Материалдар / Жұмыстың тақырыбы: «Шайдың тарихы» Бағыты: Қоршаған орта – экология , жаратылыстану Орындаған: Жексембі Бақдаулет Сыныбы: 4 «
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жұмыстың тақырыбы: «Шайдың тарихы» Бағыты: Қоршаған орта – экология , жаратылыстану Орындаған: Жексембі Бақдаулет Сыныбы: 4 «

Материал туралы қысқаша түсінік
"Шәйдің тарихы",Аннотация Зертеу жұмысында орындаушы шайдың тіршілікке қажетті құндылығына, тарихына тоқталған. Шай ішу қазақтың ұлттық дәстүріне айналды. Бүгінде еліміздің 99% күн сайын шай ішуді әдетке айналдырған. Адамдардың тең жартысы күніне бұл сусынның 4 кеседен астамын тұтынатынын білдіреді. Ғылыми зерттеу жұмысынның негізгі мақсаты өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында ізденісін тиянақты жеткізе білген. Андатпа Бұл жоба қазақ халқының сусыны – шайдың пайдасын зерттеуге арналған. Шай ағашы – 100 жыл өмір сүретін көпжылдық өсімдік. Бұл сусын адам денсаулығына өте пайдалы. Жобада шайдың шығу тарихы, емдік қасиеттері және зияны туралы толық айтылған. Жобаның негізгі мақсаты: Шай тарихын білу арқылы оның адам ағзасына пайдасы мен зиян әсерін айқындау.Түрін,құрамын саралай отырып,даярлау әдісін меңгеру. Дұрыс әзірленген шай адам организміне жақсы әсер ететінін зерттеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
1135
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Жамбыл облысы Меркі ауданы №28ЖОББМ







ҒЫЛЫМИ ЖОБА





Жұмыстың тақырыбы: «Шайдың тарихы»

Бағыты: Қоршаған орта – экология , жаратылыстану

Орындаған: Жексембі Бақдаулет

Сыныбы: 4 «А»

Ғылыми жетекші: Шолпанбекова Жамила Оңланбайқызы











Меркі аудан 2022ж


ЗShape1 ерттеу тақырыбы: «Шайдың тарихы»

Зерттеу мақсаты: Шай – адам денсаулығына қажет екеніне көз жеткізіп, зерттеп , бақылау.

Зерттеу міндеті:

  1. Тақырыпқа қатысты теориялық еңбектермен танысу, қажетті терминдерге анықтама беру.

  2. Әр елдің осы шайға байланысты тіршіліке қажетті туралы жинастыру.

Зерттеу нысаны: Әр халықтың шай әзірлеуде өзіндік ерекшеліктері мен дәстүрі.

Зерттеу пәні: Шайдың шығу тарихы.

Зерттеу әдістері; Табылған ақпараттарға қортынды жасау, алған ақпараттарды саралай білу.

Зерттеу жаңалығым: Шайды көп ішетін елдер арасында жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, адам басына шаққанда әр қазақ жылына 1-2 келі шай ішеді екен.

Жұмыстың нәтижесі мен шешімі – 2021-2022ж аралығында зерттеу жұмысымның барысында менің уйренгенім:

  1. Пайдалы ақпараттарды өз бетіммен іздеу.

  2. Табылған ақпараттарды сараптау.

  3. Шешім қабылдай алу.

Зерттеу жұмысымның негізгі тұжырымы:

Зерттеу барысында шайдың адам денсаулығына өте пайдалы сусын екенін. Сонымен қатар шай ағашынын – 100 жыл өмір сүретінін көпжылдық өсімдік екенін білдім.Тарихын және құпия сырларын ашуға барлық күш-жігерімді жұмсап, зерттеу жұмысымды ары қарай жалғастырамын.



Аннотация


Зертеу жұмысында орындаушы шайдың тіршілікке қажетті құндылығына, тарихына тоқталған. Шай ішу қазақтың ұлттық дәстүріне айналды. Бүгінде еліміздің 99% күн сайын шай ішуді әдетке айналдырған. Адамдардың тең жартысы күніне бұл сусынның 4 кеседен астамын тұтынатынын білдіреді. Ғылыми зерттеу жұмысынның негізгі мақсаты өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында ізденісін тиянақты жеткізе білген.



Annotation


In the research work the student dwelled on the vitally important value and history of tea. Tea drinking became a national Kazakh tradition. Today, 99% of the Kazakh population consumes a tea. Half of people drink 4 cups of tea a day. In the research work the student managed to convey his abilities very carefully and competently.


Аннотация


В исследовательской работе автор остановился на жизненно ценном значений и истории чая. Чаепитие стало национальной традицией. На сегодня 99% населения употребляет чайный напиток. Больше половины людей употребляет не боли 4 чашек этого напитка в день. В данной исследовательской работе исследовател акцент сделал донести свой способности очень тщательно и грамотно.



Мазмұны

 Аңдатпа

  1. Кіріспе

  2. Шайдың шығу тарихы

  3. Шай ағашы

  4. Шай әзірлеу ерекшеліктері

  5. Шайдың емдік қасиеттері

  6. Көк шайдың пайдасы

  7. Қандай кезде шай ішпейді?

  8. Ыстық шай ағзаға зиян

  9. Шай демдеу

Андатпа

 

     Бұл жоба қазақ халқының сусыны – шайдың пайдасын зерттеуге арналған. Шай ағашы – 100 жыл өмір сүретін көпжылдық өсімдік. Бұл сусын адам денсаулығына өте пайдалы. Жобада шайдың шығу тарихы, емдік қасиеттері және зияны туралы толық айтылған.


 Жобаның негізгі мақсаты:

Шай тарихын білу арқылы оның адам ағзасына пайдасы мен зиян әсерін айқындау.Түрін,құрамын саралай отырып,даярлау әдісін меңгеру.

Дұрыс әзірленген шай адам организміне жақсы әсер ететінін  зерттеу.


Жобаның міндеттері:
1. шайдың шығу тарихымен танысу;
2. шайдың пайдалы және зиян қасиеттерін зерттеу;
3. шайды дұрыс әзірлеу технологиясымен танысу.


Мәселе: Шайдың адам денсаулығына пайдасы бар екенін зерттеу.

Зерттелетін зат:  Шайдың тіршілікке қажетті құндылығын зерттеу.

  Кіріспе

 

Біздің елімізде қою сүт, қаймақ қатқан шай ішпейтін адам жоқ. Шай мен кофе, жеміс шырындары мен квас – негізінен, алкогольсіз сусындар. Олардың кең тарап, кең тұтылуының сыры – сүйкімді дәмінен, жұмсақ стимуляторлық әсерінен. Қазір ауыз суына хлордың қосылуы салдарынан бұл сусындардың дәмдік сапасы өз деңгейінде емес. Алайда хлорсыз, бактериялық жолмен өңделген, терең артезиан құдықтарынан алынған, мөлдір, таза күйінде дүкендерде сатылатын (бұлақ суы) ауыз суынан дайындалатын шай, кофе өте дәмді келеді. Әйтеуір, қандай судан қайнатып ішсе де шайдың жаманы жоқ және де қазақтай шайқұмар халық аз шығар, сірә…

Қазақтар үшін де шай ерекше сусын деуге болады. Алғаш қазақ даласына шай келе бастағанда оны аса жақтыра қоймаған.

Сары жез самауыры тағы шықты

Машина шүмегі бар  бұрамалы

Төсектен ерте тұрып бас ауырса

Бөтен ем шайдан басқа сұрамады.

Әбубәкір Кердеріұлы шай алғаш келе бастаған тұста осылай жырлапты.

Жалпы осы тұста шай қайнататын самаурын шаймен бірге орыстардан келді деген түсінік бар. Бірақ тарихшы этнограф Мұрад Аджиев орыстардың  ұлттық нышан ретінде көретін самаурынды далалықтардан алған деген пікірі бар: «Осы самауыр бізге  шумерлерден келген, «су» – су түрікше, «мавар» – құмыра тәріздес ыдыс.»- деген мағына береді деп тұжырым жасайды.

 

 

 







Шайдың шығу тарихы

 

Шайды ХІХ ғасырдың ортасына дейін дүниежүзіне Қытай өзі ғана  сатып келді. Қытайлықтар шай өндіру сырын жібек, фарфор, дәрі­­ өндіру құпиясын жасырғандай, керемет ұқыптылықпен басқа халықтардан жасырып келді. Бірақ, осы шайдың сырын үйренуге көпшілік құлшынып отыр еді. Бұны білмекке құмартқан ағылшынның  кәсіпкері  бір көңілшек қытайға көп ақша беріп оны әзірлеу технологиясын үйренеді. Бұл- қытайларды шай сатудан түсетін орасан зор пайдадан айырды.

Яғни шайдың бұтадан дайындалатыны құпия болмай қалған сәтте оны саудалайтын нарыққа талас басталып кетті. Шайдың отаны сонымен – Қытай. Біз шай деген атауды солтүстік (Пекин) диалектісі «ча» атауынан алсақ, француздар «тэ», ағылшындар «ти» деп атауды оңтүстік қытай диалектісінен алған.

Қытайлықтардың аңызы бойынша, Дарма есімді үнді ханзадаларының бірі Буддаға табынады екен. Ол бүкіл қытайды осы дінге енгізуге құмартыпты.  Бұл үшін ол күндіз-түні тынбай, көз ілмей еңбек етуге тиісті болыпты. Бірақ, бір күні байқамай көзі ілініп кетіпті. Соған күйінген ол кірпіктерін кесіп алып анадай жерге лақтырып жіберсе, кірпіктері сол сәтінде бұтаға айналып кетеді. Осы бұтаның жапырағын аузына салып, дәмін алып көрсе шаршағаны басылып ханзаданың ұйқысы қашады.

Бір қызығы шай мен кірпік сөзі қытай иероглифінде бір таңбамен белгіленеді. Бізге жақсы таныс байха шайы да осы аңызбен сабақтасып жатыр.  Шай қорабының сыртындағы байха «Бай-хао»  сөзбе-сөз «ақ кірпік» деп аударылады. Қытайлар шай жапырағының төменгі жағындағы ашық түсті мүк секілді талшықтарды солай атайды. Олардың санына қарай шайдың сапасы анықталады.

Ертеде қазақтар осы шайды «аққұйрық»  деп атаған екен.

Қазір Қытай дүниежүзі нарығына шай өндіріп, сатудан соңғы орындарда қалды.  Франция үшін шарап қандай тарихи, әлеуметтік-экономикалық маңызы болса шай өндіру қытайларға сонша маңызды. Қытайлар көк шай өндіруден қазір де ешкімге дес бермейді. 150 жыл бұрын ағылшындар шайды қытайлардан сатып алып келді.

 


Шай ағашы


Шай бұтасы — күй талғамайтын, тамырлы, көпжылдық өсімдік. Дегенмен жер қыртысы мен климаттық жағдайлардың өзгерісін жылдам сезінеді. Жапырақтары кезектесе орналасқан, қалемше тәріздес, жылтыр, шеттері өткір тісті, ұзындығы — 7, ені 4 сантиметр болады. Шай жас жапырақтардан, оның бүрлерінен өндіріледі. Алғашқы өнім бірінші вегетациядан кейін жиналады. Шай өнімдерінің ішіндегі  ең бағалысы —бірінші және екінші бүрлері. Бірінші өнім, әдетте, ақпан айынан бастап наурыз айына дейін жиналады.

Шайдың жабайы өсетін екі түрі бар. Біріншісі, қытай шайы — Оңтүстік-Шығыс Азияның таулы аймақтарында, екіншісі, ассам шайы Үндістанның Ассам ормандарында өседі. Бұл екі шайдың табиғи гибриді цейлон шайы деп аталады. Оның да екі түрі бар. Олар жер шарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі. ТМД елдерінде Әзірбайжан, Грузия, Ресейдің Краснодар өлкесі мен Грузия жерлерінде қытай шайының негізінде шайдың бірнеше сұрыптары өсіріледі. Шай ағашы 100 жылдай өмір сүріп, 70 жыл өнім береді.

 





Шайды әзірлеудің ерекшеліктері


Әр халықтың шай әзірлеуде өзіндік ерекшеліктері бар дәстүр қалыптасқан. Мысалы қытай, жапон халықтары шайға қант қоспай ішеді. Орыс, голланд және көптеген Еуропа елдерінде қанты бар шайды ұнатса, қырғыз, қалмақ, моңғол, тибеттіктер шайдың дәмін тұзбен  келтіреді. Ағылшындар  сүт үстіне шай құяды, керісінше істеу надандық болып саналады. Олардың пайымдауынша бұлай ету шайдың дәмін жоғалтып хош иісінен айырады делінеді. Голланд, шотланд, қалмақтар керісінше шай қайнаған соң сүт қатады.

Шай ішу жапондықтар үшін үлкен рәсім. Қатал дзен-буддизмге құрылған «гя-до» шай ішу рәсімі әуелде Қытайда пайда болған. Кейін бұл рәсім жапон тұрмыс салтына еніп кеткен. Содан бері рәсім тәртібі онша өзгермеген. Жапондар өздерінің ерекше көк шай «о-тяны» қант салмай ішеді. Кез-келген мекемеде «отякумдар» яғни шай дайындап құюшы хатшы қыздар болады екен. Олар күніне 3 рет қызметкерлерге шай дайындап береді. Жапондар шай өсіргенімен оны сыртқа шығарып сатпайды десе де болады.

 

 



Шайдың түрлері


Шай — байха (үгітілген) және тақта шай (престелген) деп бөлінеді. Байха шайы: қара (ең көбірек тарағаны), көк және сарғыш қара, көк шай. Онда белокты заттар мен амин қышқылдары (16 пайыздан 25 пайызға дейін), пигменттер (бояғыш заттар 10 пайызға дейін), А1, В1, В2, РР, С тағы да басқа дәрумендер бар. Шайдың сергітетін әсері оның құрамындағы кофеинге байланысты. Шайдағы эфир майы 0,006 – 0,02 пайызға жуық. Ол шайға хош иіс, тіл үйіретін дәм береді. Сары шай — өте сирек кездеседі және шайдың ең қымбат түрі. Жылына 300-600 келі ғана өндіріледі. Бір ғана жерде, яғни Дунтиху өзені ортасындағы аралда өседі. Өте қатқыл, әсері күшті. Дайындау тәсілін қытайлықтар өте құпия ұстайды. Адам қуатын тез арада қалпына келтіреді.

Улун шайы — жартылай ферментті, ашық түсті. Бас пен ми жұмысына күш түскенде өте жақсы жәрдемдеседі.

Қара пуэр — тым сирек кездесетін сорт. Жылына бірнеше келі етіп қана жасайды. Бұл шай кездейсоқ дайындалған. Шай плантациясынан дүкендерге әкелгеннен кейін, жаңбыр астында қалып қойып, қатты дымқылданған. Сөйтіп, бірнеше жылдар бойы қожайынның қоймасында жатқан. Кейін шайдың бір қорабын алып, дәмін көргенде қожайын шалқасынан түсе жаздапты.

Пуэр —  уақыт өткен сайын бағасы, құндылығы өсіп келе жатқан шайдың жалғыз түрі. Ол шайдың басқа шай түрлерінен әсері өте күшті.

Қызыл шай — (бізше қара шай) күшті ферменттелген шай. Бұл да көк шайға жатады, бірақ жиналғаннан кейін өте жоғары температурада кептірілген.

Гүлді шай — гүлмен дәмін келтірген, жан рақаты үшін ішеді.

 







Шайдың емдік қасиеттері



Ертеде шайды адамды түрлі улану кезінде және ой, дене еңбегінен шаршаған нан арылу үшін дәріге ішкен. Қара шайға қарағанда көк шай адам ағзасына өте пайдалы. Мысалы: Өзбекстан тіс дәрігерлері оқушылардың тіс ауруымен сирек ауыратыны байқаған. Кейін белгілі болғандай көк шайдың құрамында эмальдың бұзылуына жол бермейтін фторлы заттар бар екен.Шай бүйрекке тас байлануды болдырмайды. Қытайлықтарға бұл аурудың белгісіз болып келуі сондықтан. Көк байха шайы қырқұлақ және дәрумен жеткіліксіздігіне бірден-бір ем.

Сүт қосылған қою шай дәрі-дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда удың бетін қайтарады.

Аз мөлшердегі құрғақ жүзім шарабы тамызылған қара және көк шай қоспала рының қою, салқындатылған тұнбасымен қабақтың қабынуы, шырышты қабықтың бітеліп қалуы, конъюктивит кезінде көзді жууға болады.

Жас шай жапырағының шырынымен немесе ұнтақталып, үгітілген кепкен шаймен дененің күйген жерлерін емдейді. Кепкен көк шайды шайнау — жүрек айнығанды басуға жақсы көмектеседі. Көк шайдың қою тұнбасы денедегі сыртқы жараларды, тіпті жүйелі пайдаланған жағдайда асқазан мен аш ішек жараларын жазады. Көк шай тұнбасы қан қысымын түсіреді. Шайды тіл ойылғанда, экземаға, теріге жарақат түскенде, іріңді жараларға ем ретінде қолданады. Таңертеңгілік және кешкі уақытта тіс тазалар алдында шай тұнбасымен ауызды шайса, тістің түбі нығаяды.

Қытай медицинасы да шайды уланған адам ағзасын емдеуге пайдаланған. Онымен ауыр тері жарақаттарын емдеп, дене еңбегімен шұғылданғанда сергу үшін ішкен көрінеді. Шай түрлі бактерияларды өлтіре алатын күшке ие. Негізінен, ол – сүзек, дизентерия тәрізді аса қауіпті бактерияларды жояды. Қан құрамын, жүрек жұмысын жақсартады. Шай бүйрекке тас байлануын болдырмайды. Жақсы өскен шай жапырағында С,В1,В2,А,Р дәрумендері бар деп, оны бет-алды іше берсең, шай өңіңді өзгертіп, ұйқыңды қашырады. Шайды тым қою етіп дайындап ішсең, оның құрамындағы кофеин жүйке жүйесінің қызметін қоздырады, қан қысымын күшейтіп жібереді. Шай 18 градус ыстықтан төмен болса, жұпар иісі мен адам жанын сергітетін шипасын, дәмдік татымдылығын жоғалтады. Шайды асықпай, ұрттап ішсе ас қорыту органы, тамақ, асқазан күйіп қалмайды. Шай тұнбасындағы Р дәрумені адам ағзасына С дәруменінің жақсы сіңуіне көмектеседі. С дәрумені жетпеген адамға көк шай ішу қажет. Көк шайды дұрыс пайдалана білген адам ерте қартаймайды.

Шай тұнбасы қан капиллярын бекітеді, жүйкені жақсартады.

 

 





















Көк шайдың пайдасы

  Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жан- ын сергітіп сейілтеді.Көк шай жан мен тәнді жадырататын дәрумендерге бай.

Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзада дәру мендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамындағы поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретін- де емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұнба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге қарсы күші де бар. Қытай, Жапон елдерінде көк шай жоғары бағаға ие.

Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан жасушаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін поли – фенал ДНК-ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты. Сонымен қатар полифеналдың сау жасушаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы.

Көк шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш-қуат беретін сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке жүйесін тынықтырады. Ал кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді.

 

 



Қандай кезде шай ішпейді?


Шайды көп ішетін елдер арасында жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, адам басына шаққанда әр қазақ жылына 1-2 келі шай ішеді екен. Қазақтардың шайды қалай ішетіні туралы XIX ғасырдың орта шенінде жапондық зертеуші М.Киттар «Қазақтар шай ішкенде уақыт та, орын да талғамайды. Кез келген тамақтан бұрын да, кейін де іше береді» деген екен. Алайда дәрігерлердің кеңесі бойынша оңды-солды шай іше беру денсаулыққа зиян.


1. Аш қарынға суық шай ішпейді. Себебі ол өт пен асқазанға зиян.

  1. Керісінше, жылы және ыстық шай бойды сергітіп, сананы сейілтеді.

  2. Суық шай бүкіл ағзаны тітіркендіреді.

  3. Тағамның алдында шай ішпейді. Өйткені шай сілекейді қышқылдандырып, оның дәмін сезуді қиындатады. Мұндай жағдайда ас қорыту қызметінің протеинді сіңіруі уақытша азайып кетеді

  4. Тамақтан соң бірден шай ішпеген жөн. Ішкіңіз келсе, жарты сағат күтіңіз. Өйткені шай құрамындағы танин, протеин мен темірдің қатқылдануы тағам сіңімділігін төмендете түседі.

  5. Дәріні шаймен ішпейді. Себебі шай құрамындағы заттар ыдырағанда пайда болатын таниннің әсерінен дәрі сіңімділігі төмендейді. «Шай дәріні бұзады», — дейді ежелгі қытай ойшылдары.

 











 

Ыстық шай ағзаға зиян

 

Шайды ыстықтай ішуге болмайды. Өйткені ыстық шай кеңірдекке, ас жолы мен асқазанға кері әсер етуі мүмкін. Ұзақ уақыт ыстық шай ішу ішкі органдарды ауруға ұшыратады. Температурасы 62 градустан жоғары шай асқазанды бұзады. Шайдың температурасы 56 градустан аспауға тиіс. Шай дайындау үшін суды ұзақ қайнатқан дұрыс. Болмаса шайдың фенолы, эфирлік компоненттері қышқылданады, шай тұнықтығынан, дәмінің сапасы мен хош иісінен айырылады. Шайды бірнеше рет қайнатып ішуге мүлде болмайды. Әдетте үш-төрт рет қайнатқаннан кейін шай жапырақтарында пайдалы заттардың 50 пайызы, екінші қайнатқанда 30 пайызы қалады. Осылайша, оның құрамындағы пайдалы элементтер біртіндеп азайып, бірнеше рет қайнатқанда ондағы зиянды заттар көбейе түседі.

Сондай-ақ бұл сусынды кішкентай шыныаяқпен ішу керек. Сонда шайдың керемет дәмін шын мәнінде сезінуге  болады екен.



578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!