Материалдар / Жүйке жүйесін қандай мүшелер құрайды?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жүйке жүйесін қандай мүшелер құрайды?

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар адамның ағзасы, зәр шығару жүйесінің және жүйке жүйесінің құрылымы, олардың қызметі туралы танымын кеңейте түседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2020
5863
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы: Жүйке жүйесін қандай мүшелер құрайды?


Күні

Мұғалімнің есімі


Сынып

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


4.2.3.2 Жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Оқушылар адамның ағзасы, зәр шығару жүйесінің және жүйке жүйесінің құрылымы, олардың қызметі туралы танымын кеңейте түседі.

Оқушылардың басым бөлігі: Жүйке жүйесінің гигиенасы және оны сақтаудың маңызы туралы біледі, денсаулық сақтау ережелерін үйренеді.

Кейбір оқушылар: Денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін; тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын адам ағзасының ауру мен инфекциядан қорғану жолдарын түсінеді.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)


-жүйке жүйесінің ағзаларын атайды;

-сезім мүшелерінің қызметін сипаттайды;

-зәр шығару жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттайды;

-жүйке жүйесінің гигиенасы мен күн тәртібін сақтау туралы әңгімелейді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:

Оқушылар

-жүйке жүйесінің ағзаларын атайды;

Терминология:

жүйке жүйесі

ми

жұлын

жүйкелер

Сөз тіркестері:

Талқылау сұрақтары:

- Зәр шығару жүйесінің қызметі қандай?

- Адамның зәр шығару жүйесі неден тұрады?

- Зәр шығару жүйесінің жұмысында бүйректің маңызы қандай?

- Жүйке жүйесі қандай рөл атқарады?

- Күн тәртібін сақтау жүйке жүйесін қорғауға қалай көмектеседі?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Оқушылар адам ағзасының жүйелерін (тірек-қимыл, асқорыту, қанайналым, тыныс алу), ағзалардың орналасуы мен атқаратын қызметтерін біледі.Денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін; тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын адам ағзасының ауру мен инфекциядан қорғану жолдарын түсінеді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Сергіту жаттығуы

«Кездесу» ойыны

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.

Жаңа топ құру

Топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

« Шұғыл SMS (хабарландыру)…» әдісі.

Жедел жауап

Байқаусызда

Суреттен не байқадың? Неліктен ол қолын тартып

алды? Өзің осындай жағдайға кез болдың ба? Сонда қандай

қимыл жасадың? Неліктен? Сол қимылдың қалай және

неліктен болатынын білесің бе? Түсіндіріп көр.

(МК) Көп аузынан түспейтін

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау



Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырма

лары

Ортасы

«Не» белгі берді?

Суреттерге мұқият қара. Эврика неге тоқтады? Келесі суреттегі балалар туралы не айта аласың? Қауіптен құтылу

үшін олар не істейді? Үшінші суретте Эврика не сезініп

отыр? Ол қарны ашқанын қайдан білді? Суреттегі балалардың іс-әрекетін не басқарады деп

ойлайсың?

Дескрипторы:

-жүйке жүйесінің ағзаларын атайды;

-сезім мүшелерінің қызметін сипаттайды;

Жүйке жүйесі

Жүйке жүйесінің құрылысымен таныс. Жүйке жүйесіне нелер жатады? Ақпарат дененің кез келген бөлігінен миға

қалай беріледі? Ал керісінше ше? Бұл байланыс не үшін

қажет? Жүйке жүйесін ми, жұлын және жүйкелер құрайды.

Ми бас сүйегінде, жұлын омыртқаның өзегінде орналасады. Ал жүйкелер бүкіл денені торлап жатады. Олар барлық дене мүшелерін жұлынмен және мимен байланыстырады. Адамның жүйке жүйесі ағзаның барлық мүшелерінің

қызметін реттейді және олардың бір-бірімен үйлесімді

жұмыс істеуін басқарады. Жүректің соғуы, аяқ-қол

сүйектерінің қозғалысқа келуі, астың қорытылуы, тыныс

алу сияқты әрекеттердің барлығы жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді. Адамның сыртқы орта әсерлеріне жауап қайтаруын да жүйке жүйесі қамтамасыз етеді. Мысалы, ыстық заттан қолды тартып алу, қауіпті сезіп, қорғану әрекеттерін жүйке жүйесі орындайды. Бұл қалай

жүреді? Айталық, ыстық затқа қол тигізгенде, саусақ

ұшындағы жүйкелер жұлынға, жұлын миға хабар береді. Ми келген ақпаратты өңдеп, қайтадан жұлынға, жұлын жүйкелерге жауап береді. Жүйкелер ақпаратты мүшелерге таратып, соған сәйкес әрекет жасалады.


Тапсырма

ны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

















Белсенді оқу тапсырма

лары.

Аяқталуы


Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Ойлан

Жануарларда жүйке жүйесі бола ма?

Есте сақта!
Жүйке жүйесінің қызметі – адамның барлық

дене мүшелерінің үйлесімді жұмыс істеуін реттеу, басқару

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

Оқушылар «Кемпірқосақ» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады.



Тапсыр

маны орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Түрлі түсті

суреттері бар

жур

налдар,

флипчарт, желім.

Оқушылар «Кемпір

қосақ» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады.

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!