«Жетім және ата ана
қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие
оқушылардың ортаға бейімделуі»
Әріпжан Гүлмира
Нұрланқызы
Қызылорда қаласы, №287
орта мектебінің әлеуметтік
педагогі
Аннотация:
Мақалада жетім және ата-ана
қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесі
бар (аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан, ерекше қажеттілігі
бар) оқушылардың мектеп ортасына бейімделуінің өзекті мәселелері
қарастырылады. Бейімделу процесін тиімді ұйымдастырудағы әлеуметтік
педагогтің рөлі, қолдау әдістері мен қазіргі заманғы тәсілдері
ғылыми негізде талданады.
Қазіргі білім беру жүйесінде
оқушылардың әлеуметтік бейімделуі мен психологиялық әл-ауқатын
қамтамасыз ету өзекті мәселе ретінде қарастырылады. Әсіресе,
ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен әлеуметтік жағынан осал
топтағы оқушылар ерекше назарда болуға тиіс. Бұл топтағы балалардың
тұлғалық дамуы мен әлеуметтену процесі күрделі жағдайда өтеді және
кәсіби қолдауды қажет етеді.
Мектеп – тек білім беретін
орын ғана емес, бұл – әр балаға тірек, сенім мен қолдау ортасы.
Әлеуметтік осал топтағы балалар, әсіресе жетімдер мен қамқоршысыз
қалғандар, көп жағдайда ерекше қолдауға мұқтаж болады. Олар оқу
процесінен бұрын, алдымен әлеуметтік ортаға бейімделуі
тиіс.
Қазіргі таңда білім беру
жүйесінің маңызды бағыттарының бірі - әлеуметтік осал топтағы
балалармен жұмыс жасау, олардың мектеп ұжымына, қоғамға бейімделуін
қамтамасыз ету. Әсіресе, жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған
балалар мен әлеуметтік мәртебеге ие (аз қамтылған, көпбалалы
отбасынан шыққан, ерекше қажеттіліктері бар, мигрант
отбасыларындағы және т.б.) оқушылардың ортаға сәтті бейімделуі -
әлеуметтік педагог қызметінің басты міндеттерінің бірі болып
табылады.
Мәселенің
өзектілігі
Жетім және ата-ана
қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесі бар
оқушылар көп жағдайда психологиялық күйзеліске ұшырайды, өз
қатарларынан оқшаулану сезімін бастан өткереді. Бұл олардың оқу
процесіне, өз-өзіне деген сеніміне және болашаққа көзқарасына кері
әсерін тигізеді. Мұндай оқушыларға мектеп – тек білім орны емес,
сонымен қатар психоэмоциялық қолдау ортасы болуға
тиіс.
Бұл санаттағы балалардың
негізгі ерекшеліктеріне тоқталсақ:
-
психоэмоциялық жарақаттардың
болуы;
-
өзін-өзі бағалаудың
төмендігі;
-
өз ортасында қабылданбау
қорқынышы;
-
жалғыздық
сезімі;
-
қоғамға
сенімсіздік.
Мұндай балалардың кейбірі
тұйық, енжар, сабырлы көрінгенімен, ішкі жан дүниесінде үлкен
алаңдаушылық пен тұрақсыздық болуы мүмкін.
Ортаға бейімделу процесінің
ерекшеліктері
Мұндай балалардың әлеуметтік
ортаға бейімделуі төмендегі факторларға
тәуелді:
-
Отбасылық қолдаудың болмауы
немесе әлсіздігі;
-
Қарым-қатынас дағдыларының
жетілмегендігі;
-
Психологиялық
жарақаттар;
-
Құрдастар тарапынан қабылдамау
немесе мазақ ету;
-
Мұғалім мен мектеп ұжымының
назарынан тыс қалуы.
Бұл мәселелерді шешу үшін
әлеуметтік педагогтердің жүйелі, мақсатты және кешенді жұмысы
қажет.
Әлеуметтік педагог
жұмысының бағыттары
Әлеуметтік педагог жетім және
әлеуметтік осал топтағы балалармен жұмыс барысында келесі
бағыттарды ұстануы тиіс:
Диагностикалық
жұмыс: баланың психоэмоциялық
жағдайын, бейімделу деңгейін анықтау;
Психологиялық-педагогикалық
қолдау: жеке әңгімелесу, топтық
тренингтер өткізу;
Тәрбие
жұмысы: өз-өзіне сенімділікті арттыру,
құндылық бағдарларын қалыптастыру;
Әлеуметтік
қолдау: әлеуметтік көмекке бағыттау,
құқықтарын қорғауға жәрдемдесу;
Құрдастар арасындағы
қарым-қатынасты нығайту: инклюзивті ойындар, бірлескен
жобалар арқылы бейімдеу;
Отбасымен (немесе қамқоршылармен) және
мұғалімдермен бірлесе жұмыс істеу.
Әлеуметтік педагогтің жетім
және әлеуметтік осал топтағы балалармен жұмыс барысында
қоланатын тиімді әдістері мен
тәсілдері:
-
Арт-терапия, құм терапиясы, ертегі
терапиясы – ішкі эмоцияларды сыртқа шығаруға мүмкіндік
береді.
-
Рөлдік
ойындар – әлеуметтік рөлдерді
меңгеруге, қарым-қатынас орнатуға
көмектеседі;
-
Менторлық
жүйе – әр балаға үлкен сынып
оқушысын немесе педагогты тәлімгер ретінде
бекіту;
-
Тренингтер мен шеберлік
сабақтары – өмірлік дағдыларды дамытуға
бағытталған.
-
Отбасы және мұғаліммен
жұмыс – ата-аналармен немесе
қамқоршылармен байланыс орнату, сынып жетекшілерімен тығыз
бірлесу.
Сонымен қатар, әлеуметтік
педагог әр оқушының: құқығын қорғаушысы, сенімді кеңесшісі, орта
мен бала арасындағы көпірі бола білуі керек. Мектептегі жалпы
психологиялық ахуал, оқушылар арасындағы қарым-қатынас, ұстаздардың
көзқарасы – бәрі бұл процесте үлкен рөл
атқарады.
Отандық және шетелдік
тәжірибе
Қазақстанда «Бала құқықтары
туралы» Конвенция, ҚР «Білім туралы» Заңы және инклюзивті білім
беруге арналған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде әлеуметтік
осал топтағы балаларға қолдау көрсетіледі.
Шетелдік тәжірибеде (мысалы,
Финляндия, Германия) бейімделу процесі мектепішілік психологиялық
орталықтар мен әлеуметтік қызметкерлердің белсенді жұмыс істеуі
арқылы іске асады.
Қорытындылай
келе, жетім және әлеуметтік
мәртебесі бар балалардың мектеп ортасына бейімделуі – кешенді
қолдауды қажет ететін әлеуметтік-педагогикалық процесс. Бұл бағытта
әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігі, ұжыммен өзара
іс-қимылы, балаға бағытталған тұлғалық көзқарасы – басты шарттардың
бірі. Мектеп ішіндегі қолайлы әлеуметтік орта қалыптасқанда ғана
мұндай оқушылар өз әлеуетін толық аша алады, қоғамға бейімделген,
белсенді азамат ретінде қалыптасуға мүмкіндік
алады.
Әлеуметтік мәртебесі бар
оқушылармен жұмыс – мектептегі әлеуметтік педагог қызметінің
маңызды, әрі жауапты саласы. Баланың тұлға ретінде қалыптасуында
ортаға бейімделуінің маңызы зор. Сондықтан педагогтер мен мектеп
ұжымы баланың психоэмоциялық халін, оның қоршаған ортаға деген
көзқарасын үнемі бақылап, қолдау көрсетіп отыруы қажет. Жүйелі,
бағытталған жұмыс арқылы біз әр баланың өз орнын табуына және
бақытты болашағына жол аша аламыз.
Әлеуметтік мәртебесі бар
балалардың ортаға бейімделуіне көмек көрсету – бір күндік жұмыс
емес, бұл – ұзақ мерзімді, мақсатты әрі жүйелі жұмысты талап ететін
процесс. Мұндай оқушыларға дер кезінде қолдау көрсету – олардың
болашағына жол ашу, қоғамға толыққанды тұлға болып қалыптасуына
үлес қосу деген сөз.
Біз, әлеуметтік педагогтер,
осы жолда өз кәсіби борышымызды терең сезініп, жүрекпен жұмыс
істеуіміз қажет.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. ҚР «Білім туралы»
Заңы.
2. Бронфенбреннер У. «Экология
человеческого развития».
3. Рубинштейн С.Л. «Основы
общей психологии».
4. Мұқанова Б.Ж. «Әлеуметтік
педагогика негіздері».
5. Әлеуметтік педагогика.
Оқулық.- Алматы: 2012,-272 бет.
6. Әлеуметтендіру тарихында
ата-анасының тәлім-тәрбиелік орны, ұлт тағылымы. №3, 2003, 17
бет.
8.Әлеуметтік педагогиканың
өзекті мәселелері.