Материалдар / Жетім көрсең жебей жүр
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жетім көрсең жебей жүр

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жетім балалр туралы.Қазақ халқы жетімін ар қащшанда жебеп қолдау көрсеткен.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қырқүйек 2018
410
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖЕТІМ КӨРСЕҢ ЖЕБЕЙ ЖҮР!Шыдамдыны мына өмір ұнатады,Бірде қуантып, бірде жылатады,Сүріндіріп кейде сені құлатады.Жылатып тұрып жұбатады.Дұшпандарға кейде сені сынатады,Қатал тағдар бірақта шыдатады,Мына өмір бірақта қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу.Өмір дегеналланың берген сыйы.Өмірдің ащы да, тәтті кезеңдері боладыұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы ,жарқын өмір сүруі тиіс. "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген сұраққа, жетім балалар үйін көре отырып, әлі де ойланбайтын адамдар көп екеніне көз жеткіздік. Өзіне ғана құлшылық етіп, мінсіз мойнұсынуды әмір еткен Алла тағаланың кітабы Құран Кәрім де, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сара жолы сүннеті де, жетім-жесірге қамқорлық жасауға, жетімдердің басын сипап, көңілін аулай жүруге шақырады. Менің бұл мақаланы жазу себебім ұстаздық жолында балаларға сабақ барысында оларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеп отырмыз. Осы жолы іс жүзінде қайырымдылық жасап жетім балаларға мейірім сыйлауды жөн көрдік.Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпасқызы Назарбаеваның «Өзін –өзі тану махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік жоспарына сүйене отырып, мектеп ұстаздары және оқушыларымен «Жетім көрсең жебей жүр» атты қайырымдылық ақциясы ұйымдастырылды. Ақцияға барлық ұстаздар, оқушылар жоғары деңгейде ат салысып, ата-бабаларымыздың «қазақ жетімін жылатпаған» ұранын ұстанды. Осы мақсатта мектеп балаларына болашақта өміріне немқұрайлы қарамай, жүректері мекірімге, сүйіспеншілікке толсын деген мақсатпен Ақтау қаласы №2 жетім балалар үйіне барып, көздері жәудіреген балалардың жүзіне күлкі сыйлап, ол балалармен түрлі ойындар ойнап, бір үйдің балаларындай ойнап көңіл көтердік десем артық етпес.Тағдыр тәлкегіне ұшырап, өмірлері бір арнаға тоғысқан бүлдіршіндермен жүздесулер қатты әсер еткен болуы керек, осы жазбаны жазуды ұйғардым.  Халқымызда ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің деген сөз бар ғой. Дұрыс-ақ. Дегенмен, ата-ананың қадірін әлдеқайда ерте түсінген жандар болса, олар әрине "жетімдер". Жетім сөзінің түпкі мағынасы «жалғыздық». Жалғыздық құдайға ғана тән демекші.Қазіргі қоғамда шетелдік азаматтардың жетімдерді асырап алуы көптеп кездесуде. Бұл тақырып жалғыз мені ғана емес, жетімдердің жағдайына алаңдаулы барша жанды толғандырары анық. Бүгінде республикамызда жүз елуден астам жетімдер үйі бар. Жыл сайын қазағымның қара домалақ ұлдары мен қара көз қыздары шетелдік азаматтардың қамқорлықтарына ие болуда. Міне, сондықтан да әрқайсымыз күнделікті кездесіп жатқан түрлі жағдайлар үстінде жетімдерге, тек оларға ғана емес, бір-бірімізге сыйластықпен қарап, жылы жүрек танытқанымыз абзал. Яғни, жетімдердің көбеймеуіне әрқайсымыз үлес қосуымыз керек. Ол дегеніміз, үлкеніміз кішімізді адасушылықтан сақтандырып, имандылыққа баулуымыз қажет. Барлық жақсылықтар тек имандылықтың, адамгершілік пен мейірбандықтың арқасында болады.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!