400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру: диффузиялы, сатылы, түйнекті, түтіктәрізді. § 39.Жануарлардың жүйке жүйесінің типтері.

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

«Координация және реттелу.»

Педагогтің аты-жөні:


Күні: 2-сағат


Сыныбы: 7 «а,ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру: диффузиялы, сатылы, түйнекті, түтіктәрізді.

§ 39.Жануарлардың жүйке жүйесінің типтері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.7.1 – жануарлардың жүйке жүйесі.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін сипаттайды;

Кейбір оқушылар: жануарлардың жүйке жүйесін салыстырады;

Көпшілік оқушылар: жүйке жүйесінің типтеріне жататын жануарларды анықтайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.


І.Ұйымдастыру кезеңі:

а)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Жақсы сөз жарым ырыс…» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айтады;



Оқушылар ұстазымен амандасады, бір-біріне жақсы тілектер айтады;

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам


(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе

Мағынаны білу


«Суретті сөйлет» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау.



Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады;




Мақсаты: Функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


презентация



Сабақтың ортасы мағынаны түсіну





Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі.



Жүйке жүйесі дегеніміз не?

Қатты дыбыстар жүйке жүйесіне.......................

Жәндіктер де жүйке жүйесі бола ма?

Жануарларда жүйке жүйесі ол.......................

Жануарларда жүйке жүйесі қандай рөл атқарады?

Тұщы су гидрасының жүйке жүйесі ..................

Жүйке жүйесінің жануарларға тән типтері олар............

(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы сұраққа жауап беру арқылы орындайды;)


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


п резентация

Сабақтың ортасы

Мағынаны қолдану




Оқушыларға жалпылама төмендегі қолдану тапсырмалары беріледі. «Мағынаны қолдану» айдарындағы тапсырманы дәптеріне жазады.


Жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін анықтаңыз.


Ағзалардың құрылысы мен жүйке жүйесінің дамығандығын дәлелдеңіз.


Бағалау критерийі:


- Жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін

анықтайды;



(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)


Дескриптор:


- жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін анықтайды – 2 балл;

- ағзалардың құрылысының дамуын сипаттайды – 2 балл;

- ағзалардың жүйке жүйесінің дамуын сипаттайды – 2 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы мағынаны талдау



Оқушыларға жалпылама төмендегі талдау тапсырмасы беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.


Биологиялық диктант


1.Диффузды жүйке жүйесі- ең ежелгі, .......... тән. 2.Тор нейроннан нейронға қозуды ....... өткізеді. 3. ....... жүйке жүйесі жалпақ құрттарға тән.4.Түйінді жүйке жүйесі ...., .... мен ..... тән.5. ...... жүйке жүйесі барлық желілі жануарларға тән. 6. ...... жүйке жүйесінің бұл типінің жауап реакциясы салыстырмалы түрде нақты әрі жылдам болады.

Бағалау критерийі:


- Жануарлардың жүйке жүйесінің типтеріне тән қасиеттерді сипаттайды;



(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)


Дескриптор:


- Жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін анықтайды– 2 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы мағынаны жинақтау






Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау тапсырмасы беріледі.


«Үштілді терминдерді оқы»

Ми – мозг - brain

Жүйке – нерв - nerve

Жүйке жүйелерінің типтері -типы нервных систем - types of nervous systems

Диффузды – диффузная - diffuse

гидра - гидра - hydra

Сатылы - Лестничная - Ladder

ақ планария - белая планария- white Planaria

Түйінді – Узловая - Nodal

Ұлулар- моллюски - mollusks

сақиналы құрттар – кольчатые черви - annelids

буынаяқтылар - членистоногие - arthropods

Түтікшелі - Трубчатая - Tubular

омыртқалылар - позвоночные – vertebrates


Бағалау критерийі:


-тақырыпқа байланысты үштілді термин сөздерді сипаттайды;



(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)


Дескриптор:


- тақырыпқа байланысты үштілді термин сөздерді оқиды – 1 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы мағынаны бағалау

Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін бағалау тапсырмасы беріледі. Әр орындаған оқушы бағаланады.


Кестедегі жануарлардың жүйке жүйесінің типтері мен өкілдерін сәйкестендір:


Жүйке жүйесінің типтері

Өкілдері

1.Түтікті жүйкелі


A.Буылтық құрттар буынаяқтылар, тікен терілілер, моллюскілер

2.Түйінді жүйкелі


В.Омыртқалы жануарлар

3.Сатылы жүйкелі


С. Ішек қуыстылар (гидра)

4.Торлы жүйкелі


D.Жалпақ құрттар (ақ планария)


Бағалау критерийі:


- Жүйке жүйесінің типтерімен танысады;



(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)









Дескриптор:


- Жүйке жүйесінің типтерін сәйкестендіреді – 1 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Кері байланыс


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.06.2026
42
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі