Материалдар / Жоба "Өсімдіктер"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жоба "Өсімдіктер"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2019
2556
23 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









«Өсімдіктер әлемі» жобасы

























«ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІ» ЖОБАСЫ


Жобаның өзектілігі:Өсімдіктер тірі табиғаттың бір бөлігі, көркемдік, сұлулықтың негізі, таным құралы ретінде адамдар өміріндемаңызды орын алады. Адамдардың өсімдіктерді азық-түлік ретінде, ауырғанда емдік қасиетін, күнделікті өмірде ауа тазартқыш, әсемдігін табиғат көркі, көлеңкесін эстетикалық сұлулыққа жан-жақты пайдаланады. Балаларға өсімдіктердің түрлері, олардың пайдасы, көбеюі, өсіп-өнуі, дамуы туралы дүниетанымдық ұғымдар беріледі.

Жобада балаларды өсімдіктер әлемімен таныстыру арқылы сөздік қорын жетілдіру, тілін дамыту, сұрақтар қою, ертегі, жұмбақ, түсініктеме беру, әңгіме құрауға баулу, табиғаттың бір-бірімен тығыз байланыста екенін түсіндіру жолы қарастырылған. Балаларды тылысым табиғаттың сырын білуге, зерттеуге, өздігінше бақылауға, оны тануға, сүюге, өсімдіктерге қамқорлық жасауға тәрбиелеу бағыты көзделеді.Тірі табиғат туралы тек білім ғана емес, олардың суреттерін салу, өз қолдарымен жасауға, мүсіндеуге машықтанады, салауатты өмір салтын ұстануда өсімдіктердің денсаулыққа пайдасын меңгереді.

Мақсаты: Балаларды өсімдіктердің түрлері, пайдасы, оларды қорғау туралыэкологиялық тәрбие беру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Жобаның түрі: шығармашылық- зертеушілік, танымдық-ізденушілік.

Шығармашылық жобаны жүзеге асыру мерзімі: 1 жыл

Жобаға қатысушылар: экология, валеология және бейнелеу өнері педагогтары, балалар, тәрбиешілер, ата-аналар.

Интеграция білім беру саласы: тіл дамыту, көркем әдебиет, экология негіздері, бейнелеу өнері, валеология.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар тірі табиғаттың бір бөлігі «өсімдіктер әлемі», олардың түрлері туралы дүниетанымдық түсініктер алады.

  • «Жемістер», «көкөністер», «дәрілік шөптер», «ағаштар», «гүлдер», «бөлме гүлдері»т.б. өсімдіктер туралы ұғымды меңгереді.

  • Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер туралы білімдер беріліп, оларды қорғауға тәрбиеленеді.

  • Өсімдіктердің көптүрлілігі, олардың пайдасы туралы шағын картотекалар жасайды.

  • «Қысқы бақта» өсетін бөлме гүлдеріне күтім жасауға дағдыланады.

  • «Біздің балабақшадағы гүлдер» газетін шығарады.

  • «Жемістер», «көкөністер», «дәрілік шөптер», «ағаштар», «дәнді дақылдар»туралы суреттер мен фотоальбомдар жасайды.

  • «Өсімдіктер әлемі» тақырыбында ойын картотекасын жасайды;

  • «Өсімдіктер-табиғат көркі» тақырыбында сауық-кеш ұйымдастырылады;

  • «Өсімдіктер-дәрумендер» валеологиялық кеш.

Шығармашылық жобаны жүзеге асыру мерзімі: 1 жыл

Бірінші кезең: Даярлық кезеңі

Екінші кезең: Негізгі кезеңі

Үшінші кезең: Қорытындылау кезеңі

Жоба кезеңдері:

Даярлық кезең:

Өсімдіктер туралы дидактикалық ойындар мен көрнекі материалдар жинақтау


Негізгі кезең:

-«Біздің ауланың өсімдіктері» альбомын жасау;

-Қаланың саябағына серуендеу. Экскурсия.

-«Менің сүйікті өсімдіктерім» сурет салу;

-Квилинг: «Ағаш»


Жобаны жүзеге асыру жоспары:


Бөлімі

Іс-әрекеттің мазмұны


Мерзімі

Балалармен әңгіме

-Тірі табиғаттың бір бөлігі өсімдіктер әлемі, олардың түрлері туралы әңгімелеу.

-«Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер жайлы әңгімелеу

- өсімдіктердің көп түрлілігі, олардың пайдасы туралы әңгімелеу;

-Өсімдіктер - табиғат көркі туралы әңгімелеу.

Қыркүйек

ҰОӘ

  1. Күзгі ағаштар

  2. Ақ қайың

  3. Жомарт күздің сыйы

  4. Бөлме өсімдіктері

  5. Гүлзардағы гүлдер

  6. Қысқы ағаштар. Шырша.

  7. Пияз отырғызу

  8. Бөлме гүлін отырғызамыз

  9. Саңырауқұлақтар

  10. Бақбақ гүлімен және оның қасиеттерімен таныстыру

  11. Дәрілік өсімдіктер

  12. Қазақстанның қызыл кітабына енген өсімдіктер

  13. Өсімдіктердің көбею тәсілі

Сурет салу, мүсіндеу.

1. Себет.

2.Бөлме гүліне қауашақ дайындаймыз.

3. Үлкен және кішкентай сәбіз.

4. Күзгі жапырақтар.

5. Саңырауқұлақтар.

Жыл бойы

Ойын әрекеті

Дидактикалық ойындар:

1.Түрлі-түсті гүлшоғын құрастыр.

2. Шыршаны безендір.

3.Пазл. Дәрілік шөптерді құрастыр.

4. Төртіншісі артық.

5. Бөлме гүлдері мен дала гүлдерін ажырат.

6. Себетке бөліп жинаймыз.

7.Жемістер мен көкеністер. Пазл жинау.

8. Қай ағаштың жапырағы.

9. Дәмін тап.

10. Көлеңкесін тап.

Қимылды ойындар:

1. Астық

2. Бақшада.

3.Гүл мен жаңбыр.

Сюжетті-рөлді ойындар:

  1. Дәріхана.

Жыл бойы

Қарапайым тәжірибелер

1.«Неге күзде жапырақтар сарғаяды?».

2.«Көкеністер мен жемістерден шырын даярлаймыз».

3.«Дәрілік шөптер».

4.«Нан дастарханға қалай келеді?».

5.«Дәнді дақылдар өсіру».

6. «Ағаштың пайдасы».

7. «Ағаштар егеміз».

8. «Гүл отырғызу».

9. «Көкеністер егеміз».

10.«Жидектерден шырын жасаймыз».

Жыл бойы

Көркем әдебиеттермен жұмыс.

1.Құлжабаеваның Г.Ә. «Қоңырау гүл мен қырыққұлақ» ертегісі.

2.Емдік өсімдіктер.

3.Бақбақ туралы аңыз.

4.Қызыл кітапқа енген өсімдіктер туралы әңгімелеу.

5. Дәрумендер мен денсаулық.

6.«Қызғалдақ қалай таралған?» ертегі.

7.«Өсімдікке айналған қоян» ертегі.

8. «Гүлдер таласы» ертегі.

9. «Ақгүл неге түймедеғы атанды» ертегі.

10. «Қатыгез ханшайым» ертегі.

11. Жұмбақтар.

12. Мақал –мәтелдер.

13. Тақпақтар.

Жыл бойы

Ата-аналармен жұмыс.

-«Өсімдіктердің табиғатқа берер пайдасы», «Қызыл кітап» сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді қорғау, экологиялық тәрбие тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстелде әңгіме жүргізу.

-Кеңес беру: «Қазақстан фаунасы мен флорасы» тақырыбында ата-аналарға тақырыптық ақпарат беру.

-«Дала гүлдері» тақырыбында ата-аналар мен балалардың бірлесе орындаған ұжымдық сурет көрмесін, «Құмырадағы гүл»экибаносын жасау, балалардың жасаған жұмыстарын талдау.

Ата – аналарға арналған көрнекті ақпараттар тақырыптары:

-«Жемістер мен көкөністер» тақырыбында балалардың қиялы бойынша сурет салуға тапсырма беру.

-Газет шығару: «Көкөністер дәрумені»

-Жылжымалы папка «Өсімдік тағамдары-дастархан байлығы»

-«Өлі және тірі табиғат» заттарынан кіші мұражай жасау.

-«Күз байлығы» тақырыбында фотоальбом жасау.

- «Қызыл кітапқа енген өсімдіктер» кітапшасын жасау.

-«Бақша әртістері» байқауына қатысу.

- Экибано байқауына қатысу.

-«Дәрумендердің бастан кешкендері» ертегі құрастыру.

- «Жемістер, көкеністер, дәнді-дақылдар» кітапшасын даярлау.

- табиғи материалдардан қол өнер жасау.


Жыл бойы

Бақылаулар

  1. Балабақша ауласындағы өсімдіктерді бақылау.

  2. Гүлзардағы гүлдерді бақылау.

  3. Ағаштарды бақылау.

  4. Емен ағашын бақылау.

  5. Көкөністердің өсу жолын бақылау.

  6. Саңырауқұлақтарды бақылау.

  7. Емдік шөптерді бақылау.

  8. Жапырақтардың түсуін бақылау.

  9. Бақшаны бақылау.

  10. Қайың ағашын бақылау.

  11. Шыршаны бақылау.

  12. Ауладағы шыршалар мен өсімдіктерді бақылау.

  13. Бақбақ гүлін бақылау.

Жыл бойы

Педагогтармен балалардың бірлескен жұмыстары.

  1. Біздің топтағы табиғат бұрышы.(сайыс)

  2. Табиғи материалдардан себет құрастыру.

  3. Асқабақ себеті.

  4. «Терезе алдындағы бау-бақша» науқан.

  5. Табиғи және қалдық заттардан бөлме гүліне қауашақ безендіру.


Жыл бойы

ІІІ.Қорытынды.

«Өсімдіктер әлемі» жобасында бала тұлғасы қоршаған ортаны, айнала дүниені зерттеуші-ізденуші адам ретінде экологиялық ұғым берілді. Жоба «бала-педагог-ата-ана» байланысында жүргізілді. Өсімдіктер әлемі, олардың түрлері туралы оқу іс-әрекетінде берілген білім жеке жұмыстарда, іс-шараларда, мерекеліктерде жалғастырылды. «Өсімдіктер әлемі» жобасы жинақталып, тұсау кесер жасалды. «Дәрілік шөптер сыр шертеді» атты сауық кеш өткізілді.































Білім беру саласы : «Таным»

Бөлімі: «Экология негіздері»

Тақырыбы: «Жомарт күздің сыйы».

Мақсаты: Күздің сыйы, байлығы туралы әңгімелеу. Күз туралы ұғымдарын толықтыру. Жомарт күз туралы ұғымдарын бекіту.

Биллингвалдық сыңары: жеміс - фрукты, көкөніс - овощи, алма - яблока , қияр - огурцы .

Сөздік жұмыс: жеміс, алма, алмұрт, көкөніс, қызанақ, қияр,

Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, жемістер, көкөністердің суреттері, муляждар.

Әрекеттер кезеңі

Педагогтың әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қызығушылық

Балалар шаттық шеңберін құрып ,бір- бірімізге жақсы тілектер тілейік.

Балалар шаттық шеңберін құрып, қол ұстасып: Қайырлы күн, бүгінгі күн шуакты да, нұрлы болсын, -деп бір - бірлеріне тілектер тілейді.


Ұйымдастыру іздестіру

«Табиғат дыбысы» музыкалық ән тыңдайды.

Топқа келеді. Қолында себет толы көкөніс пен жемістері бар Дымбілмес келеді.

Қош келдің Дымбілмес .

Дымбілместің көңіл күйі жоқ.

Дымбілмес амандаспай қояды.

Саған не болған , Дымбілмес ?

Дымбілмес: менің қолымдағы себетте көптеген заттар бар. Оларды қалай атауға болатынын білмей отырмын деп жұлқынады .

Сен оған бола ренжіме, саған балалар көмек береді. Солай ма, балалар?

Қане , көрейікші не бар екенін ?

Мынау не?

Бұларды бір сөзбен қалай атауға болады?

Қане баріміз жемістің орысша аудармасын қайталайық, жемістер -фрукты, алма-яблока.

Балалар жемістер қайда өседі?

Интерактивті тақтамен жемістерді топтастырамыз.

Ал, мынау не?

Балаларды бір сөзбен қалай атауға болады?

Қане бәріміз көкөністі орысша аудармасын қайталайық, көкөніс -овощи, қияр -огурцы.

Интерактивті тақтамен көкөністерді топтастырамыз.

Ал, көкөністер қайда өседі?


Д/о « Кім жылдам жинайды?»

Мақсаты : көкөністермен жемістерді ажырату.

Шарты: араласып жатқан көкөніс пен жемісті екі себетке бөліп салу

Ш.І. Жансүгіровтың « Бұл қай кезде болады?»

Алма,өрік шие, алма,

Жидек жүзім піседі.

Қауын-қарбыз ,қияр сәбіз

Дүкендерге түседі.

Астық пісіп, орақ түсіп

Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтындаршы ,

Бұл қай кезде болады?

Үлестірмелі материалмен жұмыс. Көкөніс пен жемістің суреті болады.

Балаларды екі топшаға бөліп көкөніс пен жемісті бояту.







Балалар Дымбілмеспен амандасады.







Иә біз Дымбілмеске көмектесеміз.


Алма, алмұрт, жүзім.

Жемістер.





Жемістер - фукты, алма-яблоко.

Талда өседі.

Қияр,қызанақ,

қырыққабат.

Көкөністер.

көкөніс-овощи,

қияр- огурцы.

Бақшада өседі.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.






Өлеңді мұқият тыңдайды.




Күз мезгілінде болады.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!