Материалдар / Жүре пайда болған және тұқымқуалайтын белгілер. Модельдеу №3. «Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу»

Жүре пайда болған және тұқымқуалайтын белгілер. Модельдеу №3. «Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүре пайда болған және тұқымқуалайтын белгілер. Модельдеу №3. «Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу»
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

.

Бөлім:

Координация және реттелу

Педагогтің аты-жөні:


Күн:

Сыныбы : 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Жүре пайда болған және тұқымқуалайтын белгілер.

Модельдеу №3. «Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.4.1 - адам ағзасындағы тұқымқуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу;

7.2.4.2 үздік және үздіксіз өзгергішті атау ;

Сабақтың мақсаты:

Тұқым қуаламайтын өзгергіштік құбылысын сипаттайды;

Өзгергіштік типтері туралы ақпарат береді.

Тұқым қуалайтын өзгергіштік пен тұқым қуаламайтын өзгергіштікке мысал келтіреді;

Ағза үшін модификацияның маңызын біледі

Өзгергіштік типтерін талдайды;

Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, мутацияның пайдалы әрі зиянды болатынына мысалдар келтіре алады

Бағалау критерийі

Адам ағзасындағы тұқымқуалайтын және тұқымқуаламайтын белгілерді біледі;

«Мутация», «модификация», «тұқымқуалаушылық», «өзгергіштік», «тұқым қуалайтын өзгергіштік», «тұқым қуаламайтын өзгергіштік» деген терминдерге анықтама береді.

Тұқым қуалайтын өзгергіштік пен тұқым қуаламайтын өзгергіштікке мысалдар келтіреді.

Белгілерді анықтаудағы гендердің ролін түсінеді.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу ;

Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды, ар ұят, адамгершілікті қалыптастыру ;

Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру

Аптаның дәйек сөзі

СӘУІР- ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ

«Патриотизмі жоқ халық жаны жоқ тәнмен тең».


Сабақ барысы/уақыты

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


4 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) «Досқа тілек» әдісі бойынша жағымды психологиялық ахуал орнатады

«Кazmath» платформада оқушылар топтарға бірігеді.



Оқушылар шеңберге тұрып «Досқа тілек» тәсілі арқылы сыныпта жағымды ахуал орнатады .


«Кazmath» платформада оқушылар топтарға бірігеді

https://qazmath.net/quraldar/topka-bolu/

Кері байланыс:

Мадақтау арқылы бағаланады.

Түрлі түсті стикерлер

3 мин

ІІ Үй тапсырмасы


«Ой қозғау» әдісі. Жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа тақырыпты меңгертуге жетелейді.

Оқушылар «Ой қозғау» әдісі. арқылы өткен тақырыптар бойынша білімдерін еске түсіреді.

«Ой қозғау» әдісі. Жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа тақырыпты меңгертуге жетелейді:

  1. Тұқым қуалайтын белгілерді ағза қайдан алады?

  2. Мутация терминін қалай түсінесіңдер?

  3. Генетикалық белгілер?

Shape1


Кері байланыс:

Мадақтау арқылы бағаланады.

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»т .б


Экран

Суреттер


Сабақтың ортасы


18 мин

ІV Топтық жұмыс.

Мұғалім жаңа тақырып бойынша қысқаша ақпарат береді,

Топтық жұмысты ұйымдастырады.

І топқа-Өзгергіштік типтерін талдаңдар. Олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты тауып, кестеге толтырады;

ІІ топқа – тұқым қуалайтын және жүре пайда болатын белгілер туралы венн диограммасын толтырады.

ІІІ топқа – сәйкестендіру кестесі

IV топқа- биологиялық диктант

Оқушылар топтарда мұғалімнің бағыт берумен берілген тақырыпты талдап, топты жұмыс орындайды.

1 тапсырма ТЖ

І топқа-Өзгергіштік типтерін талдайды. Олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты тауып, кестеге толтырады;

ІІ топқа – тұқым қуалайтын және жүре пайда болатын белгілер туралы венн диограммасын толтырады.

ІІІ топқа – сәйкестендіру кестесін толтырады

Белгілер

Маңызы

ДНҚ

ДНҚ-дан тұрады.

Мутация

Тікелей қоршаған орта әсеріне тәуелді

Хромосомалар

Гендердің аяқ астынан өзгеруі

Модификация

күрделі химиялық зат


IV топқа- биологиялық диктантты жазады

Қажетті сөздер: ген, нәруыздар, майлар және көмірсулар, химиялық зат, 2 тізбектен, генетика

  1. ДНҚ молекуласының бөлігі ............. деп аталады.

  2. Кез келген тірі жасуша құрамын..............кіреді.

  3. ДНҚ – кез келген тірі жасуша құрамында міндетті түрде болатын......................................

  4. ДНҚ-ның әрбір молекуласы қосылған және өрілген................................. тұрады.

  5. Тұқым қуалайтын белгілерді зерттеумен ..................ғылымы айналысды



Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы беріледі


Дескриптор:

Өзгергіштікті анықтайды.

Тұқым қуалайтын және жүре пайда болатын белгілерді ажыратады.

Сәйкестендіру кестесін толтырады

Биологиялық диктантты орындайды

Жалпы балл -4




А4 парағы


Маркер

флипчарт


Бейнероликтер



15

Сабақты бекіту тапсырмалары.


Білімді тиянақтау мақсатында мұғалім оқушыларға тапсырма жазылған материалдармен жұмыс істеуді ұсынады.



Тапсырма орындау барысында бағыт бағдар беріп, қолдау көрсетеді.






Мұғалім оқушыларға тапсырманы орындау жолын түсіндіреді, қолдау көрсетеді, бақылайды.

ЕБК оқушыға қолдау көрсетеді





ЕБҚ оқушыға тапсырма

1-тапсырма

1. Тұқым қуалаушылық ұғымына анықтама беріңіз.

2. Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерге мысал

келтіріңіз.

Қосымша тапсырма

Функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырмалар.

1. Қызанақтың тұқымынан қияр өсіруге бола ма? Жауаптарыңызды негіздеңіздер.

2. Ғалымның баласы ғалым, ал әскери қызметкердің баласы патриот бола ма? Бұл жасушаның химиялық қасиетіне байланысты ма? Өз болжамдарыңызды айтыңыздар.



2-тапсырма ЖЖ

Терминдерге анықтама беріңіз.

Тұқымқуалаушылық

Өзгергіштік

ДНҚ

Мутация

Тұқым қуалау ақпараты

3-тапсырма ЖЖ

«Шындық» немесе «жалған» тәсілі

Тұжырымның «шындық» немесе «ажлған» екенін анықтайды.


Тұжырымдар

Ш

Ж

Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік бұл барлық тірі ағзаларға тәні қасиет

ш


Өзгергіштік ағзалардың өз ата тегіне ұқсау қабілеті


ж

ДНК ның әрбір молекуласы қосылған және өрілген 1 тізбектен тұрады


Ж

ДНК моделін Дж.Уотсон мен Ф..Крик ашты

ш


1952 жылы Дж.Уотсон мен Ф..Крик ашқан жаңалығы үшін Нобель сыйлығын алды


ж

Тұқымқуалау ақпараты ағзадағы барлық нәруыздардың аминқышқылдары ретінің жазбасы

ш


ЕБҚ оқушыға тапсырма

1-тапсырма

1. Тұқым қуалаушылық ұғымына анықтама береді.

2. Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерге мысал келтіреді.








Оқушылар өз ойларын ортаға салады


Дескриптор :

терминдерге анықтама береді;

Жалпы балл –2

Әр дұрыс жауап үшін 1 балл

ҚБ: «Өзін өзі бағалау парағы» арқылы




Дескриптор :

Тұжырымның «шындық» жалған» екенін анықтайды;

Жалпы балл-4











Дескрипторы:

- тұқым қуалаушылық ұғымына анықтама береді;

- адам ағзасындағы тұқым қуалайтын белгілерге мысал келтіреді;

- адам ағзасындағы тұқым қуаламайтын белгілерге мысал келтіреді.

Жалпы балл -6

2-косымша

Тапсырма жазылған парақтар




















Сабақтың соңы



5 мин

«Жетістік баспалдағы» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Презентация




Тарауды қорытындылауға арналған тест жұмыстары: Жеке жұмыс

1. Тұқымқуалаушылық дегеніміз

а) Ағзаның өз ата тегіне ұқсау қабілеттігі

ә) Ағзаның өз ата тегінен ерекшелену қасиеті

б) Ағзаның сыртқы ортамен зат алмасу қасиеті

2.Өрілген екі тізбектен тұратын тұқымқуалаушылық заты а) ДНҚ ә) РНҚ б) АТФ в) АДФ г) а-РНҚ

3. Ағзаның бүкіл тұқымқуалаушылық ақпараты жазылатын қышқыл а) РНҚ ә) Глюкоза б) ДНҚ

4. Дж. Уотсон, Ф.Крик, М.Уилкинстің қатысуымен ашылды

а) ДНҚ қышқылының құрылысы

ә) РНҚ қышқылының құрылысы

б) Жасушадағы ядроның рөлі

5. Нәруыз тізбегінің бір буыны

а) Аминқышқыл ә) Нуклеотид б) Глюкоза

6. ДНҚ молекуласының бөлігі

а) Ген ә) Геном б) Спора 195 в) Зигота г) Бластомер 7. Хроматиннен тұрады

а) Хромосома ә) Вакуоль б) Спора в) Циста

8. Ата-анасында болмаған тұқым қуалайтын өзгерістер а) Мутация ә) Модификация б) миграция

9. Тікелей қоршаған орта әсеріне тәуелді өзгергіштік түрі а) Мейоз ә) Модификация б) Геномды мутация

10. Қандай да бір белгіге әсер ететін генетикалық материалдардың аяқ астынан өзгеруі а) Терминация ә) Транскрипция б) Мутация в) Модификация

Жариялаған:
.
29 Наурыз 2025
189
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі