Материалдар / Жоба: Кейс технология
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жоба: Кейс технология

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоба: Кейс технологиясы. Логопедиялық жұмыстың мақсаты мен мазмұны баланың сӛйлеу тілінің бұзылуының себептерін анықтап, сонымен қатар сақталған функцияларын орнына келтіру, дамыту мүмкіншіліктеріне негізделеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2022
297
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бӛлімінің
№3 бӛбекжай - бақшасы МКҚК

«Мектепке дейінгі ұйымдарға
кейс технологиясын
инновациялық әдістердің бірі
ретінде енгізу»

Логопед: Қҧралбаева Қарлығаш Наурызбайқызы

КІРІСПЕ
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың «Білім біліктілікке жеткізер
баспалдақ, ал, біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп білім мен
біліктілік жайлы айтқан ойы содан бері ғасырдан астам уақыт ӛтсе де
ӛз құнын жоғалтпай келеді.
Балаларымыздың сапалы білім алуында қашанда білікті ұстаздардың
атқаратын рӛлі орасан зор екені сӛзсіз. Осы орайда, баланың бойына
кішкентай кезінде себілген білім мен тәрбие нәрі оған ӛмір бойы азық
болатыны анық. Бұл ретте, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің
педагогтарына жүктелетін жауапкершілік жүгі ауыр. Бүгінгі таңда білім
беру саласында қаралып жатқан кӛптеген мәселелер ауқымы мектеп

жасына дейінгі мекемелерді де қамтып, балабақшалардағы тәрбие мен
білім беру ісінің мазмұнын жаңарту талап етілуде. Елбасымыз биылғы
Жолдауында да білім беру ісіне жете мән беріп, ұстаздық мамандықтың
беделін кӛтеру, сапалы білім берудің жаңаша стандарттарын енгізу
жайлы айтқан болатын.
Осы орайда жоба бағдарламасы бойынша баланы мектепке дайындау
барысында олардың тіл мүкістігін зерттеуге, оны түзетудің теориялық
және

әдістемелік

мәселелерін

кейіс

технологиясының

әдістерін

пайдалана отырып құрастырды.
Логопедиялық жұмыстың мақсаты мен мазмұны баланың сӛйлеу
тілінің бұзылуының себептерін анықтап, сонымен қатар сақталған
функцияларын орнына келтіру, дамыту мүмкіншіліктеріне негізделеді.
Сӛйлеу патологиясын зерттеу және түзету жұмыстары XIX
ғасырдың орта шенінен бастап жүргізіле бастады. Логопедияның ғылым
ретінде қалыптасуы Ф.А. Рау, М.Е. Хватцев, О.П. Правдина, Р.Е.
Левинаяның есімдерімен тығыз байланысты.

ӚЗЕКТІЛІГІ

Балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін
анықтау бойынша логопед мамандардың қызметі.

Логопедтің алға қойған мақсаттары мен міндеттері

Тіл бҧзылысының тҥрлері мен оны тҥзету
жҧмыстарының әдістемесін анықтау;
Мектепке дейінгі ҧйымдарға кейс технологиясын
инновациялық әдістердің бірі ретінде енгізу;
Логопед маманның ата – аналармен
жҧмыс жҥргізу тәртібімен таныстыру;

Жоба мазмҧнындағы бірізділік ҧстанымды ҧстау.

Маңыздылығы:
Қазіргі таңда тілі кеш шығатын немесе әріптерді анық айта

алмайтын немесе мүлдем айта алмайтын балаларды жиі кӛреміз.
Мұндай ақауларды түзетуде логопед маманның рӛлі орасан зор.
Логопедтер тілдегі кемістікті түзетуге, әріптерді дұрыс дыбыстауға,
анық және қатесіз сӛйлеуге үйретеді.
Сӛйлеу тілі бұзылыстарының механизмін түсіну және түзету
процесінің

заңдылықтарын

анықтау

үшін

жоғары

психикалық

функциялардың динамикалық оқшалануы, сӛйлеу тілін ұйымдастыру
жайындағы білім ӛте маңызды болып табылады.
Сӛйлеу тіліндегі ақаулықтарды дұрыс түсініп және тиімді ықпал
жасау үшін оны жоюдың ең ұтымды және үнемді жолын таңдау керек.
Сӛйлеу тілі жүйелерінің қай бӛлігінің ақауланғанын анықтай білу және
тексеру барысында алынған мағлуматтарды сапалы талдау қажет.
Сӛйлеу тілінің бұзылуын анықтау теориялық және тәжірибелік

тұрғыдан маңызы зор мәселе болып табылады. Тіл кемістіктерін
түзетуде ата-аналардың да белсенді қатысуы ӛте маңызды. Сондықтан
да,

балалармен

үй

жағдайында

ойындарды ӛткізуге кӛңіл бӛлу шарт.

логопедиялық

жаттығуларды,

Мақсаты: мектепке дейінгі білім мекмесіндегі балалардың
бейімделуіне

барынша

ыңғай

таныта

отырып,

балабақшаға
тілдік

емес

функциялардың кемістіктерін және тілдік бұзылыстарды дер кезінде
анықтау, негізгі қасиеттерді қалыптастыру арқылы барлық сфераларды
(қозғалыс, дем алу, сенсорлық және т.б.) дамыту, тәрбиелеу және түзету
жолдары кӛмегімен сӛйлеу тіліндегі бұзылыстарды түбегейлі жою.
Міндеті:


тіл

бұзылысы

бар

баланың

анықтап,

баланың

жеке-дара

ерекшеліктерін, тіл бұзылысының түрін ескере отырып жағымды
психофизиологиялық жағдайда жан-жақты түзету жұмысын жүргізу;


әр баламен

жүргізілетін

жұмыстың

негізгі

бағыттарын

және

логопедтік-түзету жұмыстарының бағытын анықтау;


дұрыс сӛйлеу демін, ырғақ пен сӛйлеудің мәнерлілігін қалыптастыру;



фонематикалық қабылдау мен дыбыстық анализ бен синтез дағдыларын
жетілдіру;



жүйелі сӛйлеуге үйрету;



сӛйлеу

тіл

бұзылыстарының

педагогикалық

диагностикасының

әдістерін ӛңдеу, құрастыру.
Күтілетін нәтижелері:
• Логопед жұмысының маңыздылығы мен негізгі қағидалары анықталады;
•Балалардың сӛйлеу тілінің дамуының заманауи халықаралық әдістемелері
енгізіледі;
• Мектепке дейінгі мекеме

мен ата – ана

және логопед маманының

арасындағы байланыс нығая түседі;
• Мектепке дейінгі білім беруде кейс-технологиясы бойынша кӛрнекі
құралдар дайындалады.

Дайындық кезеңі
Негізгі кезең

Қорытынды кезең

ДАЙЫНДЫҚ
КЕЗЕҢІНІҢ ЖОСПАРЫ

1

Балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін
анықтау бойынша логопед мамандардың қызметі

2

Логопед мамандарға кейс технологиясын ұсыну

3

Сӛйлеу тілінің бұзылуын анықтау

4

Тіл бұзылысы бар балалардың түзету
жұмыстарының инновациялық әдістері

5

Мектепке дейінгі балалармен артикуляциялық
жұмыстарды жүргізу

6

Тыныс алу жаттығулары – әдемі сӛйлеудің, денсаулық
кепілінің басты негізі.

7

Саусақ жаттығуы арқылы салауатты ӛмір салтын
қалыптастыра отырып, балалардың сӛйлеу тілін
дамыту

8

Ертегі терапиясы арқылы баланың тілін дамыту

9

"Логопед маманының ата-аналармен қарымқатынасы"

10

Тәрбиешімен бірге баланың даму құзіреттілігін
қалыптастыру.

11

Музыка жетекшісімен бірге баланың
ЛОГОЫРҒАҚТЫҚҚА машықтандыру.
"Тіл кемшілігі бар балалардың тілін түзеудегі
логоритмика жаттығуларының маңызы"

БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН
АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЛОГОПЕД МАМАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Логопед - сӛйлеу ақаулықтарының барлық түрлерімен айналысатын
кең профильді маман.
Даму
жұмысының

мүмкіндіктері
мазмұнына

шектеулі
қойылатын

балалармен
қазіргі

түзете-дамыту

таңға

сай

жоғары

талаптарды іске асыруда ең алдымен логопедтің тұлғалық қасиеттері
ӛте маңызды. Ол әлеуметтік және ұйымдастырушылық белсенділігімен

ерекшеленіп, балаларды сүйіп, ӛз мамандығына берілген болуы керек.
Логопедке педагогикалық шығармашылықтағы елес, бақылаушылық,
жауапкершілік қажет. Қазіргі заман маманы мәдениеттің, қоғамның,
рухтық құндылықтардың жеткізушісі, тек қана педагог емес, ең
алдымен, новатор, зерттеуші, шығармашылдық тұлға болуы керек.
Қазіргі заман маманына ойлаудың жаңа сапалы стилі қажет. Қазіргі
таң әрекеттердің алуан түрлі аяларында жылдам және тиімді шешім
қабылдауды, түзету шараларын уақытылы жоспарлап және болжамдау
білігін талап етеді. Осының барлығы жалпы әдістемелік ұстанымдарды
бағдарлағанда ғана қолжетерлік болады. Сондықтан ойлаудың дәл сол
әдістемелік мәдениетін заманға сай маманның жалпы интеллектуальдік
мәдениетінің құрамының бірі ретінде қарастыру қажет.
Логопед, ғылыми-зерттеу жұмысының біліктерін меңгере отырып,

сол

біліктілігін

педагогикалық

жағдайларды

шешуде,

қабылдаған

шешімдерді негіздеуде білікті қолдана білуі керек.
Арнайы білім беру жүйесінің педагогтарын теоретикалық дайындау
классика университетінің жағдайында, медициналық, психологиялықпедагогикалық, лингвистикалық (жалпы және арнайы педагогика, жалпы
және арнайы психология, оқытудың арнайы әдістемелері, логопедия,
невропатология, психолингвистика, сӛйлеу тілінің психологиясы және

т.б.) пәндер циклдарын оқыту негізінде іске асырылады.
Арнайы және кәсіби пәндерді оқу барысында болашақ мамандар
балалардың қалыпты және ауытқып дамуының теоретикалық және
жаратылыс-ғылыми

негіздері,

олардың

жас

бойынша

даму

ерекшеліктерін, бала тұлғасының қалыпты және атипиялық жағдайда
қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерді меңгеріп шығады.
Балабақшаның арнайы топтарындағы, сӛйлеу тілінің кемістігі бар
балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердегі жұмыс.
Арнайы топтарда түзету жұмысын оңды ұйымдастыру сӛйлеу
тілінің бұзылысы қаншалықты дұрыс және уақытылы зерттелгеніне,
ауырлығына және түзету оқу қызметтерінің басталуына байланысты.
Сӛйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды уақытында айқындап,
оларды топтарға дұрыс бӛлу және арнайы оқыту – балаларды оқыту мен

тәрбиелеуде оңды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді және
олардың мектепте ары дамып оқуына жағымды жағдайлар туғызады.
Сӛйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға арнайы мектепке дейінгі
мекемелерде

сӛйлеу

тілінің

түрлі

ақаулықтары

бар

балаларды

дифференциалды түрде оқыту және тәрбиелеу іске асырылады.
Сӛйлеу тілінің әртүрлі бұзылыстары бар балаларды оқыту және
тәрбиелеуде дифференциалды кӛзқарасты іске асыру үшін, мектепке
дейінгі мекемелерде топтар құрылады:
 жалпы сӛйлеу тілінің дамымауы бар балаларға арналған (3-6 жас);
 сӛйлеу тілінің фонетика-фонематикасы жетілмеген балаларға
арналған топтар (5-6 жас);
 жеке дыбыстарды айту бҧзылыстары бар балаларға арналған
топтар (5-6 жас)

 тҧтықпасы бар балаларға арналған топтар (2-6 жас).
Жалпы сӛйлеу тілі дамымаған балалар топтарында балалармен
жалпы білім беру мектебінде немесе сӛйлеу мүмкіндіктері шектеулі
балаларға арналған мектептерде оқытуға дайындық жұмысы жүргізіледі.
Фонетика-фонематикасы жетілмеген балалар топтарында және
жеке дыбыс айту бұзылыстары бар балаларға арналған жалпы мектепке
дейінгі

білім

беру

мекемелерінде

оқытуға

дайындық

жүргізіледі.

Тұтықпасы бар балаларға арналған топтарда балаларды жалпы білім
беру мекемелерінде немесе ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған
мекемелерде оқытуға дайындық жүргізіледі. Сӛйлеу тілі кемістігі түзеле
салысымен балалар жалпы білім беру балабақшаларына ауыстырылады.
Балалар топқа келген алғашқы екі аптада оның сӛйлеу тіліне
логопедиялық тексеру жүргізіледі. Баланың фразалық сӛйлеу тілі бар-

жоғы айқындалады, сӛйлеу тілін түсінуіне, лексикалық, грамматикалық
талдауға,

дыбыстық

талдау,

жинақтау

жасауға

дайындығы,

фонетикалық ӛнделуіне, сӛздің буындық құрамының қалыптасқандығы
артикуляциялық аппараттың құрамы мен қалыптылығына назар
аударылады.
Тексеруді аяқтап, логопед топ тәрбиешілеріне әр баланың сӛйлеу тілі
дамуының негізгі кемістіктері (сӛйлеу тілі дамуында айтарлықтай
ауытқулары бар балаларды), ерекшеліктері туралы айтып, әсіресе
түзете оқыту мазмұны туралы тиянақты түрде түсіндіреді. Логопед
оқытудың

әр

кезеңдерінде

балалардың

сӛйлеу тіліне

қойылатын

талаптарды белгілейді. Әр педагог дыбыстың қате айтылуы, сӛйлеу
тіліндегі грамматизмдер неден тұратынын жақсы түсініп, сӛйлеу тілі
бұзылысының сипатын, сӛйлеу тілі дамуының динамикасын нақты білуі

керек.

ЖОСПАРҒА САЙ ЖЫЛЫ БОЙЫ ЛОГОПЕД
ТӚМЕНДЕГІДЕЙ ҚҦЖАТТАР ТОЛТЫРАДЫ

жҧмыстың алдын ала жоспары;
топтық, шағын топтық, жеке оқу қызметінің жоспарлары;

Алдын ала жоспар қҧрғанда логопед ескеруі керек:

тәрбиешілермен әңгімелесу, кеңестер жҥргізуді;
логопедтің ересектер және мектепалды даярлық топ балаларының
сӛйлеу тілін тексеруді;
логопедтерге, жалпы білім беру және тҥзету топ тәрбиешілеріне
арналған ашық логопедиялық оқу қызметтер жҥргізуді;
ауыр тіл кемістігі бар балаларды, басқа мамандарды шақырып
(психоневролог, тәрбиеші, музыка жетекшісі) кеңес алып тексеру;
педкеңестер, семинар, кеңестер, әдістемелік бірлестіктерге,
жиындарға, конференцияға қатысу;
ата-аналармен байланыс, жеке әңгімелесулер, ата-аналардың
жиналысын ҧйымдастыру т.б.

ЛОГОПЕД МАМАНДАРҒА КЕЙС ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҦСЫНУ
Кейс-

технологиясы



қашықтықтан

кеңес

беруін

аудиовизуалдық,

мультимедиялық

оқытушылардың
ұйымдастыру

дәстүрлі
кезінде

оқу-әдістемелік

және

мәтіндік,

материалдарды

жинау және оларды пайдаланушылардың ӛз бетінше меңгеруі үшін
жіберуге негізделген.
Кейс - технологиясы (ағылшынның case – потрфель) оқытудан
жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.
Кейс стади әдісі – логопед мамандардың креативті ойлауын
дамытып,

оқу

қызметінің

мазмұнын

ерекше

шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.

Кейс - технологияға арналған материалдар
тҥрлері мыналар:

Әдістемелік нұсқаулар

Жұмыс дәптері

Анықтама

Оқу, аудио, бейне
материалдар

құруға

ЛОГОПЕДИЯДА КЕЙС – ТЕХНОЛОГИЯСЫН
ҚҦРУДЫҢ САТЫЛАРЫ

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ СӚЙЛЕУІН ТЕКСЕРІП, СӚЙЛЕУ
КЕМІСТІГІМЕН ДЕҢГЕЙІН ЖӘНЕ ОНЫ ТҤЗЕТУ ӘДІСТЕРІН АНЫҚТАП,
ДЫБЫС ШЫҒАРУ БҦЗЫЛЫСЫНА ТИІСІНШЕ ТҤЗЕТУ ЖҤРГІЗУ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРМЕН
АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ
ЖҦМЫСТАРДЫ ЖҤРГІЗУ

БАЛАНЫҢ СӚЙЛЕУ КЕЗІНДЕГІ ДҦРЫС ТЫНЫС
АЛУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

БАЛАНЫҢ САУСАҚ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУ

ТӘРБИЕШІМЕН БІРГЕ КҤНДЕЛІКТІ БАЛАНЫҢ ДАМУ
ҚҦЗІРЕТТІЛІГІНЕ ЖІТІ БАҚЫЛАУ ЖАСАП, ӚЗАРА
БАЙЛАНЫС ЖҦМЫСЫН ЖҤРГІЗУ

СӚЙЛЕУ ТІЛІ ЖАЛПЫ ДАМЫҒАН БАЛАНЫҢ ТІЛІНЕ
КОРЕКЦИЯЛЫҚ ТҤЗЕТУ ЖҦМЫСЫН ЖҤРГІЗУ БАРЫСЫНДА
АТА – АНАМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА БОЛУ

БАЛАНЫҢ ТІЛІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН
АРТТЫРУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

СӚЙЛЕУ ТІЛІНІҢ БҦЗЫЛУЫН АНЫҚТАУ
Сӛйлеу тіліндегі ақаулықтарды дұрыс түсініп және тиімді ықпал
жасау үшін оны жоюдың ең ұтымды және үнемді жолын таңдау керек.
Сӛйлеу тілі жүйелерінің қай бӛлігінің ақауланғанын анықтай білу және
тексеру барысында алынған мағлуматтарды сапалы талдау қажет.
Сӛйлеу тілінің бұзылуын анықтау теориялық және тәжірибелік
тұрғыдан маңызы зор мәселе болып табылады. Анықтау немесе
диагностикалау барысында тек сӛйлеу тілінің бұзылу түрі ғана
анықталып қоймайды, сонымен қатар түзету-логопедиялық жұмысын
мақсатты, нәтижелі ұйымдастырудың жағдайлары анықталады.
Диагностикалық іс-әрекеті - түрлі тексеру тәсілдерін пайдалану
үрдісінде сӛйлеу жүйесінің әртүрлі компонентерінің бұзылуын анықтау
мен қатар, оның сипаты, денгейі, күрделілігі және болашақ мүмкіндігі
анықталады.

Тексерудің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
ата-ана мен педагогпен әңгімелесу және қҧжатармен танысу
барысында баланың тәрбие жағдайы мен дамуын анықтау;
жетекші әс-әрекетінің денгейін анықтап жас мӛлшеріне
сәйкестендіру;
танымдық процестерінің, эмоционалдық тҧлғалық
ерекшеліктерін анықтау;

байланыстырып сӛйлеуін анықтау;

тіл жҥйесінің компоненттерін меңгеру
денгейін анықтау

Логопедиялық

тексеру

барысында

алынған

мағлуматтарды

жинақтап, талдап, сӛйлеу тілінің бұзылуын анықтауда толығымен
келесі қағидаларға сүйену қажет:

-даму қағидасы;

-жүйелік;

-сӛйлеу тілінің
бұзылыстарын психикалық
дамудың басқа жақтармен
байланысты кӛрсету.

Логопедиялық тексеру қағидалары
Логопедиялық тексеру қағидасын-педагогтың ӛзінің диагностикалық
және

коррекциялық

іс-әрекетінде

негізгі

теориялық

ұстамдарды

басшылыққа алуы деп түсіну қажет.
Диагностикалық және коррекциялық жұмысты ұштастырудың
басты теориялық негізі Л. С. Выготскийдің, А. Н. Леонтьевтің, Д. Б.
Элькониннің еңбектерінде қарастырылған компенсаторлық және даму
заңдылықтары, баланың дамуының қозғалтқыш күштері туралы ілімдері
болып саналады.

Тексерудің бірнеше қағидалары белгілі:
1. Жүйелі тексеру қағидасы сӛйлеу тілінің әр
түрлі компонентерінің: дыбыстық,
фонематикалық, лексикалық, лексикалық
грамматикалық жағының жүйелі байланысына
негізделген.
2. Кешенді ықпал – сӛйлеу, интеллектуалдык,
танымдық іс-әрекетінің
мағлұматтарымен қатар кӛру, есту,
қимыл сферасы, соматикалық жағдайы,
жүйке жүйесінің ерекшеліктерін ескеру
болып табылады.
3. Іс-әрекеттік қағида. Аталған қағиданың іске
асыру - түзету жұмысының мақсатын, бағытын
анықтап, түзету тәсілдерін, жұмыс барысында
қолданатын іс-әрекет түрлерін (ойлау, оқу,
танымдық) анықтауға мүмкіндік береді.

4. Динамикалық тексеру қағидасы- баланы оқыту
процесінде бақылап, тексеріп оның потенциалдық
мүмкіндіктерін анықтауды кӛздейді.

5. Онтогеникалық қағида. Тексеру және түзету
жұмысын ұйымдастыруда баланың онтогенезде
сӛйлеу тілінің, психикалық даму заңдылығын
ескеру.
6. Сӛйлеу тілінің бұзылуын тексеру және
түзету жұмыс барысында алынған
мағлұматтарды сапалы талдау қағидасы
динамикалық тексеру қағидасымен тығыз
байланысты. Барлық аталған қағидалар ӛзара
тығыз байланысты және бұл қағидалар түзету
жұмысында кеңінен қолданылады

Логопедиялық тексеру түрлері

терең
ҥстірт
жеке
топпен
Логопедиялық тексерудің кезеңдері
1 кезең

Бағдарлау кезеңі

2 кезең

Сӛйлеу тілін және іс-әрекетін бағдарлау кезеңі

3 кезең

Оқу барысында баланы динамикалық бақылау және
сӛйлеу қорытындысын анықтау кезеңі

Логопедиялық тексерудің әдістері

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ

ЭМПИРИКАЛЫҚ

СТАТИСТИКАЛЫҚ

ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛЫҚ

Балалардың сӛйлеу тіліндегі кемшіліктерді
анықтаудың тәсілдері
Сӛйлеу тіліндегі ақаулықтарды дұрыс түсініп және тиімді ықпал
жасау үшін оны жоюдың ең ұтымды және үнемді жолын таңдау керек.
Сӛйлеу тіліндегі мүкістіктің ішкі сырының ерекшелігін және оның
ауқымдылығын анықтай білу қажет. Сӛйлеу тіл жүйелерінің қайсы
бӛлігінің ақауланғанын талдай білу қажет. Сӛйлеу тілнің мүкістерінің
ерекшелігі мен оның күрделілігіне байланысты әрбір нақтылы жағдайға
сәйкес тапсырмаларды пайдаланып тексеру ішінара жекеленген болу

керек. Бірақ қандай жағдай болмасын кейбір негізгі талаптарды естен
шығармау қажет. Сӛйлеу тілінің мүкістерін талдауға жүйелі тәсілді
қолданудың, сӛйлеу тілінің қайсы бӛлігінің бұзылғанын анықтап қана
қоймай, сонымен бірге оның басқа бӛлімдерімен де қандай байланысының
бар екенін шамалауға мүмкіншілік беретін ерекшелігімен маңызды.
Мысалы, сӛйлеу тіліндегі дыбыстардың бұзылуы ӛз бетімен дербес болып
келуі белгілі, бірақ ол кӛп жағдайларда сӛйлеу тілінің фонетикалық
жағын, ал кейде, тіпті фонетика-фонематикалық және лексикаграмматикалық жақтары сияқты жалпы дамуын да қамтитын
бұзылудың күрделі нышанын білдіретін ақаулықтарға сай келуі мүмкін.

Осының барлығы тексеру барысында ашылуы керек.
Бірақ, логопедиялық жұмысында бұл әрдайым ескеріле бермейді, осы
уакытқа дейін ақаулыққа қолданылатын әрекеттер оның ең жиі
кӛрінетін сыртқы белгісіне қарап белгіленеді, оның басқа бӛлімдерімен
байланысы ашылмайды, нәтижесінің қандай болатыны, қандай зардапқа
әкеліп соғуы мүмкін екені ескерілмейді. Мысалы, сӛйлеу тілі дыбыстарын
естіп қабылдауының, ажыратуының жеткіліксіз дамуы жекелеген
дыбыстардың айтылуындағы бұзылуына және баланың фонематикалык
түсінігінің кешеуілдеп қалуына себепші болуы мумкін. Сондай-ақ ол сӛйлеу
тіліндегі дыбыстардың талдауының қалыптаспауына, демек оқуы мен
жазуын менгеруіне де әсер етуі мүмкін. Жоғарыда кӛрсетілгендей, сӛйлеу
тілі бұзылуының әрбір кӛрінісі бір мезгілде басқа да бұзылулардың
шығуына себепші болуы мүмкін. Бұл жағдай сӛйлеу тілі мүшелерінің

қайсы бӛлігінің бұзылғанын анықтағаннан кейін, соған қатысты басқа
мүшелері қандай жағдайда екенін байқап кӛріп, тексерген кезде назарда
болу қажет.
Сӛйлеу тілі құрамын, дыбыстардың айтылуын, сӛздік қорын,

грамматикалық

құрылысын,

қолданылатын тәсілдерге
Тәсілдің

немесе

әдістің

жазуы

және

мен

нақтылы

қайсысын

оқуын

тексерген

әдістерге

болмасын

кезде

тоқталамыз.

әйтеуір

біреуін

қолданғанымен сӛйлеу тілі бұзылуының ерекшелігі туралы бірден
қорытынды жасауға болмайды. Тек тексерудің нәтижесін салыстыру
және талдау арқылы сӛйлеу тілінің ақаулығы туралы анық айтуға
болады.
Сӛйлеу тілін тексермес бұрын ата-аналармен әңгіме ӛткізу қажет.
Әңгімелесу

барысында

баланың

қандай

аурумен

ауырғаны,

жара-

қаттанғандығы және сӛйлеу тілінің дұрыс қалыптасуына зиянын

тигізетін тәрбие жағдайы анықталады (анамнез жинақтау). Атааналардың берген мәлімдемелері баланың сӛйлеу тілі бұзылуының
кӛрінісін түсінуге жәрдемін тигізеді.
Сӛйлеу тілі ақаулыктарының шығу себептерін дұрыс анықтау үшін,
логопед баланың сӛйлеу тілінің қалай дамығандығын кӛз алдына келтіру
керек. Сондықтан, баланың тілі қай жасынан бастап шыққаны, бірінші
сӛзді қашан айтқаны және сӛздің басын құрап сӛйлеуді қашан бастағаны,
одан ары қарай сӛйлеу тілінің қалай дамығандығы, мектепке барардың
алдында оның сӛздік қорының және грамматикалық құрылысының
шамасы қалай қалыптасқандығы туралы мәліметтерді ата-аналардан
сұрай отырып жинау қажет.
Ата-аналармен әңгімелесу кезінде баламен күнделікті қатысып,
араласып жүрген адамдардың тілдерінің дамуындағы деңгей шамалары

туралы, олардың арасында сақаулары және бірнеше ұлтттың тілдерін
араластырып сӛйлейтіндерінің бар-жоктығын, сонымен бірге, баланың
сӛйлеу тілінің дұрыс дамып қалыптасуына ортаның қандай ықпал
тигізгендігін анықтайды. Ең маңыздысы, бала ӛзінің сӛйлеу тілінің
ақаулығын

түсіне ме

және оған

баланың кӛзқарасы қандай, яғни

уайымдайма соны білу керек. Сонымен бірге ата-ананың логопедтен
бұрын кеңес алғанын және қандай нәтиже бергенін анықтау керек. Егер
бала бұған дейін балалар мекемелерінің қайсы біреуінде тәрбиеленген
болса, онда ата-ананың берген мәліметтері педагогикалык мінездемемен
толықтырылады.
Сӛйлеу

тілінің

бұзылуы

есту

қабілетінің

нашарлауына

кӛп

байланысты. Бұл екі келеңсіздіктің бірімен-бірі тығыз байланысты
екеніне ата-аналар кӛңіл аудармайды, сондықтан да логопедтің алдына
ӛтінішпен барған кезде баланың нашар еститінін кӛбінесе ескертпейді.
Сондықтан сӛйлеу тілін тексермес бұрын оның есту қабілетінің

дұрыстығына кӛз жеткізіп алу керек. Егер баланың есту қабілеті
жӛнінде отоларингологтан анықтама болмаса, онда оны логопед ӛзі
тексереді. Есту қабілетін сыбырлап сӛйлегенді ұғынуын талдау арқылы
тексереді. Жеке сӛзді немесе қысқа сӛйлемді баланың құлағының түбінен
бастап бірде қатты, бірде ақырын, бірде сыбыр дауыспен кезек-кезек
біртіндеп алыстатып айта отырып есту қабілетінің шамасын әр түрлі
қашықтықтан тексереді.
Есту кабілеті дұрыс бала, логопедтің 6-7 м. жерден сыбырлап
айтқан сӛзі мен қысқа сӛйлемін жақсы естиді және қайталайды. Бала
логопедтің сӛзін теріс қарап тұрып қайталайды. Баланың есту кабілетін
жақыннан бастап, сосын ара қашықтығын біртіндеп алыстата отырып
тексереді. Тексеру жүргізетін бӛлменің бұндай сынаққа ыңғайы келмесе,
онда логопед керекті қашыктыққа сәйкес келетіндей етіп теріс қарап

тұрып сӛйлеп тексереді.
Құлағының жеңіл мүкістігі бар бала бір қалыпты дауыспен сӛйлеген
сӛзді 6-дан 8 метрге дейінгі, ал сыбырлаған сӛзді 3 метрге дейінгі
қашықтықтан

естиді.

Құлағының

мүкістігі

ауыр

баланың

есту

қашықтығының алшақтығы қысқарады және соған лайық сыбырлаған

сӛзді анық естуі мен оны қайталауы қиындайды. 1 метрге жетпейтін
қашықтықта

сыбырлаған

сӛзді

анық түсіне

алмаса,

онда

есту

мүкістігінің ауыр екендігін кӛрсетеді.
Тексеруге кірісерде логопед ең алдымен баланың сӛйлеу тілінің
толықтығы,

анықтылығы,

ырғақтығы,

жатықтығын

толығымен

түсініп алуы керек.
Мектеп жасына дейінгі немесе мектеп жастағы балалардың сӛйлеу
тілінің жалпы жағдайынан түсінік алу үшін қарапайым жеңіл әңгімесу
ӛткізіледі. Атың кім? Әкеңнің аты кім? Анаңның аты кім? Қайда
тұрасың? Әпкең, қарындасың, сіңлің, інің, ағаң бар ма? Олар туралы
айтып бер. Мектепте кіммен достасып жүрсің? Бұл жерге немен келдің?

Тағы қандай кӛлікті білесің? Сен хайуанаттар паркінде болдың ба?
Қандай аңдарды кӛрдің? Солардың ішінде саған кӛбірек ұнағаны қандай аң
болды? және т.б.
Әңгімені тек қана сұрак-жауаппен шектеп жүргізуге болмайды.
Балаға бейнелі сурет бойынша қысқа әңгімені ауызекі айтып беруді
ұсынады. Берілетін тапсырманың түрі мынандай болуы керек. «Мына
бейнедегі суреттелген кӛріністерді айтып бер». Бала окиға желісін еркін
әңгімелей алатындай етіп сюжетті суреттер баланың жас ерекшелігіне
сай арнайы іріктеліп алынады.
Тексеру құралдарына сонымен бірге нақты бір оқиғаның желісіне
құрылған жалғаскан бірнеше сюжетті сурет болуы керек. Әрбір
сюжетті сурет оқиға желісінің үзіндісін кӛрсетеді. Ілеспелі сюжетті
суреттер баланың алдына рет-ретімен жайып салынады немесе қалай

болса солай ретсіз тасталынады. Бала оларды оқиға желісіне лайықтап
реттейді де тізіп жаяды, сосын оларға қарап отырып ӛз сӛзімен
қиыстырып, бүтін бір әңгіме құрастырып айтып шығады.

Жалғасқан бейнелі суреттерді окиға желісінен реттеп тізіп жаюына
қарап, олардан салихалы әңгіме құрап, жатык тілмен айтып беруіне
карап, баланың ақыл-ойының деңгейін шамалауға болады.
Сюжетті сурет бойынша әңгімелеумен бірге, ертегі немесе бала ӛзі
күнделікті естіп жүрген қарапайымдылығымен ерекшеленетін жеңіл
әңгімені айтқызу тәсілін қолдану қажет.
Сұраққа жауап беру, бейнелі сурет бойынша әңгімелеу, ойға токыған

әңгімесін еркін сӛйлеп беру кездерінде логопед баланың сӛйлеу тіліндегі
дыбыстардың айтылуында ақаулықтың бар-жоқтығын және сӛйлеу
тілінің жалпы анықтылығын, оның шапшандығын, жатыктығын,
естіген әңгімесін ӛз сӛзімен қайталап айтып бере алатындығын,
әңгімелеу кезінде сӛйлемнің қандай түрлерін пайдаланатындығын, сӛйлем
құрастыруда,

сӛз

пайдаланатындығын,
сараланбаушылықтың

тандауда

оларды

сӛйлемнің
(аграмматизм)

орнымен

грамматикалық
бар

жоғын,

қалай

дұрыс

құрылысьнда
сонымен

қатар

баланың ой-ӛрісінің дамуы туралы да, мағлұмат алынып, болжау
жасалады.
Баламен алдын-ала әңгімелесу кезінде оның дыбыстарды айтуын
қаншалықты меңгергенін және қандай ақаулықтардын бар екенін алдын
ала білуге мүмкіндік береді. Бірақ сӛйлеу тіліндегі дыбыстардың
айтылуындағы ақаулар ерекшеліктерін дәл анықтау үшін оларды арнайы
және егжей-тегжейлі тексеру қажет.
Дыбыстардың айтылуын зерттемес бұрын баланың сӛйлеу тілі
мүшелерінің жағдайын тексеріп алу керек. Сӛйлеу тілі мүшелерінің
құрылысындағы немесе козғалту қызметіндегі болмашы ақаулықтардың
ӛзі сӛйлеу тілінің дұрыс қалыптасуын тежеуі мүмкін.

Мектепке дейінгі балалармен
артикуляциялық
жҧмыстарды жҥргізу

Мақсаты:
Балалармен артикуляциялық жаттығулар жасау арқылы сӛздік
қорын байыту, Сӛйлеудің лексико – грамматикалық жағынана дұрыс
болуын қалыптастыру .

Сауықтыру

әдістерін

қолдана

отырып

дыбыстарды

айтуын

қалыптастыру. Артикуляциялық, саусақтық, демалу және кӛзге арналған
жаттығулар жасату арқылы тілдік сауаттылығын арттыру.

ӚЗЕКТІЛІГІ
Балалардың ӛздеріне қойылған сҧрақтарға жалаң
тҥрде жауап беруі;
Ата -ананың тіл жағынан кемістігі бар баласын
ертерек логопедке апармауы;

Қазіргі заман талабында отбасы баланың оқу
тәрбиесіне араласу қажеттілігі айтылған.
Сондықтан ата – ана мен балабақша
арасындағы ынтымақтастықты дамыту ӛзекті
мәселе болып отыр.

БОЛЖАМ
Егер

баланың

жас

ерекшелігіне

сай

оқу

процесін

дұрыс

ұйымдастырып, тәрбиеленушіге дұрыс жағдай жасап, артикуляциялық
жаттығулар күнделікті жасалып отырса тәрбиеші мақсатына жетеді.

КҤТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Барлық кҥн тәртібі сәттері ҥрдісінде балалардың
дыбыстарды дҧрыс айтуын және сӛйлеулерінің
грамматикалық жағынан дҧрыс болуын жҥйелі
тҥрде қадағалау;
Артикуляциялық жаттығулар жасау арқылы
балалардың дыбыстарды дҧрыс айтуын
қалыптастыру;
Дыбыс шығарудың бҧзылуын жӛндеу; сӛйлеудің,
фонематикалық бҧзушылықтың лексико –
грамматикалық жағын дамыту.
Артикуляциялық жаттығулар, артикуляциялық аппаратты керек
дыбыстарды

дұрыс

айтуына

дайындауына

кӛмектеседі.

Бұл

жаттығулар, дыбыстың дұрыс артикуляциясынан таңдалып алынған,

сондықтан оларды комплекстерге бірлестіру қажет. Әрбір комплекс
еріннін, тілдің белгілі қозғалыстарын және қалыптарын дайындап,
бағытталған ауа үрлеуін шығаруды дағдыландырады, яғни дыбыстың
дұрыс шығаруына керектісін дайындайды..

Артикуляциялық гимнастикасын еріннің және тілдің негізгі, барлық
дыбыстардың анық, дұрыс айтуына қажетті, қозғалыстарынан және
қалыптарынан бастау керек.

I комплекске осы негізгі жаттығулар
енгізілген.
Ерінді кҥлімсіретіп ҥстау, алдыңғы жоғарғы және
астыңғы тістер кӛрініп тҧрады.
Ерінді алға қарай созу. («Керней»).

Еріннін қалыптарын кезектесу: ерінді кҥлімсірету-керней

Ауызды жайбырақат ашып-жҧму, ерін кҥлімсіреп тҧрады.

Тілді жалпыйтып ҧстау.

Тілді жіңішкертіп ҧстау.

Тілдің қалыптарын кезектеп жасау: жалпақ-жіңішке.

Тілді жоғарғы тістердің артына кӛтеріп ҧстау.

Тілді кезекпен: жоғарыға кӛтеріп-астына тҥсіру.
Тілдің мынадай қалыптарын кезектеу (тілдің ҧшы
тӛменде): тілді ауыздың ішіне қарай (тҥбіне қарай)
ысырып сосын алдыңғы астыңғы тістерге тигізіп қою.

Бірінші комплекстін қозғалыстарын дағдыландырғаннан кейін логопед,
баланың қандай дыбыстарды айталмағаннан тәуелдіге сәйкес (лайық)
комплекстерді таңдап алып ӛткізеді.
II комплекс. Артикуляциялық аппарат мүшелерінің, - С, З, Ц –
дыбыстарын дұрыс айтуына қажетті қозғалыстарын және қалыптарын
дағдылануға мүмкіндік жасайтын жаттығулар.
III комплекс. Артикуляциялық аппарат мүшелерінің, - Ш, Ж, Щ, Чдыбыстарын дұрыс айтуына қажетті қозғалыстарын және қалыптарын
дағдылануға мүмкіндік жасайтын жаттығулар.
IV комплекс. Артикуляциялық аппаратты –Л- дыбысын дұрыс айтуына

дайындайтын жаттығулар.
V комплекс. Артикуляциялық аппаратты –Р- дыбысын дұрыс айтуға
дайындайтын жаттығулар.
Барлық жастағы топтарда бірдей комплекстерді қолдануға болады,
бірақ артикуляциялық гимнастика жұргізу тұріне және жасы бірдей
емес балалар жасайтын жаттығулардың қоятын міндеттері әртүрлі.
Жаттығуларды

жасай

алмайтын

балалармен

жеке

жұмыс

ӛткізіледі немесе ата-аналарына осы қозғалыстарды үйде балаға
жасатсын деген тапсырма беріледі ( күніне 2 рет, тәңертен-кешке 2-5
минуттан).
Екінші кішкентайлар тобының балаларымен жаттығулар ойын
түрінде ӛткізіледі. Қозғалыстарды дағдыландыру кӛлеміне қойылатын
міндеттер аз. Балалар жәй дағдыларды ұғып алып, кейін артикуляциялық

аппаратынын қозғалыстарын әрі қарай жетілдіру үшін.
Естиярлар

тобында

артикуляциялық

гимнастикасында

ойын

тәсілдері қолданылады. Балалардың ұйренген жәй қозғалыстар әрі қарай
дамып

жетілдіреді.

Артикуляциялық

талаптар да кӛтеріледі.

гимнастикасына

қойылатын

Ересектер тобында қозғалыстардың орындалуы ырғақты, жеңілтек
және анық болуын қадағалау керек; артикуляциялық аппаратынын
мүшелерін бір қозғалыстан және қалыптан, басқасына тез және
ырғақты кӛшуін қадағалайды. Қорытындысын дәл және тұрақты болуын
қадағалап, шыққан қалыптарын біраз уақыт ӛзгертпей ұстап тұру керек.
Қозғалыстар жеңіл, дұрыс және үйреншікті , оларды кез келген екпінде
ӛткізуге болады. Керекті дыбыстарға арналған комплексті жасап
ұйренгеннен кейін артикуляциялық гимнастикасына дыбыс еліктеулерін
қосуға болады.
Ересектер және мектепалды даярлық тобында балалар дыбыстарды

дұрыс айтып үйренгенде, артикуляциялық гимнастикасына әртүрлі
дыбыстардың жіктеуіне арналған жаттығулар алынады:
А) дауысты дыбыстар: И-У, Э-О, И-О, Э-У, ИЭ, У-О;
Б) сонор және ҧян дауыссыздар: М-Б, Н-Г;

В) ҥнді дауыссыздар: М-Л, Н-Л;

Г) ҧян және қатан дыбыссыздар: Б-Д, Ф-Х;

Д) ҧян және қатан дыбыссыздар: Б-В, К-Х;

Е) ҧян және қатан дыбыссыздар: С-Х, Д-Г;

Айнаға қарап жаттығу жасау

1 комплекс (С, З, Ц
дыбыстарына арналған)
С, З, Ц дыбыстарын айтуына, тілдің қүрделі және нақты
қозғалыстары қажет, оларда тілдің ұшы қатысады (ол астыңғы
тістердің артында жатады), тілдің қыры (олар жоғарғы түпкі тістерге
тиіп тұрады), тілдің ортасы (алдыңғы жағы альвеолаға қарай кӛтеріліп,
онымен саңылау жасайды. Ал Ц дыбысын айтқанда альвеолға тиіп сосын
саңылау жасайды.), еріннін қозғалыстары (күлімсіреп тұрады), астыңғы
жақ сүйектері (сәл тӛмен түсіп тұрады) және ауа үрлеуі қажет (тілдің

ортасынан шығатын қатты болу керек). Тілдің қажетті қозғалыстарын
және ауа үрлеун дағдылануға мүмкіндік жасайтын келесі жаттығулар:

Допты қақпаға кіргіз.
Мақсаты: ұзақ бағытталған ауа ағының істеп шығару.
Қысқа бейнелеу: ерінді алға қарай шошайта созып, мақта шаригін
ұзақ үргізіп екі кубиктін арасына кіргізеді ( шарик үстелде баланың
алдында жатады).
Әдістемелік нұсқау:
Бетке жел толтырмауды қадағалау, ол үшін сәл саусақтармен ұстап
тұруға болады.
Шарикті бір деммен кіргізу, ауа ағыны үзілмеу керек;

Бағынбайтын тілді жазала.
Мақсаты: Тіл еттерін бағынышты етіп, кең түрде жалпийтып
ұстауға үйрету;
Бейнелеуі: Ауызды кішкене ашып, тілді астынғы ерінге салу керек.
Ерінді еппен қимылдатып, мынадай дыбысты шығару керек: «пя-пя-пя».
Жалпақ тілді қалыпты жағдайда ұстай отырып, ауызды ашып, 1-10
дейін санау.
Әдістемелік нұсқау:
Тӛменгі ерінді бұрап, астынғы тістерге тартпау керек;
Тіл жалпақ болып , қырлары ауыздың бұрыштарына тимеу керек;
Тілді ерінмен бірнеше рет, бір дем шығаруда шапалақтау керек. Бала
демді бӛгемеу керек. Жаттығудын орындауын былай бақылауға болады:
мақтаны баланың аузына қарай әкеліп ұстау. Бала жаттығуды дұрыс

істеп отырса, мақта ауытқып кетеді. Бұл жаттығу басқасымен қатар,
бағытталған ауа ағынын істеп шығаруына мұмкіндік жасайды.

Допты кім әрі кіргізеді?
Мақсаты: ұзақ , ырғақты, үздіксіз, ауа ағынын тіл ортасымен шығару.
Бейнелеуі: Күлімдеп, тілдің алдыңғы жалпақ жағын астыңғы ерінге
салып, «Ф» дыбысын ұзақ айтқандай болып, мақта шаригін үстӛлдің
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!