Материалдар / «Жол жүру ережесі» бойынша дидактикалық ойындар.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Жол жүру ережесі» бойынша дидактикалық ойындар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолдану, балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2021
347
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

51 «Дәуір» жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













«Жол жүру ережесі»

бойынша

дидактикалық ойындар.















Бастауыш сынып мұғалімі:

Барлыбаева Т.А.







Балаларға жол ережесін үйретейік!


Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі - ең басты байлық . Сондықтан біздің балабақшада жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөліміз. Статистика бойынша, өкінішке орай , жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді.

Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын балабақша кезеңінде қалыптастыру қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбірулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Балаларға жолда жүру заңын тәрбиешілер мен ата - аналар үйренеді. Балалар үлкендердің жүріс-тұрысының жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті.

Біздің балабақшада балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметтері және түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сондықтан әрбір бала үйретілетін «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы іс-әрекетті мұқият тыңдап, өткізілген іс-әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті. Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолдану, балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі.

Балаларды жол жүру ережелеріне үйрету- ата-ана мен үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы. Бағдаршам белгілерімен, жолда жүру ережелерімен, жаяу жүргіншілер жолы, көше жиегіндегі жолдармен (тротуармен) таныстыруды жүзеге асыру көзделген. Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін , оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек. Үйде ата-ана, балабақша тәрбиешілер бірлесіп, балаларға жол ережелері туралы үйретер болсақ, балалар жол апатының алдын алар едік.

Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.















«Қандай белгі екенін тап?»

Мақсаты: Жол белгілерін ажырата білуге, балалардың жолда жүру ережелері жайында білімдерін бекіту; күнделікті өмірде алған білімін өз бетінше қолдана алуға тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекіліктер: Сақтандыру, тыйым салу, көрсеткіш және қызмет көрсету: жол белгілері желімденген текшелер.

Ойын барыс:

1-ші нұсқа: Жетекші текшелер жатқан үстелге кезекпен шақырады. Бала текшені алып, белгіні атап, сондай сияқты белгілері бар балаларға барады.

2-ші нұсқа: Жүргізуші белгі көрсетеді. Балалар осы белгіні өздерінің текшелерінде табады, көрсетеді және оның не білдіретінін айтады.

3-нұсқа: Ойыншыларға текшелер таратады. Балалар оны мұқият зерттейді. Әрі қарай әр бала өзінің белгісі туралы атын атамай айтып береді, қалғандары оны шешу керек.






«Бағдаршам»

Мақсаты: Балаларды жол ережесімен таныстыру.

Қолданатын көрнекіліктер: Қызыл, сары және жасыл дөнгелектер, машиналар, балалардың пішіндері.

Ойын барысы: Қатысушылардың біреуі бағдаршамның белгілі бір түстерін орнатып қояды (қызыл, сары және жасыл дөнгелектерді қойып) машиналарды және балалардың пішіндерін, әр түрлі бағытпен жүретін. Екінші бала машиналарды көше қиылысынан өткізеді, (жүру жолынан) немесе балалардың пішіндерін (жүргінші жолынан) жол жүру ережесіне сәйкес. Содан соң ойыншылар рөлдермен ауысады. Машина және жүргінші жолы ережесімен және бағдаршамның шамдарымен белгіленетін әртүрлі жағдайлар қарастырылады. Кім қателеспей жақсы ойын көрсетсе сол жеңімпаз болып есептеледі.










«Жүргізушілер»


Мақсаты: Балаларға жол жүру ережесін үйрету. Ой - өрісін кеңейту.

Қолданатын көрнекіліктер: Бірнеше ойын жолдары, машиналар, ойыншықтар.

Ойын барысы: Алдын ала оңай ойын жолдарының бірнеше нұсқалары дайындалады. Әр жолда бірнеше жол белгілері қойылған. Бұл жол мәселесін ауыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы: «Сен көліктің жүргізушісін, саған қоянды ауруханаға апару керек, жанармай құйып, және машина жөндеу керек, машинаның суреті, сенің қай жерде шыққаның және қайда оралу керек екенің білдіреді. Жол ережесін бұзбау үшін қандай ретпен осы барлық пункттарды аралап шығу керек, ойлан және жауап бер. Содан соң біз екеуміз сенің дұрыс жол тандадың ба, жоқ па соны тексереміз».







«Кім үздік жүргінші?»


Мақсаты: Жол жүру ережесі бойынша балалардың білімдерін бекіту. (бағдаршамның берген белгісі, жүргінші жол) белсенділігін, назарын тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекіліктер: 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандармен текшелер және 2 фишка. Ойын алаңы.

Ойын барысы: Бірінші жүргінші №1 үйден, екінші №2 үйден шығады. Текшелерді өздерінің сандары шыққанша лақтыра береді, және қайтадан лақтырады. Сонымен бір түрлі-түсті суреттерге мұқият қарау керек. Бірінші суретте бағдаршамның қызыл шамы жанып тұр. Демек, жүргінші бағдаршамнан тұрған дөнгелекке секіре алмайды. Ол орнында тұра береді. Екінші суретте көлік. Жолды кесіп өтуге болмайды, орнында тұру керек. Үшінші суретте бағдаршамның жасыл шамы жанып тұр. Текшені текшенің санына байланысты дөнгелектерге жылжытуға болады. Төртінші суретте мотоциклшы. Оны тоқтап, өткізу керек. Алтыншы суретте бағдаршамның сары шамы жанып тұр. Жүргінші сол суреттің бойында тоқтай алады. Жетінші суретте реттеуші онымен қауіпсіз, бірден әженің үйіне баруға болады. Кім жол ережесін бұзбай әжесіне келсе сол жеңіске жетеді.




«Машинамен саяхат»


Мақсаты: Далада жүру ережелері және жол белгілері бойынша балалардың білімдерін бекіту.

Қолданатын көрнекіліктер: Ойын алаңы, фишкалар.

Ойын барысы: Балалар ойын алаңында ойнауда бастап кетті. Жол белгілерінің қасында өтіп бара жатып, тоқтап, әр белгі туралы айтып береді. Кім теңізге бірінші жетеді, сол жеңімпаз.


















«Жолда»


Мақсаты: Алуан түрлі көліктер туралы білімдерін бекіту. Назарын және

есте сақтау қабілетін арттыру.

Қолданатын көрнекіліктер: Жүк жіне жеңіл автокөліктер суреттері, фишкалар.

Ойын барысы: Жол жүру алдында балаларман кім және қандай көлікті жинайтынын келісіп алыңыз. Жолда балалар машинаға назарын аударып, оларды атап, сол үшін фишкалар алады. Кім көп жинайды, сол жеңімпаз.















«Керек белгіні тап»


Мақсаты: Жол белгілері бойынша бөлімдерін бекітуді жалғастыру.

Қолданатын көрнекіліктер: 20 картон карточкалары (пазлдар). Карточканың бір бөлігінде жол белгілері, ал басқа бөлігінде оларға сәйкес жол жағдайлары бейнеленген.

Ойын барысы:

1-нұсқа. Жүргізуші белгінің бір түрі белгіленген карточканы алып қояды. Карточканың бір бөлігінде жол жағдайы бейнеленген жүргізуші балаларға үлестіреді. Ал белгілері бар элементтерін оң жағымен үстелге орналастырады. Содан соң жол белгілерінің түрін атайды және олардың ортақ мәні туралы айтып береді. Кейін жүргізуші балаларға осы белгілердің түрін, сипатын атауға ұсынады. Балалар қолдарындағы элементтеріне

тиісті карточканың бір бөлігін табу керек.

2-нұсқа. Белгілері бар барлық карточкалардың жартысын тең бөледі. Барлық элементтерді араластырып, үстелге теріс жағымен орналастырады. Балалар кезекпен қарточкаларды өзінің карточкаларына сәйкес құрастырып алады.










«Жол белгілерін үйренеміз»


Мақсаты: Жол белгілерімен бағдаршам бойынша білімдерін бекітуді жалғастыру.

Қолданатын көрнекіліктер: Белгілері бар үлкен, кіші карточкалар.

Ойын барысы: Ойыншылар арасында үлкен карталарды тең бөледі. Жүргізуші жол белгілері бар карточкаларды кезекпен көрсетеді, кімге жақындайды сол белгіні алады да, жоғары оң бұрышына қояды және бұл белгі қалай аталатынын және қандай жағдайларда қолданылатынын айтып береді. Кім белгілерді жағдайларға дұрыс тапса және оны түсіндіре алса

сол жеңімпаз.









«Жол жүру ережесі»


Мақсаты: Жол негізінің анықтамасын бекіту; негізгі жол белгілермен таныстыру оның мәнімен міндет түсіну. Есте сақтау ой, назарын дамытуға жағдай жасау.

Қолданатын көрнекіліктер: Жол жүру ережелерінің белгілері

Ойын барысы: Тәрбиеші өзіне инспектордың рөлін алады. Қатысушылар текшелер арқылы ойын аланы бойынша қозғалады. Жасыл шам түсті-қозғалыс рұқсат етіледі; Сары-назар аудар, қызыл - тоқта-ойынша жол

береді. Егер де жол белгісі бар фишка алаңда тоқталса, қатысушыға осы топтын «ортақ банкте» белгісін табу керек. Кім көп ұпай жинаса сол женімпаз.1 – карточка – 1 ұпай.








«Дала және жол заңдары»


Мақсаты: Жол ережесін сақтауға баулу. Кез-келген жағдайда шешім қабылдау.

Қолданылатын көрнекіліктер: ойын аланы, үлкен сегіз карталар, адамдардын пішіндері

Ойын барысы: Ойын бірнеше нұсқаларға бөлінеді. «Сәлем Қала!», «Қалай өтіп, қалай жүруге болады? », «Бұл қандай белгі ?», «Баяу жүрсен - алыс кетесің»














«Сөйлейтін белгі»


Мақсаты: Жол белгілері бойынша белгілерін бекіту.

Қолданылатын көрнекіліктер: Белгілері бейнеленген 73 карточка; реттеушінің ережесі және әр белгінің сипаты бар 73 карточка.

Ойын барысы: Жүргізуші суруттері бар карточкаларды араластырады және қатысушыларға үлестіреді. Мәтіні бар карточкаларды өзіне қардырады. Содан кейін жүргізуші 1 карточканы алып мәтінді оқиды. Оқылған мәтін бойынша жол белгісімен карточка бар ойыншы үстелдің ортасына қояды. Егерде сандар сәйкес келсе, ойыншы карточкаларды өзіне алады. Жеңімпаз жүргізуші куәлігі карточкасын алады.














«№ Автомектеп»


Мақсаты: Балалардың көшелерден өту ережесін бекіту.

Қолданылатын көрнекіліктер: Ойың алаңы, фишкалар, белгілер бар карточкалар.

Ойын барысы:Ойыншылар кезекпен текше лақтырады және ойын алаңы бойынша жүреді, жүргінші жолы алдында сары дөнгелекте тоқталып басқа бағыттағы қатысушыға беру керек. Тоқталу, жолдағы көлік кедергі болмау үшін, жүргінші алдымен солға,содан кейін оңға қарау үшін керек.Кім алдыға қарай бірнеше аттам жасап, сары дөнгелекте тоқталмаса,сол қайтадан бастаған жеріне оралады.












«Дұрыс па? Бұрыс па?»


Мақсаты: Балаларға жүріс-тұрыс қағидасының қауіпсіздігін және жол белгілерін бекітіу.

Қолданылатын көрнекіліктер: Ойын алаңы, жол жүру белгілері.

Ойын барысы: Балалар суретте кейіпкерлерді қойып, кім дұрыс, кім бұрыс істеп жатқанын айтып береді. Кім кейіпкердің қылығын дұрыс суреттеп берсе сол жеңімпаз болып шығады.




















«Біз жолаушымыз»


Мақсаты: Біз кейде жолаушылар болатынымыз туралы балалардың білімдерін нақтылап алу; көлікке міну және одан түсу ережесін бекіту.

Қолданылатын көрнекіліктер: Жол жағдайлары бар суреттер.

Ойын барысы: Балалар бір-бір суреттен алып, не бейнеленгенін, сол жағдайдан қалай шығуға болатынын айтып береді.



«Жол әліппесі»


Мақсаты: Тыйым салынатын, ұйғаратын, ескертетін, ақпараттық-сілтемелер бар түрлері бойынша жүйелеу, жол белгілері бойынша дұрыс жүру туралы білімдерін бекіту.

Қолданатын көрнекіліктер: Жол жағдайлары бар карточкалар, жол белгілері.

Ойын барысы: Балалар өздеріне карточкаларды таңдайды. Жүргізуші қолындағы белгілерді кезекпен көрсетеді. Кімнің қолында керек карточка болса сол өз таңдауын дәлелдейді.














«Бағдаршам және реттеуші»


Мақсаты: Балалардың реттеуші жұмысы туралы білімдерін анықтау; оның ымдарының мәнін түсіндіру; балаларды реттеушінің ымдары мен бағдаршам түстерімен ара қатынасын белгілеуге үйрету.

Қолданылатын көрнекіліктер: Реттеуші, реттеушінің такяқшасы, бағдаршамның белгілері.

Ойын барысы:

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!