Материалдар / Жыраулар поэзиясындағы тілдік ерекшеліктер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жыраулар поэзиясындағы тілдік ерекшеліктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұқар − халықтық өнеге мен дидактикалық поэзия және азаматтық поэзияның жыршысы. Мақалаға арқау болған жыраудың қазақ ұлтының сол кезеңдегі әлеуметтік-қоғамдық оқиғалары мен сол кезеңді танытатын жаухар жырлары ақпаратқа толыққандылығымен, қазіргі таңда да халықтың болашағын болжай алған сәуегейлігімен ерекшеленеді. Мақалаға дереккөз ретінде тілдік талдауға алынған тілдік материалдар жыраудың төмендегі өлеңдері бойынша қарастырылды: «Қалдар ханмен ұрысып», «Айналасын жер тұтқан», «Ай не болар күннен соң», «Едіге толғауы», «Орақтың толғауы»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2018
2589
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРұқар жырау өлеңдері мен толғаулары бойынша)



Кілт сөздер: тілдік тұлға, сөз қолданысы, тұрмыстық сөздер, сөз тіркестері, жауынгерлік лексика, әлеуметтік мәндегі терминдер.

Андатпа Бұқар халықтық өнеге мен дидактикалық поэзия және азаматтық поэзияның жыршысы. Мақалаға арқау болған жыраудың қазақ ұлтының сол кезеңдегі әлеуметтік-қоғамдық оқиғалары мен сол кезеңді танытатын жаухар жырлары ақпаратқа толыққандылығымен, қазіргі таңда да халықтың болашағын болжай алған сәуегейлігімен ерекшеленеді. Мақалаға дереккөз ретінде тілдік талдауға алынған тілдік материалдар жыраудың төмендегі өлеңдері бойынша қарастырылды: «Қалдар ханмен ұрысып», «Айналасын жер тұтқан», «Ай не болар күннен соң», «Едіге толғауы», «Орақтың толғауы» [1.125]. ТүйінБұқар поэзиясы тілінің лексикалық құрамы едәуір бай. Мұның өзі сол кездегі қазақ тұрмысының жырау өлеңдерінде біршама бой көрсетуіне байланысты. Сондықтан Бұқар өлеңдері мен толғауларының лексикалық құрамы, тілдік, тақырыптық ерекшелігі, философиялық ұғым берудегі тілдік-стильдік тәсілдері, қолданылған тұрмыстық сөздер, сөз тіркестері, жауынгерлік лексика, әлеуметтік мәндегі терминдер, ел-жұрт, жер-су атаулары, кісі аттары мақаламызға негіз болды. Бұқардың тілдік тұлғасын антропоөзектік тұрғыдан қарастыру бүгінгі өзекті мәселе болып табылады. Бұқар жырау өлеңдерінің бәрі бірдей тақырып жағынан сараланып келе бермейді. Айталық, «Қалдар ханмен ұрысып» деген өлең таза ерлік, жорық тақырыбына құрылса, «Айналасын жер тұтқан», «Ай не болар күннен соң» сияқты өлеңдер халықтық философияға негізделген [1]. Ал бұл философия отбасындағы шарттылықтан ай мен күнге дейінгі аралықтағы заттардың, құбылыстардың ерекшелігін түйіндеу, пайымдау жасайды: ай да батады, бәйшешек те солады, қу тақырға қурай біткендей қу таяқты кедейге де дәулет бітеді. Яғни бұлар философиялық ұғым берудегі тілдік-стильдік тәсілдің материалдары.Егер «ай батты, көл суалды, бәйшешек қурады, қамқа тон шүберек болды, Қарымбайдың дәулеті тайды» - десек, мұндағы сөздер таза табиғат пен тұрмыстық лексика.Айналасын жер тұтқанАйды батпас демеңіз,Айнала ішсе таусылып,Көл суалмас демеңіз,Құрсағы құшақ байларданДәулет таймас демеңіз...Құлпырып тұрған бәйшешекҚурай болар солған соң,Хандар киген қамқа тонШүберек болар тозған соң,-дегенде ай батуы, көл суалуы, дәулет таюы, бәйшешектің қурай болуы, қамқа тонның шүберек болуы екінші бір жаңа мағына үшін қызметке жегіліп отыр. Бірақ бұларды мәңгілік, өтпелі, ауыспалы, өзгермелі, сан-сапа өзгерісі, шарттылық сияқты философиялық ұғымдағы терминдер тіпті сөздер ретінде қарауға келмейді. «Өйткені жоғарғы өлеңнің өзінде философиялық ұғым жоқ, ол ұғым заттар мен құбылыстарға тән қасиетте жатыр» [2]. Бұл жерде негізгі рөлді сөздердің мағынасы емес, сөздерді пайдалану тәсілі атқарып тұр. Міне, осындай топтағы сөздерді тақырыптық, мағыналық, стильдік қызметі жағынан жіктеу мүмкін емес. Сондықтан да Бұқар поэзиясында кездесер бірсыпыра лексиканың сөз болмай қалуы толық заңды нәрсе. Бұқар өз өлеңдерінде қазақ тіршілігінің, тұрмысының біраз жағын тікелей де, жанама да сөз етіп отырады. Осыған орай жырау өлеңдері лексикасында тұрмыстық сөздер, сөз тіркестері едәуір. Айталық: (1) арба, доңғалақ, арыс(ы), сарай, ағаш үй, жарты лашық, қыстау, көш, үлде, төсек, шекпен, бөз, шара, отын, жантақ, бұзау, тері, шөнтік, талыс; (2) көпір, құл, күң, ұры, қарақ, кісі, қатын-бала, шеше, жігіт, бикеш, қария, шал, кәрілік, келін, пақыр, еркек, ұрғашы, алғаны, т.б. Сол сияқты: төркіндеу, мертік (болу), бүлген (соң), тіркеусіз қайту, ту сақтау, теперіш көру, шандып алу, берекесі қашу, күнелту, түйе бағу, т.б.тіркестер.Бұл тұрмыстық лексикалардың ішінде мертік, бүлу, теперіш, талыс, шөнтік, жебелеу, көбелеу, ұлшылату сияқты сирек кездесетін пассив сөздер мен бикеш, алғаны сияқты жаңа сөздер – неологизмдер бар. Егер бұрынғы дәуір әдебиет үлгілерінді қанекей (тінекей), ару сөздері жиі кездессе, Бұқарда бұлардың орнына бикеш, алғаны, аяулың сияқты сөздер қолданылады.Бұқар поэзиясында ерлік-батырлық өлеңдер көп емес. Осы себепті жырау өлеңдерінде жауынгерлік лексика мен тіркестер өте аз кездеседі. Тіпті «Қалдар ханмен ұрысып» сияқты тікелей жорық тақырыбына арналған өлеңдерінің өзінде соғысқа тән ерлік, батырлық әрекет нақты суреттелмейді, жырау бұл соғысты сырттай ғана хабарлай баяндайды. Тақырыпқа лайық айтылуға тиіс сөздер баяндау стиліне байланысты тілге оралмай қалған. Тегінде мұның өзі Бұқардың қай тақырып жыршысы болғандығын я болмағандығын меңземек.Бұқарда: бес сан (он сан) қол, ұрыс, жанжал, ерегіс, сүріс, соғыс, ақ сойыл, қылыш, найза, ту, дұшпан, жау, батыр, ер сияқты сөздер ғана, шеп шалу, жортып жүру, тоят тілеу, алмаған жау, найза тіреу, түн қату, қамалды бұзу, жаулық сағынбау, жаулық жолын сүймеу, ұрысты қыздыру, көк алу, әскер қылу сияқты екінші, үшінші қатардағы тіркестер ғана бар. Бұқарда күллі қару-жарақтан қылыш, найза, ақ сойыл ғана бар. Олар да ақ найза, өткір қылыш түрінде суреттемесімен жүрген жоқ. Өйткені Бұқар қаруды әңгіме етпейді, қару иесі батырдың ісін әңгіме етеді.Бұқар өлеңдерінде қазақ халқының сол дәуірдегі саяси-әлеуметтік өмірінен хабардар ететін бірсыпыра әлеуметтік мәндегі терминдер, сөздер мен сөз тіркесі бар. Олар: 1) патша, хан, бек, би, төре, жақсы; 2) аталы (-дан би қойсаң), атасыз (-дан би қойсаң), тексіз (-ді төрге шығарып), затсыз, жабы, сүйегіңді (жоғалтпас), 3) қара, халқым (не деп айтады); азды көпке (теңгеріп), жалғыз (-ды жалғыз демеңіз), момын (-ға келіп бек болдық), қараша (халқы сыйласа); 4) бай (қу таяқты) кедей, жарлы, қызметші, азаткер (де) құлыңыз, күң; 5) жол, жора, пара, олжа; 6) бөліске түсу, жарлық салу,қаһар қылу, есе тию,теңдік тию, бұйыру, сөгу, төре (-сін жаңылар) біту (Абылай алдында сен бітсең). Осы дәуірде туған есепке алу (алу), қағазға (салу), жазу, әскер қылу, солдат алу сияқты жаңа туркестер де бұқар өлеңдерінен бой көрсетті.Әрине, Бұқар өлеңдерінде кездесетін бұл сөздердің бәрі бірдей мағына жағынан сараланып жұмсала бермейді. Жырау момынға келіп бек болдың дегенде бек болу сөзін әмірші болу, хан болу мағынасында алып отыр.Ал Абылайдың өзі жөнінде: 1.Үйсін Төле бидіңТүйесін баққан құл едің,2. Момынға келіп бек болдыңАтаңды білмес құл едің.3.Жалаң аяқ жар кешіп Бөз тоқыған сарт едің. 4. Шешеңді және сұрасаң Түрікпеннің төрінде Қашып жүрген күң еді,-түрінде келетін сөздер – халық поэзиясында ұшыраса беретін дәстүрлі жолдар ыңғайымен ғана туған таза поэзиялық бояудағы сөздер. «Едіге толғауында» Едіге Жамбайға:Атаң қара кісі еді,Мал бергеннің құлы еді,Шешең қара кісі едіАс бергеннің күңі еді,-десе, «Орақтың толғауында» Орақ Қарабатырға былай дейді:Мен толға десең толғайын,Қара батыр, саған толғайын,Мен сенің түп-түбіңнен айтайын,Сен Мышақыр деген шаһарданАзып шыққан жалғыз үйлі сарт едің,Әкең қара кісі еді,- Ас бергеннің құлы еді, Шешең қара кісі еді,- Мал бергеннің күңі еді.Тіпті Бұқар өлеңінің бір вариантында «Қашып жүріп күнелткен Мәскенің қара күңі еді» деген жолдар да бар. Бұлар жай кездейсоқ ұқсастық емес, бұлар халық поэзиясындағы дәстүрлі жолдар, дайын фразалар. Міне, сол үшін де Бұқарда кездесетін әлеуметтік терминдерді екі жағдайда – таза терминдік мәніне әрі жұмсау тәсіліне қарай айыра қарау керек болады [3]. Бұқар поэзиясында оның тақырыптық ерекшелігіне қарай ел-жұрт, жер-су, кісі аттары мол кездеседі. Сол кезде қазақ халқы көрші болған ел (орыс, қалмақ,қырғыз,қарақалпақ,сарт, түрікпен)атауларымен бірге қазақтың ішкі ата, рулары да айтылып отырады: Керей, Арғын, Қанжығалы, Қара Керей, Сіргелі, Шапырашты, Қасқарау, Жаныс. Бұқарда бұлармен бірге үш жүздің баласы, он сан алаш баласы, ел, халық, жұрт, қазақ сөздері де бар.Бұқарға дейінгі жыраулар өлеңдерінде үш жүздің, қазақтың атынан айту, бұл терминдерді осы тұрғыдан пайдалану кездесе бермейді.Ал XV ғасыр жырларынан кейінгі азаматтық поэзияда қазақ халқына қоныс болған жер-су Бұқар өлеңдеріндегідей мол аталған емес. Жырау шығармаларында Жиделібайсын, Сырдария, Түркістан, Ұлытау, Созақ, Баянауыл, Қызылтау, Көкмұрын, Қарқаралы, Атбасар, Қалғұтан, Көкшетау, Сабантау, Жарқайың, Арқа сияқты топонимикалық атаулар кездеседі. Бұлар, әрине, Бұқар поэзиясындағы тілдік материалдар ғана емес, тарих та. Жырау: «Керей қайда барасың, Сырдың бойын көбелеп», - дейді. Бұқар жырау өлеңдерінде кездесетін ономастикалық терминдерге де осы тұрғыдан қарау керек. Айталық, Бұқарда:Әбілмәмбет патша (хан), Абылай хан (хан Абылай), Үйсін Төле би, Қалдар хан, Қара Керей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қара Төлек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, Жаныс Қаратай, Ақмұрза, Есенқұл батыр, т.б. күрделі атаулар бар және бұлар сонау XV ғасыр жырларында дәстүр үлгісінде ру атымен қоса қатар алынып отырады.Бұқар өлеңдерінде араб-парсы сөздерінің кездесу реті жыраудың бұл сөздерді шағатай әдебиеті материалдары ыңғайымен болсын, я араб тілі ыңғайымен болсын, қалай дегенде де жете біліп қолданғандығын аңғартады. Жырау өлеңдерінде, бұған дейінгі әдеби үлгілерде кездесу жағдайынан қарағанда, сол кезде жалпы халықтық сөйлеу тілі дәстүріне еніп қалған бақ,тақ, қаза, уақыт, қыбыла, залым, намаз, момын, мұсылман, кәпір, жесір, дүние, жанжал, құдай, кеңес, нан, қала, заман, халық, пара, жан, кедей, дін, әйел, патша, дұшпан, т.б. сөздермен қатар пақыр, пиғыл, пасық, қағаз, есеп, қам, зат (сыз), әгер, ақыры, қаһар, хабар, бәден, зайып, маһар, жауап, нұр, азаткер, дәулет, арсы-күрсі, т.б.сияқты сөйлеу тілінде пассив қолданылған сөздер де кездеседі.Бұл сөздердің Бұқар сөздерінде қолданылуы олардың сөйлеу тілінің тұрақты қорына айналып, дағдылы тіл машығына енгендігінен емес, жырау бұлардың біразын-ақ поэтикалық тілдік бояу ретінде әдейі қолданады. Жырау пиғылы пасық залымның, зайыры қатты бу көпір, сегіз қайыр шар тарап, бес уақытты бес намаз түрінде араб-парсы сөздерін тұтас сөйлемдік үлгіде алып отырады. Кейде:Уақытымыз өткен соңМезгіліміз жеткен соң, - түрінде араб-парсы сөздерін синоним жағдайында қолданса, кейде жанжал-ерегіс және затсыз-тексіз түрінде қылмаңдар жанжал, ерегіс; затсыз, тексіз (сол кәпір), араб-қазақ сөздерін синоним ретінде қатар алады. Бұқар өлеңдерінде араб-парсы сөздерінің ұйытқылығы негізінде жасалған, қалыптасқан бірсыпыра тіркес кездеседі: уақыт жету, мезгіл өту, уақыт кету, уақыт ісі, уақыт толу, басынан заманы көу, төрт құбыла, сегіз қиыр шар тарап, намаз қаза болмау, аллаға жазбау, тақтан таймау, жесір қалмау, жанжал қылмау, кеңес құру, жауап айту, қайғылы хабар, қаһар қылу, қам айту, сұм дүние, дүниедей кең, дәулет біту, дәулет құсы қону, бақ үйіне түнеу – араб тілі (әдебиеті) негізінде туған барынша жаңа тіркестер. Бұқарда дәулет сөзі араб тіліндегі «байлық» мағынасындада (дәулет біту түрінде) әрі «бақыт» мағынасында да (дәулет құсы түрінде) қатар кездеседі.«Бірінші тілек тілеңіз», «Ай не болар күннен соң», «Айналасын жер жұтқан» сияқты өлеңдері мен өзіне дейінгі халықтық дидактикалық поэзия дәстүрін ілгері дамытса, «Абылай ханның қасында», «Ай, Абылай, Абылай, сені мен көргенде», «Ханға жауап айтпасам», «Керей қайда барасың» әрі «Бірінші тілек тілеңіз» сияқты өлеңдерімен арғы жерде Асан қайғы, Шалкиіз, Жиембет жыраулардан басталған азаматтық поэзияны тақырып әрі түр жағынан жетілдіріп, кемелденген поэзия үлгісін жасады.Поэзияның өз дәуірі мәселесіне араласып, жалпы халықтық ой-пікірдің, заман тынысының көрінісі ретінде қоғамдық құбылысқа айналуына зор ықпал етті. Бұқардың және оның поэзиясының өзіне дейінгі жыраулардан, олардың өлеңдерінен ерекшелігі, міне, осында жатыр.Бұқарға дейінгі халық поэзиясы тарихында біз «Шалкиіз өлеңдері», «Асан қайғы өлеңдері», «Жиембет өлеңдері» деген атаудан, танымнан жоғары тұратын мұраны білмейміз. Асан қайғыны қоспағанда, Бұқарға дейінгі аты әйгілі жырау-ақындардың бәрі де құрғақ дидактикалық мазмұнды өлеңнен, жеке субъективтік мүдде тұрғысынан келетін ерлік-батырлық, ішінара арнау өлеңдерінен ары барған жоқ.Ал Бұқар жалпыхалықтық тақырыпты сөз етіп, олардан бір саты жоғары көтерілді. Оның өлеңдеріндегі ой жекені ойы емес, көптің, өз дәуірінің ойы болды, ол ой қоғамдық сипат алды, ал мұндай ой-пікірге ие өлеңдер «өлең» деген атау беретін мағына аясынан шығып, «поэзия» деген атау беретін мағына аясында түсіну дәрежесіне көтерілді. Бұқар поэзиясы деген поэзия жасалды. Бұқар поэзиясының тілінің лексикалық құрамы едәуір бай. Мұның өзі сол кездегі қазақ тұрмысының жырау өлеңдерінде біршама бой көтеруіне байланысты еді. Өйткені сөзді поэзияға жетектеп әкелетін тақырып. Міне, бұлар араб тілінен калька түрінде аударылған тіркестер. Сол сияқты Бұқарда қалмақтан алсаң маһар бір зайып деген жол бар [4]. Зайып араб тілінде әйел,ал маһар сөзі мехр болса «сүйікті», қалың малды деген сөз. Бұқар араб тіліндегі осы сөз тіркесін араға жалғаулық бір сөз кірістіріп қана сол күйінде алып отыр.Ғылыми мақаланың жаңалығы. Бұқар өлеңдерінде араб-парсы сөздерінің ұйытқылығы негізінде жасалған, қалыптасқан бірсыпыра тіркес кездеседі: уақыт жету, мезгіл өту, уақыт кету, уақыт ісі, уақыт толу, басынан заманы көу, төрт құбыла, сегіз қиыр шар тарап, намаз қаза болмау, аллаға жазбау, тақтан таймау, жесір қалмау, жанжал қылмау, кеңес құру, жауап айту, қайғылы хабар, қаһар қылу, қам айту, сұм дүние, дүниедей кең, дәулет біту, дәулет құсы қону, бақ үйіне түнеу – араб тілі (әдебиеті) негізінде туған барынша жаңа тіркестер.Жалпы халықтық сөйлеу тілі дәстүріне еніп қалған бақ,тақ, қаза, уақыт, қыбыла, залым, намаз, момын, мұсылман, кәпір, жесір, дүние, жанжал, құдай, кеңес, нан, қала, заман, халық, пара, жан, кедей, дін, әйел, патша, дұшпан, т.б. сөздермен қатар пақыр, пиғыл, пасық, қағаз, есеп, қам, зат (сыз), әгер, ақыры, қаһар, хабар, бәден, зайып, маһар, жауап, нұр, азаткер, дәулет, арсы-күрсі, т.б.сияқты сөйлеу тілінде пассив қолданылған сөздер де кездеседі.«Қалдар ханмен ұрысып», «Айналасын жер тұтқан», «Ай не болар күннен соң» сияқты өлеңдерінде: ай да батады, бәйшешек те солады, қу тақырға қурай біткендей қу таяқты кедейге де дәулет бітеді деген тілдік-стильдік тәсілдің материалдары қолданылған. Тұрмыстық сөздер, сөз тіркестері: (1) арба,доңғалақ,арыс(ы), сарай, ағаш үй, жарты лашық, қыстау, көш, үлде, төсек, шекпен, бөз, шара, отын, жантақ, бұзау, тері, шөнтік, талыс; (2) көпір, құл, күң, ұры, қарақ, кісі, қатын-бала, шеше, жігіт, бикеш, қария, шал, кәрілік, келін, пақыр, еркек, ұрғашы, алғаны, т.б. Сол сияқты: төркіндеу, мертік (болу), бүлген (соң), тіркеусіз қайту, ту сақтау, теперіш көру, шандып алу, берекесі қашу, күнелту, түйе бағу, т.б.тіркестер.Жауынгерлік лексика: бес сан (он сан) қол, ұрыс, жанжал, ерегіс, сүріс, соғыс, ақ сойыл, қылыш, найза, ту, дұшпан, жау, батыр, ер сияқты сөздер ғана, шеп шалу, жортып жүру, тоят тілеу, алмаған жау, найза тіреу, түн қату, қамалды бұзу, жаулық сағынбау, жаулық жолын сүймеу, ұрысты қыздыру, көк алу, әскер қылу. Әлеуметтік мәндегі терминдер, сөздер мен сөз тіркесі: 1) патша, хан, бек, би, төре, жақсы; 2) аталы (-дан би қойсаң), атасыз (-дан би қойсаң), тексіз (-ді төрге шығарып), затсыз, жабы, сүйегіңді (жоғалтпас), 3) қара, халқым (не деп айтады); азды көпке (теңгеріп), жалғыз (-ды жалғыз демеңіз), момын (-ға келіп бек болдық), қараша (халқы сыйласа); 4) бай (қу таяқты) кедей, жарлы, қызметші, азаткер (де) құлыңыз, күң; 5) жол, жора, пара, олжа; 6) бөліске түсу, жарлық салу,қаһар қылу, есе тию,теңдік тию, бұйыру, сөгу, төре (-сін жаңылар) біту (Абылай алдында сен бітсең). Осы дәуірде туған есепке алу (алу), қағазға (салу), жазу, әскер қылу, солдат алу сияқты жаңа тіркестер де Бұқар өлеңдерінен бой көрсетті. Халық атаулары (этнонимдер): орыс, қалмақ,қырғыз,қарақалпақ,сарт, түрікпен, т.б. Ру атаулары (этнонимдер): Керей, Арғын, Қанжығалы, Қара Керей, Сіргелі, Шапырашты, Қасқарау, Жаныс. Жер-су атаулары (топонимдер): Жиделібайсын, Сырдария, Түркістан, Ұлытау, Созақ, Баянауыл, Қызылтау, Көкмұрын, Қарқаралы, Атбасар, Қалғұтан, Көкшетау, Сабантау, Жарқайың, Арқа. Кісі аттары (антропонимдер): Әбілмәмбет патша (хан), Абылай хан (хан Абылай), Үйсін Төле би, Қалдар хан, Қара Керей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қара Төлек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, Жаныс Қаратай, Ақмұрза, Есенқұл батыр, т.б. Қорытынды: Мақаламыздың негізгі нысаны Бұқар жыраудың поэзиясы ішінде кездесетін лексикалық топтарды анықтап, екі толғаудың тілінен ономастикалық атаулар жинақталды. Бұқар поэзиясындағы тагы басқа атаулар мен лексикалық топтарды әлі де толықтай қарастыруболашақтың үлесі деп білеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  • Ай, заман-ай, заман-ай жинағы. Алматы, 1992. 125-б.
  • Жұмалиев Қ. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1967. 16-б.
  • М.Ж.Көпеев қолжазбалары, №334-папка, XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары. Алматы, 1962. 30-б.
  • Таң журналы.1925. №4.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!