар жасауды ұсы­ ныңыз. Ең алдымен оқушыларды қауіпсіздік сақтау ережесімен таныстырып, желіммен және қайшымен жұмыс жасағанда, сақ болуларын ескерткеніңіз жөн. Шардың сыртына ұсақтап жыртылған қағаздарды желімдеп жабыстырып, Жер шарын жасаймыз. Шар кепкен соң сыртына құрлықтар, теңіздер, мұхиттар мен өзен-көлдерді бейнелейміз. Бұл тапсырманы топтық жұмыс ретінде ұсынсаңыз болады. Жұмыс барысын бақылаңыз, ынтымақтасып, бір -біріне қол-дау­ көрсетіп, шарды әдемілеп жасаған топтың жұ­ мысы сәтті болатынын ескертіңіз.Жердің моделін ермексаздан жасайды. Не байқағандарын айтады.
    Бағалау

    Оқушылар өздері өмір сүріп жатқан ғаламшар­ дың атын біледі.Ол қандай?Оқушылар Жер ғаламшарын сипаттайтын сөз­ дерді таңдап, ол сөздерді Күн сәулелеріне жазады.Негештің хаты. Оқушылар хатты оқу үшін О әріптерін сызып тастайды. Сонда “Жер” деген сөз қалады. Содан кейін “Жер шарға ұқсайды” немесе “Жер — бұл ғаламшар” деген сөйлемдерді жазуды ұсыныңыз.

    Оқушы Жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын білуі керек.Жердің пішіні. Оқушылардың бақылау жүргізу кезіндегі белсенділігі,­ тәжірибелік тапсырманы өз бетінше орындай алуы бағаланады. Оқушылар Жер­ дің пішіні тәрізді заттардың суреттерін таңдауы қажет. Тәрелкені­ таңдағанда: “Оның пішіні дөңес диск сияқты ма әлде шар тәрізді ме?” деп сұраңыз. Математика­ сабағынан: “Жазық қағаз бетінде кө­ лемді фигураларды­ көрсете алмағандықтан, шар пішіні дөңгелек болып беріледі” деп, оқушылардың естеріне салуға болады.
    Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!