Материалдар / Жоба 7 санының қасиеті
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жоба 7 санының қасиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал қазақ халқының салт дәстүріне байланысты жобалық жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2018
735
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

7 санының құпиясы

Кіріспе

Біз, бүгін 7 санының сырын ашып, пайда болу кезеңін қарастырамыз. Соған қол жеткізу үшін қазақ халқының қазынасына терең бойлап, қасиетті 7 санының құпиясын ашып, тарихын білу мақсатында төмендегідей міндеттер қойылды:
7 санымен байланысты материлдар жинастыру
7 санының шығу тарихын анықтау
қасиетті 7 санының өмірде алатын орнын түсіндіру
Жалпы таным проблемасымен байланысты ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, 7санымен келген тұрақты сөз оралымдары өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.
Уақыттық және белгілі бір қоғам мен оның мүшелерінің ұстанымдары, өлшемдік қалып-күй талаптары мен әрекеттері тұрақтанып дамып жатады, олардың қалыптасқан күйі дәстүрге айналады. Дәстүр- халықтың ұзақ өмірінде қалыптасып, сұрыпталған жақсы қасиетерінің тұтас бітімі, көзқарасы, түсінігі, шындықты тану өрнегі. Дәстүрге халықтың әдет- салты, күнделікті тіршілігінің ауқымы, адамдардың қалыптасып үйренген мінез-құлқы- бәріде кіреді. Олар жинақталып келіп, ұлттық белгілерді анықтайды, ұлттық сипатты танытады.
Наным-сенімге қатысты киелі ұғымдар негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған.
Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы, о баста бескүндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы деңгейі бірдей емес. Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады. Екіншіден, сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, қазақ халқының ерекше мәнде қолданылатын жеті саны. Әсіресе осы санның тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.

1.Жеті санының киелігі неде?
Көне заманнан санның адам өміріндегі алатын орны ерекше. Ертеде адамдар әр санның өзіндік ерекше қасиеттері бар деген; бір сан бақыт пен табыс әкелсе, ал басқасы тағдырдың қатты соққысын шақырады.
Жеті жарғы, жеті нан құдайы ,жеті тиын садақа беру, жеті қабат жер асты,
түнде жеті қарақшыны көрсең, жеті қараңғы түнде адаспассың, жеті, жеті...
Жеті - ең керемет санның бірі болып есептеледі. Ол кеңістік пен уақытта өз билігін жүргізеді. Жеті - рухани тұрақтылық, киелі сан. Барша халық жеті санына ерекше көңіл аударған. Қазірде 7 санын аузымыздан тастамаймыз.
Ерте заманда жеті саны сапалы, мүлтіксіз дегенді білдірген, яғни ғарыштың мүлтіксіз күйі. Сөздің түбірі жет Жолыңды табысты аяқта! (бұл сандық бата) және Жоспарлаған сапарға сәтті жет!. Ал басқаша жасырынды сандық жобасы - Z. Z – зет қазақша қайырымдылық.
Егер оның төменгі бөлігін алып тастаса, Z – 7 саны пайда болады. 7 таңбасы адам жанының жерден үзілуін білдіреді, яғни көкке жетуі. Бұл таңба қазақтардың сенімі бойынша Ақ аруақтың (о дүниеге кеткен жанның) сандық мағынасын білдіреді. Олар О дүниеден бұл дүниеге келіп, ұрпақтарының қиын - қыстау жағдайларында қолдау көрсетіп жүреді екен. Сондай – ақ киелі адамның қолындағы асатаяқта 7 таңбасына іспеттес.


2. Қасиетті 7 санының халық сенімінде қалыптасқан қағидасы.
Жеті деген санды қадірлеу көне заманнан басталады, қасиетті сан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша-бір аптада жеті күн бар, демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады.
Жеті күн
1.Дүйсенбі
2.Сейсенбі
3.Сәрсенбі
4.Бейсенбі
5. Жұм
6.Сенбі
7.Жексенбі
Аспан әлемінде жеті шырақ:
1.Күн
2.Ай
3.Меркурий
4.Сатурн
5.Қызыл жұлдыз (Марс)
6.Мүштәри(Юпитер)
7.Шолпан- жеті құдай атымен байланысты болыпты.

Имандағы жеті парыз:
1. Алланың барлығына сену. 2. Періштелерге сену. 3. Кітаптарға сену. 4.Пайғамбарларға сену. 5. Ахиретке сену. 6. Жақсылық, жамандық Алладан деп сену. 7. Өлгеннен кейін тірілетінге сену.

Жеті тозақ:
1. Сағир – жалғаншылар түсетін жайы. 2. Лазо – зекет бермейтіндер жайы.
3. Сақар - намаз оқымайтындар жайы. 4. Жаһим – нәпсіге берілгендердің жайы. 5. Жаһаннам – екі жүзділердің жайы. 6. Хауия – Аллаһтың бұйырғандарынан бас тартушылардың жайы. 7. Хатома – адамдардың арсына ірткі салушылар жайы.

Жеті түрлі іс сәтсіздікке ұшыратады:
Күдік-күман. 2. Сиқыр. 3. Тойымсыз нәпсі. 4. Өсімқорлық. 5. Жетімнің ақысын жеу. 6. Жаумен шайқасқанда қашу. 7. Ерлі-зайыптыларды орынсыз сөгу.

Әйелдердің жеті түрлі пиғылдары:
1. Атқа мінуді көксеу. 2. Аматқа қиянат жасау. 3. Өзінің еріне қанағат қылмау.
Намаз оқымау. 4. Жылтыраған киімдерге құмарту. 5. Маймылға ұқсап әркімге күліп қарау. 6. Пиғылы есекке ұқсау. 7. Көршілерін өсекпен ұрыстыру.

Жеті жұт
1. Құрғақшылық
2. Жұт (мал қырылу)
3. Өрт
4. Оба
5. Соғыс
6. Топан су
7. Зілзала (жер сілкіну)

Жеті жоқ
Жерде өлшеуіш жоқ
Аспанда тіреуіш жоқ
Таста тамыр жоқ
Тасбақада талақ жоқ
Аллада бауыр жоқ
Аққуда сүт жоқ
жылқыда өт жоқ

Жеті жетім
Тыңдамаған сөз жетім
Киюсіз тозған бөз жетім
Иесіз қалған жер жетім
Басшысы жоқ ел жетім
Аққу – қазсыз көл жетім
Жерінен айырылған ер жетім
Замандасы қалмаса – бәрінен де сол жетім

Жеті ғалам.
Күншығыс
Күнбатыс
Түстік
Терістік
Жоғарғы ғалам (аспан)
Орта ғалам ( жер)
Төменгі ғалам ( жер асты)









Мөлдір тауындағы жеті әулие аналар:
1. Шүміш әулие ана. 2. Мария әулие ана. 3.Рахима әулие ана. 4. Гульфайруз әулие ана. 5. Зәуре әулие ана. 6. Хадиша әулие ана. 7. Райнаму әулие ана.

Жеті ғашық:
1.Ләйлі – Мәжнүн. 2.Фархад – Шырын. 3. Таһир – Зухра. 4. Арзу – Камбар. 5.Уәлик – Ғарра. 6.Уәки – Күлшаһ. 7. Жүсіп – Зылиқа.

Жан-жүйені жадырататын жеті жәйіт:
1. Әкімдердің шарапаты. 2. Ғұламалардың шариғаты. 3. Байлардың салауаты. 4. Кедейлердің қанағаты. 5. Үлкендердің ұлағаты. 6. Жастардың инабаты.
7. Азаматтардың ар-ұяты.

Жегідей жеген жеті кесел:
1. Сыбайлас жемқорлық. 2. Мафия. 3. Парақорлық. 4. Бюрократтық. 5. Рэкетерлік.
6. Маскүнемдік. 7. Жезөкшелік.

Жігіттің жеті қазынасы
Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.
Құмай тазы - бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі
Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы
Ау жылымы – амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті себі тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің.

Жеті ата:
1.Тек ата. 2. Түп ата. 3. Баба. 4. Арғы ата. 5. Ата. 6. Әке. 7. Бала
Қазақ халқының санасында жеті саны сонау ерте заманнан қасиетті саналатыны белгілі. Мысалы қазақтар жеті атадан асқанша құда болмаған.

Адамның жеті дене мүшесі
Бас
2-3. Екі қолы
4-5. Екі аяғы
6. Кеуде
7. Іш
7 санына деген құрмет халық ауыз әдебиетінде де көрніс тапқан. Мысалы Ер Төстік ертегісінде
Жеті аяқты жиренің –
Кәрі бие құлыны,
Табанынан тас батса,
Маңдайынан күн өтсе,
Жеті күнге жарамас .
Мақал –мәтелдер, тұрақты сөз тіркестерін де кездестіреміз.
Жетіге келгенше жерден таяқ жеу
Жетімнің қарны жетеу
Жетіскеннің жеті әлпі
Жерден жеті қоян тапқандай
Жігітке жеті өнерде аз
Жеті атасын білмеген жетесіз -
Ит жеті қазынаның бірі
Бәрімізге белгілі ұлттық мерекемізде қолданылатын заттар, әшекейлер мен киетін киімдер де жеті түрлі. Осы мерекенің дәстүрлі тағамы Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады. Бұл мереке қазақ халқының қонақжайлығы мен жомарттығын көрсетеді.

Жет ген ( жетіген) – жеті ішекті музыкалық аспап.





























Қорытынды

Ел мен тарихын терең білуге үндеп, қайта-қайта жадына салып, қазақ халқының көз алдындағы көкке бой созған тарихының астарын ашып, жеті санының шығу тарихына үңілдік.
7 санының шығу тарихы мен сан туралы наным-сенімдерге қарай , оларды саралай келе, қазақ халқының ой санасына қалыптасқан сенім мен құрметтің сырын білдік.


























Дарынды балаларға арналған ДОҒЗАО Восток мектебінің 4А сынып оқушысы Дюсенбай Дильназдың тақырыбы: 7 санының құпиясы ғылыми жобасына
Пікір
Қазіргі таңда орыс мектебінің оқушысы үшін мемлекеттік тілді жетік білуге тырысу барысында жасалған жобаның қазақстандық азамат үшін өзекті болып отыр. Оқушы жұмыс барысында халықтың ауыз әдебиетімен және тарихымен танысқан. Көптеген әдебиеттер оқыған. Наным-сенімге қатысты киелі ұғымдар туралы, 7 санына қатысты материалдар жинақтаған. Киелі 7 санының шығу тарихын нақтылы ашып көрсеткен. Ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, 7санымен келген тұрақты сөз оралымдарын саралаған, ойын тұжырымдап, көздеген мақсатына қол жеткізді. Тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғанын, мысалдар арқылы көрсете білген.
Бұл ғылыми жоба білімділік пен тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде, қызығушылығын арттыруда тіл байлығын байытуда үлкен маңызы бар. Мектеп оқушыларына осы ғылыми жобамен таныса отырып, оны меңгеру өте қажет.





Жетекші:
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елубаева Д.С.


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарынды балаларға арналған Восток дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы кешең –орталығы коммуналдық мемлекеттік мекеме.






Жоба тақырыбы: 7 санының құпиясы




Бағыты: Қазақ тілі мен әдебиеті




Орындаған: Дарынды балаларға арналған Восток
ДОҒЗАКО 4 А сынып оқушысы
Дюсенбай Дильназ.


Жетекші: Елубаева Динара Серикболовна 2-ші санатты
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі.












Өскемен қаласы, 2017 жыл
Қолданылған әдебиеттер
1.Кенжеахметұлы Сейіт Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті
Алматы Алматыкітап ЖСШ 2006
2.Алтынсарин Ы. Бастауыш мектеп журналы. А; 2000 ж
3 Асылов Ұ, Нұсқабай Ж. Әдептану. А; 2002 ж
4. Әлімқұлов Б, Әбдіраманов Е. Күйеу келтір, қыз ұзат – тойыңды қыл. А; 1994 ж
5. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. А; 1994
6. Ерсарыұлы Наурызбай. Еңбекке баулу хрестоматиясы. А; 2000 ж
7. Қалиев С, Оразбаев М, Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. А;1999 ж






















Мазмұны
Аннотация 4
Кіріспе 5
1.Жеті санының киелігі неде? 6
2. Қасиетті 7 санының халық сенімінде қалыптасқан қағидасы. 6
Қорытынды 9
Қолданылған әдебиеттер 10
Қосымша 11 Қосымша 12
Қосымша 13
Қосымша 14
Қосымша 15





















Аннотация

Қазақ халқының қолданысындағы 7 санының құпиясын ғылыми тұрғыдан саралау - қазақ халқының жеті деген санды қадірлеуін, яғни қасиетті сан болып есептелеуін анықтау негіз болып отыр. Наным-сенімге қатысты халықтың көкейінде ұялаған киелі ұғым-ның сырын ашу негізінде ізденістер жүргізілді.
7 саны тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.
Сондықтан бұл тақырып өзекті, себебі 7 санының құпиясын тереңірек талқылап, халықтың тарихын білуде атқарылатын жұмыстың мәні өте зор.
Қазақ халқының қазынасына терең бойлап, қасиетті 7 санының құпиясын ашып, тарихын білу барысында міндеттер төмендегідей қойылды:
7 санымен байланысты материлдар жинастыру
7 санының шығу тарихын анықтау
қасиетті 7 санының өмірде алатын орнын түсіндіру
Бұл жұмыста халықтың ауыз әдебиетімен және тарихымен танысқан. Көптеген әдебиеттер оқыған. Наным-сенімге қатысты киелі ұғымдар туралы, 7 санына қатысты материалдар жинақтаған. Киелі 7 санының шығу тарихын нақтылы ашып көрсеткен. Ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, 7санымен келген тұрақты сөз оралымдары саралаған , ойын тұжырымдап, көздеген мақсатына қол жеткіздік.
Жеті деген санды қадірлеу көне заманнан басталып, қасиетті сан болып есептелгенін тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғанын, мысалдар арқылы көрсете білген. Жұмысты қосымша сабақта пайдалану, оқушылардың қызығушылығын арттыруда тіл байлығын байытуда еңбектердің маңызы бар.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!