Материалдар / Жиілік полигоны 7- сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жиілік полигоны 7- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2021
408
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

Статистика элементтері

Педогогтің аты-жөні

Данияров Дамир Даниярұлы

Күні

20.01.2021

Сынып 7

Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Жиілік полигоны

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.4.4.6 таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсету;

7.4.4.7 кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдау;

Сабақтын мақсаты

Барлық оқушылар :

Эксперимент жасай алады

Көптеген оқушылар:

Негізгі терминдерді түсінеді.Абсолюттік жиілік кестесін құра алады.

Кейбір оқушылар:

Жиілік кестесін неге және не үшін түсінеді

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педогогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу

Түгендеп шығу.


  1. Үй тапсырмасын сұрау.


  1. Жаңа сабақ түсіндіру

Оқушылар сабаққа зейінін аударып дайындалады






2- минут

Үй тапсырмасын тексеру

Жауабы

  1. 8

  2. 12

24-13=11



Сабақтың ортасы

15 мин

Жаңа сабақ

Түсіндірме бөлімі

Диаграммалар – статистикалық мәліметтердіңқұрылымын және құбылыстардың динамикасын көрсететін көрнекі графиктік кескіндер.

Гистограмма – сан осінде орналасқан және мәліметтердің әртүрлі мәндерінің жиілігін көрсететін бағанды диаграмма.

Полигон – мәліметтер жиілігін сынық кесінділер түрде көрсететін диаграмма түрі.

Жиілік полигоны(математикалық статистикада) - бір

кездейсоқ шаманың ықтималдық тығыздығын графикалық түрде ұсыну тәсілі.

Жиілік полигоны– сызықтық диаграмма, абцисса осіне xі – варианттары, ал оларға сәйкес жиіліктері ордината осіне салынады. Осы нүктелерді(xі; ni) тізбектеп, кесінділермен қоссақ деректерді тарату полигонын аламыз

Мысалы: Жасөспірімдер жасаған телефон қоңырауларының санын зерттеу үшін, жетінші сынып оқитын 50 оқушыдан сұхбат алынды.

«Сен кеше қанша қонырау шалдың?»сұрағына мына жауаптарды алдық:

саны

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

жиілік

5

8

12

9

6

3

3

2

1

0

0

1


Берілген кесте бойынша абсолютті жиілік полигонын салайық.(слайд №11):

( Жиілік полигонын салу кезінде Оу және Ох остеріндегі масштабтары тең бола алмайды, өйткені бұл остерде тең емес деректер келтірілгеніне мұғалім оқушылардың назарын аударады. Ох осінде қонырау саны көрсеитілген, ал Оу осінде – жиілік).


Оқушылар түсіндірілген мысалды дәптерлеріне жазып алады


Оқулық

видео

10 минут

Тапсырма 1

13; 15;13; 12; 12; 12; 13; 14; 13; 15; 13; 12; 12; сандар қатарының арифметикалық ортасын, модасын және құлашын табыңдар

  1. Берілген мәліметтер үшін вариациялық қатар құрастырыңдар.

  2. Қатарға кіретін варианталадың абсолюттік және салыстырмалы жиіліктерін табыңдар.

  3. Таңдау нәтижелерін жиілік полигоны арқылы көрсетіңдер

Жауабы

А.о=

Модасы 12және 13

Құлашы- 15-12=3

Н

12

13

14

15

Аж

5

5

1

2

С ж

5/13

5/13

1/13

2/13


Тақта мен жұмыс

Тапсырма 2

Кездейсоқ таңдама нәтижесінде 8- сыныптардың 30 оқушысының бой ұзындықтары белгілі (сантиметрмен алғанда): 160, 165, 163, 166, 168, 165, 168, 170, 165, 165, 165, 165,164, 168, 165, 164, 161, 162, 164, 166, 165, 166, 167, 164, 163, 168, 167, 167, 165, 162. Осы таңдау үшін вариациялық қатар құрастырыңдар. Вариациялық қатар бойынша абсолюттік және салыстырмалы жиіліктері кестесін құрастырыңдар және мына сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Оқушылар бойы ұзындығының ең кіші және ең үлкен мәндері қандай?

  2. Бойы ұзындығы 168 см болатын оқушылар қанша пайызды құрайды?

  3. Таңдауда оқушылар бойының қандай ұзындығы жиі кездескен?

Жауабы

  1. Ең аз ұзындық – 161 см. Ең көп ұзындық – 170 см

  2. 2/15·100 =13 1/3

  3. 165 см


Кітаппен жұмыс

Бекіту кезеңі

5 мин

Сұрақ жауап

  1. Абсолюттік жиілік дегеніміз?

  2. Салыстырмалы жилік қалай аламыз?

  3. Варианта?

  4. Вариациялық қатар қалай құрастырылады?

Жауап

  1. Вариантаның қанша рет бақыланғанын көрсететін сан вариантаның абсолюттік жиілігі

  2. Абсолюттік жиілігін бақылаудың жалпы санына бөлсек

  3. Вариациялық қатардың әрбір мүшесі

  4. Өсу немесе кему ретімен орналасады


Оқушының іс-әрекеті:

Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді

Сабақтың соңы

3-5 минут

Үй тапсырмасы

Мектеп өмірінен вариациялық қатар құрастырыңдар, абсолюттік және салыстырмалы жиіліктерін, олардың қосындысының мәндерін табыңдар.

«П» - «плюс»

Сабақта не ұнады, қандай да бір мақсатқа қол жеткізу үшін пайдалы ақпарат, жұмыс формалары немесе оң эмоция жазылады.

«М» - «минус»

Сабақта не ұнамады, не қызықсыз болды, жаман әсер қалдырды немесе қай ақпарат, сіздің болжамыңыз бойынша өмірлік жағдайларды шешуге қажетсіз екені жазылады

«Қ» - «қызықты»

Сабақта болған барлық қызықты фактілер және осы мәселе бойынша тағы не білгіңіз келеді, мұғалімге қойылатын сұрақ жазылады.





























Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министірлігі

КММ «Жарсу орта мектебі»







Сабақ жоспары

Тақырыбы: Жиілік полигоны

7- сынып

Алгебра

Пән мұғалімі: Данияров Дамир Даниярұлы







2020-2021 оқу жылы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!