Сертификат алу үшін



"Сүт тағамдары " жоба
Автор:
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: 3 сынып
Жарияланған уақыты: 2018-03-13





Материал туралы қысқаша түсінік

«Сүт тағамдары-қымыз бен шұбат» тақырыбын 3 «Б» сынып оқушысы Карекенова Зере 2016-2017оқу жылдарында зерттеді. Көптеген әдебиеттер мен ғаламтордан қышқыл сүт тағамдарының адам ағзасына тигізетін пайдасын зерттеп атап көрсетті. Бұл жобаны жасаудағы қажеттілік, қазіргі замандағы ағзаны толықтырудағы химиялық-синтетикалық дәрі-дәрмектермен қатар, халықтық медицинаға зор қызығушылықпен науқастың сауығуына қауіпсіз екендігі осы уақыт ішінде дәлелденгенін анықтады. Зеренің зерттеген жобасы ұлтымыздың ерекшелігін көрсетіп, қазақтығымызды таңытатын дүние. Өз денсаулығымызды өзіміз құртып, неше түрлі жартылай өнімдермен,өткір дәмдеуіштермен тамақтанып,денсаулығымызға зиян келтіріп , тектілігімізді құртып жатқан мына заманда көтеріп отырған үлкен мәселе. Сол себептен күнделікті ас мәзірімізге сү тағамдарын енгізу ,оның ішінде қымыз бен шұбат өзекті мәселелердің бірі.








Теміртау әкімдігінің

«

Теміртау қаласы

Ғабиден Мұстаф

ин атындағы

№5 қазақ орта мектебі

»

коммуналдық

мемлекеттік мекемесі















Тақырыбы : «

С

үт тағамдары - қымыз бен

шұбат

»














Орындағандар:


3 «Б» сынып оқушысы

Карекенова Зере


Жетекшісі

:

Мухаметжанова Бибигуль Мухаметжановна







Теміртау қаласы -

2017

жыл.


Пікір




«Сүт тағамдары-қымыз бен шұбат

»

тақырыбын

3 «Б»

сынып оқушы

сы Карекенова Зере 2016-2017

оқу жылдарында

зерттеді. Көптеген әдебиеттер мен ғаламтордан

қышқыл сүт тағамдарының адам ағзасына тигізетін пайдасын

зерттеп атап

көрсетті.

Бұл жобаны жасаудағы қажеттілік, қазіргі замандағы ағзаны толықтырудағы химиялық-синтетикалық дәрі-дәрмектермен қатар, халықтық медицинаға зор қызығушылықпен науқастың сауығуына қауіпсіз екендігі осы уақыт ішінде дәлелденгенін анықтады.

Зеренің

зерттеген жобасы

ұлтымыздың ерекшелігін көрсетіп, қазақт

ығымызды таңытатын дүние. Өз денсаулығымызды өзіміз құртып,

неше түрлі

жартылай өнімдермен

,өткір дәмдеуіштермен тамақтанып,денсаулығымызға зиян келтіріп

, тектілігімізді құртып жатқан мына заманда көтеріп отырған үлкен мәселе.

Сол

себептен күнделікті ас мәзірімізге сү тағамдарын енгізу ,оның ішінде қымыз бен шұбат

өзекті мәселелердің б

ірі.














Ғ. Мұстафин атындағы №5 қазақ орта мектебінің

бастауыш с

ынып мұғалімі

Мухаметжанова Бибигуль Мухаметжановна














М А З М Ұ Н Ы






  • Жобаның мақсаты, міндеті, зерттеу обьектісі, өзектілігі, зерттеу әдісі, болжау
  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім. Қазақ халқының ұлттық сүт тағамдары-қымыз бен шұбат.
  • Қорытынды.
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




























Жобаның мақсаты:

Қышқыл сүт тағамдарының адам денсаулығына тигізетін пайдасы мен тиімділігін зерделеу


Жобаның міндеті

:

Қымыз бен шұбаттың емдік әсері асқазан, ішек жолдарын жақсартуына байланысты, науқастың ас қорыту мүшелерінің ауруына осы өнімдерді қолдануға ықпал жасау


Зерттеу обьектісі:

Сүт тағамдары-қымыз бен шұбат.


Зерттеу өзектілігі:

Тамақтану гигиенасының талаптарының бұзылуы ас ішек жолдары, бауыр мен өт қапшығы ауруларына әкеліп соқтырады. Жылдан жылға осы аурулардан зардап шегушілер саны арта түсуде.

Зерттеу әдісі:

«

Емдік мақсатта қолданылатын сүт тағамдары-қымыз бен шұбат

» зерттеу жобасының зерттеу әдісі теориялық жолмен жүргізілді.

Ең алдымен:

  • Қымыз бен шұбаттың емдік қасиеттерін анықтап алу;
  • Ғаламтордағы саиттардан мәлімет іздеу;

Сауалнама жүргізу;

Қымыз бен шұбаттың

емдік

қасиеттері

туралы кітаптарға шолу жасап

,

тарихым

ен, түрлерімен

танысылды.

Қазақтың ұлттық

сүт тағамдары

туралы

мәліметтермен

танысылып, оларды пайдаланған

адамдардың денсаулығына

шолу жасалынды.

Бұрын

ғы

кезде күнделікті қолданыста

жүрген ата-бабамыздың

ұлттық

сүт тағамдары қымыз бен шұбатты

өкінішке орай,

қазір

гі кезде

тек

ауылдық жерлерде ғана қолдануға

мүмкі

ндік бар.


Болжау:

Ас ішек жолдары, бауыр мен өт қапшығы ауруларының азаюына ұлттық қышқыл-сүт өнімдерін пайдалану септігін тигізеді. Ас қорыту мүшелері ауыратын науқастарды емдеу барысында дұрыс тамақтануына ерекше көңіл бөлінеді. Сүт өнімдері, әр түрлі әлеуметтік жағдайдағы халыққа қолжетерлік азық-түлік болып табылады.


Күтілетін нәтиже:

Егер, емдік шараларға қымыз бен шұбат қолданылса, онда адам денсаулығы жақсарады;

Ас ішек жолдары ауруымен ауыратын адамдар саны азяды және халықтың орташа жасы ұзарады;




Кіріспе

Қазіргі оқушылар мен жасөспірімдердің арасында

а

сқазан, ішек жолдары, бауыр, өт қапшығы ауруларымен зардап шегушілер саны жыл сайын арта түсуде.Біз көбіне тез әзірленетін азық-түліктермен: бутербродтар, жартылай дайын өнімдер, чипсы, өткір дәмдеуіштермен тамақтанамыз, бірақ, бұл тағамдар құрамы жағынан толыққанды емес. Соңынан түрлі ауруларға апарып соқтырады.

Ас ішек жолдары

бауыр мен өт қапшығы аурул

арының азаюына ұлттық қышқыл-сүт

өнімдерін пайдалану септігін тигізеді. Ас

қор

ы

ту мүшелері ауыратын науқастарды емдеу барысында дұрыс тамақтануына ерекше көңіл бөлінеді. Сүт өнімдері, әр түрлі әлеуметтік жағдайдағы халыққа қолжет

ерлік азық-түлік болып табылады.

Таза жылқы мен түйе сүті және қышқыл –сүт өнімдері, соның ішінде қымыз, шұбат – құрамында барлық дәрумендер, көп мөлшерде микроэлементтер, ферменттер және антибиоти

калық қасиеттері жетерлік. Қышқыл

-сүт өнімдері ағзаны қуаттандыратын және сергітетін жоғары деңгейдегі азық-түлік болып табылады. Тамақтану гигиенасының талаптарының бұзылуы АІЖ, бауыр мен өт қапшығы ауруларына әкеліп соқтырады. Жылдан жылға осы аурулардан зардап шегушілер саны арта түсуде.

Біз көбіне тез әзірленетін азық-түліктермен: бутербродтар, жартылай дайын өнімдер, чипсы, өткір дәмдеуіштермен тамақтанамыз. Ал бұл тағамдар құрамы жағынан толыққанды емес. Нәтижесінде әр түрлі ауруларға апарып соқтырады.

Ас қорыту мүшелері ауыратын науқастарды емдеу кезіндегі азық-түліктердің арасында сүт өнімдерін пайдалану ерекше орын алады.

Бұл өнімдер емдік қасиетімен ерекшеленіп, ежелден бері қолданысқа ие.

Бұл жобаны жасаудағы қажеттілік, қазіргі замандағы ағзаны толықтырудағы химиялық-синтетикалық дәрі-дәрмектермен қатар, халықтық медицинаға зор қызығушылық пен науқастың сауығуына қауіпсіз екендігі осы уақыт ішінде дәлелденген.


Негізгі бөлім.


Қазіргі медицина ішкі мүшелер ауруларын емдеуде әр түрлі дәрі-дәрімектермен кең көлемде қамтылған. Бірақ, әрбір терапияда диет-емдеу маңызды элемент болып қалады, яғни жылқы және түйе сүті, қымыз, шұбат ағзаны физиологиялық табиғи пайдалы азық-түліктермен толықтырып, осы емнің әсерін күшейтеді.

Қымыз бен шұбат емдеу-диетикалық қасиетіне байланысты ақуыз, майлар, көмірсутек, дәрумендер сонымен қатар қымыз ашытқысы антибиотикалық қасиетке бай. Қымыз бен шұбаттың белгілі емдік қасиеттері жағынан ешқандай емдік дәрі-дәрімектермен, минералды сулармен салыстыруға болмайтындығы ежелден белгілі. Оның әсері ағзаға ешқандай зиян келтірмейтіндігі толығымен айқындалған.

Соңғы жылдары әр түрлі зерттеуші ғалымдардың анықтағаны, қымыз бен шұбаттың асқазан секрецияларын стимулдап, ұйқы

бездерінің қызметін жақсарта отырып, тамақтың қорытылуын, ішек жолдарында сіңіріліп, өттің шығаруына, сергіту, жалпы қуаттандырумен қатар зат алмасуын қалыпқа келтіреді.

Герадоттың жазбалары бойынша қымыздың дайындалуы мен қолданылуы біздің ғасырымызға дейінгі алғашқы көшпелі тайпаларға, скифтер, сақтарға белгілі болған. Біздің ғасырымыздың алғашқы дәуірінде қазіргі Қазақстан жерін мекендеген халықтар (ғұндар, үйсіндер, оғыздар, қимақтар, түркілер, қыпшақтар) негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көбіне жылқы шарушылығымен. Жылқы, түйе сүтінің емдік қасиеттерінің ақуыздың, альбминдік бөлігіне және дәрумендерге, микроэлементтер мен басқа да биологиялық белсенді заттарға химиялық құрамы жағынан өте ұқсас екендігін Шығыста ертеден білген. Мысалы: Ибн Сина Х ғасырда дәрігерлік ғалымда «дауыс қарлыққанда, кеуде жарасында,

өкпе қа

бынғанда және іріңді қақырық тастағанда» дәріге араластырып жылқы сүтін немесе беріде боталаған түйенің таза шұбатын ішуді ұсынады. Сонымен Абу

А

ли Ибн Сина

заманында демалу мүшелерінің күрделі ауруларын сүт пен қышқыл –сүт өнімдерімен емдеген. Кейінірек тайпалар қымыз бен шұбатты дайындау ережелерін қатаң сақтап, осы өнімдерге сүйіспеншілікпен, сыймен қараған.

Көшпенділер көктем және жаз мезгілдерінде қымыз бен жылқының саумал сүтін өте көп мөлшерде пайдаланған (ерлер 10-15 л дейін күніне) осы сусындарды әйелдер, қарттар, науқастар ауруларға қарсы қолданған. Қымыз және жылқының саумал сүті көкөністерді және нанды да алмастырған. Қымыз әлсіздерді шынықтыру, науқастардың сауығуына көмектесуін халықтық медицинада қолданбай қалуы мүмкін емес еді. Сондықтан да ол ең белгілі танымал ұлттық сусын. Көшпелі халықтың қымызды поливитанминді күйінде және биологиялық белсенді заттар арқылы денсаулықты сауықтыру мақсатында пайдаланған. Қымыздың аса маңызды ерекше терапевтік зат ретінде орыс әскерінде қызмет жасаған Шотланд дәрігері Джон Грив дәлелдер келтірген. Джон Грив 1784 өзі мүше болған Эдинбургтағы патшалық ортасында «Көшпенділердің қымыз деп айтатын шараптың дайындау тәсілін баяндай отырып, оны медицинада қолданды».

Ғалымдар мен дәрігерлер ұзақ қыстауда шаршаған көшпенділердің тез арада күш-қуат жинап, сау қалыптарына келгендігіне назар аударды. Бақылау көрсеткендей, көшпенділердің бірнеше аптада тез сау қалпына келіп, айығып кетуі қысқы сапасыз тағамға көп мөлшерде ашыған жылқы сүтін пайдалануынан. 1865 жылы дәрігер Нефтель қымыз ішетін адамдардың ағылшын ауруымен, диатез аурулармен ауырмайтындарын байқаған. Ол күн сайын жүздеген қазақтарды көріп көбісін емдеді, бірақ ол бірде бір қышыма ауруын таппады. 1841жыл Қазақстан жазықтарын зерттеу экспедициясына қатысқан штаб емшісі Ямгин: қырғыз-қазақтардың арасында қымызды емдік сусын ретінде қолданғанын байқаған. Қымыз – тыныс алу ауруларында

, қан аздығында, адамның күш-қуатын кө

тіретін жағдайларда қолданған. 1847 жылы бірінші болып дәрігер Хеберлейн құрт ауруымен ауырғанда қымыздың терапевтік әсерін байқап, өзі пайдаланып сыннан өткізген. Ол қымызды 13 жыл ішіп нәтижесінде денсаулығын әлдеқайда жақсартқан.

А

сты қорытып және сіңіру ағзаны жаңартып, жақсарту үшін, түрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін күшейту үшін қымызды жылқының сапалы сүтінен дайындау керек. Қымызбен емдеу шараларын бірау

ыздан

ғалымдар төмендегі факторларға назар аударған: жылқы малының тұқымы мен денсаулығы қоректендіру шарттарын және қымызды дайындаудағы технологияларды қатаң сақтау.

Қымыздың сапалы, нәрлі, дәмді, жақсы ашуы үшін жылқы сүтінде көп мөлшерде қант, май болу керектігін көшпенді халықтар бірнеше жүз жылдар бойы сауын биелерін іріктеу жасап, оның дала тұқымдас болу керек екендігіне назар аударған.Табиғи қымыз жоғары емдік сапасы мен ертеден белгілі болған. Сондықтан малды әртүрлі шөпке бай жайлауда өсіріп, баққан пайдалы. Осындай жайлауда жылқы малы таза ауада, күн шуағында құнарлы жем-шөппен қоректеніп өсіріледі.Қымызды пайдаланғанда ішек жолдарындағы іріңді микробтардың қозу процесстерін әлсіздендіреді. Қымыздың іріңді микробтарға, ішек таяқшаларына қарсы антибиотикалық қасиеті бар екендігі анықталған. Қымыз сусынымен емделгеннен кейін асқазан сөлінің мол бөлінетінін және ас

қор

ы

ту жұмысы жақсаратындығын, оның құрамында көмірқышқыл және спирттің болуы

на байланысты. Көптеген ғалымдар

, жылқы сүті мен қымыздың емдік қасиеттерін кеңінен қабылдау, оларды жан-жақты тексеріп, саралап, физикалық-химиялық құрамын анықтап, жылқы сүтінен (саумалдан) қымыз дайындағанда қандай өзгерістер болатынын анықтаған.Қымыз – халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы. Ол тек т

ағам емес, сонымен қатар халықтың

қасиетін, дәулетін, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастарқан берекесін кіргізетін ырыс белгісі. Басқа тағамдарға қарағанда қымызды дайындаудың әдіс - тәсілдері, салт-дәстүрлері, ырымдары мен кәде - жоралары көп. Қымыз – жылқы сүтінен дайындалатын газдалған, біркелкі сұйық, сары суы бар, қышқыл спирттік иісі бар, ақшыл түсті, сапырғанда көбік пайда болатын сусын.Дайындау әдісіне, қасиетіне,

сапасына және сақталу уақытына байланысты халқымыз қымызды бірнеше түрге бөледі. Және олардың әр түрін жылқы жасы атауымен атайды.

Уыз қымыз – биені алғаш

байлап, жаңадан ашытылған қою қымыз.

Бал қымыз – жылқының сүр қазысын қосып әбден бабына келтіріліп пісірілген қымыз. Бұл басқа қымызға қарағанда сары әрі қою, дәмді, жұғымды тұщы болады.

Тай қымыз – бір күн сақталған қымыз.

Құнан қымыз – екі-үш күн сақталған қымыз, толық ашыған қымыз.

Дөнен қымыз – үш-төрт күн сақталған өте күшті қымыз.

Бесті қымыз – төрт-бес түн сақталып ашуы әбден жеткен қымыз. Қымыз түрлері мен ерекшеліктерін халық жылқы атына байланыстыра атайды.

Шұбат - түйе сүтінен дайындалатын қышқыл-сүт тағамы. Шұбат қышқыл сүт бактериясы бар жақсы ашитын сусын. Сапалы шұбат тек қана сапалы ашытқыдан шығады. Шұбаттың ешқандай бөтен дәмі және иісі болмау керек.Түйе сүтін ашытқанда спецификалық микрофлораның себебіне күрделі химиялық процесстерінен жаңа компоненттер пайда болады: көмірқышықылы, сүт қышқылы, спирт, антибиотикалық заттар және қышқылдылық жоғарлап, В1

,

В2 дәрумендер саны екі есе көбейеді. Шұбаттың 1 литрі адам ағзасын бір тәулікте С, В1, В2 дәрумендерімен қамтамасыз ете алады. Шұбатта С дәруменінің орташа мөлшері 1 литрде 67,7 мг.Жылқы мен түйенің таза сүті яғни қымыз бен шұбат құнды сусын болып есептеледі, сондықтан да оны ас

қор

ы

ту мүшелері ау

ы

ратын науқастарға көп ұ

сынады. Әсіресе химиялық және ме

ханикалық ем қолданған кезде, ағзаны ақуызбен, жартылай құнарсыз май қышқылымен, микроэлементтермен, ферменттермен толық қанағаттандырады.








Қорытынды

Осы

пайдаланған әдебиеттерді оқу арқылы, зерттеген мағлұматтар нәтижесінде төмендегідей қорытындыға келемін:

Жылқы мен түйе сүтінің яғни қымыз бен шұбаттың емдік қасиеттері және осы өнімдерді асқорыту мүшелері асқынған ауруларын емдеуде дұрыс, тиімді қолдану.

Қымыз бен шұбаттың емдік әсерінің жоғары деңгейде болуы, ондағы эссенциялды компоненттер, ештеңемен

алмастыруға келмейтін аминқышқылдары, құнарсыз май қышқылдары, ферменттер, дәрумендер, антибиотикалық заттар, микроэлементтер, органикалық қышқылдардың жетістігінен.

Қымыз бен шұбат яғни жылқы мен түйе сүті физиологиялы, бұл ешқандай зияны жоқ табиғи азық-түлік өнімдері, көптеген емдік қасиеттерге ие, сондықтан оны қолдану шаралары өте кең. Оны кез-келген ауруларда тиісті мөлшерде диет құрамына енгізіп отырады. Бірақ бұл өнімдердің емдік мөлшерін дұрыс анықтауды талап етіп, ағзаға пайдасы мен зиянын ескерте отыру қажет. Қымыз және шұбатпен емдеу: асқазан жараларын, гастрит және төмен секреторлық фунцияны холецисттерді, гипокинезді өт шығару жолдары, энтериттерді, колиттерді, дизбактериалды, аш және тоқ ішек ауруларында жиі қолданылады.

Тәжірибелік зерттеулер көрсеткендей қымыз бен шұбаттың емдік әсері асқазан, ішек жолдарын жақсартуы, науқастың асқорту мүшелерінің ауруына осы өнімдерді қолдану, бәрінен бұрын спецификалық мөлшерімен, сапалы заттардың бөлінуімен, асқорту без сөлі, асқазанның ферменттік белсенділігін, ұйқы безінің өт бөліну кезінде, сүт өнімдерінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттеріне байланысты болады.

Жүргізген зерттеулердің қорытындысы бойынша, ас қорыту мүшелерінің асқынған ауруларына қарсы ұлттық сүт өнімдерін пайдалану ең тиімді әдіс. Емдік шараларға қымыз бен шұбатты қолдану зиянды, кері әсерін тигізбейтін, жоғары деңгейлі ең тиімдісі.


Пайдаланылған әдебиеттер.


1.« Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика» журналы 04/2007 жыл 56-60 бет

2. Кенжеахметұлы Сейіт « қазақтың дархан дастарханы» Алматы кітап 2005ж 240 бет

3.Қазақ мәдениетінің энциклопедиясы

4.Қалиев С « Қазақ халқының салт-дәстүрлері »Алматы 1991

5. Мұқанов С « Халық мұрасы »Алматы 1974 жыл

6. « Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ мектебінде»журналы 12/2005 жыл 44-48 бет

7.

Ғаламтор.

www

www






























Теміртау әкімдігінің

«Теміртау қаласы

Ғабиден Мұстаф

ин атындағы

№5 қазақ орта мектебі

» коммуналдық мемлекеттік мекемесі














«С

үт тағамдары - қымыз бен шұбат

»

тақырыбы

бойынша зерттеу





Ж У

Р

Н А Л Ы












Жоба

авторы:

3

«

Б

»

сынып оқушысы Карекенова Зере


Жетекшісі:Мухаметжанова Бибигуль Мухаметжановна











Теміртау қаласы


ТапсырмаЖұмыстың мазмұныБасталуУақыты Аяқталу Уақыты Жетекшінің қолы
ҰйымдастырушылықЖобаның тақырыбын таңдау ,болжамды анықтау, жобаның мақсатын міндетін, зерттеу кезеңдерін анықтау, жұмыс әдісін белгілеу.

желтоқсан2016Ақпан айының соңы 2017









Зерттеу жұмысы







Теориялық материалдар жинақтау1.Ақпараттық газет – журналдарға шолу2. Әдеби кітаптардан іздену.2.Ғаламтор арқылы материалдар жинау Наурыз 2016Сәуір айының соңы



Әлеуметтік1.сауалнама
  • Мектеп оқушыларынан
  • Мектеп медбикесінен


  • Сәуір 2016Қыркүйек айының соңы



    Әлеуметтік -психологиялық
  • Сауалнама сұрақтары бойынша көрсеткіш (диаграмма) шығару
  • Қыркүйек 2016

    Қыркүйек айының соңы















    Талдау бөліміҚазақ халқының сүт тағамдары қымыз бен шұбат туралы теориялық мағлұматтарды электрондық жүйеге енгіздік.Қыркүйек 2016

    Қазан айы





    Ғылыми жобаның теориалық және практикалық кезеңдерін біріктіріп, жобаны қалалық конферецияға қорғауға дайындадық.Қазан2016Қазан айының соңы



    ҚорытындыҚалалық ғылыми конференцияда жобаны қорғау.Қараша2016






    АННАТОЦИЯ






    Жылқы мен түйе сүтінің яғни қымыз бен шұбаттың емдік қасиеттері және осы өнімдерді ас

    қорыту мүшелері асқынған ауруларын емдеуде дұрыс, тиімді қолдану.

    Қымыз бен шұбаттың емдік әсерінің жоғары деңгейде болуы, ондағы эссенциялды компоненттер, ештеңемен алмастыруға келмейтін аминқышқылдары, құнарсыз май қышқылдары, ферменттер, дәрумендер, антибиотикалық заттар, микроэлементтер, органикалық қышқылдардың жетістігінен. Қымыз бен шұбат яғни жылқы мен

    түйе сүті физиологиялы, бұл ешқандай зияны жоқ табиғи азық-түлік өнімдері, көптеген емдік қасиеттерге ие, сондықтан оны қолдану шаралары өте кең. Оны кез-келген ауруларда тиісті мөлшерде диет құрамына енгізіп отырады. Бірақ бұл өнімдердің емдік мөлшерін дұрыс анықтауды талап етіп, ағзаға пайдасы мен зиянын ескерте отыру қажет

    .
















    Материалды сайттан тегін жүктеу


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.