Материалдар / Жыр алыбы-Жамбыл баба
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жыр алыбы-Жамбыл баба

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын тексеру. Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру. Дамытушылық мақсаты: Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға Ж.Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2018
636
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысыЖамбыл ауданыМәтібұлақ ауылындағы орта мектеп МДШО кмм





















Сынып сағатының тақырыбы: «Жыр атасы-Жамбыл баба»























Сынып: 5Сынып жетекші: Максутова Гулзад















Мәтібұлақ ауылы-2018 жыл
Мектеп: Мәтібұлақ ауылындағы орта мектеп МДШО КММСынып: 5Күні: 23.02.2018 ж
Сабақтың тақырыбы«Жыр алыбы-Жамбыл баба»
Мақсаты Білімділік мақсаты:     Оқушылардың өткен сабақтарда жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша  білімі мен дағдыларын тексеру. Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.Дамытушылық мақсаты: Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.Тәрбиелік мақсаты:   Оқушыларға Ж.Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін    қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекіліктерслайдтар, суреттер, жеке парақшалар.
Әдіс-тәсілітүсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басыЫнтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Ұйымдастыру  кезеңіЖүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.Халыққа үшін төрге төсеп төсек етер,Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.Көтерген көкке төбе тірелгенше,Иеді көпшілікке басын Жамбыл.Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
 Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жамбыл... Түстіктегі Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жаһан, айдай әлемге жария етті.  Жамбыл - өмірімен де, шығармышылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13-14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең-жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады. 
Сабақтың ортасы





























Негізгі бөлімI кезең 1846-1916 жылдарға көз жіберсек. II кезең 1917-1940 жылдарды қамтитын ақын өмірі қандай із қалдырды. III кезең 1941-1945 жылдары төбемізге қара бұлт болып төнген ауыр да азапты кезеңде Жамбыл өміріне бір сәт тоқталсақ.  Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл - жүз жасаған ақын. Балалар тақта да берілген кезеңдер бойынша өз ойларыңды ортаға салыңдар, бірінші кезең бойынша кім бастайды? * 1846 жылы ақпанның 28-де Жамбыл дүниеге келді.Туған жері- Жамбыл тауы. Қақаған қар аралас соғып боран, Ел үрей-көк найзалы жау торыған. Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын Жамбыл деп қойылыпты атым содан* Жамбыл алғашқы өлеңдерін шығарып, атақты Сүйінбай ақыннан бата алған. Шағым. Оқымаймын молдаданНе оқытпақшы ол маған. Бала келсе сабаққа Жем дәметкен дорбаданАқ сәлдесін төңкеріп Көзін жұмып теңселіп, Күн ұзығынға боздаған. Оқығанша мен одан Домбыраны қолға алам... Бұл жылдары Жамбыл айтыста да, жыраулық өнерде де биік дәрежеге көтеріледі. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен, Досмагамбетпен, Шашубаймен айтысы жақсы мәлім. Жамбыл айтыс ақыны Шөжемен дидарласады Атақты әнші-ақын Әсет сияқты серілермен, шешендермен кездеседі. Қырғыз еліне ақындығымен танылады1912 ж. Жамбыл Сарыарқадан Жетісуға келген Балуан Шолақпен кездеседіРомановтар әулетінің патшалық құруының 300 жылдығын тойлау құрметіне көрме өткізіліп, оған үш жүздің игі жақсылары жиылды. Жамбыл өз жырында бастықтарына жаныға жағымпазданған болыстардың, билердің озбырлық іс-әрекеттерін әшкере етедіПатшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл елді азаттық күреске шақырған «Патша әмірі тарылды» және «Зілді бұйрық» деген өлеңдерін шығарады Патша әмірі тарылды Оған қылап бар ма лаж ?! Ішке толған зарымдыКімге айтармын қылып наз?! Ал, балалар ақын өмірінің бірінші кезеңіне байланысты осындай тарихи оқиғалар болған екенАл екінші кезеңі қандай оқиғалармен сипатталған екенМамыр айында Верный қаласында Жетісу ақындарының тұңғыш слеті өтеді. Слетке Жамбыл қатынасып, ақындар айтысында бағалы сыйлық алады17-23-мамыр аралығында Мәскеу қаласында қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің бірінші онкүндігі өтті. Бұл онкүндікке қатысушы Жамбыл Жабаевты Мәскеу құшақ жая қарсы алдыЖелтоқсан. Жамбыл Қазақстан делегациясын бастап, грузин халқының ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» деген поэмасының 750 жылдық тойына қатынасты. Жыраулық өнерімен, суырып салмалық ақындығымен елді тәнті етіп, қайталанбас тума талантымен тағы да тамсандырдыКавказға сәлем Ақсақал Жамбыл келед жанаттаныпҚиялы қиярға өрлеп қанаттанып, Жазылып бүкіш белі қуаттанып, Туған ел сәулетімен санаттаныпҚолға алып домбырасын жаны жайнапСоветтік дәуірінде талаптаныпӘн шырқап шарықтағаған сағатында Жыр арнап, шың Кавказға қанат қағып. 1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер – зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің "Ленинградтық өренім” атты өлеңін арнадыМаусым. Фашистік Германия КСРО Мемлекеттік шекарасын бұзып, басқыншылық соғыс бастады деген суық хабарды емханада жатып естіген Жамбыл Отанды қорғап қалуға шақырған патриоттық өлеңдерін шығарады. Қыркүйек. Жамбыл атақты «Ленинградтық өренім» деген өлеңін шығарады. Ленинградтық өренім. Мақтанышым сен едің. Нева өзенін сүйкімді Бұлағымдай көремін Жабықпағын, Ленинград! Отан әмір берген шақ. Сап-сап болып қол барапҚорғап сені ол қалар... 
Сабақтың аяғы Сұрақ- жауаптар. Викториналық сұрақтар. 1.Ақын қандай болу керек деген сұраққа Жабыл қалай жауап берді? 2. Алғадай майданға аттанған жеті күннен кейін әйелі босанып, дүниеге ұл әкелді. Жамбыл осы немересі туралы қандай өлең шығарды? 3 К.Әзірбаев Жамбылды Алғадайдың өлімінен кейін қалай жұбатты? 4 Жамбыл Н.Тілендиевке өз домбырасын ұсынып тұрып, не айтты? 5 Жамбылдың Бауыржан Момышұлына берген батасы? 6 Жамбыл қырғыз ақыны Тоқтағұлға қандай өлең шығарды? 7 Жамбыл жыр қалай туады деген сұраққа қалай жауап береді? 
ҚорытындыЕлбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жамбыл бабамыздың туып-өскен жері Ұзынағашта өткізілген 150 жылдық мерейтойына арнайы қатысты. Ұлттық мәдени- рухани байлықты дамыту. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында ұлттық мәдени –рухани байлықты дамыту барысына көп көңіл бөлді. Ұлттық мәдени-рухани байлықты дамыту барысында мына біздер мен сіздер жұмыла ат салысайық. 
Рефлексия

Жамбыл бабаға арнау Үлестірмелі парақшалар


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!