Материалдар / Жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару 8сынып Қысқа мерзімді жоспар 8.3.2.2 – жылу берілудің түрлерін салыстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2021
647
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару

Бөлімі:

Жылу құбылыстары

Педагогтің аты-жөні:

Ізбасқанова Ақниет

Күні:

5.09.2021ж.

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.3.2.2 жылу берілудің түрлерін салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Ішкі энергияны жылу берілу арқылы өзгертудің түрлерін біледі және салыстырады;

Көптеген оқушылар істей алады: дененің ішкі энергиясы денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының кинетикалық және олардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы екенін түсінеді.;

Кейбір оқушылар істей алады: экспериментті жоспарлау, сипаттау және.ғылыми тұрғыдан негіздеме жасауды біледі.

Бағалау критерийлері






-Жылу берілудің түрлеріне ұсынылған тәжірибені жоспарлайды

-Эксперимент нәтижесін ғылыми тұрғыдан түсіндіреді

-Жылу берілудің түрлерінің қандай параметрлерге байланыстылығын болжайды, болжамдарын дәлелдеу жолдарын анықтайды.

-Жылу берілудің түрлеріне мысалдар келтіріп оны түсіндіреді.

Құндылықтарға баулу








Тақырып бойынша меңгерген білімдерін өмірдегі қолдану аймағын, қайда қолданылатындығы және дамытатындығы туралы түсіндіру арқылы өмір бойы білім алу құндылығы қалыптасады.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.



7 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.

Ұйымдастыру бөлімі.

Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында салыстыру кестесі беріледі.

Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері механикалық жұмыс жасау және жылу берілуді салыстыру

Айырмашылығы

Ұқсастығы

Айырмашылығы

Механикалық жұмыс істеу


Жылу алмасу



Орындалған тапсырма нәтижесін ескере отырып мұғалім кері байланыс береді.


Оқушылар алдыңғы тақырыпты еске түсіреді .

Дескриптор:

-Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдерін біледі;

-Ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра алады.


Жалпы балл -2


Оқулық 8– сынып

Кесте

Сабақтың ортасы

«тәжірибе алаңы» әдісі


30 мин



Білім дағдысы: Білу (D)

Мүғалім сыныпты үш топқа бөледі.Әр топ өздеріне берілген эксперименттік тапсырманы орындайды

1-топ. Жылу өткізгіштік .

1-эксперимент

Оқушыларға штатив, спиртовка, сіріңке, темір және алюминнен жасалған шыбықтар, кеңсе кнопкасы, пластилин берілген. Осы құралдарды пайдаланып металл шыбықтарға жылудың берілуін бақылап, тәжірибені сипаттайды және нәтижесін талдайды.

Топ жұмыс жасап жатқанда жетелеуші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетуге болады. Мысалы:

Металл шыбықтар заттың қандай күйі?

Эксперимент барысында неліктен түйрегіштер кезектесіп түсті?

Шыбықтың қай бөлігінде орналасқан түйрегіштер түсе бастады?

Қатты заттардың молекуларының орналасуы қандай?

Шыбықтың шетінде тұрған кнопкалар неге түсу уақыты кеш?

Алюминий және темір шыбықтардағы түйреушітің түсу уақыты бірдей ме?

Оларға бірдей мөлшерде жылу беріліп жатыр ма?

Қандай нәтижеге сүйеніп олардың жылу өткізгіштігі әртүрлі деп болжау жасаймыз?

Денелердің жылу өткізгіштің қасиетіне қарай олардың қолдану аясы қандай?

Оқушылар жылу өткізгіштің заттың тегіне байланысты болатынын түсіндіреді.

2- эксперимент

Штатив, пробирка, су, мұз, жанарғы

Оқушылар жылу өткізгіштік заттың күйіне байланысты екенін дәлелдейді.Тәжірибе нәтижесін топта талқылайды.

Ерекше қабілетті оқушылар оқулықтағы 2-жаттығу бойынша 1,2,5,6 сұрақтарға дайындалып, басқа топ мүшелеріне сұрақтар қояды.

2-топ Конвекция

1-эксперимент

Оқушылар сынауыққа су құйып жоғарғы жағынан қыздырады, оның төменгі және жоғарғы жағындағы температураны салыстырады. Оқушылар судың жылу өткізгіштігіне байланысты тиісті қорытынды жасайды.

2-Эксперимент

Оқушылар сынауыққа су құйып төменгі жағынан қыздырады, оның төменгі және жоғарғы жағындағы температураны салыстырады. Оқушылар бірінші және екінші эксперимент арасындағы айырмашылықты түсіндіреді.

Сұйықтарда жылу қалай берілетінін топта талқылайды.

3 – эксперимент Конвекция құбылысын сипаттау үшін қыздырғыш плита, колба, перманганат калий түйіршіктері берілген.Осы құралдарды пайдаланып сұйықтарда жылу төменнен жоғарыға қарай берілетінін дәлелдеп, тәжірибеге қорытынды жасайды. Топ мүшелеріне жетелеуші сұрақтар қоюға болады. Мысалы:

1.Судың төменгі қабаты қызғанда , оның көлемі қалай өзгеретін сипаттаңдар.

2. Судың төменгі жағындағы қызған қабаты мен жоғарғы жағындағы салқын қабаты неліктен орын ауыстырады

3.Неліктен конвекция газдар мен сұйықтарда жүретінін болжаңдар

4.Заттың қандай күйінде конвекция жүру мүмкін емес? Жауаптарыңды негіздеңдер

Ерекше қабілетті оқушылар оқулықтағы 3-жаттығу 1,2,3 сұрақтарды дайындалып, басқа топ мүшелеріне сұрақтар қояды.

3-топ Сәулелену

1-эксперимент

Плитканы қыздыру, қызған плиткаға қолымызды жақындатамыз.Жылу бізге қалай беріледі ?

Тірек сөздерге назар аударыңдар?

Біздің қолымыз бен плитка арасында не бар?

А уа жылуды қалай өткізеді ( қатты заттар мен сұйықтарға қарағанда?

Мысалы плиткаға қасықты қойсақ ол тез қызады, ыдыстағы суды қойсақ олда тез қызады)

2-эксперимент Қажетті құралдар сұйықты Монометр ( газдың немесе сұйықтың қысымын өлшейтін құрал ), жылу қабылдағыш ( оның құрлысына назар аударыңдар), стол лампасы немесе электр плиткасы

1.Монометрді жылу қабылдағышқа қосу, жылу қабылдағышты қыздыру

Монометрдегі сұйық бағаны орын ауыстырды.неліктен монометрдегі сұйық бағанының деңгейі өзгергені бойынша оқушылар болжау жасайды. Болжамдарыңды топ ішінде талқылайды.

2.Жылу қабылдағыш пен қызған дене арасына қағаз парағын қойып, нәтижесін бақылап талдайды.

3.Сәулелену қарқындылығы қашықтыққа және, температураға, беттің түсіне байланысты екендігін дәлелдейтін тәжірибені жасап, нәтижесін топта талдайды

4.Сәулелену қандай ортада жүзеге асады? Қатты , сұйық, газ немесе вакуум

Ерекше қабілетті оқушылар 4-жаттығудың 1,2,3 сұрақтарын талдап, басқа топ мүшелеріне қояды.




Оқушылар берілген тәжірибелік жұмысты орындайды

Дескриптор:


-Экспериментті сипаттайды және талдайды

- Топ алдында баяндау шеберлігі

- Тәжірибе нәтижесіне қорытынды жасайды.



Жалпы балл - 8


ДЭ

Презентация

Оқулық 8-сынып.


Штатив, сіріңке, металл шыбықтар, сынауық , жанарғы


Сабақтың соңы.



Рефлексия

3 мин

Рефлексия 5. Рефлексия.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй тапсырмасы: 4 жаттығу









Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушылар тәжірибелік жұмыс жасай отырып «Дидактиканың алтын ережесі» бойынша көзбен көріп, қолмен ұстап сабақты толық түсінуге мүмкіндік алады. Қабілетті оқушылар сұрақтар дайындап, белсенділігі төмен оқушыларды алға жетелеп отырады.

-Жылу берілудің түрлеріне ұсынылған тәжірибені жоспарлайды

-Эксперимент нәтижесін ғылыми тұрғыдан түсіндіреді

-Жылу берілудің түрлерінің қандай параметрлерге байланыстылығын болжайды, болжамдарын дәлелдеу жолдарын анықтайды.

-Жылу берілудің түрлеріне мысалдар келтіріп оны түсіндіреді.

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!