Материалдар / Жол ережелерін жадыңда ұста, балақай!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жол ережелерін жадыңда ұста, балақай!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2022
470
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Класс сағатының тақырыбы: «Жол ережелерін жадыңда ұста, балақай!»

Мақсаты:

1.Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.

2.Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру.

3.Барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу және т. б.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жол ережесіне арналған суреттер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Жұмбақ жасыра отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол - көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.

Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі - түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

Бағдаршам тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.

Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі.

Сергіту сәті.

«Жұмбақтарды шешу»

1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді күзеткен,

Ысқырықпен түзеткен. (жол реттеуші)

2. Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды. (автобус)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,

Іргеден басталып алысқа жеткізген. (жол)

Ал, балалар, бірінші қатар «Қызылдар», екінші қатар «Сарылар»,үшінші қатар «Жасылдар» болып бөлінейік мен сендерге сұрақтар қоямын, сендер топ болып, яғни қатар бойынша сол сұрақтарға жауап бересіңдер.

- Балалар енді мен сендерге мынадай жұмбақ - әңгіме оқып берейін. Шешуін өздерің айтыңдар.

Алмас көшеде анадай жерде өтіп бара жатқан жүргіншіге:

-«Айтыңызшы, сағат қазір қанша?» - деп айқайлады.

Ол жүргінші уақытты айтқан соң, Алмас бұрылып жөніне кетті. Бала бөтен адаммен қарым - қатынасында бірнеше қателік жіберді. Осы қателіктерді кім табады?

Жауабы:

1.Алдымен амандасу керек!

2. Көшеде айқайлап жөн сұрамау керек!

3. «Сағат қанша?» емес, «Уақытты айтып жіберіңізші» немесе «Сағат қанша болғанын айтыңызшы» деп сұрауы қажет.

4. Алдымен кешірім өтінуі керек.

5. Алмас ол адамға «Рахмет» айтуды ұмытты.

«Жағдаяттарды шешу» әр топқа:

«Қызылдар» тобына:

Ержан жол жиегінде доппен ойнап жүреді. Добы жолға домалап кетеді. Ержан добын алмақ болып машина жолына жүгіреді. Машиналар сигналы естіледі. Ержан добын тастай қашады. Ержанның әрекеті дұрыс па? Ол қандай шара қолдану керек еді?

«Жасылдар» тобына:

Бағдаршамы жоқ көшеде жолдан екі бала өтпек болады. Бірі жолдан жан - жағына қарамастан, асығыс жүгіріп өтеді. Екіншісі алдымен сол жағына, сонан соң оң жағына қарап өтеді. Кімнің әрекеті дұрыс? Жолдан қалай өту керек?

«Сарылар» тобына:

Сіз жолдан өтейін деп тұрсыз. Бағдаршамның жасыл түсі жанбай жатып қасыңызда тұрған бірінші сынып оқушысының машиналар зулап жүріп жатқан жолдан өтпекші болып тұрғанын көресіз. Сіздің әрекетіңіз?

Бекіту:

«Викториналық сұрақтар»

Қоғамдық транспорттан шыққаннан кейін көшеден қалай өту керек?

Жаяулар өтпесі қалай белгіленеді?

Бағдаршамда сигналдар қалай орналасқан?

Балалардың суреті салынған белгі қайда орнатылады?

Оқушылардың велосипедпен көшеде және жолда қай жастан жүруіне рұқсат етіледі?

Велосипедпен жолға шығарда нені тексеру қажет?

Көшеден, жолдан қай жерде өтуге болады?

«Тротуар» деген сөз нені білдіреді?

-Рахмет, балалар. Сендер бүгін көп мәлімет білдіңдер. Алдағы уақытта осы жол ережесін сақтап, басқа балаларға үйретіп жүріңдер.

Мен сендерге ризамын. Рахмет сендерге.

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

ЖОЛ жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол бәрімізге ортақ тәртіп.

Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың

Сен өзіңді аман сақтап.

Барлығымыз бірге : Жол тәртібін білейік,

Аман есен жүрейік!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!