Материалдар / Жылумен қамту жүйелерінің түрлері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жылумен қамту жүйелерінің түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жылыту пәні
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2021
256
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жылумен қамту жүйелерінің түрлері
Жылумен қамту жүйелері үш негізгі буыннан (инженерлік құрылымдардан) құрастырылады:
жылу көзі, жылу желілері, ғимараттардың жылутұтынудың жергілікті жүйелері. Жылумен қамту
жүйелері:
-

жылу көзінің түріне жəне əсер ету радиусына байланысты;
жылутасымалдағыштың түріне байланысты;
ыстық сумен қамту жүйесіне ыстық су беру əдісіне байланысты;
құбырлар санына байланысты;
жылутасымалдағыштың қозғалуын ұйымдастыруға байланысты;
тұтынушыларды жылу энергиясымен қамтамасыз ету əдісіне байланысты топтастырылады.
Жылумен қамту жүйелері жылу көзінің түріне жəне əсер ету радиусы бойынша жергілікті,
орталық жəне орталықтандырылған болуы мүмкін.
Жергілікті - жылумен қамту жүйесінің үш негізгі буындары азаматтық ғимараттарда бірігіп
бір орында немесе өндірістік ғимараттардың көмекші алаңдарында қарастырылады. Мұндай жүйе
ретінде электр немесе газ пештері арқылы жылытылатын жүйелері мысал бола алады.
Орталық - бір жылу көзінен кез келген көлемдегі ғимаратты жылумен қамту. Мысалы,
ғимараттың жер төлесінде немесе жеке тұрған қазандықта орнатылған қазаннан жылу алатын
жылыту жүйесі.
Орталықтандырылған - бір жылу көзінен жылуэлектрорталығынан (ЖЭО) немесе аудан
қазандықтарынан (АҚ ) бірнеше ғимараттарға жылу беріледі.
Жылу көзінде өндірілетін жылутасымалдағыш су немесе сулы бу түрлері болуы мүмкін,
осыған байланысты жылумен қамту жүйелері сулы немесе булы болады. Жылумен қамтудың сулы
жүйелері негізінде тұрғын жəне қоғамдық ғимаратардың жылыту, желдету жəне ыстық сумен
қамту жүйелері үшін қолданылады. Жылумен қамтудың булы жүйелері өндірістік кəсіпорындар
үшін қолданылады.
Аудандық қазандықтарда булы немесе суыстқыш қазандары қолданылады, олар энергияның
тек бір түрін - жылуды өндіреді. Тұтынушылар бұл жылу энергиясын бу немесе ыстық су түрінде
алып ғимараттарды жылытуға қолданады.
Жылутасымалдағыштың қозғалуын ұйымдастыруына байланысты жылумен қамту жүйелері
тұйық, жартылай тұйық жəне тұйықталмаған болуы мүмкін. Тұйық жүйелерде тұтынушы
тасымалдағыштың жылуын жартылай ғана пайдаланады, ал тасымалдағыш өзі жылуының қалған
мөлшерімен жылу көзіне кері қайтады, онда ол қайтадан жылумен толығады (екі құбырлы жабық
жүйелер). Тұйық сулы жүйелер жабық жылумен қамтуға қарайды, ал тұйықталмағандар ашық
жүйелеріне жатады.
Жартылай тұйық жүйелерде тұтынушы тасымалдағыштың өзін де, ондағы бар жылуды да
тұтынушыда толығымен қолданады. Абоненттік ендірімде жылу жүйелерінен жылу тұтынудың
жергілікті жүйелеріне ауысады. Бұл жағдайда көбінесе, ыстық сумен қамту жүйелері үшін су
дайындауға жергілікті жылыту жүйелері мен желдету жүйелерінде қолданылмай қалған жылу
пайдаға асырылады. Өндірімде жылу көлемі мен потенциалы жергілікті реттеледі де, осы
жүйелердің жұмысына бақылау жүргізіледі.
Жылу желілеріндегі жылу құбырларының санына байланысты жылумен қамту жүйелері - бір,
екі, үш, төрт жəне көп құбырлы болуы мүмкін.
Жылумен қамту жүйелері құбырлар санына байланысты бір құбырлы жəне көп құбырлы
болуы мүмкін, кеңінен қолданылатыны - екі құбырлы жылу желілері. Тұтынушыларды жылу
энергиясымен қамтамасыз ету əдісі бойынша жылумен қамту жүйелері бір жəне көп сатылы болуы
мүмкін. Бір сатылы жылумен қамту жүйелерінде тұтынушылар жылу желілеріне тікелей
қосылады.
Жылу тұтынушылар жылу желілеріне жергілікті жылу пунктері (ЖЖП) арқылы
жалғастырылады, бұл абоненттік ендірімдер деп аталады. ЖЖП-да тасымалдағыш параметрлері
тұтынушылардың талаптарына сəйкес өзгеруі мүмкін (3.1 сурет).

3.1-сурет. Бір сатылы жылумен қамту жүйесінің сұлбасы:
ПК - пиктік қазан; НЖҚ - негізгі жылуқыздырғыш (қазан); ЖС - желілік сорғыш; ЖЖП жергілікті жылу пункті; 1 - жылу желісінің магистральды құбырлары; 2 - тарамдардың жылу
құбырлары
Көп сатылы жылумен қамту жүйелерінде тұтынушылар мен жылу көздерінің арасында
орталық жылу пунктері (ОЖП) немесе бақылау-тарату пунктері (БТП) орналастырылады, оларда
тасымалдағыш параметрлері ЖЖП-ның талаптарына сəйкес өзгеруі мүмкін (3.2-сурет).

3.2-сурет. Екі сатылы жылумен қамту жүйесінің сұлбасы:
ПК - пиктік қазан; НЖҚ - негізгі жылуқыздырғыш (қазан); ЖС - желілік сорғыш; ОЖП - орталықты жылу
пункті; 1 - жылу желісінің магистралды құбырлары; 2 - тарамды жылу желілері; 3 - ғимараттардың жылыту
жүйелеріне беретін жəне қайтатын құбырлары; 4, 5- ғимараттардың желдету жүйелеріне беретін жəне
қайтатын құбырлары; 6 - технологиялық үрдердің

Сулы жылумен қамту жүйелерінің тиімділігі сыртқы жылу желілерімен жылжыунда
жергілікті тұтынушылар арасындағы байланыс буыны болып табылатын сулы жылу желілеріне
тұтынушыларды жалғастыру сұлбасымен анықталады. Жылуды жылу желілерінен жергілікті
жылу тұтынушыға өтуі потенциалының төмендеуімен немесе төмендеуінсіз болады. Сулы
желілерде жылупотенциалының төмендеуінсіз тікелей желдету жүйесінің калориферлері мен
өндірістік орындардың жылыту жүйелері қосылады, оларда қыздырғыш құралдарға судың жоғары
температурасы жіберіледі.
Жылу желілеріне норма бойынша жылу потенциалының төмендеуімен көптеген жылыту
жүйелері жəне ыстық сумен қамту абоненттері қосылады. Жылу желісіндегі судың максималды
температурасы 150°С-ге тең, бірақ кейбір жағдайларда ол 180÷190°С-ге тең болуы мүмкін.
Жылыту жүйелеріндегі судың максималды температурасы санитарлық-гигеналық талаптар
бойынша 95÷105°С-ден, ыстық сумен қамту жүйелерінде 75°С-ден аспауы тиіс,
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!