Материалдар / Жуан-жіңішке,қалың-жуқа
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жуан-жіңішке,қалың-жуқа

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал барлық педагогтардың назарына ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2019
803
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мектепалды даярлық сыныбы.

Математика сабағы.

Сабақтың тақырыбы: Жуан- жіңішке. Қалың-жұқа. Жалпақ-жіңішке.

Сабақтың мақсаты: Балаларды математикалық атаулар жуан-жіңішке, қалың-жұқа, жалпақ-жіңішке ұғымдарымен таныстыру.

Заттарды, шамаларды жуандығына, қалыңдығына, жалпақтығына қарай салыстыра білуге үйрету.

Ұғымдардың мағынасын терең түсініп, бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

Баланың тілін, ойын, танымдық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекіліктері: әр түрлі көлемдегі заттардың суреттері, математикалық өлшемдер суреттері, балапан дәптері мен жұмыс дәптері т б с с

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

а) Амандасу

ә) Жүректен-жүрекке (бір-біріне жақсы тілектер айтқызу)

б) математикалық жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, санамақтар айтып балалардың зейінін сабаққа аудару. в) сабаққа қажет құрал-жабдықтарды дайындату

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырады біздерді,

Санамақ

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

Оң аяқта бес бақай,

Сол аяқта бес бақай.

Қосып едім екеуін

Болып шықты он бақай

Жаңылтпаштар

Ұшып кетті үш құс,

Ұшып келді ұшқыш.

2.Жаңа сабақты түсіндіру:

а) Жаңа матириалды өткен сабақпен байланыстырып, биіктіктерін салыстырған ағаштардың жуандықтарын салыстырумен сабақты бастаймын. Ағаш діндерін салыстырып, жуан-жіңішке ұғымдарымен таныстырамын.

ә)Оқулықпен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс істемес бұрын балалардың үстел үстінде жатқан үлестірмелі көрнекіліктерге көңіл аударып, онда әр түрлі суреттер бейнеленген өздеріне сұрақ қою арқылы жауап алу.

-Көше бойындағы жолдарды атап берші?

-Жіңішке жол, жалпақ жол

-Қандай кітаптар жатыр?

- Қалың кітап, жұқа кітаптар

-Қандай ағаштарды көріп тұрмыз?

-Емен ағашы жуан, қайың ағашы жіңішке.

-Қысқы киім қалың, жазғы киім жұқа.т б с с

Оқулық дәптерде берілген суреттердегі екі ағаштың жуандығын салыстырып, қайысы жуан, қайысы жіңішке екенін ажыратамыз. Енді сол ағаш кесінділерінің қалыңдығы салыстырылады. Қайсысы қалың? Қайсысы жұқа? Оны практикалық жолмен, ағаш кесінділерін балардың қолдарына ұстап, анықтауға болады. Бірнеше тақтайшаларды салыстырып береуі-жалпақ, екіншісі жіңішке екендігін анықтаймыз. Жіңішке ұғының жуан сөзіне де, жалпақ сөзіне де қарсы мағыналы сөз екендігі түсіндіре кетемін. Ұғымдарды тиянақтау мақсатында екі қарындаштың жуандығын, кітап пен дәптердің қалыңдығы, екі сызғыштың жалпақтығын салыстырамыз. Тапқышбек тапсырмасындағы балалардың киімдері (қалың-жұқа) үстел бетінің жалпақтығы салыстыртып айырмашылығын өздеріне айтқызу.

Дәптермен жұмыс

Дәптерде көрсетілген үлгідегі үзік сызықпен берілген заттаррдың суретін бастырып, бояйды. Жұмысты орындау кезінде бала, өз салған заттаррдың қалыңдығын, жалпақтығын, жуандығын көз мөлшермен, әр торкөзбен есептеп салыстыруды жетілдіреді.

Ойындар

«Өз пәтеріңе жайғас», «Өз үйіңді тап», «Қапшықтан неше ойыншық алдың?» ойындары осы ұғымдарды тиянақтауға септігін тигізеді.

Қортынды.

-біз қандай математикалық ұғымдармен таныстық?

Сонымен, бұл сабақта жуан-жіңішке, қалың-жұқа, жалпақ-жіңішке ұғымдарын бір-бірінен ажыратып ұғымдарды дұрыс, орынды қолдана білуді үйрендік.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!