Материалдар / Жеті модуль енгізілген тізбектелген сабақтар топтамасының есебі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жеті модуль енгізілген тізбектелген сабақтар топтамасының есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмек. Іс тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
414
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мұғалімнің тізбектелген сабақтар топтамасында Бағдарламаның жеті модулін еңгізу әдістемесін көрсететін тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары түсініктемесі

Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу мақсатында Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасында теориялық білім алдым. Бұл бағдарлама аясында жаңа форматтағы ұстаздардың сындарлы оқытуға үйретудің әдіс-тәсілдерімен, мақсатымен таныстым. Алғашқы бетпе-бет меңгерген теориялық білімді мектептегі тәжірибе кезінде жүзеге асыруға мүмкіндік алдым. Осы мақсатта мектептегі тәжірибеме 3 сыныбын таңдап алдым. 3 сыныбында қазақ тілі пәнінен «Жылдың төрт мезгілі» тақырыптағы тараумен жұмыстандым. Қысқа мерзімді жоспарымды құру барысында сыныпта «Оқытуды үйрететін» білім ортасын құруды назарға алдым. Қысқа мерзімді жоспарымды құру барысында жеті модульді де ескердім. Сабақтың өң бойында оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы көшбасшылық, оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды өзара байланыстыруға тырыстым. Сабақта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында психологиялық дайындықтан бастадым. «Ыстық орындық», «Рөлдік ойын», «Карта», «Алты қалпақ» әдістері арқылы сыныптағы оқушылар біріншіден өздерінің батылдықтарын, екіншіден үй тапсырмасын толық қамтып шығуға болатындығын айтып, өз ойларын кері байланыс парағында қалдырды. «Ойлан, бірік, бөліс», «АВС» әдісі арқылы мәтінмен танысып, жұптық әңгіме жүргізу тапсырылды. Мәтінді оқып болған соң, топтар мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қойып, өзара пікірлесті. Сонымен қоса топтық жұмыс арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болатынына көзім жетті. Бұл сындарлы оқыту теориясының тәжірибедегі айқын дәлелі еді. Сындарлы оқыту теориясы білім берудің ең озық түрі десем қателеспеймін. Болашақта осы бағдарламаны негізге ала отырып, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында шығармашылықпен жұмыс жасаймын деп ойлаймын.



Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасының ішіндегі бір сабақ жоспарының түсініктемісіАлғашқы бетпе-бет меңгерген теориялық білімді мектептегі тәжірибе кезінде жүзеге асыруға тырыстым. Осы мақсатта мектептегі тәжірибеме 3 сыныбын таңдадым. «Жылдың төрт мезгілі» атты тақырыппен жұмыстандым. Қысқа мерзімді жоспарымды құру барысында жеті модульді де ескердім. Сабағымның басында оқушылардың қызығушылықтарың ояту,түрлі ой тастау, психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Жүректен жүрекке» тренингін өткіздім. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, жылы лебіздерін білдіре отырып, осы күнге сәттілік тіледі. Сабағымда диалогтық оқытуды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар білім деңгейлерінің жоғарылауына ықпал ете отырып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын болжау барысында, түрлі сұрақтар қоя отырып, сабақты әрі қарай диалог арқылы жүргіздім. Сабағымның тақырыбы ашылғаннан кейін жаңа сөздерді меңгерту барысында оқушылардың нақты, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастырдым. Берілген мәтінмен жұмыс кезінде оқушыларымның деңгейіне қарай отырып, «Рөлдік ойын» әдісін пайдалану арқылы оқушыларымды топтық әңгімеге жетеледім. Бұл әдіс сыныптағы баяу, енжар оқушының сабаққа қатысуына жол ашты. Үлгерімі төмен оқушыларыма кестемен жұмыстану барысында берілген сөйлемнің дұрыс құралуын орындатып, дарынды оқушыларыма жыл мезгілдерінің ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату барысында Венн диаграммасын орындатқыздым. Топтық жұмыстар кезінде оқушылардың сыни ойлаулары дамып, бірігіп жасалынған жұмыстарын олар өз беттерінше талдап, бірін-бірі бағалады. Өз жұмыстарың сынып алдында қорғауға алып шыққанда өздерін еркін, көңілді сезінді. Сонымен қоса оқушыларыма өзін-өзі реттеу жұмыстарын жүргізу қажет деп ойладым. Өздері орындаған постерді таныстырар кезде оқушыларыма от шашу мен шапалақ әдістерін қолдандым. Тапсырма соңында екі топ бірін -бірі берілген дескрипторға қарай отырып, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалады. Сабағымның соңында «10 сұрақ» әдісін қолданып, сыныбымда жағымды ахуал қалыптастырып, өздерін еркін ұстауға, өз ойларын ұялмай айтуға, бір-бірімен достық қарым-қатынаста болуға қол жеткіздім деп ойлаймын.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!