Материалдар / "Жылқы - малдың патшасы" тақырыбында ғылыми жұмыс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Жылқы - малдың патшасы" тақырыбында ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Жылқы - малдың патшасы тақырыбында ғылыми жұмыстың үлгісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2019
1605
9 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылы

«Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі



Рисунок 3


Жұмыстың тақырыбы:

Жылқы - малдың патшасы

Бағыты: жаратылыстану

Орындаған: 2 «А» сынып оқушысы

Қаныбек Бекзат Ерланұлы

Жетекшісі: ІІ санатты бастауыш сынып

мұғалімі Жақсыбаева Болсынай











2018 жыл




Мазмұны



Аннотация................................................................................................................ 3


Зерттеу жұмысының құрлымы.............................................................................4

Жоспар........................................................................................................................5Кіріспе.........................................................................................................................6-7-беттер

Негізгі бөлім...............................................................................................................8-16-беттер

Қорытынды бөлім....................................................................................................17

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................18



















Аннотация

Қаныбек Бекзат өзінің «Жылқы – малдың патшасы» атты ғылыми жұмысында жылқы малының қазақ үшіні маңыздылығын, жылқының түрлері мен жасын, жылқы жасын саралап көрсетуді мақсат еткен. Және сол мақсатына жете білген. Себебі, жылқы малының маңыздылығын нақты деректер келтіре отырып жазса, жылқы жасы мен түрлерін, жылқы тұқымын дәйектемелерге сүйене отырып нақтылап жазған. Сонымен қоса жылқының адам денсаулығына пайдасын да ашып көрсете білген. Жұмыс барысында Атпен емдеу «иппотерапия» жайлы да сөз қозғаған. Сонымен қоса Жылқы етімен, бие сүтімен емдеудің де бірнеше тәсілдерінен мысалдар келтіре отырып жылқы малының қасиеттерін дәріптеген. Жұмыстың өзектілігі де осында. Жылқы малының ерекше қасиеттерін ашу болатын. Жұмысын қорытындылау барысында қанатты пырақ жайлы да айтқан. Ондағы әрбір белгілердің қасиеттерін айта келіп жылқыны - мал патшасы деп қорытындылаған.


Аннотация

Канибек Бекзат сказал в своих научних исследованиях о возрост, тип, породу и значение лошади для казахов. Ученик утверждает, что лошадиное мясо и молоко хороши для здороиья человека. Он хорошо писал об «иппотерапии». Целью исследование было выявить уникальные свойства лошади. В конце исследование он хорошо писал о крылатых фазанах. Ученик говорят, что лошадь является королем крупного рогатого ската.









Жұмыстың тақырыбы: Жылқы – малдың патшасы


Зерттеудің мақсаты:

А) «Жеті қазынаның бірі жылқының» ерекше қасиеттерімен таныстыру, жылқы туралы түсінік кеңейту, жылқы асыл мал екені жайлы, жылқының түрлері мәлімет жинау.

Ә) Жылқы кәделі, бағалы қазына екенін ұғындыру, халқымыздың жылқы малына қатысты салт - дәстүрлеріміздің орасандылығын көрсету.

Зерттеудің міндеттері:

А) Жылқы малының қазақ үшін алатын орнын, жылқы түрлерін, оның ішінде қазақ жылқыларының түрлері жайлы жиналған мағлұматтармен бөлісу.

Ә) Жылқы еті мен сүтінің адам денсаулығына пайдалы жақтарын айту.

Б) Атпен емдеу (иппотерапия) жайлы насихаттау.


Жұмыстың өзектілігі:

А) Төрт түліктің ішінде қазақ үшін жылқының алар орнының бөлек екенін түрлі деректер келтіре отырып суреттер арқылы дәлелдеу.

Ә) Жылқы малына қатысты мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестердің мағыналарын ашу


Зерттеудің нәтижесі:

А) Жылқының түрлері мен әр жастағы атауы жайлы мәліметтер жинақталды

Ә) Жылқы малына қатысты түрлі афоризмдер мен мақал- мәтелдер, ырым-тыйымдар зерделенді.







Жоспар


І Кіріспе бөлім

А) Жылқының түрлері мен топтары, жасы және қазақ халқы үшін жылқының маңыздылығы

ІІ Негізгі бөлім

А) Жылқы еті мен сүтінің пайдасы

Ә) Атпен емдеу «иппотерапия» жайлы бірер сөз

Б) Шығармаға арқау болған арғымақтар

В) Жылқы тұқымдары

ІІІ Қорытынды бөлім

А) Қанатты тұлпар – дала дүлдүлі



















Жылқы - малдың патшасы

Қазақ - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден танып, білген. Тіпті малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танитын сыншылар да шыққан. Сөйтіп халқымыз өзінің тіршілігін, шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп, пайдалануды шебер игерген. «Төрт құбылада - төрт түлік» деп бекерге бағаламаған.

Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын болған. Мереке-қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен не ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі, айырылмас досы болған. Жылқы қазақтың ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген – жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез-құлық, бітім-болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Демек, қазақ үшін жылқы тектіліктің бірден бір нышаны болып саналады. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет әрі бұл – қазақтың осы түлікке деген аса жоғарғы құрметінің белгісі. Қазақ ат десе ішкен асын жерге қояды.

Бұрынғы батырлар да өзі мінген атын жан серігіндей көріп өскен. Жылқы малы да сол батырлардың сенімді серігі бола білген. Батыр өмірден озғанда оның атын бір жылдай ешкім мінбейтін болған. Батырдың дүниеден озғанына бір жыл толғанда жылдық асына өзінің аты сойылатын болған. Бұл да адам баласы жылқына қаншалықты бағалайтынын көрсетеді.

Мен жылқыны жақсы көремін. Жылқы жайлы көп білгім келді. Сондықтан да зерттеу жұмысымды жылқы малына арнадым.

Осы уақытқа дейін білгендерімді айтар болсам: жылқы адамзат және дала өркениетіндегі дамудың жарқын көрсеткіштерінің бірі болған.

Жылқының амандық түрі – үй жануары, дүниесі –жануарлар, жамағаты – хордалылар, табы – сүтқоректілер, кіші табы – нағыз аңдар, ықшам табы – ұрықжолдастылар, сабы – тақтұяқтылар, тұқымдасы – жылқылар, тегі – жылқы, түрі – жабайы жылқы, кіші түрі – үй жылқысы, - Карл Линней қолға үйретілген жылқыны «кабаллус» деп атаған.

Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр деп аталады. Жылқы сымбатты жануар. Мойнынан түскен жалы жібектей сусылдайды. Сирақтары ұзын, көздері ботадай әдемі. Жылқының дене бітімі көздің жауын алады.

Қазақ халқы жылқыны 3 топқа бөлген. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп әлпештеп ерекше күтімге алған. Ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны да ерекше бағалаған. Ал еті мен сүті үшін өсіретін жылқылар жабы деп атаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Солардың бір мысалы ретінде мына өлеңдерді айтуға болады.

Жылқы деген бір мал бар,

Ер жігіттің қанаты.

Ту көтерер тұлпар бар,

Батырлардың санаты дегендей бұрынғы кездегі қай батырдың болмасын сенімді серігі ретінді астына мінген аттары қоса баяндалады. Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген. Жылқы қасиетті жануар. Ол қырық ауруға ем. Сондай-ақ жылқылар бізді қауіптерден қорғайды. Бұрындары ата-бабамыз жылан жоламасын деп қастарына жылқы байлап жатқан. Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген адам буын ауруына шалдықпайды екен. Ғылыми тілде «иппотерапия» деп аталатын атпен серуендеу арқылы жасалатын емнің түрі бар. Бұл емдеу арқылы бүгінде талай адам дертіне дауа табуда.

Негізі басқа түліктерге қарағанда жылқы өсіру жеңіл.Оны бағуда шығын шықпайды. Еті де, сүті де қазақ халқы үшін аса қадірлі тағам.Өз бойын таза ұстайтын,өз жерін қашықтан танитын сезімтал қасиетті жануар.

Жылқының тас қараңғы түнде жарты тарыны көретін жанарының өткірлігі сынды жаратылыс ерекшеліктерінің өзі бір төбе.

Көшпенді халықтың маңызы зор болғандықтан, жылқыға байланысты салт-дәстүрлер мен ырым-тыйымдар өте көп. Қазақтар киесі атады деп жылқыны ұрмаған, құрық аттаған жарымайды деп, жылқышы ұстайтын құрықтан аттап өтпеген. Сүрінген атты да ұрмайды. Сайтан аттың көзін басып тұрса, қашып кетсін деп, көзін оң қолымен сүртіп тазалайды. Жолаушы келе жатып, атының сауырынан ұрмайды. Жапанда жалғыз келе жатқан жолаушыны қолдап, жебейтін Қызыр пайғамбар аттың сауырында отырады деп жорылады.

Қазақ халқы жылқыны жеті қазынаның бірі санап, оны киелі деп есептеп жыл қайыруда жетінші орын берген. Еті - жесең тамақ Сүті – ішсең сусын. Жүні - кисең киім. Терісі - байлық. Сүйегі, мүйізі - тұтынсаң бұйым. Мінсең - көлік. Өсіруге қолайлы.

Міне, осы жайларды оқып үйрене мен әсіресе жылқы малына қатысты көптеген қызықты деректерді жинақтадым. Соның ішінде жылқы сүті, яғни, қымыздың пайдасы туралы айтсақ.

Қымыз - қазақтың көнеден келе жатқан шипалы сусын. Бие сүтінен жасалатын бұл сусын көшпелі халықтардың ежелден келе жатқан дәстүрлі тағамы, қадірлі асы. Орыс ғылымдары Г. Захарин мен С. Боткин тәптіштеп зерттей келе «Қымыз - адам денсаулығын күшейтіп ауруды бәсендететін тағам» деген қорытынды жасаған болатын. Қымыздың құрамында аурудың тәбетін ашатын В2, В12, Р, С витаминдері көп. Науқастанған адамға қымыз ішкізсе, оның организмінде гемоглобин, эритроцит көбейіп, холестерин құрамы қалпына келеді.
Қазақ жылқы малының болмысындағы басқа түліктерде болмайтын барша қасиетін жақсы танып, терең зердерлеп білген. Соның нәтижесінде өзінің өмір сүру қалпы мен болмысына қатысты көптеген тұрақты сөз тіркестерін жылқы түлігіне қатысты қалыптастырған. Мәселен, жұмылған жұдырықтай жиын жүретін, саяғы аз, айрандай ұйып, бірлік-берекесі артқан әулетті «торы айғырдың үйіріндей» деп әспеттеді. «Күш-қайратың қайнап, әл-қуатың тасып тұрған жастық шағыңда ел-жер аралап, қыр-сырына қанық, көпті көріп көзінді аш» деген ұғымды атың барда жер таны желіп жүріп, әкең барда ел таны еріп жүріп деп мақалдады. Ал адамның көңілінің кеңдігін, пейілінің дарқандығын, қасыретке қайыспас, қайғыға берілмес, қайсар қажырын «ер жігіттің ішіне ер тоқымды ат сияр» деп қайырса, сабырлы да салмақты, бір ауылдың ұйтқысы болып отырған, жаны жайлау, біртоға бәйбішені «бес биенің сабасындай» деп береке, құтқа балаған.

Көшпенділер мен жылқы баласынының бірге өсіп, біте қайнасқаны сондай олардың тұрмыс-салтына, мәдениеті мен өнерінде өз ара қатысты айтылатын афоризмдер толып жатыр. Мысалы, жаңа туған нәресте ұл бала болса ат ұстар, егер ол қыз бала болса ат байлар деп бейнелеп айтады. Ал баласы ер жетіп, есейіп, өссе ат жалын тартып мінді деп қуанады. Немесе түтеген қалың қою тұман, көзге түртсе көргісіз тас қараңғыны ат құлағы көрінбейді деп бейнелеп жеткізген. Сонымен қатар бірін-бірі қайта көрместей болып ренжіскен екі жақты ат құйрығын кесті деп білдірсе, араздасып барып татуласқан жандарды ат тізесін қосты деп табысқанын айтады. Ата-ана баласының томпаң қағып, зыр жүгірген жүрісін құлындай құлдыраңдады деп бейнеледі.

Дария тіршіліктің ұлы ағысы тоқтаусыз. «Ұрпақ алмасады, өмір жалғасады», «бірі мініп келместің кемесіне, бірі күтіп жағада тұрған» дүние жалғанды жалғап, артқы толқын келеді. Мұны қазақ ат тұяғын тай басар деген айшықты тіркеспен жеткізеді.

Қазақ әлдекімнің басына түскен қайғы-мұңына ортақтасып, көңіл жұбатып тоқтау айтқанда да бейнелеп қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ деп, ал бүгінгі қайғының ертең орны толатынын арғымақтың тұяғы тасты басса кетілер, сазды басса жетілер деп жеткізеді.

Қазақ тумысынан жылқымен жағаласып, жылқымен жарысып өскен. Жер жүзінде жылқының жасын, мінез-құлқын, түр-түсін, қадыр-қаиетін, түп тұқиянын өзгеден артық білетін бір жұрт болса, ол – қазақ. Соның үшін де қазақ тілінде жылқыға байланысты, соның ішінде тек атқа байланысты «ер қанаты- ат; атың барда ел таны желіп жүріп; жылқының үсті – жел, сүті – ем; атты тағаласаң есек аяғын көтереді; тигізбейді қазанат қамшы, азамат жоғын білгізбейді; ат айналып қазығын табар; ат тұяғын тай басар; ат аунаған жерде түк қалар… т.б. толып жатқан мақал-мәтелдер туса, «ат төбеліндей; ат бауырына түсіп; ат құлағында ойнау; атқа мінер; аттың жалында…қатарлы фразеологиялық тіркестер қалыптасты. Ат ән мен күйге арқау болды. «Маңмаңкер», «Ақ бақай», «Сал торы», «Қара жорға» сынды әндер, «Құлжагер», «Тел қоңыр», «Қос күрең», «Көк дөнен» сияқты күйлер өмірге келді.

Халқымыздың жылқы малына деген сүйіспеншілігі еш төмендеген емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, дамып, жетіліп, кемелденіп отырды. Сол заман, дәуіріне сай тіршілік-тұрмысын жылқымен байланыстырған жаңа қанатты сөздер туындап отырды. Аса талапты, таланты тас жарып тұрған адамға теңеу іздегенде де жылқыға келіп тірелеміз. «Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрледің» Абай сөзі осыған дәлел. Және дарынды мен дарынсызды, жақсы мен жаманды шенестіргенде айтылатын «тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,оған да үкі тұмар тағылса да» деген де Абайдан қалған қанатты сөз. Албаты кетіп, арам тер болған дарақылықты «Бәйге алмаған жүйріктен, белі жуан бесті артық» (Шалкиіз жырау) деп түйреді. Қалжырағанды қатайтып, шаршағанды шыңап, босағанды беркінтіп ерлікке шақыратын жігерлі сөздер Маханбет аузынан түйдек – түйдегімен түсіп жатады. «Ереуіл атқа ер салмай, ерлердің ісі бітер ме?»

Қазақ халқының тарлан тарихының тереңіне үздіге үңілгенде бабаларымыздың елін, жерін қорғап, ата жауымен алысқандығын көреміз. Ал мұндай ұлы жорықтарда ел туының жығылмауы да аттың күші еді. Көшпенділердің бес қаруы сайма-сай салт атты шеріктері садақ ату, шоқпар сілтеу, найза салу, қылыштасу, ат үстінен аударып түсіру сынды әскери сайысқа ат үстінде машықтанып, ат құлағында ойнады.
Ат бәйге, көкпар, аударспақ, теңге ілу, жамбы ату, шеген, қыз қуу сынды ұлттық ойындарымызды талай аламан додаға түсіп әбден машықтанған сәйгүліктерсіз елестету мүмкін де емес. Дамыта алмай отырғанымыз болмаса ат спорты ойындарының ең көп таралған ортасы қазақтар іші. Алайда, ат десе ішкен асын жерге қойған қазақтан бұл күнде ат десе селт етпейтін қазақты да табуға болады. Оның еш әбестігі де жоқ. Заман солай болған, қоғам ыңғайына қарай солай тәрбиеленеміз. Сондықтан да келешегіміз кемел, туған елін жан-тәнімен сүйетін, жады мықты, жанары отты, рухы биік азамат болып ер жетуіміз үшін жылқы түлігі туралы таным-түсінігімізді байытуымыз керек.

Оқып тоқығанмен түсінбесек, ол да пайдаға аспай жататын жағы тағы бар. Сол үшін де жылқы туралы ізденуімді жалғастыра беремін.

Жылқының адам бойына күш, рух сыйлайтын ала-бөтен қасиеті бар. Ол – намыс, ол – ұлттық сана-сезім, ол – тектілік рухы болған.

Заңғар жазушы Іляс Жансүгіров қапияда мерт болған Құлагердей сәйгүліктің қан жоса басын құшып отырып, адамзат баласында бұрын соңды болмаған құбылыс – Ақан Серінінің азалы зарын арқау ете отырып, дүлдүл ақын Іляс «Құлагердей» зарлы поэмасын өмірге әкелді.

Құлагер қош-қош атым, жолдасым-ай,
Мен білдім, түнесемде тұрмасыңдай.
Тигізбей топыраққа жоғары іліп,
Сақтармын өле-өлгенше қу басыңды-ай!

Әлемге әйгілі Орхон ешкеркіштеріндегі Тоныкөк, Күлтегін құлпы тастарынан көшірілген ойма жазуларға қарасақ бар жоғы 42 жыл өмір сүрген Күлтегін бабамыз 16 жасынан бастап, қару-жарақ асынып, қолбастап, қағанатын қорғап бүкіл өмірін аттың жалында, жорық сапарда өткізеді.

Қырғыз халқының Ұлы Манас жырында Көкетай ханның астынан арқыраған шағырдай боз атты көреміз. Иә, жұмыр жердің жартысын жаулаған

Мұның бәрі неге мехнаты көп тасқа ойып жазылды. Ол жылқы болмысындағы адамға күш-қуат беретін аса құпия тылсым қасиетіне деген ерекше ілтипаттың көрнісі деп білеміз. Егер жылқыда рух шақырар, арқа қоздырар құдырет болмаса, онда ол жайбір басқа түліктермен бірдей белгіленбей, елеусіз қала берер еді.

Халқымыздың жылқыға деген ерен құрметінің белгісі оны мәңгіліктеу – еркерткіш мүсіндерін орнату болады. Талдықорған қаласында жығылып жатқан арғымақтың – Құлакердің аянышты халін бейнелейтін ескерткіш бар. Ақан Серінің Алашқа әйгілі болған Құлагерінің күңіренген тағдырын көз алдыңызға елестетіп, бас имей өтпейсіз бұл арадан.

Бүгінгі күні жылқыны білу, жылқыға үйір болу, шамасы келгенінше жылқыны танып өсу – ұлтық сана-сезімімізді сергітер, жасыған жадымызды серпілтер, тектілігімізбен табыстырар тағылым-танымдықтың ең қуатты құралының бірі болса керек. Өмірі футбол ойынын көрмей өскен балаңызды бір рет стадионға ертіп барыңыз, сайыстың соңына әзер шыдап, шаршап қайтады. Өмірі жылқы баласын көрмеген нәсіліңізге бір рет аламан бәгі көрсетсеңіз, мың күнге рухани күш алады. Желдей есіп ана аттың үстіне мініп кеткісі келіп, елегізіп тұрады.


Зертханалық жұмыстар

Жылқы - қазақтың кәделі, бағалы қазынасы. Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал - жылқы. Оның пірі - Қамбар ата. Қамбар атаға Тағы бір тілек тілейін, Шын бергенін білейін. Өңкей ала шұбардан, Жал - құйрығы шұбалған, Айғырды бер байсалды, Үйірі толған байталды Өңкей мама биемен Сауған сайын иіген, Желіні сүтін тыймасын, Көнекке саусақ сыймасын. Ұзара берсін желісі, Кеңи берсін өрісі
Қоғалы көлді жайлаған,
Қоғаның басын шайнаған.
Шыңғыртып асау құлынды, Қыл арқанмен байлаған. Жылқышы ата баласы Жылқы бассын үйіңді Бұл өлеңде жылқы жасына қарай талданған
Жылқы жасы

1. Құлын - жылқы төлі

2. Жабағы - 1 жылға дейінгі төл

3. Тай - 2 жастағы жылқы

4. Құнан - 3 жастағы жылқы.

5. Байтал - 4жастағы ұрғашысы

6. Дөнен - 4 жастағы еркегі

7. Бесті - 5 жасар еркек жылқы. Ат - кестірілген, мініс ат

8. Айғыр - аталық жылқы. Сәурік - жас айғыр.

9. Бие - аналық жылқы. а) мама бие - көп құлындаған жуас бие ә) қулық - алғаш құлындаған бие
Бұрын ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулыларын ерекше

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!